Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 37 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20252 болып тіркелді.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 57 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18674 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 262 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19864 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 16-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      2020 жылғы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 37 қаулысымен
бекітілді

Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру, базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, оларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті ұсыну тәртібін белгілейді.

      3. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мәндерінде қолданылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының резидент ұйымына шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беру талаптары мен тәртібі

      4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы Заңның 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асырады.

      5. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасының резидент ұйымы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат беру" және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының резидент ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде уәкілетті органға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб -порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынады (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымы өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      6. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының резидент ұйымынан Қағидалардың 3 және (немесе) 4-қосымшасында көзделген құжаттарды алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

      7. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және Қазақстан Республикасының резидент ұйымына жібереді.

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымы және мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттар Заңның және Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Қазақстан Республикасының резидент ұйымына уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке":

      Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсатты;

      және (немесе) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсатты жібереді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      9. Заңның 22-1-бабы 6-тармағының талаптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органға Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпаратты эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынады.

      Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы резидент ұйымының басшысы не оның орнындағы тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.

      Бірнеше парақтан тұратын эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне ішінара Қазақстан Республикасының резидент ұйымы бірінші басшысының не оның орнындағы тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен куәландырылып ұсынылады.

      10. "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын және (немесе) базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздарды бірмезгілде шығарған және (немесе) орналастырған жағдайда Қағидалардың талаптары "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 16-3-бабының және Заңның 22-1-бабының нормалары ескеріле отырып, қолданылады.

      11. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа жіберіледі.

      12. Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда атауы, пошталық мекенжайы, жіберілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Уәкілетті органның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдағанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда Қазақстан Республикасының резидент ұйымына "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

3-тарау. Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару туралы хабардар ету, сондай-ақ оларды орналастыру қорытындылары туралы есеп беру тәртібі

      13. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы депозитарлық қолхаттарды және (немесе) базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды шығару талабын айқындайтын құжатқа қосылу туралы құжатқа қол қою арқылы тиісті шешім қабылданған күннен кейін бір ай ішінде уәкілетті органға мыналарды көрсете отырып, еркін нысанда жасалған хабарламаны ұсынады:

      1) эмиссиялық бағалы қағаздары шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы;

      2) шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттардың немесе өзге бағалы қағаздардың (хабарлама ұсыну алдындағы айдың соңындағы жағдай бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында осы эмиссиялық бағалы қағаздарының түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) (бар болса), саны, бағасы) базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары туралы мәліметтер;

      3) шығаруға жоспарланған депозитарлық қолхаттар немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздар (түрі, шығару мерзімі, заңнамаға сәйкес шығаруы жоспарланған мемлекет, шығарылым валютасы, Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының андеррайтерлері, сондай -ақ шығарылымды ұсыну және эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы хабарлауға қажет деп санайтын шығарылымның өзге маңызды талаптары) туралы мәліметтер.

      14. Хабарламаға мыналар қоса беріледі:

      1) эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы органның базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару туралы шешімінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

      2) шығару туралы шешім қабылданған күндегі жағдай бойынша шығаруға жоспарланған базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымдарының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздарының болуы туралы эмиссиялық бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді-көшірме;

      3) қазақ және орыс тілдеріндегі аударманың нотариат куәландырған қосымшасын қоса бере отырып, базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды және (немесе) өзге де бағалы қағаздарды шығару талаптарын белгілейтін құжаттың көшірмесі (егер бұрын осы құжатты эмиссиялық бағалы қағаздары депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымы уәкілетті органға бермеген болса).

      15. Базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы орналастыру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде еркін нысанда жасалған және Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепке қойылатын талаптарға сәйкес келетін депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті және депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпаратты орталық депозитарий мен уәкілетті органға ұсыну тәртібі көзделетін құжаттың көшірмесін ұсынады.

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымы еркін нысанда жасалған депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық тасымалдағышта ұсынады.

      16. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушы не Қазақстан Республикасының резидент ұйымы Қағидалардың 13, 14 және 15 тармақтарында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе көшірмелерінің дұрыстығын көрсете отырып, олардың басшының не оның орнындағы тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

      Егер әр ұсынылған құжат бір парақтан тұратын болса, онда оған бірінші басшы не оның орнындағы тұлға (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды. Бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне ішінара басшының не қол қоюға уәкілетті тұлғаның (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қолымен куәландырылып ұсынылады.

  Қазақстан Республикасының
резидент ұйымына шет
мемлекеттің аумағында
эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
базалық активі Қазақстан
Республикасының
резидент ұйымдарының
эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын
депозитарлық қолхаттарды
немесе өзге де бағалы
қағаздарды шығару туралы
хабардар ету, сондай-ақ оларды
орналастырудың
қорытындылары туралы есепті
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға рұқсат беру туралы өтініш

      _________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы мен мекенжайы)

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабына сәйкес шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) орналастыруға рұқсат беруді сұрайды және мынадай ақпаратты ұсынады:

Толтыру үшін ақпарат

1.

Эмиссиялық бағалы қағаздың түрі

2.

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің секторы (санаты)

3.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарын орындау не уақтылы орындамау немесе орындамау туралы ақпарат

4.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың делистингі жағдайлары туралы ақпарат

5.

Левередж шамасы

6.

Пруденциялық нормативтерді және Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді сақтау не сақтамау туралы ақпарат

      Ескертпе:

      1. 3-тармақта акцияларды қоспағанда айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша ақпарат көрсетіледі.

      2. 4-тармақта облигацияларды ұстаушылар келіскен жағдайда, акцияларды және облигациялардың ерікті делистингін қоспағанда, айналыстағы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша ақпарат көрсетіледі.

      3. 5-тармақта банкті, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, осы рұқсатты алу үшін құжаттарды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша ақпарат көрсетіледі.

      Левередж шамасын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншігіндегі және (немесе) осы заңды тұлғаның (банкті, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды және ұлттық басқарушы холдингін қоспағанда) міндеттемелері бойынша кепілгер, оның ішінде бірлескен кепілгер болатын Қазақстан Республикасының резидент ұйымы көрсетеді.

      4. 6-тармақта рұқсатты алу үшін құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы есепті күнге және құжаттарды беру күніне дейін үш ай бұрынғы кезеңдегі ақпарат көрсетіледі (банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым көрсетеді).

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті адам) уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Бірінші басшы (қол қоюға уәкілетті адам)

      Электрондық цифрлық қолтаңбасы

  Қазақстан Республикасының
резидент ұйымына шет
мемлекеттің аумағында
эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
базалық активі
Қазақстан Республикасының
резидент ұйымдарының
эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын
депозитарлық қолхаттарды
немесе өзге де бағалы
қағаздарды шығару туралы
хабардар ету, сондай-ақ оларды
орналастырудың
қорытындылары туралы есепті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Шет мемлекеттің аумағындағы эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру туралы өтініш

3-қосымша

"Шет мемлекеттің аумағындағы Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" , www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) мынадай ақпаратты көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы Қазақстан Республикасы резидент ұйымының органы шешімінің электрондық көшірмесі:
көрсетілетін қызметті алушының толық атауы;
эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атаулары көрсетіле отырып, заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы;
шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің немесе кепілдіктің болуы және түрі, номиналдық құны немесе орналастыру бағасы (қолданылатын болса) және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) (бар болса);
шығарылымның болжамды көлемі және валютасы;
осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының маңызды талаптарына қатысты мәліметтер;
базалық активі осы Қазақстан Республикасы резидент ұйымының акциялары болып табылатын акцияларды немесе туынды бағалы қағаздарды осы акциялардың жалпы санының кемінде жиырма пайызын Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы сатып алуға ұсыныс беру;
борыштық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында уәкілетті орган төлемге қабілетсіз банкті реттеу шараларын қолданған жағдайда, борыштық бағалы қағаздар мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екені туралы ережелер қамтылады (шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент банкі көрсетеді не егер шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығару талаптарында Қазақстан Республикасының резидент банкінің кепілдігін беру көзделген болса);
борыштық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында төлемге қабілетсіз банкке реттеу шаралары қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы жоқ екені туралы ережелер қамтылады (шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент банкі көрсетеді не егер шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығару талаптарында Қазақстан Республикасының резидент банкінің кепілдігін беру көзделген болса);
3) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінің мынадай секторларында (санаттарында) болуын растайтын құжаты:
уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымы – "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатында не "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатында;
уәкілетті орган тіркеген акциялар шығарылымы – "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына не "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "стандарт" санатына не "Баламалы" алаңының "акциялар" секторында;
не қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығару жоспарланып отырған бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің мынадай секторларына (санаттарына):
облигациялар шығарылымын - қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатына;
акциялар шығарылымын - қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына не "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "стандарт" санатына не "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізуге келісімін растайтын құжаты.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар электрондық құжат түрінде Қазақстан Республикасының резидент ұйымының шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат беру туралы өтінішке құжаттардың PDF форматындағы электрондық көшірмелері түрінде қоса беріледі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Заңның 22-1-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелер, атап айтқанда:
1) Заңның 22-1-бабының 4-тармағында көзделген талаптарды орындамау;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында белгіленген құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;
3) ұсынылған құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасының
резидент ұйымына шет
мемлекеттің аумағында
эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
базалық активі
Қазақстан Республикасының
резидент ұйымдарының
эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын
депозитарлық қолхаттарды
немесе өзге де бағалы
қағаздарды шығару туралы
хабардар ету, сондай-ақ оларды
орналастырудың
қорытындылары туралы есепті
ұсыну қағидаларына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) мынадай ақпаратты көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы Қазақстан Республикасы резидент ұйымының органы шешімінің электрондық көшірмесі:
көрсетілетін қызметті алушының толық атауы;
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыру жүзеге асырылатын мемлекеттің (мемлекеттердің) атауы;
орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың түрі, кепілгерді көрсетумен қамтамасыз етудің немесе кепілдіктің болуы және түрі, номиналдық құны немесе орналастыру бағасы (қолданылатын болса) және халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) (бар болса);
шығарылымның болжамды көлемі және валютасы;
осы эмиссиялық бағалы қағазбен берілетін құқықтар;
осы эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептеу және төлеу тәртібі, төлеу мерзімділігі, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының маңызды талаптарына қатысты мәліметтер;
шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегі сияқты орналастыру талаптарымен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы облигацияларды сатып алуға ұсыныс беру;
базалық активі Қазақстан Республикасы резидент ұйымының акциялары болып табылатын акцияларды немесе туынды бағалы қағаздарды осы акциялардың жалпы санының кемінде жиырма пайызын Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы арқылы сатып алуға ұсыныс беру;
борыштық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында уәкілетті орган төлемге қабілетсіз банкті реттеу шараларын қолданған жағдайда, борыштық бағалы қағаздар мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екені туралы ережелер қамтылады (шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент банкі көрсетеді не егер шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығару талаптарында Қазақстан Республикасының резидент банкінің кепілдігін беру көзделген болса);
борыштық бағалы қағаздар шығарылымының талаптарында төлемге қабілетсіз банкке реттеу шаралары қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы жоқ екені туралы ережелер қамтылады (шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығаруды және (немесе) орналастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент банкі көрсетеді не егер шет мемлекеттің аумағында борыштық бағалы қағаздарды шығару талаптарында Қазақстан Республикасының резидент банкінің кепілдігін беру көзделген болса);
3) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізімінің мынадай секторларында (санаттарында) болуын растайтын құжаты:
уәкілетті орган тіркеген облигациялар шығарылымы – "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатында не "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатында;
уәкілетті орган тіркеген акциялар шығарылымы – "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына не "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "стандарт" санатына не "Баламалы" алаңының "акциялар" секторында;
не қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығару жоспарланып отырған бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің мынадай секторларына (санаттарына):
облигациялар шығарылымын - қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторының "облигациялар" санатына;
акциялар шығарылымын - қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына не "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "стандарт" санатына не "Баламалы" алаңының "акциялар" секторына енгізуге келісімін растайтын құжаты;
4) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы орналастыруға рұқсат алуға арналған құжаттарды ұсыну күніне шығарылымы тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алуға арналған мәліметтерді ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының резидент ұйымы базалық Қазақстан Республикасы резидент ұйымының орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын туынды эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде уәкілетті органға туынды бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған күндегі жағдай бойынша орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы туралы орталық депозитарийдегі жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың жеке шотынан орталық депозитарийдің үзінді-көшірмесін ұсынады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының 2) (электрондық құжат түрінде), 3), 4) және 5) тармақшаларында (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде) көрсетілген құжаттар электрондық құжат нысанда жасалған, көрсетілетін қызметті алушының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру туралы сұрау салуға қоса беріледі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

Заңның 22-1-бабының 7-тармағында көзделген негіздемелер, атап айтқанда:
1) Заңның 22-1-бабының 4-тармағында көзделген талаптарды орындамау;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында белгіленген құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;
3) ұсынылған құжаттардың Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің
ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында және www.egov.kz порталында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Қазақстан Республикасы резидент ұйымының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Қазақстан Республикасының
резидент ұйымының
эмиссиялық бағалы қағаздарын
шет мемлекеттің
аумағында орналастыруға
рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алуға арналған мәліметтер

      1. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген атауы.

      2. Тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарының шығарылымын тіркеген шет мемлекет органының атауы.

      3. Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін қор биржасының атауы.

      4. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарының орналастырылуы жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы.

      5. Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды).

      6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының валютасы және нысаны.

      7. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының жалпы көлемі, номиналды құны.

      8. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыру құнын айқындау шарттары, айналысқа жіберу және орналастыру мерзімі.

      9. Төлем агенті туралы ақпарат.

      10. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу тәртібі, оларды болжамды өтеу мерзімі.

      11. Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары шығарылымының талаптары туралы ақпаратты алуға арналған дереккөздер, байланыс деректемелері.

      Қазақстан Республикасының резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті адам) уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз етеді.

      Бірінші басшы (қол қоюға уәкілетті адам)

      Электрондық цифрлық қолтаңбасы

  Қазақстан Республикасының
резидент ұйымына шет
мемлекеттің аумағында
эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
базалық активі
Қазақстан Республикасының
резидент ұйымдарының
эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын
депозитарлық қолхаттарды
немесе өзге де бағалы
қағаздарды шығару туралы
хабардар ету, сондай-ақ оларды
орналастырудың
қорытындылары туралы есепті
ұсыну қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында шығаруға рұқсат

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының

      ____________________________________________________________________

      (заңнамаға сәйкес толық атауы және орналасқан жері)

      ___________________________________________________________________,

      (оларға сәйкес шығарылымның мынадай түрлері жүргізілетін ережелер мен қағидалардың атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      (бағалы қағаздардың түрі, шығарылымның жалпы көлемі, депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың саны, депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, базалық активтің депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың санына арақатынасы) эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға рұқсат береді.

      Уәкілетті адам

      Электрондық цифрлық қолтаңбасы

  Қазақстан Республикасының
резидент ұйымына шет
мемлекеттің аумағында
эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
базалық активі
Қазақстан Республикасының
резидент ұйымдарының
эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын
депозитарлық қолхаттарды
немесе өзге де бағалы
қағаздарды шығару туралы
хабардар ету, сондай-ақ оларды
орналастырудың
қорытындылары туралы есепті
ұсыну қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шет мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының

      _________________________________________________________________

      (толық атауы және орналасқан жері)

      бағалы қағаздарының мынадай түрлерін

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (бағалы қағаздардың түрі, шығарылымның жалпы көлемі, депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың саны, депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың түрі, базалық активтің депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың санына арақатынасы)

      _____________________________________________________

      (шет мемлекеттің атауы)

      аумағында орналастыруға рұқсат береді.

      Уәкілетті адам

      Электрондық цифрлық қолтаңбасы

  Қазақстан Республикасының
резидент ұйымына шет
мемлекеттің аумағында
эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруға және (немесе)
орналастыруға рұқсат беру,
базалық активі
Қазақстан Республикасының
резидент ұйымдарының
эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын
депозитарлық қолхаттарды
немесе өзге де бағалы
қағаздарды шығару туралы
хабардар ету, сондай-ақ оларды
орналастырудың
қорытындылары туралы есепті
ұсыну қағидаларына
7-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

Әкімшілік деректер нысаны www.finreg.kz интернет-ресурсында орналастырылды Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ЭБҚОҚТА _7

      Кезеңділігі: орналастырылуына қарай

      Есепті кезең: орналастырылуына қарай

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының резидент ұйымы

  Нысан

      _________________________________________________________________________

                  (Қазақстан Республикасының резидент ұйымының толық атауы)

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат

Жолдардың атауы

Сандық және әріптік деректер

1.

Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы

2.

Қазақстан Республикасының резидент ұйымының ұйымдық-құқықтық нысаны

3.

Қазақстан Республикасының резидент ұйымының орналасқан жері

4.

Эмиссиялық бағалы қағаздың түрі

5.

Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды)

6.

Эмиссиялық бағалы қағаздардың номиналды құны және (немесе) орналастыру бағасы

7.

Орналастыру басталған күн

8.

Орналастыру аяқталған күн

9.

Ұсынылған бағалы қағаздардың саны

10.

Орналастырылған бағалы қағаздардың саны

11.

Тартылған ақша көлемі

      "Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көзделген.

      Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті адам) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз етеді.

      Бірінші басшы (қол қоюға уәкілетті адам) _____ (қолы)

      Қол қойылған күн 20____ жылғы "___"______________

  Эмиссиялық бағалы қағаздарды
орналастыру қорытындылары
туралы ақпарат нысанына
қосымша

"Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс – ЭБҚОҚТА _7, кезеңділігі - орналастырылуына қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы ақпарат" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-1-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасының резидент ұйымы жасайды.

      4. Нысанға бірінші басшы не қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны және орналасқан жері көрсетіледі.

      6. 4, 5 және 6-бағандарда эмиссиялық бағалы қағаздың түрі, халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) және эмиссиялық бағалы қағаздардың номиналды құны және (немесе) орналастыру бағасы көрсетіледі.

      7. 7 және 8-бағандарда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың басталған күні және орналастырудың аяқталған күні көрсетіледі.

      8. 9, 10 және 11-бағандарда ұсынылған бағалы қағаздардың саны, орналастырылған бағалы қағаздардың саны және тартылған ақшаның көлемі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
резидент ұйымына шет
мемлекеттің аумағында
эмиссиялық бағалы қағаздар
шығаруға және (немесе)
  орналастыруға рұқсат беру,
базалық активі
Қазақстан Республикасының
резидент ұйымдарының
эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын
депозитарлық қолхаттарды
немесе өзге де бағалы
қағаздарды шығару туралы
хабардар ету, сондай-ақ оларды
орналастырудың
қорытындылары туралы есепті
ұсыну қағидаларына
8-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны: www.finreg.kz интернет-ресурсында орналастырылған

      Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: ДҚОҚЕ _8

      Кезеңділігі: орналастырылуына қарай

      Есепті кезең: орналастырылуына қарай

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының резидент ұйымы

  Нысан

      __________________________________________________________________________

                        (Қазақстан Республикасының резидент ұйымының толық атауы)

Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп

Жолдардың атауы

Сандық және әріптік деректер

1.

Ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері және тіркеу деректері көрсетілген Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы

2.

Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру үшін уәкілетті органнан рұқсат алу күні

3.

Халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды)

4.

Бағалы қағаздар туралы мәліметтер:
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында және шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында орналастырылған базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттардың немесе өзге де бағалы қағаздардың саны, түрі; орналастыру бағасы

5.

Тартылған ақша көлемі

6.

Орналастыру басталған күн және аяқталған күн

7.

Андеррайтерлердің (эмиссиялық консорциумдар) атауы

8.

Құқықтарды растауды жүзеге асыратын есептік ұйымның атауы

      "Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көзделген.

      Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есепке депозитарлық қолхаттардың саны көрсетіле отырып, электрондық тасымалдағышта ұсынылатын ұстаушылар туралы ақпарат қоса беріледі.

      Қазақстан Республикасы резидент ұйымының бірінші басшысы (қол қоюға уәкілетті адам) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз етеді.

      Бірінші басшы (қол қоюға уәкілетті адам) ________

      (қолы)

  Базалық активі
Қазақстан Республикасының
резидент ұйымының
эмиссиялық бағалы
қағаздары болып табылатын
депозитарлық қолхаттарды
немесе өзге де бағалы
қағаздарды орналастырудың
қорытындылары
туралы есеп нысанына
қосымша

"Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс – ДҚОҚЕ_8, кезеңділігі - орналастырылуына қарай)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

      3. Нысанды Қазақстан Республикасының резидент ұйымы жасайды.

      4. Нысанға бірінші басшы не қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. Нысанда Қазақстан Республикасының резидент ұйымының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері және тіркеу деректері, андеррайтерлердің атауы және орналастырылған туынды бағалы қағаздарға құқықтарды растауды жүзеге асыратын есептік ұйымның атауы көрсетіледі.

      6. 2-бағанда базалық активі Қазақстан Республикасының резидент ұйымының акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан рұқсат алу күні көрсетіледі.

      7. 3-бағанда халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды) көрсетіледі.

      8. 4-бағанда бағалы қағаздар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      9. 5-бағанда тартылған қаражат көлемі көрсетіледі.

      10. 6-бағанда орналастырудың басталған күні және аяқталған күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады