Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20270 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттандыру және байланыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне (Т.Т. Ахметов) жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-лейтенанты
Е. Тұрғымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 256 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) арнаулы мемлекеттік архив – "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;

      2) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;

      3) архивтік көшірме – архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;

      4) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;

      5) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;

      6) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы.

2 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш береді.

      Сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері болған кезде өтінішке қоса беріледі.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдағанда көрсетілетін қызметті берушіден осы тармақта санамаланған құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушінің қабылдағанын құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген қабылдау күні мен уақыты, кіріс құжаттың нөмірі белгіленген оған берілген өтініш көшірмесі растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берілетін күн, уақыт және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Портал арқылы сұрау салу келіп түскенде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге салынған сұрау салудың қаралу мәртебесі туралы ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және алатын орнын көрсете отырып хабарлама жолданады.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұратылған ақпаратты архивтік қорлар (қағаз түрінде) бойынша іздеуді 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші сұратылған мәліметтер анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағышта архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін дайындайды, оған басшы қол қояды, кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы, немесе почталық байланыс арқылы, Стандартпен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды.

      Мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік архиві және
оның аумақтық бөліністері
шегінде архивтік
анықтамаларды
және/немесе архивтік
құжаттардың көшірмелерін
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  (көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған кезде)
тұрғылықты жері (жеке
тұлға үшін)/заңды мекенжайы
(заңды тұлға үшін):
байланыс телефоны:
___________________________
ЖСН_____________________

Өтініш

      Мынадай _________________________________________________________ жылдағы

                                    (жылдардағы):

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілген мерзімде мәліметтер сұратылып отырған адамның

      __________________________________________________________________________

      тегі (қыз кезіндегі тегі), аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы)

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      туралы (сұратылатын мәліметтерді көрсету қажет)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Мәліметтерді растау туралы архивтік анықтаманы (архивтік құжаттардан куәландырылған архивтік көшірмелер немесе үзінділер) беруді сұраймын.

      Қосымша: сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері (болған кезде)

      1)________________________________________;

      2)________________________________________;

      3)_________________________________________.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20 __ жылғы "____"_______________ ________________ (қолы).

  "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік архиві және
оның аумақтық бөліністері
шегінде архивтік
анықтамаларды
және/немесе архивтік
құжаттардың көшірмелерін
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  _______________________
көрсетілетін қызметті
алушының
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде), не
көрсетілетін қызметті алушы
ұйымның атауы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1)________________________________;

      2) ________________________________;

      3) _________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

      Күні

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ________________________________________________

      Тел._________________

      Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 __жылғы "__" ____________

  "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік архиві және
оның аумақтық бөліністерінің
  шегінде архивтік
анықтамаларды
және/немесе архивтік
құжаттардың көшірмелерін
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация және портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 8 (сегіз) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алу үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Архивтік анықтама және/немесе архивтік құжаттың көшірмесі, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жеке куәлік ұсынған кезде (не оның уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 5 (бес) жыл бойы одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда оны алу әдістері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін дүйсенбіден бастап жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) портал арқылы – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) Көрсетілетін қызметті берушіге:
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш. Сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері болған кезде өтінішке қоса беріледі;
өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші адам ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақшада санамаланған құжаттар топтамасының қабылдағанын, құжаттарды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі белгіленген қызметті алушы өтінішінің көшірмесі болып табылады;
2) Мемлекеттік корпорацияға:
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш. Сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері болған жағдайда өтінішке қоса беріледі;
өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші адам ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басты сәйкестендіру үшін ұсынылады).
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
3) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қол таңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) не бір реттік пароль енгізу көмегімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Болған жағдайда сұрау салуға сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталуы.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Организм функцияларының тұрақтылығы бұзылған, өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы бойынша жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы оның ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті берушінің анықтама қызметтері арқылы, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 256 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) арнаулы мемлекеттік архив – "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 326-I Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;

      2) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;

      3) архивтік көшірме – архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;

      4) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;

      5) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;

      6) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;

      7) ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат, не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші адам ұсынған кезде нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;

      апостиль мөртаңбасын қою қажет көрсетілетін қызметті беруші берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;

      мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан осы тармақшада санамаланған құжаттар топтамасын қабылдағанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып, кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірін белгілей отырып, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі болып табылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияға:

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші адам ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат және жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;

      көрсетілетін қызметті беруші берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;

      мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берілетін күн, уақыт және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, апостиль мөртабанын қояды, апостиль мөртабанына елтаңбалық мөр басып, Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабын толтырады. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы, немесе почталық байланыс арқылы, Стандартпен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды.

      Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жолданады.

      Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
арнайы мемлекеттік
архиві және оның аумақтық
бөліністерінен шығатын
архивтік анықтамаларға
және архивтік құжаттардың
көшірмелеріне апостиль
қою" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  (көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда)
тұрғылықты жері (жеке
тұлға үшін)/заңды мекенжайы
(заңды тұлға үшін):
Байланыс
телефоны:____________
ЖСН:_______________________

Өтініш

      Арнайы мемлекеттік архив берген

      ______________________________________________________________________

      (архивтік анықтамалардың және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелеріне)

      апостиль мөртаңбасын қоюды сұраймын.

      Қосымша:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 20 __ жылғы "___"_______________ ___________ (қолы).

  "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік архиві және
оның аумақтық бөліністері
шегінде архивтік
анықтамаларды
және/немесе архивтік
құжаттардың көшірмелерін
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  _________________________
көрсетілетін қызметті
алушының
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде),
не көрсетілетін
қызметті алушы ұйымның
атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1)________________________________;

      2) ________________________________;

      3) _________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы)

      Күні

      Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ________________________________________________

      Тел._________________

      Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 __жылғы "__" ____________

  "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі арнайы
мемлекеттік архиві және
оның аумақтық бөліністерінен
шығатын архивтік
анықтамаларға
және архивтік құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қаидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 8 (сегіз) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алу үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Апостиль қойылған архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жеке куәлік ұсынған кезде (не оның уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге 5 (бес) жыл бойы одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің дайын нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген жағдайларда оны алу әдістері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 615-бабына сәйкес алынады, ол мемлекеттік баж төленген күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен 50 пайызын құрайды.
Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін дүйсенбіден бастап жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік корпорация – жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Құжаттарды қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат, не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші адам ұсынған кезде нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;
апостиль мөртаңбасын қойылуы қажет көрсетілетін қызметті беруші берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;
мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
2) Мемлекеттік корпорацияға:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, өкілеттігін растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші адам ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;
апостиль мөртаңбасын қойылуы қажет көрсетілетін қызметті беруші берген архивтік анықтама және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелері;
- мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталуы.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінді электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

Организм функцияларының тұрақтылығы бұзылған, өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды бірыңғай байланыс орталығы бойынша жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдау үшін тұрғылықты жеріне шыға отырып жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті берушінің анықтама қызметтері арқылы, сондай-ақ қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 256 бұйрығына
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 мамырда № 11087 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 440 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 маусымда № 11359 болып тіркелген);

      3) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 346 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 мамырда № 18624 болып тіркелген);

      4) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы №4 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 733 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 тамызда № 19295 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады