Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20256 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      2020 жылғы "__"________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
1-қосымша

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі– Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленген және "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі– мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      3) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      4) уәкілетті орган – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басын куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Дінтану сараптамасын жүргізу қажет болған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сараптама объектілерін уәкілетті органға пошта байланысы арқылы қолма-қол жібереді.

      Уәкілетті орган дінтану сараптамасын жүргізгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге сараптамалық қорытынды жібереді.

      Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеудің мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Жауапты орындаушы уәкілетті органнан дінтану сараптамасының қорытындысы жөнінде хатты алғаннан кейін 6 (алты) жұмыс күн ішінде қағаз жеткізгіште осы Қағидағаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлеп, көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызметті берушіге
____________________________
(көрсетілетін қызметті беруші
уәкіл еткен лауазымды адамның
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
____________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда),
мекенжайы, телефоны және
ЖСН)

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш

      Сізден мені миссионер ретінде тіркеуді (қайта тіркеуді) сұраймын.

      Орналасқан (тұратын) мекенжайы:______________________________________

      Паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (күні, нөмірі, құжатты берген

      орган): ______________________________________________________________

      Азаматтығы:_________________________________________________________

      Дiни ұстанымы:_______________________________________________________

      Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни бірлестіктердің атауы:

      ____________________________________________________________________

      Миссионерлік қызмет мерзімі: _________________________________________

      Визаның қолданылу мерзімі:___________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру аумағы:_________________________________________

      (облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана)

      Миссионерлер қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын.

      ________________

      (қолы)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1._______________________________________________________________

      2._______________________________________________________________

      3._______________________________________________________________

      4._______________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қолы ____________ Өтініш берілген күн_________

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні
Миссионер ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін дінтану сараптамасын жүргізу кезінде тіркеудің мерзімі тоқтатыла тұрады

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Қағаз және (немесе) электрондық түрінде

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны- қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) ұсынған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылғаннан кейін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
Порталы: www.elicense.kz

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш;
2) паспорттың көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжат (діни бірлестік басшысының қолы және мөрімен бекітіліп, берілген күні көрсетіледі);
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесi;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттар.
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың көшірмесі (болған жағдайда) ұсынылады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелуі (қайта тіркелу) үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжатының көшірмесі.
Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) паспорттың электронды көшірмесі (шетелдіктер мен Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) діни бірлестік атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни бірлестік берген құжаттың электронды көшірмесі (діни бірлестік басшысының қолы және мөрімен бекітіліп, берілген күні көрсетіледі);
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының электронды көшiрмесi;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдар, діни мақсаттағы заттардың электронды көшірмесі;
6) дінтану сараптамасының оң қорытындысы туралы хаттың электронды көшірмесін (болған жағдайда) ұсынады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында миссионер ретінде тіркелуі (қайта тіркелу) үшін қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
1) миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттың электронды көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаттың электронды көшірмесі.
Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
5) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;
6) конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрғындардың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша
  нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі – ТАӘ)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № ____________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты__________________________________________________________мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың тізімі:

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ________________________________________________ ______________ ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Алдым: ______________________________________ _____________ ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы) (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "___" _________

  "Миссионерлік қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларды тіркеуді
және қайта тіркеуді жүргізу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

______________________________________________________ әкімдігі
(облыс, республикалық маңызы бар қала және астананың) Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік

      _______________________________________________

      (тіркеу нөмірі)

      ____________________қаласы                         20___ жылғы "____"_______

      Осы куәлік "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      ____________________________________________________________ берілген

      (куәлік берілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      және миссионер ретінде 20___жылғы "___" ___________ тіркелгенін растайды.

      Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі:

      _______________________________________________________________

      Алғашқы тіркелген күні 20___жылғы "___" __________

      (қайта тіркелген кезде көрсетіледі)

      Паспорт немесе жеке куәлігі:_____________________________________

      (берілген күні, нөмірі, құжатты берген орган)

      Азаматтығы:___________________________________________________

      Дiни ұстанымы: ________________________________________________

      Соның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни бірлестіктердің

      атауы_________________________________________________________

      Осы куәлік 20___ жылғы "___" ________ дейін жарамды

      Көрсетілетін қызметті беруші уәкіл еткен лауазымды адам

      ______________________________________________________________

      (лауазымы мен тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып)

      Қолы ________                   Мөр

      Бланк сериясы                   Бланк №___________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі– Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленген және және "Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      2) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

      3. Келісулер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн келiсу қызметіне келісім алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 3-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауды келісу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдаухатты және осы Қағидаларға 3-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің немесе қолдаухаттының көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтінішті/қолдаухатты қабылдаудан бас тартады.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініштің/өтінішхаттың, құжаттар топтамасының толық толтырылуын тексереді және оларды қабылдауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оларды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды (бұдан әрі– жауапты орындаушы).

      Жауапты орындаушы 11 (он бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша жауапты орындаушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісім-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды, басшымен қол қояды және кеңсеге береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін және күнін бере отырып мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді, одан кейін көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      8. Келісім-хаттың негізінде көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және Қазақстан Республикасының филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы уәкілетті органға шетелдік діни бірлестікті Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуден өту үшін не діни бірлестіктерді тіркеуден (қайта тіркеуден) өту, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін жүгінеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
  1-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызметті берушінің
басшысына
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы және
телефоны)

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметіне келісім-хат беруге өтініш

      Мен, ___________________________________________________________

      (шетелдік дiни бiрлестiк басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________,

      (паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат (берілген күні, нөмер, құжатты берген орган)

      __________________________________________________________________,

      (шетелдік дiни бiрлестiктiң ұстанатын діні)

      Қазақстан Республикасы аумағындағы

      __________________________________________________________________

      (шетелдік дiни бiрлестiктін толық атауы)

      қызметіне келісуді сұраймын.

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Қолы______________ Өтініш берген күні_____________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
  2-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызметті берушінің
басшысына
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті алушыдан
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы және
телефоны)

Шетелдік діни орталықтың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің басшысын тағайындауын келісу-хат беруге арналған қолдаухаты

      Осы арқылы ______________________________________________________

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      _________________________________________________________________

      тағайындауды келісуді сұраймын

      (Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктің толық атауы)

      __________________________________________________________________

      (үміткердің шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы ақпаратты көрсету)

      _________________________________________________________________

      (шетелдік діни орталықтың орналасқан жері туралы ақпарат)

      __________________________________________________________________

      құрылтайшы - шетелдік діни орталықтың шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға екендігін куәландыратын құжаттың деректері (тіркеу нөмірі, күні, берген орган, берілген мерзім, жарамдылық мерзімі)

      __________________________________________________________________

      (шетелдік діни бірлестіктің діни бірлестігі және оның орналасқан жері)

      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1._________________________________________________________________

      2._________________________________________________________________

      3._________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі ақпаратты пайдалануға келісім беремін.

      Қолы______________ Қолдаухат берген күні_____________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
  3-қосымша

"Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу" мемлекеттік қызмет стандарты

1.

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну әдістері

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

3.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет нысаны

Қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдiк дiни бiрлестiктердiң қызметiн, шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу-хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) тапсырған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылғаннан кейін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Уақытында талап етілмеген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның сақтау жағдайы:
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметтің нәтижесіне жүгінбесе, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы оны қабылдағанға дейін оларды қабылдау орнында сақтауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация құжаттарды 1 (бір) айға сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны 1 (бір) жылға әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) айдан кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның өтініші бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберу үшін 10 (он) жұмыс күнін жібереді.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші − Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес 13.00-ден бастап түскі үзіліспен, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.14.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация − Кодекске сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз 9.00-ден 20-00-ге дейін.
Қызмет көрсету жағдайы:
1) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алдын ала тіркеусіз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күттірмейтін тәртіпте көрсетеді.
2) Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті электронды кезек тәртібімен көрсетеді, жедел қызмет көрсетусіз, "электрондық үкіметтің" www.egov.kz порталы арқылы электрондық кезекке тапсырыс беруге болады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz

8.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметіне келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) шетелдік дiни бiрлестiктiң орналасқан жерін растайтын құжат;
3) құрылтайшы − шетелдік діни бірлестік шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңына сәйкес куәландырылған құжат;
4) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі;
5) діни ілімнің, пайда болу тарихын және негіздерін ашатын және өзіне тиісті діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын діни баспа материалдары;
6) заңды тұлға органы бекіткен шетелдік діни бірлестік жарғысының (ережесінің) қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорация арқылы (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде) шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолдаухатты;
2) кандидатты Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді;
3) діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.
Шет тілінде құжаттар ұсынылған жағдайда олардың мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған аударманы жасаған аудармашының қолының түпнұсқалығымен қамтамасыз етіледі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік діни бірлестіктің қызметін келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жібереді:
1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуымен), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктеуге итермелеуге бағытталса;
6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
8) осы стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну;
9) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің немесе белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жібереді:
1) егер Қазақстан Республикасындағы діни бірлестік басшысының қызметі конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қатер төндiретiн болса;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
3) осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлері тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар:
Заңда белгіленген тәртіппен, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, навигация, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды толық немесе ішінара жоғалтқан қызмет алушылар үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығына 1414, 8 800 080 777 хабарласу арқылы тұрғылықты жеріне барады.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алады.

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
  4-қосымша
  нысан
  _______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі-Т. А. Ә.))
_______________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы өтініш/қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № ____ бөлімі

      _________________________________________________________

      (мекен-жайын көрсетіңіз)

      "Қазақстан Республикасындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің жетекшілерін шетелдік діни орталықтардың тағайындауын келісу" мемлекеттік қызметтер стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынуына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініш / өтінішті қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1.____________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _______________________________________ _____________

      ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері)       (қолы)

      Алдым: _______________________________ _____________

      ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы)             (қолы)

      Күні: 20___ жылғы "___" ___________

  "Қазақстан Республикасы
аумағындағы шетелдiк дiни
бiрлестiктердiң қызметiн,
Қазақстан Республикасындағы
шетелдiк дiни орталықтардың
дiни бiрлестiктерінің
басшыларын тағайындауын
келiсуді жүргізу" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
  5-қосымша

Діни бірлестіктерді құратын бастамашы-азаматтардың тізімі

      __________________________________________________________________

      (діни бірлестіктердің атауы)

      _________________________________________________________________

      (облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары)

№ п/п

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туылған кұні, айы және жылы

Қазақстан Республика азаматының жеке күәлік құжатты туралы мәлімет, ЖСН

Тұрғылықты мекен-жайы, үйдің және қызметтік телефонының нөмірі

Өз қолы

1

2

3

4

5

6

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
3-қосымша

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі– Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленген және және "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй-жай (бұдан әрі – стационарлық үй-жай) – сауда жасайтын, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз етілген, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдау, сақтау және сатуға дайындайтын бөлмелері бар күрделі стационарлық ғимарат немесе ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасқан оның бір бөлігі;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басын куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерді бекіту туралы шешімнің жобасын келіседі, қажет жағдайда мемлекеттік органдарға сұраным жолдайды.

      Жауапты орындаушы 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешімді әзірлеп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешімнің электронды көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші уәкіл
еткен лауазымды тұлғаның лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
көрсетiлетiн қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен ЖСН
және заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы, телефоны
және БСН)

Өтініш

      Сізден_______________________________________________________

      _____________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беруіңізді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      4.____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы_____ Өтініш берген күні________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

23 (жиырма үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Қағаз және (немесе) электрондық түрінде

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) ұсынған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылғаннан кейін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Портал арқылы: мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
Портал: www.elicense.kz.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде):
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеме (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны; үй-жайларды салу мақсаты; үй-жай орналасқан жерде ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.
Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2) көрсетілген қызметті алушы қол қойған діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру туралы еркін нысандағы көрсетілетін қызметті алушы қол қойған анықтама-негіздеменің электронды көшірмесі (сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жағдайлардың, сондай-ақ діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлардың саны, үй-жайларды салу мақсаты; рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда үй-жай орналасқан жердегі ғимараттан (құрылыстан) шамамен үш жүз метр жердегі білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіле отырып);
3) меншік иесінің үй-жайды діни әдебиет, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін пайдалануға келісуі туралы хатының электронды көшірмесі (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттардың электронды көшірмелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777.

  "Діни әдебиетті және діни
мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы
заттарды тарату үшін арнайы
тұрақты үй-жайлардың
орналасатын жерін бекіту
туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша
  нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ)
немесе ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № _____________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _______________________________________________            __________

      ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері)                  (қолы)

      Алдым:___________________________________________ ________

      ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы)                         (қолы)

      Күні: 20____ жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
4-қосымша

"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі– Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленген және және "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлар (бұдан әрі – діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлар) – ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасқан нысаналы мақсатты діни жораларды, діни құлшылықтарды, рәсімдерді өткізу үшін айқындалған күрделі стационарлық ғимарат немесе күрделі стационарлық ғимараттағы жеке үй-жай;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басын куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 6 (алты) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыру туралы келісу-хатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді, тікелей басшымен қол қойып, көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі– ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде орналастыруға
келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 1-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші уәкіл
еткен лауазымды тұлғаның лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
көрсетiлетiн қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен ЖСН
және заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы, телефоны
және БСН)

Өтініш

      Сізден ________________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісуді сұраймын.

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      4.____________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы____________________________

      Өтініш берген күні______________________________________________

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде орналастыруға
келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 2-қосымша

"Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Қағаз және (немесе) электрондық түрінде.

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы келісу-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) ұсынған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылғаннан кейін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
Портал: www.elicense.kz.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде):
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) үй-жайды пайдалануға, тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған, не болмаса көрсетілген объектілерде келушілерге жеке дұға етуге арналған үй-жайлар ашу қарастырылған ғимараттың, халық көп келетін объектінің (сауда объектілері, теміржол және автовокзалдары, әуежайлар, кемежайлар) басшысы қол қойған анықтама-негіздеме.
Анықтама-негіздемеде: діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайды айқындаудағы мақсаты; аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны; шамамен үш жүз метр жерде рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары ғимараттары (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіледі.
3) діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар орналасқан аумақта қолданыстағы жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері немесе жалға алушылардың діни іс-шаралар өткізуге (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның аталған үй-жайда діни іс-шаралар өткізуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда ұсынылады);
4) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда) ұсынылады.
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттар өтініш берген күннен үш ай аспайтын мерзімде ұсынылуы тиіс.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
2) үй-жайды пайдаланатын тіркелген діни бірлестіктің басшысы не келушілердің жеке дұға жасауы үшін үй-жай ашу көзделген адамдар жаппай баратын объектінің басшысы (сауда объектілері, темір жол және автовокзалдар, әуежайлар, порттар) қол қойған анықтама-негіздеменің электронды көшірмесі.
Анықтама-негіздемеде: діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайды анықтау мақсаттары; осы аумақта рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны; рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, үш жүз метр шегінде білім беру ұйымдары ғимараттарының болмауы (оларға іргелес аумақ болмаған жағдайда) көрсетіледі;
3) діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жай орналасқан аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) шешімінің немесе меншік иелері не үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар жиналысының діни іс-шараларды өткізуге келісімі туралы шешімінің электронды көшірмесі (жақын маңда үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде шекаралардың арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған кезде беріледі) ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастықтың жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның осы үй-жайда діни іс-шараларды өткізуге келісімі туралы хаты (жеке тұлғаның тұрғын үйі, заңды тұлғаның үй-жайы орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде шекаралар арасында сервитут, автомобиль жолы өтетін) болса беріледі);
4) меншік иесінің үй-жайды діни іс-шараларды өткізу үшін пайдалануға келісімі туралы хаты (үй-жай жалға алынған жағдайда беріледі).
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттардың элетронды көшірмесі өтініш берілгенге дейін кемінде үш ай бұрын көрсетілген күнмен ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермелеуге бағытталса;
6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болуға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
8) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға талап ететін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (өкімі) болса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады;
9) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777

  "Діни іс-шараларды өткізуге
арналған үй-жайларды ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан)
тыс жерлерде орналастыруға
келісу туралы шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 3-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызмет берушіге
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ) немесе
ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №___________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты

      __________________________________________________________________

      мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _____________________________________ ___________

      ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (қолы)

      Алдым:________________________________ _____________

      ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы)             (қолы)

      Күні: 20___ жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
5-қосымша

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі– Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленген және және "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басын куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімнің жобасын келіседі.

      Жауапты орындаушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімді әзірлейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қол қойып көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімнің электронды көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету/
қағидаларына 1-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші уәкіл
еткен лауазымды тұлғаның лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
көрсетiлетiн қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен ЖСН
және заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы, телефоны
және БСН)

Өтініш

      Сізден ____________________________________________________________

      мекенжайы бойынша ғибадат үйiн (ғимаратын) салу туралы шешiм берудi сұраймын.

      Ғибадат үйі________________________________________________________

      (конфессияға тиесiлiлiгi)

      Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi

      _________________________________________________________________

      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) _________________________

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1._______________________________________________________________

      2._______________________________________________________________

      3._______________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы_____Өтініш берген күні_______

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету/
қағидаларына
2-қосымша

"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Қағаз және (немесе) электрондық түрінде.

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім немесе немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) ұсынған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылғаннан кейін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
Портал: www.elicense.kz.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.
Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар, көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі осы тармақта көрсетілген құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеменің электронды көшірмесі (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің электронды көшірмесі ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермелеуге бағытталса;
6) дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болуға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
8) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болып, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777

  "Ғибадат үйлерін
(ғимараттарын) салу және
олардың орналасатын жерін
айқындау туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету/
қағидаларына 3-қосымша
  нысан
  ___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
(бұдан әрі - ТАӘ) немесе
ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №___________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты

      __________________________________________________________________

      мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ___________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _____________________________________________ ____________

      ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері)             (қолы)

      Алдым:_________________________________ _____________

      ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы)             (қолы)

      Күні: 20___ жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
6-қосымша

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі– Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармағына сәйкес әзірленген және және "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғибадат үйі (ғимараты) – құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған орын;

      2) діни бірлестік – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі;

      3) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі– Мемлекеттік корпорация) арқылы және "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталына (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 2-қосымшада мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қоса береді.

      Жеке басын куәландыратын және діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.

      Қалыптастырылған өтініш құжаттар топтамасымен бірге көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік және (немесе) пошталық байланыс және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіле отырып, кіріс құжаттарын қабылдаған күні, уақыты және нөмірі бар көрсетілетін қызметті берушінің мөртаңбасы қойылған көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің қабылдап алғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Порталға жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) айқындайды.

      Жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.

      Жауапты орындаушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындауды келіседі.

      Жауапты орындаушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімді әзірлейді, көрсетілетін қызметті алушының басшысымен қол қойып қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімнің электронды көшірмесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталған шешімнің көшірмесі беріледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттарды)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын
өзгеру) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
  нысан
  көрсетілетін қызмет берушіге
__________________________
(көрсетілетін қызметті беруші уәкіл
еткен лауазымды тұлғаның лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
көрсетiлетiн қызметті алушыдан
__________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда),
мекенжайы телефоны мен ЖСН
және заңды тұлғаның атауы,
пошталық мекенжайы, телефоны
және БСН)

Өтініш

      Сізден ____________________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан_______________________________

      үйiн (ғимаратын) ғибадат үйi (ғимараты) етiп қайта бейiндеу

      (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешiм берудi сұраймын.

      Ғибадат үйi __________________________________________________________________

      (конфессияға тиесiлiлiгi)

      Ғибадат үйi құрылысын қаржыландыру көзi_______________________

      Ғибадат үйiнiң сыйымдылығы (адамдар саны) _____________________

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1.____________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3.____________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы____

      Өтініш берген күні_________

      Көрсетілетін қызметті алушының мөрі

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттарды)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын
өзгеру) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарды) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгеру) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "Электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

22 (жиырма екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны

Қағаз және (немесе) электрондық түрінде.

5

Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi

Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттарды) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгеру) туралы шешім немесе немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру шарты:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды пошта арқылы кеңсе арқылы немесе жеке басын куәландыратын құжат (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат арқылы) ұсынған кезде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік корпорация арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар жеке куәлік (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылғаннан кейін тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады;
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жыл бойы сақтауға береді. 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижелерін Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, Портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
3) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекенжайлары келесі интернет-ресурстарында орналастырылған:
көрсетілетін қызметті беруші: www.qogam.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.gov4c.kz;
Портал: www.elicense.kz

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) қайта бейіндеу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және оған тиесілі болатын діни бірлестіктің, қайта бейіндеудің мақсаттарын, аталған аумақтағы діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлердің үміткерлері көрсетіледі);
3) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хаты (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
4) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хаты ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда) ұсынылады.
Порталға жүгінген жағдайда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) қайта бейіндеу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеменің электронды көшірмесі (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және оған тиесілі болатын діни бірлестіктің, қайта бейіндеудің мақсаттарын, аталған аумақтағы діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер санын, ғибадат үйінде (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлердің үміткерлері көрсетіледі);
3) меншік иесінің үйді (ғимаратты) ғибадат үйі (ғимараты) етіп қайта бейіндеуге келісуі туралы хатының электронды көшірмесі (ғимарат жалға алынған жағдайда ұсынылады);
4) үйлерді (ғимараттарды) қайта бейіндеу жоспарланып отырған аумақта әрекет ететін жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) немесе үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысының ғибадат үйін (ғимаратына) қайта бейіндеуге (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің электронды көшірмесі ұсынылады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) немесе кондоминиум объектісінің органы болмаған жағдайда жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның ғибадат үйіне немесе ғимаратына қайта бейіндеуге келісімі туралы хатының электронды көшірмесі ұсынылады (үй-жай орналасқан ғимараттың аумағымен шектесетін (оның ішінде, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) жеке тұлғаның үйі, заңды тұлғаның үй-жайы болған жағдайда) ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталса;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға және (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мәжбүрлеуге бағытталса;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетуге, олардың денсаулығына өзге де зиян келтіруге, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға (отбасының бұзылуына), туыстық қарым-қатынастарды тоқтатуға, имандылыққа нұқсан келтіруге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылыққа бағытталса;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы және (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартуға бағытталса;
5) діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліленуге итермеуге бағытталса;
6) егер діни бірлестіктің қызметі дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға түрткі болуға бағытталса;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (ақпараттардың) дұрыс еместігі анықталған жағдайда;
8) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға талап ететін қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса;
9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
Тіршілік әрекеттерін шектейтін ағза функцияларының тұрақтылығы өзгеріп, денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажеттілігі кезінде Бірыңғай байланыс-орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және Бірыңғай байланыс-орталығының интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Бірыңғай байланыс-орталығы:1414, 8-800-080-7777

  "Үйлерді (ғимараттарды)
ғибадат үйлері (ғимараттарды)
етіп қайта бейіндеу
(функционалдық мақсатын
өзгеру) туралы шешім беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 3-қосымша
  нысан
  ___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ)
немесе ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №____________________________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты

      _________________________________________________________________

      мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1. ___________________________________________________________

      2.____________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ____________________________________________ __________

      ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері)             (қолы)

      Алдым:_____________________________________ ___________

      ТАӘ (көрсетілетін қызметті алушы)                   (қолы)

      Күні: 20___ жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 97 бұйрығына
7-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелді, 2015 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      2. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11290 болып тіркелді, 2015 жылы 14 шілде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      3. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 159 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13953 болып тіркелді, 2016 жылы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      4. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 113 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15650 болып тіркелді, 2017 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      5. "Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15970 болып тіркелді, 2017 жылы 16 қарашада Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      6. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 41 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16871 болып тіркелді, 2018 жылы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      7. "Діни саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 01-01/82 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17851 болып тіркелді, 2018 жылы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      8. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 01-01/117 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18133 болып тіркелді, 2019 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      9. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 245 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19075 болып тіркелді, 2019 жылы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

      10. "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 304 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19296 болып тіркелді, 2019 жылы 2 Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады