Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20295 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.А. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 2 сәуірдегі
№ 121 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10091 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бектіліген мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс мөлшерінен есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырма ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      СУБ = ОАТ * 10 % / 100 % - БКәт * 10 % / 100 %, мұндағы:

      СУБ - міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері;

      ОАТ - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді алушының әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табысының орташа айлық мөлшері. ОАТ "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 24-бабына сәйкес айқындалады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу Заңның 15-бабына сәйкес жүргізіледі.

      БКәт - Заңның 24-бабына сәйкес айқындалатын Қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшері.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару:

      1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем Заңның 28-бабына сәйкес тоқтатылған;

      2) егер бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері Заңның 15-бабына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыстың он пайызынан асқан;

      3) Заңның 10-бабының 12) тармақшасына сәйкес орталық атқарушы орган бекітетін Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату туралы мәліметтер келіп түскен жағдайларда тоқтатылады.

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның шешімі негізінде тоқтатылады.

      Бұл ретте субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару мұндай тоқтатуға негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.

      Субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтатуға негіз болып табылатын мәліметтермен толықтырылған істің электрондық макетін дайындау және субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аударуды тоқтату туралы электрондық шешімнің жобасын бекіту осы Қағидалардың 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.".

      2. "Ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отырудың және оларға қол жеткізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13371 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2019 жылғы 17 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 4) және 5) тармақшаларына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 15) және 16) тармақшаларына, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 4) және 5) тармақшыларына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 6-2) және 6-5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бектіліген ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отыру және оларға қол жеткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды қолдап отыру және оларға қол жеткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 4) және 5) тармақшаларына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-тармағының екінші бөлігіне, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 15) және 16) тармақшаларына, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 4) және 5) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 6-2) және 6-5) тармақшаларына сәйкес әзірленді және ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды (бұдан әрі - АЖ) қолдап отыру және оларға қол жеткізу тәртібін анықтайды.".

      3. "Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бектіліген халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Білуге тиіс:

      1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Конституциясы);

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі - Неке және отбасы туралы кодекс);

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін (бұдан әрі - Еңбек кодексі);

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң);

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Тіл туралы заң);

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заң);

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заң);

      "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Баланың құқықтары туралы заң);

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң);

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заң);

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң);

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң);

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң);

      балаларға, мүгедек балаларға, қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету ұйымының бейінін, мамандануы мен ерекшеліктерін;

      социология, психопатология негіздерін, балаларға, зейнет жасындағы адамдарға және мүгедектерге көмектің психологиялық-әлеуметтік аспектілерін;

      психопрофилактика негіздерін;

      әлеуметтік қызмет көрсету жөнінде алдыңғы отандық және шетелдік тәжірибені;

      түрлі әлеуметтік ортадағы жұмыс ерекшеліктерін;

      ақпарат жинау және талдау тәсілдерін;

      экстремалды ахуалдарды анықтау әдістерін;

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын (бұдан әрі - Өрт қауiпсiздiгi қағидалары).".

      4. "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18764 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бектіліген "Психологиялық және әлеуметтік жұмыс" кәсіптік стандартында:

      кәсіптік стандартқа қосымшада "2003 жылғы 25 сәуірдегі "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" сөздерін "2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен алмастырылсын.

      5. "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 714 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19810 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бектіліген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (жұмыспен қамту орталығы)" кәсіптік стандартында:

      кәсіптік стандартқа қосымшада барлық мәтін бойынша "2003 жылғы 25 сәуірдегі "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" сөздерін "2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздермен алмастырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады