"Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 сәуірде № 20302 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 1166 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 11.11.2021 № 1166 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1201 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 135412 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2 тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын жүргізуге байланысты қаржылық қызметтерді сатып алу, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметтерді және кастодиандық қызмет көрсетуді және өзге қатысушыларды сатып алу, "ФАСТИ", "S.W.І.F.T" көлік (телекоммуникациялық) жүйелерін қосу, оларға қызмет көрсету және пайдалану жөніндегі, оның ішінде "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы көрсететін банктік үзінді көшірмелерді және ақпараттық қызметтерді алумен байланысты қызметтерді, Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің және (немесе) халықаралық (шетелдік) банктердің, заң консультанттарының, қолайлы хаттарды шығару жөніндегі сыртқы аудиторлық компаниялардың, сенімді басқарушы инвестордың, төлем трансфер-агенттерінің, тіркеушілердің қызметтерін, іс жүргізу мен төрелік және тапсырыс берушінің қарыз алуды, оның ішінде бағалы қағаздарды шығару және оларды ақысын төлеп сатып алуды, борышты және инвестициялық (қазынашылық) портфельді басқару, Refinitiv және (немесе) Bloomberg L.P. ұйымдастыруы үшін қажетті өзге де қызметтерді сатып алу, сондай-ақ "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оригинатор ретінде секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру кезінде жоғарыда көрсетілген қызметтерді сатып алу;";

      2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өкілдік шығыстар, іссапар шығыстары және іссапар шығыстарына байланысты қызметтерді сатып алу;";

      2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік жағдайды реттеу шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      2-тармақ мынадай редакциядағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) уақытша бос ақша қаражатын және бағалы қағаздарды орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларын жүзеге асыру кезінде қаржы құралдарын, оның ішінде бағалы қағаздарды сатып алу;";

      2-тармақ мынадай редакциядағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) мемлекеттік кепілдік беру, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда оқшауландырылған республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастар шеңберінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметтерін сатып алу;";

      2-тармақ мынадай редакциядағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) қаржы лизингі қызметтерін сатып алу және (немесе) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде оларды кейін лизингке беру үшін тауарларды, сондай-ақ лизинг нысанасын сатып алумен, жеткізумен және жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу.";

      3-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) төленген салықтардың көрсеткіші – осы Қағидалардың 45-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес есептелетін, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістер сомасына төленген салықтар сомасының пайыздық арақатынасы;"

      3-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) тендерлік (аукциондық) комиссия – тендер және (немесе) аукцион тәсілімен сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалы орган;";

      3-тармақтың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) тендерлік (аукциондық) құжаттама – тендерге (аукционға) қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге ұсынылатын құжаттама, онда тендерге (аукционға) қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, тендер және (немесе) аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру шарттары мен тәртібі қамтылады;";

      3-тармақтың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;";

      3-тармақ мынадай редакциядағы 44) тармақшамен толықтырылсын:

      "44) оффтэйк-шарт жаңа өндіріс құру жөніндегі жобаны іске асыратын әлеуетті өнім берушімен 36 (отыз алты) және одан да көп ай мерзімге жасалатын сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сатып алу жоспарын (сатып алудың алдын ала, жылдық жоспарларын және (немесе) сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарын) әзірлеу және бекіту;";

      7-тармақтың:

      2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қосылған құн салығын (бұдан әрі − ҚҚС) есепке алмай сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;";

      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жоспарланған мерзімі тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, бөлінген және көзделген сома әрбір қаржы жылына (сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарлары үшін);";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сатып алу жоспарын жасаған кезде Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді біртекті түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге міндетті.

      Ашық тендер тәсілімен және (немесе) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды қалыптастыру кезінде осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір лотқа біріктіруге жол беріледі. Бұл ретте әлеуетті өнім берушілер әрбір кіші лоттың бағасын көрсете отырып, бірлескен лотқа баға ұсынысын қалыптастырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер, сондай-ақ осы Қағидалардың 201-тармағының 5) және 15) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар сатып алу жоспарларына (сатып алудың алдын ала жоспарына) енгізуге жатпайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Қағидалардың 201-тармағының 5) және 15) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жоспарында (сатып алудың алдын ала жоспарында, сатып алудың ұзақ мерзімді жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

      Тапсырыс беруші тиісті бюджет (өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасы) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шарт) және сатып алу жоспары (лары) бекітілгенге дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін және оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды жүзеге асыруға құқылы.

      Бұл ретте, тиісті бюджетті (өндірістік бағдарламаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны және (немесе) бюджетті және (немесе) даму жоспарын және (немесе) бизнес-жоспарды және (немесе) кірістер мен шығыстар сметасын) және (немесе) мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шартты) және сатып алу жоспарын(жоспарларын) және өнім берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекіту сатып алу туралы шартты жасасу шарты болып табылады.";

      23-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әлеуетті өнім беруші сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде және (немесе) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Осы баптың осы тараудың 36-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді, олар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайды.";

      мынадай редакциядағы 46-1 тармақпен толықтырылсын:

      "46-1. Осы Қағидалардың 36-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары сатып алуды аукцион тәсілімен жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.";

      мынадай редакциядағы 55-1 тармақпен толықтырылсын:

      "55-1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:

      1) Тапсырыс берушінің және (немесе) сатып алу бастамашысының сатып алуды ұйымдастырушыға веб-портал арқылы сатып алу жоспарының тармақтарын (сатып алудың алдын ала жоспары, ұзақ мерзімді сатып алу жоспары), бекітілген Біліктілік талаптарын, техникалық ерекшелікті және шарт жобасын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін жіберуі;

      2) Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ техникалық ерекшелікті және шарт жобасын веб-порталда орналастыру;

      3) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын беруі;

      4) Баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу, веб-порталмен салыстыру, жеңімпазды, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;

      5) тапсырыс берушінің тендер тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көзделген тауарларды сатып алу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулардың қамтылуына жол беріледі.

      Орналастырылатын ақпаратта жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын талаптарды көрсетуге тыйым салынады.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Әлеуетті өнім беруші бір ғана баға ұсынысын және осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді қамтитын қол қойылған шартты ұсынады, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      Әлеуетті өнім берушілердің берілген баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алуына жол беріледі. Бұл ретте, баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін енгізілген өзгерістермен қайта ұсынуға жол беріледі.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын және қол қойылған шартты ұсынуы оның шарт жобасында және техникалық ерекшелікте көзделген талаптарды сақтай отырып, Тауарды жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын және қол қойылған шартты веб-портал арқылы сатып алуды ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін береді.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Баға ұсынысы және қол қойылған шарт веб-портал баға ұсынысын берген әлеуетті өнім берушіге тиісті хабарламаны автоматты түрде жібергеннен кейін қабылданды деп есептеледі.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Егер қатысушылардың (баға ұсыныстарының) саны үш әлеуетті өнім берушіден кем болса, осы Қағидалардың 365-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.

      Бұл ретте, егер қатысушылардың (баға ұсыныстарының) саны екі әлеуетті өнім берушіден көп болса, баға ұсынысы осы Қағидалардың 365-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.";

      67-тармақ алынып тасталсын;

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, Тапсырыс беруші:

      1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізу;

      2) сатып алу шарттарын өзгерту және баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды қайта өткізу;

      3) сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруға құқылы.

      Сондай-ақ бұл тармақ осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көзделген тізбедегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуларына осы Қағидалардың 54 және 55-тармақтарында белгіленген тәртіптерінің сақталуымен қолданылады.

      мынадай редакциядағы 74-1 тармақпен толықтырылсын:

      "74-1. Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-1 және 2-2-қосымшаларда көзделген тауарлар ашық тендер тәсілімен сатып алудың нысанасы болып табылады.";

      75-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Тапсырыс берушінің және (немесе) Сатып алу бастамашысының Ұйымдастырушыға веб-портал арқылы сатып алу жоспарының тармақтарын (сатып алудың алдын ала жоспары, ұзақ мерзімді сатып алу жоспары), бекітілген біліктілік талаптарын, техникалық ерекшелікті және тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алу туралы шарттың жобасын жіберуі;";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Тендер тәсілімен сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Ұйымдастырушы және (немесе) Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің және (немесе) Сатып алу бастамашысының сатып алуды жүзеге асыруға қазақ және орыс тілдерінде ұсынған өтінімнің негізінде жүзеге асырады, онда мынадай құжаттар қамтылады:

      1) Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға және (немесе) сатып алу бастамашысы қол қойған тендер өткізуге өтінім;

      2) Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға бекіткен тендерлік құжаттамаға 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша біліктілік талаптары, тендерлік құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшелік, тендерлік құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын үлгілік шарттар негізінде әзірленген шарттың жобасы және сараптама комиссиясының не оны құру (тарту) қажет болған жағдайда сатып алу сарапшысының құрамы.

      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамамен қатар тендерлік құжаттамада кешенді ведомстволық сараптаманың оң қорытындысының электрондық көшірмесі қамтылуы тиіс.

      Тендерлік құжаттамада тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың қамтылуына жол берілмейді.";

      95-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету шарттары, түрлері, көлемі және оны енгізудің тәсілі, сондай-ақ осы Қағидалардың 363-1- тармағына сәйкес сомалар;";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғатын талаптарды белгілеуге тыйым салынады.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.";

      119-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.

      Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін ұсынылады.;

      мынадай редакциядағы 119-1 тармақпен толықтырылсын:

      "119-1. Әлеуетті өнім беруші банктік кепілдік түрінде тендерге қатысуға қамтамасыз етуді қағаз тасығышта енгізген кезде ұйымдастырушы тендерге қатысуға осындай қамтамасыз етуді алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.

      Ұйымдастырушы көрсетеді банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:

      1) сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;

      2) банк кепілдігін тіркеу күні мен уақыты.

      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және тендерлік комиссияның хатшысы қол қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

      Бір қаржы жылы ішінде тендер тәсілімен барлық сатып алулар бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.";

      141-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ол осы Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзса;";

      156-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуетті өнім беруші осы критерийлерді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, тендерлік комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды.";

      157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "157. Тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушіде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі болған әрбір жыл үшін нөл бүтін оннан бес пайыз (0,5 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тендерлік комиссия сатып алынатын жұмыстар нарығында, оның ішінде тендердің мәні болып табылатын ұқсас (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша жұмыс тәжірибесінің әрбір жылы үшін нөл бүтін оннан екі пайыз (0,2%) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Егер бір жыл ішінде әлеуетті өнім беруші тендерде, оның ішінде құрылыстың бір объектісінен астам ұқсас (ұқсас) жұмыс түрлері бойынша сатып алынатын жұмыстарды орындаған жағдайда, тендерлік комиссия әрбір кейінгі құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан үш пайыз (0,3 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді. Егер осы жұмыстарды әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер ретінде орындаған болса, тендерлік комиссия әрбір келесі құрылыс объектісі үшін нөл бүтін оннан бір пайыз (0,1 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.

      Осы өлшемнің тендерге қатысуға өтінімнің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспайды.

      Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы үшін шартты бағаға пайыздық әсері тендерлік құжаттамаға 2-1, 3-1, 4-1 және 5-1-қосымшаларға сәйкес айқындалады.";

      164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "164. Жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі тендерде өтілі бойынша талаптар болған жағдайда қызметкердің өтілін растайтын құжат 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 35-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттардың біреуі болып табылады.";

      186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "186. Тендер мына негіздердің бірі бойынша өткізілмеді деп танылады:

      1) тендерге қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған;;

      2) тендерге қатысуға екеуден кем өтінім берілген;

      3) тендерге қатысуға екеуден кем өтінім берілген жағдайда бір де бір әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға жіберілмеген;

      4) тендерге қатысуға екеуден астам өтінім берілген жағдайда бірде-бір әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға жіберілмеген;

      5) тендерге қатысуға екеуден кем өтінім берілген жағдайда бір әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға жіберілді;

      6) тендерге қатысуға екі өтінім ұсынылған жағдайда бір әлеуетті өнім беруші жіберілген.";

      187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Егер тендер тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай:

      1) тендер тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

      2) тендерлік құжаттаманы өзгерту және тендер тәсілімен қайта сатып алуды өткізу туралы;

      3) осы Қағидалардың 186-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сатып алу өтпеді деп танылған жағдайларда бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Сондай-ақ бұл тармақ осы Қағидалардың 2-1-қосымшасында көзделген тізбедегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуларына осы Қағидалардың 77-тармақтарында белгіленген тәртіптерінің сақталуымен қолданылады.";

      201-тармақ мынадай редакциядағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) төтенше жағдайды енгізуге негіз болған себептер мен салдарды жою үшін тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу.

      Сонымен бірге, мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу Тапсырыс берушінің басқару органының (директорлар кеңесінің) шешімі негізінде жүзеге асырылады;";

      201-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде мерзімді баспасөз басылымдарын, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты дайындау және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпаратты, оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдардың, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде шығарылған дыбыстандырылған кітаптарды, рельефтік-нүктелік қаріппен басылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін тифлоқұралдарды беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      201-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жалдау қызметтерін, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты қызметтерді сатып алу;";

      201-тармақ мынадай редакциядағы 28) тармақшамен толықтырылсын:

      "28) әлеуетті өнім беруші жаңа өндірістерді құру жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде, оның ішінде оффтэйк-шарт жасасу арқылы жүргізетін тауарды алқалы атқарушы орган және (немесе) байқаушы кеңес (алқалы атқарушы орган және (немесе) байқаушы кеңес болмаған жағдайда, Тапсырыс берушінің басқару органы және (немесе) жоғары органы (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен баға маркетингтік қорытындысы негізінде сатып алу;";

      201-тармақтың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) рейтингтік агенттіктердің көрсетілетін қызметтерін, сақтандыру қызметтерін қоса алғанда, қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      201-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген құзыреті негізінде Тапсырыс берушінің уәкілетті органы айқындаған Тапсырыс берушінің аудитін жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымның қызметтерін сатып алу;

      201-тармақ мынадай редакциядағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "басқару органын және (немесе) бақылау кеңесін қамтамасыз ету үшін қажет тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;";

      202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "202. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде Тапсырыс беруші осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген сатып алуды жүзеге асыру қағидатын сақтай отырып, өнім берушіні айқындайды және онымен веб-портал арқылы шарт жасасады.";

      206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "206. Тапсырыс беруші шарт жасасу мақсатында әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы шарт жобасын жіберуге құқылы.

      Шарт жобасына әлеуетті өнім беруші оны веб-портал арқылы алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қояды (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады).

      Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шарттың жобасына қол қоймаған (электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырмаған) жағдайда, Тапсырыс беруші осы әлеуетті өнім берушіге жіберілген шарт жобасын кері қайтарып алады.

      Сатып алу веб-порталы арқылы шарт жасасу жөніндегі талаптар осы Қағидалардың 201-тармағының 1), 3), 4), 6), 8), 9), 15-1), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 34), 34-1), 35), 40), 41) және 42) тармақшаларында көзделген жағдайларға қолданылмайды, сондай-ақ шарт жобасы қағаз жеткізгіште жіберілетін резидент емеспен шарт жасасу жағдайларына қолданылмайды.

      Осы Қағидалардың 201- тармағына сәйкес жасалған шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, үлгі нысан бойынша жасалынбайды.";

      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "210. Консорциумның барлық қатысушылары осы Қағидалардың 36-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы, сондай-ақ осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулері болмауы тиіс.";

      212-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "212.Консорциум консорциумның негізгі қатысушысы көрсетілген талаптарына сәйкес келген жағдайда, осы Қағидалардың 36-тармағының 5) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес деп танылады.";

      214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "214. Шарт жобасы осы Қағидаларға 15, 15-1, 16, 17, 18 және 19-қосымшаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгі шарттар негізінде сатып алу нысанасының ерекшеліктері ескеріле отырып, сатып алу веб-порталы арқылы қалыптастырылады.

      Тапсырыс беруші (сатып алу бастамашысы) сатып алу веб-порталында шарт жобаларының үлгілерін қалыптастыруы мүмкін.";

      мынадай редакциядағы 214-1-тармақпен толықтырылсын:

      "214-1. Тапсырыс беруші жеңімпазға веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын тендер (аукцион) тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағым жасау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.";

      218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "218. Тапсырыс беруші баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы анықталған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей әлеуетті өнім беруші қол қойған шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.";

      220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "220. Қазақстан Республикасының бейрезидентімен және (немесе) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс және (немесе) сақтандыру қызметтерін сатып алу шеңберінде сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өзге нысанда қағаз жеткізгіште ресімдеуге жол беріледі.";

      226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "226. Шарт жасасу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауы тиіс.";

      227-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "227. Өнім беруші сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес соманы (бар болса) енгізуге міндетті.

      Сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ осы Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес соманы (бар болса) өнім беруші онымен жасалған сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындаатындығына кепілдік ретінде енгізеді.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап осы Қағидалардың 201-тармағының негізінде жүзеге асырылған бір көзден алу тәсілімен сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілерге қолданылмайды.";

      228-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "228. Егер шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша авансқа тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 201-тармағы негізінде сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, Тапсырыс беруші аванспен қамтамасыз етуді енгізу туралы талапты белгілеуге құқылы.";

      233-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "233. Өнім беруші осы Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етудің, авансты және соманы қайтаруды қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:

      1) осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі;

      Әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде ұсынылады.

      2) тендерлік құжаттамаға тапсырыс берушілердің әзірленген нысаны бойынша жеткізушінің (Қазақстан Республикасының резиденті емес өнім берушілерді қоспағанда) азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;

      3) Тапсырыс берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна.";

      мынадай редакциядағы 236-1 тармақпен толықтырылсын:

      "236-1. Сатып алудың жеңімпаздары болып анықталған әлеуетті өнім берушілермен немесе төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған шарттық міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілермен шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, Тапсырыс беруші мұндай әлеуетті жеткізушілерді және (немесе) өнім берушілерді сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізу бойынша шаралар қабылдамайды, және оларға айыппұл санкцияларын қолданбайды.";

      242-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "242. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт бес жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.";

      16-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Шарттың жобасына не жасалған шартқа өзгерістер енгізудің негіздері";

      251 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "251. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында сатып алу туралы шарттың жобасына өзгерістер енгізуге мынадай:

      1) аванстан бас тартқан немесе аванс (алдын ала төлем) төлеу шарттары өзгерген жағдайда;

      2) тараптардың өзара келісімі бойынша шарт жобасының сомасын азайту бөлігінде;

      3) егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған жағдайда, екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жіберілетін шарттың орындалу мерзімін бес жұмыс күніне ұлғайту бөлігінде;

      4) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиісінше әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп айқындалған күннен бастап және сатып алу туралы шартқа қол қойылған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамының елеулі төмендеуіне байланысты сатып алу туралы шарт (ұзақ мерзімді шарт) жобасының сомасын ұлғайту бөлігінде өзара байланысты талаптар сақталған кезде жол беріледі.

      Шарттың жобасына мұндай өзгерістер енгізуге аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарында және (немесе) сатып алдың ұзақ мерзімді жоспарында сатып алу үшін көзделген сома шегінде жол беріледі.

      Осы тармақта көзделген талаптарды сақтамай, шарттың жобасына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушіге өндіріс шығындарының егжей-тегжейлі калькуляциясын және/немесе тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шығындарды ұлғайтуға әсер ететін факторларды көрсете отырып, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сатып алу туралы шарт жобасының бағасын ұлғайту қажеттілігінің негіздемесін ұсынуы тиіс.";

      252-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "252. Жасалған шартқа өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында:

      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасын және тиісінше шарттың сомасын азайту бөлігінде тараптардың өзара келісімі бойынша;

      2) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаны және тиісінше шартта көзделген сатып алу туралы шартты орындау басталған күннен бастап және орындау аяқталған күнге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы бағамының елеулі төмендеуіне байланысты шарттың (ұзақ мерзімді) сомасын ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      Жасалған шартқа мұндай өзгерістер енгізуге сатып алу жоспарында аталған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген сома шегінде жылына бір реттен артық емес, ал ұзақ мерзімді шартқа жылына екі реттен артық емес жол беріледі.

      Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушіге өндіріс шығындарының егжей-тегжейлі калькуляциясын және/немесе тауарды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге шығындарды ұлғайтуға әсер ететін факторларды көрсете отырып, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Шарттың орындалмаған көлемінің бір бөлігіне шарттың (ұзақ мерзімді) бағасын ұлғайту қажеттілігінің негіздемесін ұсынуы тиіс;

      3) ведомстводан тыс сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға және сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ шарттың орындалу мерзімдерін тиісті өзгерту бөлігінде;

      4) жасалған шартта көрсетілген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермеуі талабымен, осы сатып алынатын тауарлардың, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жұмыстарды қоспағанда, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлеміне қажеттіліктің азаюына не ұлғаюына байланысты шарттың сомасын сатып алулар жоспарында бастапқы жоспарланған сомадан аспайтын сомаға және көлемге азайту не ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ шарттың орындалу мерзімін тиісінше өзгерту бөлігінде жол беріледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы жасалған шартқа мұндай өзгеріс енгізуге осы сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

      5) егер өнім беруші онымен жасалған шартты орындау процесінде бір бірлік үшін бағаның өзгермейтін талабы жағдайында онымен жасалған шарттың нысанасы болып табылатын тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, көрсетілетін қызметтерді көрсетудің неғұрлым жақсы сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын не мерзімдерін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда;

      6) салық, кеден және басқа да салалардағы заңнаманың өзгеруінен туындаған тауарларды жеткізуге, қызметтер көрсетуге арналған сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде, сондай-ақ жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда шарттың орындалу мерзімдерін тиісті өзгерту бөлігінде;

      7) тауар өндіру үшін қажетті шикізат және(немесе) жинақтаушылар құнының, сондай-ақ тауардың баға белгілеуге әсер ететін тарифтердің елеулі өзгеруінен туындаған тауар бағасын азайту немесе ұлғайту салдарынан тауар өндірушімен жасалған тауарларды жеткізуге сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде. Мұндай өзгерістерді енгізуге шарт жасалған күннен бастап 180 күнтізбелік күн өткеннен кейін және жарты жылда бір реттен артық емес жол беріледі.

      Бұл ретте өнім беруші Тапсырыс берушіге өндіріс шығындарының егжей-тегжейлі калькуляциясын көрсете отырып, сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттың бағасын және (немесе) тауарды жеткізуге шығындарды ұлғайтуға әсер ететін факторларды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сатып алу туралы шарттың орындалмаған көлемінің бір бөлігіне ұлғайту қажеттігінің негіздемесін ұсынуы тиіс;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалардың, тарифтердің, алымдар мен төлемдердің өзгеруіне байланысты сатып алу туралы шарттың сомасын азайту немесе ұлғайту бөлігінде. Жасалған шартқа мұндай өзгерістер енгізуге сатып алу жоспарында осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін көзделген сома шегінде жол беріледі;

      9) бағасы нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздеріне немесе биржалық белгіленімдерге сәйкес қалыптастырылатын импортталатын көмірсутек шикізатының бірлігі үшін бағаның өзгеруі бөлігінде;

      10) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген баға шегінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленетін тауар бірлігі үшін бағаны өзгерту бөлігінде;

      11) Тапсырыс берушінің және (немесе) өнім берушінің лауазымды тұлғасына қатысты сатып алу туралы шартты орындауға байланысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда жұмыстар бойынша сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде;

      12) өнім беруші жеткізілетін тауардың тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, тауарды сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде. Тауарларды сатып алу туралы жасалған шартқа мұндай өзгерістер енгізуге өнім берушінің хабарламасы бойынша он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ағымдағы қаржы жылы шегінде жол беріледі.";

      255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "255. Шарттың орындалуы туралы құжаттар (жолдама, ұзақ мерзімді активтерді, орындалған (көрсетілген) жұмыстардың актісі, шот-фактура) осы Қағидалардың көзделген жағдайларды қоспағанда, қағаз және электрондық нысанда ресімделеді.

      Шот-фактура Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қағаз нысанда жазып беріледі .

      Салық заңнамасында шот-фактуралар жазып беру бойынша міндет көзделмеген жағдайда, онда шот-фактура орнына төлем шоты жазып беріледі.";

      258-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "258. Тауарларды межелі пунктке жеткізу кезінде шартты орындау мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі пунктке жеткізу;

      2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін, ұзақ мерзімді активтерді қабылдап алу-беру актісін қоса тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдап алу-беру актісін ресімдеуі;

      3) Тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы ;

      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураларды ресімдеу;

      5) Тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі .

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары электр және жылу энергиясын жеткізуге байланысты сатып алу туралы шартқа қолданылмайды.";

      259-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "259. Жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) кезінде сатып алу туралы шартты орындау мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      1) веб-портал арқылы орындалған жұмыстар (қызметтер көрсету) актісін ресімдеу;

      2) орындалған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) тапсыру және қабылдау;

      3) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы берілген электронды шот-фактураларды Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімдеу;

      4) Тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) үшін ақы төлеуі.

      Осы тармақтың талаптары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 397-бабында көзделген қызметтерді көрсетуге байланысты сатып алу туралы шартқа қолданылмайды.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптары есепке алу сертификатталған есептеу жүйелері (аспаптары), оның ішінде коммуналдық қызметтер (сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау) және байланыс қызметтері арқылы жүргізілетін қызметтерді көрсетуге байланысты сатып алу туралы шартқа қолданылмайды.";

      260-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "260. Өнім беруші тауарды нақты жеткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей веб-портал арқылы Тапсырыс берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбамен бекітілген активтерді қабылдау-тапсыру актісін, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес жібереді.";

      269-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, біліктілік талаптары, техникалық ерекшелік және Тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қойған және әр бетіне қол қойған бекітілген тізбесін ұсынады.";

      274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "274. Тендерлік құжаттаманы бірінші басшы немесе өзге де уәкілетті тұлға бекітеді.";

      277-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "277. Тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін сатып алуды ұйымдастырушы әрбір тендерге жеке тендерлік комиссия құрады және тендерлік комиссияның хатшысын айқындайды.

      Тендерлік комиссия құру және тендерлік комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға қабылдайды.

      Егер сатып алуды ұйымдастырушы Тапсырыс берушінің өзі тікелей не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет еткен жағдайда, тендерлік комиссия құру және тендерлік комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді бірінші басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қабылдайды.

      Жұмыстарды сатып алуды жүзеге асырған жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, онымен келісім бойынша тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізе алады.

      Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін сатып алуды ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құра алады (сарапшыны тарта алады).";

      285-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "285. Үш және одан да көп сарапшы тартылған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылар арасынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын айқындайды.

      Сараптау комиссиясын құру және сараптау комиссиясының басшысын айқындау туралы шешімді сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға қабылдайды.";

      289-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "289. Мекенжайына хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін тапсырыс беруші осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып жасайды және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өзге уәкілетті тұлға бекітеді.";

      360-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе өзге уәкілетті тұлғаның шешімімен тендерлік комиссияның құрамы бекітіледі, тендерлік комиссияның хатшысы айқындалады, қажет болған жағдайда сараптама комиссиясы құрылады не сарапшы айқындалады.

      Сатып алуды ұйымдастырушы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын құндық көріністе белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алу бойынша бір қаржы жылына тұрақты негізде тендерлік комиссияның құрамын бекітуі, тендерлік комиссияның хатшысын белгілеуі, сондай-ақ қажет болған жағдайда сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны белгілеуі мүмкін;";

      363-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "363. Белгіленген тәртіппен бекітілген сметалық, жобалау алдындағы, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бар құрылыс-монтаждау жұмыстарына, кешенді жұмыстарға баға ұсынысы, жобалау алдындағы, жобалау және іздестіру жұмыстары, егер ол сатып алу жоспарында бөлінген сомадан 15 (он бес) пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады;";

      мынадай редакциядағы 63-1 тармақпен толықтырылсын:

      "363-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі (техникалық және авторлық қадағалау, жобаны басқару) саласында инжинирингтік қызметтер көрсетуге баға ұсынысы, егер ол бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он бес пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.";

      мынадай редакциядағы 363-2 тармақпен толықтырылсын:

      "363-2. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жұмыстарына баға ұсынысы (аккредиттелген сараптама ұйымы), егер ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12681 болып тіркелген) Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларына сәйкес белгіленетін құнынан төмен болса, демпингтік болып танылады.";

      364-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "364. Консультациялық (консалтингтік) қызметтерге баға ұсынысы, егер ол сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын барлық ұсынылған баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан 70 (жетпіс) пайыздан аса төмен және (немесе) сатып алу жоспарында бөлінген сомадан 50 (елу) пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.";

      365-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "365. Осы Қағидалардың 363-тармағында көрсетілмеген жұмыстарға, осы Қағидалардың 364-тармағында көрсетілмеген қызметтерге баға ұсынысы, егер ол сатып алу жоспарында сатып алу үшін көзделген сомадан аспайтын барлық ұсынылған баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан 30 (отыз) пайыздан аса төмен және (немесе) сатып алу жоспарында бөлінген сомадан 50 (елу) пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.

      Бұл ретте, сатып алуда (лотта) екеуден артық өтінім (баға ұсыныстары) болған жағдайда осы тармақ өтінімдерді (баға ұсыныстарын) ашу сәтінде веб-порталда қолданады.";

      мынадай редакциядағы 365-1 тармақпен толықтырылсын:

      "365-1. Осы Қағидалардың 363-тармағында көрсетілмеген тауарларға, жұмыстарға, осы Қағидалардың 364-тармағында көрсетілмеген қызметтерге баға ұсынысы, егер ол сатып алу жоспарында бөлінген сомадан 50 (елу) пайыздан аса төмен болса, демпингтік болып танылады.

      Бұл ретте, сатып алуда (лотта) екеуден артық өтінім (баға ұсыныстары) болған жағдайда осы тармақ өтінімдерді (баға ұсыныстарын) ашу сәтінде веб-порталда қолданады.";

      мынадай редакциядағы 21-тараумен толықтырылсын:

      "21-тарау. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды сатып алуды өткізу тәртібі

      1-параграф. Аукцион тәсілімен жүзеге асыру

      376. Аукцион тәсілімен сатып алу нақты уақыт режимінде сатып алу веб-порталында жүзеге асырылады.

      377. Аукцион бір лотқа өткізіледі, бұл ретте осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көзделмеген тауар аукционның нысанасы болып табылады.

      378. Аукционға біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатысады.

      379. Тауар жеткізілетін бірнеше орын болған жағдайда, лотта тауар жеткізілетін бірнеше орынды көрсетуге жол беріледі.

      2-параграф. Аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

      380. Аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:

      1) Тапсырыс беруші мен Cатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, Тапсырыс берушінің Cатып алуды ұйымдастырушыны және алдағы аукционда оның мүдделерін білдіретін Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін айқындауы;

      2) Тапсырыс берушінің Cатып алуды ұйымдастырушыға аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынуы не Тапсырыс берушінің Cатып алуды ұйымдастырушыға аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманы ұсынуы;

      3) Тапсырыс берушінің және (немесе) Сатып алу бастамашысының сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алу жоспарының тармақтарын (сатып алудың алдын ала жоспары, ұзақ мерзімді сатып алу жоспары), бекітілген біліктілік талаптарын, техникалық ерекшелікті және шарт жобасын аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін веб-портал арқылы жіберуі;

      4) аукциондық комиссияның құрамын айқындау және бекіту;

      5) аукциондық құжаттаманың жобасын бекіту және аукциондық комиссияны аукциондық құжаттаманың шарттарымен веб-портал арқылы таныстыру;

      6) веб-портал арқылы алдын ала талқылау үшін аукциондық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы орналастыру және аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда орналастыру;

      7) аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекітілген аукциондық құжаттаманы веб-порталда орналастыру;

      8) әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;

      9) аукционға қатысуға өтінімдерді ашу, аукциондық комиссияның әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан веб-портал арқылы қарауы;

      11) біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды аукционға қатысушылар деп тану;

      12) веб-портал арқылы аукцион, ең төменгі баға негізінде аукцион жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда автоматты түрде қалыптастыру және орналастыру;

      13) аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама негізінде Тапсырыс берушінің жеңімпазбен шарт жасасуы.

      3-параграф. Тапсырыс берушінің Сатып алуды ұйымдастырушыға аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды беруі

      381. Аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді Сатып алуды ұйымдастырушы және (немесе) Тапсырыс беруші Сатып алу бастамашысының және (немесе) Тапсырыс берушінің мынадай құжаттарды:

      1) Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға және (немесе) Сатып алу бастамашысы веб-портал арқылы қол қойған аукционды өткізуге өтінімді;

      2) Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға бекіткен аукциондық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық ерекшелікті, аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын үлгілік шарттар негізінде әзірленген шарт жобасын қамтитын қазақ және орыс тілдеріндегі сатып алуды жүзеге асыруға арналған өтінімді ұсынуы негізінде жүзеге асырады.

      Аукциондық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулардың болуына жол беріледі.

      4-параграф. Аукциондық комиссияның құрамын айқындау, бекіту және аукциондық комиссияның хатшысын айқындау

      382. Аукцион тәсілімен сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін Сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық комиссияның құрамын және аукциондық комиссияның хатшысын бекітуге міндетті. Аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.

      383. Егер Тапсырыс берушінің тікелей өзі не оның атынан құрылымдық бөлімшесі немесе сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты қызметкері Сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет еткен жағдайда аукциондық комиссия құру және аукциондық комиссияның хатшысын айқындау туралы шешімді Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қабылдайды.

      384. Аукциондық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және аукциондық комиссияның басқа да мүшелері аукциондық комиссияның мүшелері болып табылады. Аукциондық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруге қатысады.

      Аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде үш адамды құрайды.

      Аукциондық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және шарт жасалған күні өз қызметін тоқтатады.

      385. Аукциондық комиссияның төрағасы Тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары немесе өзге басшысы болады. Аукциондық комиссияның төрағасы болмаған кезде оның функцияларын аукциондық комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      Аукциондық комиссияның төрағасы:

      1) аукциондық комиссияның қызметін басқарады;

      2) осы Қағидаларда көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.

      386. Аукциондық комиссияның шешімі веб-портал арқылы дауыс берумен қабылданады және егер оған аукциондық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда аукциондық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.

      Аукциондық комиссияның тиісті хаттамаларында аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда, аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.

      Аукциондық комиссия мүшелерінің біреуінде мүдделер қақтығысы болған кезде, осы тұлға бұл туралы аукциондық комиссияның хатшысын хабардар етеді, бұл туралы ашық аукцион қорытындылары туралы хаттамада жазылады. Бұл ретте осы тұлға аукциондық комиссияның шешім қабылдауына қатыспайды.

      387. Аукциондық комиссияның ұйымдастырушылық қызметін аукциондық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Аукциондық комиссияның хатшысы аукциондық комиссияның мүшесі болып табылмайды және аукциондық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

      Аукциондық комиссияның хатшысы Сатып алуды ұйымдастырушының сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері қатарынан айқындалады.

      Аукциондық комиссияның хатшысы:

      1) аукциондық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және веб-порталда орналастырады;

      2) веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарландыруды, аукциондық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасын, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды орналастырады;

      3) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      388. Аукционды өткізу басталғанға дейін аукциондық комиссияның мүшелері, аукциондық комиссияның хатшысы бекітілген аукциондық құжаттамамен және оған қосымшалармен таныстырылады.

      5-параграф. Аукциондық құжаттама, аукциондық құжаттаманы бекіту және оны веб-порталда орналастыру

      389. Сатып алуды ұйымдастырушы аукционды өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Қағидаларға 33-қосымшаға сәйкес аукциондық құжаттаманы қазақ және орыс тілдерінде веб-порталда қалыптастырады.

      390. Аукциондық құжаттамада біліктілік талаптарынан басқа мыналар қамтылуы тиіс:

      1) Сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;

      2) ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға мемлекетаралық стандарттарды көрсетіле отырып, техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте техникалық ерекшелікте өнім берушілерге жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды жеткізу сәтінде ұсыну туралы талап болуы мүмкін.

      3) өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны;

      4) тауарды жеткізу орны (орындары);

      5) тауарды жеткізудің талап етілетін мерзімі;

      6) төлем шарттары және шарт жобасы;

      7) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізудің шарттары, мазмұны мен түрлері;

      8) әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өз өтінімін оларды ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығын көрсету;

      9) аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну тәртібі, тәсілі мен соңғы мерзімі және аукционға қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі;

      10) аукционға қатысуға өтінімдерді ашу, аукционға қатысуға өтінімдерді қарау, аукциондық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру рәсімдерінің сипаттамасы;

      17) Тапсырыс берушінің және Сатып алуды ұйымдастырушының алдағы аукцион тәсілімен сатып алуда олардың атынан әрекет ететін уәкілетті өкілдері туралы мәліметтер;

      18) шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу, авансты қайтаруды қамтамасыз ету (аванс белгіленген жағдайда) шарттары, түрлері, көлемі және тәсілі;

      19) аукцион тәсілімен өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер.

      Аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушілерге өткізілетін сатып алу шарттары туралы неғұрлым толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.

      6-параграф. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және хаттамасын веб-порталда орналастыру

      391. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау аукциондық құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады.

      Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұратулар Тапсырыс берушіге, Сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей жіберілуі мүмкін.

      Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұратулар болмаған кезде аукциондық құжаттама бекітілген болып есептеледі.

      392. Ескертулер, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұратулар болған жағдайда Тапсырыс беруші, Сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) аукциондық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      2) аукциондық құжаттаманың ережелеріне түсініктеме береді немесе қабылдамау себептерін көрсете отырып, аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамайды.

      Сатып алуды ұйымдастырушы мен Тапсырыс беруші бір тұлға болған кезде, Тапсырыс беруші, Сатып алуды ұйымдастырушы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алу веб-порталында аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ аукциондық құжаттаманы орналастыруға міндетті.

      393. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында аукциондық құжаттама жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылады.

      Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына Тапсырыс берушінің бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

      Сатып алуды ұйымдастырушы сатып алуды жүргізген жағдайда аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына Сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.

      394. Аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда сатып алу осы Қағидалардың 391-тармағына сәйкес жүргізіледі және жұмыс уақытында веб-порталда жарияланады.

      Бұл ретте мұндай сатып алудың аукциондық өтінімдерін қабылдау аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтіні веб-порталда жарияланған күннен кейінгі күннен бастап Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден басталады.

      395. Аукциондық құжаттама жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің тиянақты негіздемесі аукциондық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      396. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау нәтижелері бойынша Тапсырыс берушінің және (немесе) Ұйымдастырушының шешіміне осы Қағидаларда және Заңда айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      397. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн.

      Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өз бастамасымен аукциондық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы. Мұндай жағдайларда аукциондық құжаттама алдын ала талқылауға жатады.

      7-параграф. Аукцион өткізу туралы хабарлама

      398. Сатып алуды ұйымдастырушы аукциондық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың жобасын орналастырады.

      Осы Қағидалардың 104-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынуының соңғы күнінің мерзімі аукциондық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда аукцион тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      399. Аукцион тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асырған жағдайда Сатып алуды ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын өтпеген аукционның аукциондық құжаттамасының өзгермеуі шартымен аукцион тәсілімен қайта сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін веб-порталда орналастырады.

      8-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын ұсыну

      400. Аукцион өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап барлық ниет білдірушілерге аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттама жобасын веб-порталда тегін алу мүмкіндігі беріледі.

      401. Аукциондық құжаттаманы не аукциондық құжаттаманың жобасын веб-порталда аукцион өткізу туралы хабарланған сәтке дейін ұсынуға жол берілмейді.

      9-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерінің мазмұны және оларды ұсынуы

      402. Аукционға қатысуға өтінім аукциондық құжаттамада көрсетілген оны ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісітінін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтерді алуға келісетінін білдіретін нысан болып табылады.

      403. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұсынатын аукционға қатысуға өтінімде аукциондық құжаттама нысанында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің:

      1) осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулердің жоқтығы туралы;

      2) оның және Тапсырыс берушінің не Сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Қағидаларда тыйым салынған қатынастардың жоқтығы туралы;

      3) осы Қағидалардың 23-тармағының 1), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген фактілер анықталған жағдайда шартты біржақты тәртіппен бұзуға келісім беру туралы растауы қамтылуы тиіс:

      404. Аукционға қатысуға өтінім аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге веб-портал тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген кезде қабылданған болып есептеледі.

      405. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға бір ғана өтінім береді.

      406. Заявка на участие в аукционе потенциального поставщика подлежит автоматическому отклонению веб-порталом в следующих случаях:

      Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін мынадай жағдайларда:

      1) әлеуетті өнім беруші осы аукционға қатысуға бұрын өтінім бергенде;

      2) аукционға қатысуға өтінім веб-порталға осы аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскенде;

      3) аукциондық баға ұсынысы осы тауарды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткенде веб-портал автоматты түрде қабылдаудан бас тартады.

      Аукционға қатысу үшін әлеуетті өнім беруші беретін аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі кемінде күнтізбелік қырық күнді құрайды, аукционға қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдер ашылған күннен кейінгі күннен басталады және аукциондық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуі тиіс.

      407. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімі веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

      408. Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өзі енгізген аукционға қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпай, өзінің аукционға қатысуға өтінімін өзгертеді немесе кері қайтарып алады.

      Аукционға қатысуға өтінімді оны ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін қайтарып алуға жол берілмейді.

      409. Осы Қағидалардың 392-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, аукционға қатысуға өтінімдерге оларды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      410. Әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамаға сәйкес талап етілетін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге және (немесе) мемлекеттік дерекқорларға жүгіну арқылы не веб-порталды пайдалана отырып, электрондық нысанды толтыру арқылы алынатын жекелеген құжаттарды ұсынуына жол беріледі.

      10-параграф. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      411. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тауарды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Аукционға бірнеше лот бойынша қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лотқа жеке ұсынуға құқылы.

      412. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қағаз тасығыштағы не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.

      Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, онда ол кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.

      Бұл ретте кепілдік ақшалай жарна аукционға қатысуға өтінімдер ұсыну мерзімі аяқталғанға енгізіледі;

      2) Сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна.

      Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдік ақшалай жарнасына тұтастай не бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, Сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      413. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген кезде ұйымдастырушы аукционға қатысуға осындай қамтамасыз етуді алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.

      Ұйымдастырушы банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) тауарларды сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;

      2) банк кепілдігін тіркеу күні мен уақыты.

      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және аукциондық комиссияның хатшысы қол қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

      Бір қаржы жылы ішінде аукцион тәсілімен тауарларды барлық сатып алу бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.

      414. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      415. Сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі туындағанда:

      1) аукцион жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

      2) аукцион жеңімпазы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған;

      3) егер әлеуетті өнім беруші аукциондық өтінімнің құрамында дұрыс емес ақпарат берген кезде, осы фактіні растайтын құжаттар болған жағдайда әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.

      416. Осы Қағидалардың 415-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы Тапсырыс берушінің кірісіне есептеледі.

      417. Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайда ашу хаттамасын орналастыру;

      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы жариялау. Көрсетілген жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы жариялау. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қолданылмайды;

      4) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюы және оның осы Қағидаларға сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

      11-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу

      418. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың мерзімі аяқталған сәттен бастап бес минут ішінде автоматты түрде жүргізеді.

      419. Егер аукционға (лотқа) аукционға (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда мұндай өтінім де осы Қағидаларға сәйкес ашылады және қаралады.

      420. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал оларды ашқан сәтте осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал аукциондық комиссия мүшелеріне, аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарламалар жібереді.

      12-параграф. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау

      421. Аукциондық комиссия веб-портал арқылы біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға өтінімдерді қарайды.

      422. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімде қамтылған өтінімді қамтамасыз етуді мына жағдайларда:

      1) банк кепілдігінің түпнұсқасын қағаз тасығышта ұсынбаған;

      2) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

      3) комиссияға:

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін аукцион тәсілімен тауарларды сатып алудың атауын;

      банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін, мәліметтердің болмауынан көрінетін, аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

      4) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген кезде аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      423. Егер:

      1) әлеуетті өнім беруші мынадай негіздемелер бойынша:

      конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте алынбаған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтердің берілмеуіне;

      тиісті мемлекеттік кіріс органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы ақпараттың болуына (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);

      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуына;

      ол банкроттық не тарату рәсіміне жатуына байланысты біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса;

      2) аукционға қатысуға берген өтінімі мынадай негіздемелер бойынша:

      аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеуіне;

      аукциондық құжаттаманың талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталуына байланысты аукциондық құжаттамаға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталса;

      3) осы Қағидалардың 23-тармағының талаптары бұзылса, әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға рұқсат берілмейді (аукционға қатысушы деп танылмайды).

      424. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдерді қарайды және аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге аукционға қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (аукционға қатысушылар деп таниды).

      425. Аукционға қатысуға бір өтінім ұсынылған жағдайда, өтінім осы Қағидаларға сәйкес ашылады және аукционға қатысуға қаралады.

      426. Аукционға қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға байланысты аукциондық комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

      427. Аукционға қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді, оған аукциондық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері, сондай-ақ аукциондық комиссияның хатшысы веб-портал арқылы аукционға қатысуға өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, аукционға қатысуға өтінімдерді қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.

      428. Аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қабылдамау себептері толық сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген, біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;

      2) аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесі.

      429. Аукциондық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы аукциондық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол аукционға қатысуға рұқсат беру хаттамасына қоса беріледі және құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.

      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы тиісті хаттамада аукциондық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда аукциондық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебі көрсетілген құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.

      13-параграф. Аукционды өткізу

      430. Аукцион сатып алу веб-порталында аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.

      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама орналастырылған күннен бастап күнтізбелік екі күн өткеннен кейінгі жұмыс күні аукцион өткізілетін күн болып табылады.

      Аукционның басталу уақыты жұмыс уақытында және Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша 15.00-ден кешіктірілмей белгіленеді.

      431. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.

      432. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төменгі бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамына төмендету жолымен өткізіледі.

      Аукцион қадамы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төменгі бастапқы бағасының жарты пайызынан (0,5) бес пайызына дейін құрайды.

      433. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион қадамы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді.

      434. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс түспесе, аукцион аяқталады.

      435. Сатып алу веб-порталы аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде анықтайды.

      Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.

      436. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бастапқы бағасы аукционның басқа қатысушысы ұсынған бастапқы бағаға тең болған жағдайда, басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.

      437. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайда, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады.

      14-параграф. Аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама

      438. Аукцион тәсілімен сатып алудың қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 36-қосымшаға сәйкес автоматты түрде қалыптастырылады және веб-портал аукциондық комиссияның барлық мүшелерін және аукционға қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық почта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, 5 минут ішінде жариялайды.

      439. Аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамада мынадай:

      1) аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы;

      2) аукцион нәтижелері туралы;

      3) екінші орын алған жеңімпаз және әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат қамтылады.

      15-параграф. Аукцион тәсілімен сатып алуды өтпеді деп танудың негіздері мен салдары

      440. Аукцион тәсілімен сатып алу мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) аукционға қатысуға берілген өтінімдердің болмауына;

      2) аукционға қатысуға екіден кем өтінім ұсынылуына;

      3) аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеуіне;

      4) аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылады:

      441. Егер аукцион тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылса, Тапсырыс беруші мынадай шешімдердің бірін:

      1) аукцион тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

      2) аукциондық құжаттаманы өзгерту және аукцион тәсілімен сатып алуды қайта өткізу туралы;

      3) осы Қағидалардың 441-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.

      442. Тапсырыс беруші мына жағдайларда сатып алуды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруға құқылы:

      1) аукционға қатысуға берілген өтінімдердің болмауы. Бұл ретте, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні Тапсырыс беруші айқындайды. Жасалған сатып алу туралы шарттың бағасы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспауы тиіс;

      2) аукционға қатысуға екіден кем өтінімнің ұсынылуы. Бұл ретте, бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақырту аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінде көрсетілген бастапқы бағасынан аспауы тиіс.";

      Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда Қағидалар 2-2-қосымшамен толықтырылсын;

      Қағидаларға 5-қосымшаның:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы ТҚ-ға 6-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын, ал олар болмаған жағдайда мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып техникалық ерекшелікті қамтиды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде, мемлекеттік сатып алуды нормалау ескеріле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдаланушылық сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінде өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылуға тиіс;

      Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

      Әлеуетті өнім берушілердің тендерге қатысуға өтінімдерінде өндірушілерден не олардың ресми өкілдерінен (дилерлерден немесе дистрибьюторлардан) хат көшірмелерінің болуы туралы талаптарды көрсетуге жол берілмейді.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Осы АД-ның 11-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі.

      Әлеуетті өнім беруші банктік кепілдік түрінде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін ұсынылады.";

      мынадай редакциядағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:

      "3-1. Әлеуетті өнім беруші банктік кепілдік түрінде тендерге қатысуға қамтамасыз етуді қағаз тасығышта енгізген кезде ұйымдастырушы тендерге қатысуға осындай қамтамасыз етуді алу фактісін банктік кепілдіктерді тіркеу журналына тіркейді.

      Ұйымдастырушы көрсетеді банктік кепілдіктерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді:

      1) сатып алудың атауы және өткізу мерзімі;

      2) банк кепілдігін тіркеу күні мен уақыты.

      Банктік кепілдіктерді тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді және тендерлік комиссияның хатшысы қол қояды. Банктік кепілдіктерді тіркеу журналының соңғы беті ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

      Бір қаржы жылы ішінде тендер тәсілімен барлық сатып алулар бойынша банктік кепілдіктерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге жол беріледі.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Өнім берушілер шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:

      1) Тапсырыс берушінің банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      2) Осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігі;

      Әлеуетті өнім беруші шартты орындауды қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы Тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде ұсынылады.

      3) Қағидалардың 233-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын таңдай алады.

      Тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қайтару сомасын (бар болса), сондай-ақ Қағидалардың 363-1-тармағына сәйкес соманы (бар болса) өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.";

      Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тендерлік құжаттамаға 11-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 15-қосымшаның:

      8.1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және <_____> қоса алған мерзімге дейін қолданылады.<Редакцияланатын тармақ>";

      11.2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.<Редакцияланатын тармақ>";

      Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда Қағидалар 15-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Қағидаларға 16-қосымшаның:

      9.1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және <_____> қоса алған мерзімге дейін қолданылады.<Редакцияланатын тармақ>";

      12.2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.<Редакцияланатын тармақ>";

      Қағидаларға 17-қосымшаның:

      8.1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және <_____> қоса алған мерзімге дейін қолданылады.<Редакцияланатын тармақ>";

      11.2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.<Редакцияланатын тармақ>";

      Қағидаларға 18-қосымшаның:

      9.1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және <_____> қоса алған мерзімге дейін қолданылады.<Редакцияланатын тармақ>";

      12.2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.<Редакцияланатын тармақ>";

      Қағидаларға 19-қосымшаның:

      2.2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2.2. Шарт күшіне енгеннен кейін Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, аванс пен (немесе) соманы қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді.

      Қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.

      Көрсетілген қызмет үшін төлемді Тапсырыс беруші көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүргізеді.";

      2.3. тармақ алынып тасталсын;

      8.1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.1. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және <_____> қоса алған мерзімге дейін қолданылады.<Редакцияланатын тармақ>";

      11.2. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.<Редакцияланатын тармақ>";

      Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 20-қосымша жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда Қағидалар 33-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 6, 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес редакцияда Қағидалар 34, 35, 36 және 37-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алу және сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
1-қосымша
  Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
2-2-қосымша

Бір лотқа біріктіруге жол берілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1. Тауарлар

1

Кеңсе тауарлары

2

Шаруашылық тауарлары

3

Жуу құралдары

4

Азық-түлік өнімдері

5

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар

6

Құрылыс материалдары

7

Электр тауарлары

8

Сантехникалық тауарлар

9

Қосалқы бөлшектер

10

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

11

Жиһаз өнімі

2. Көрсетілетін қызметтер

1

Күзет және өрт дабылы қызметі

2

Услуги по техническому обслуживанию зданий (уборка помещений и благоустройство территорий, опрессовка и промывка систем отоплений, электромонтажные и сантехнические работы, услуги плотника)
Ғимараттарға техникалық қызмет көрсету қызметтері (үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылу жүйелерін тығыздау және жуу, электромонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер)

3

Полиграфиялық қызметтер

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
2-қосымша
  Тендерлік құжаттамаға
11-қосымша

Банктік кепілдік

      Банктің атауы ____________________

      Банктің деректемелерi ____________

      Кімге:

      сатып алуды ұйымдастырушының атауы

      ________________________________

      сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi

      ________________________________

      № _______ кепілдік міндеттеме _________ "_____"_____________ жылғы

      (орналасқан жері)

      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" ____________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      ________________________________

      ( сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

      ұйымдастырған тендертың атауы_______________________________

      тендердың №________________________________________________

      лоттың атауы________________________________________________

      лоттың №___________________________________________________

      _____________ сатып алу жөніндегі Тендерға қатысатынынан және _______________

      __________________________________________________________________________

      (тендер (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің атауы) тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.

      Жоғарыда аталған тендерты өткізу жөніндегі _________ жылғы "____"________ Тендерлік құжаттамада әлеуетті өнім берушінің Тендерға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген. Осыған байланысты біз _________________________________ осымен (банктің атауы)

      Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ тендертың жеңімпазы етіп айқындалған Өнім берушіге:

      сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;

      сатып алу туралы шарт жасасып, шартты орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде Тендерлік құжаттамада белгіленген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды уақтылы орындамағанын және (немесе) авансты қайтару сомасы (болған кезде), сондай-ақ Қағидалардың 363-1-тармағында көрсетілген сомасы(болған кезде) жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге ________________________ (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.

      Осы кепілдік міндеттеме Тендерға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.

      Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің Тендерға қатысуға Тендерлік өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.

      Егер Тендерға қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.

      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі                                    Күні мен мекенжайы

      *- Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын екінші деңгейдегі банктің атауы.

      Әлеуетті өнім беруші беретін банк кепілдігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына және контрагенттерге арналған лимиттерді реттеу бөлігінде Тапсырыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келуге тиіс. Кепілдік берген Екінші деңгейдегі банктің рейтингі Standard&Poor's/FitchRatings халықаралық рейтингтік агенттіктері эмитентінің "BB-"-тен төмен емес және (немесе) Moody's Investors Service "Ba3"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингіне сәйкес келуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
3-қосымша
  Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
15-1-қосымша

Тұрғын үй бағдарламалары аясында тұрғын үй құрылыс объектілерін сатып алу туралы үлгілік шарт №_______

      <Сәйкестендіру нөмірі >

      <Тапсырыс берушінің өңірі> № <шарттың нөмірі> <шарттың күні>

      Бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын <Тапсырыс берушінің толық атауы>, <Тапсырыс берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Тапсырыс берушінің лауазымы> <Тапсырыс берушінің ТАӘ> атынан бір тараптан және бұдан әрі бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын <Өнім берушінің толық атауы>, <Өнім берушінің негіздемесі> негізінде әрекет ететін <Өнім берушінің лауазымы> <Өнім берушінің ТАӘ> атынан екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар Сатып алуды

      жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалары) және <қорытындылардың күні> жыл № <қорытындылардың нөмірі> <сатып алу тәсілі> сатып алудың қорытындылары негізінде осы көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі туралы келісімге келді:

1. Ұғымдар мен айқындамалар

      1.1. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдар мынадай мағынаға ие:

      1) Бағдарлама - Қазақстан Республикасы Үкіметімен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілерімен, сондай-ақ Ұлттық басқарушы холдингтердің, жеке стратегияларын іске асыру шеңберінде ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдарымен бекітілген тұрғын үй құрылысы бағдарламасы.

      2) Тауар (Объект) – тұрғын үй құрылысының объектісі – пәтер, кей жағдайларда бір тұрғын үй кешеніндегі немесе ортақ мүлікке (кіре берістер, баспалдақтар, лифттер, шатыр, үйдің төбесі, үй асты, пәтерден тыс немесе жалпыға ортақ инженрелік жүйе және жабдықтар, абоненттік пошталық жәшіктер, жер учаскесі, оған қоса аббаттандыру элементтері және жалпыға ортақ басқа мүліктер) ортақ үлестегі меншігі бар үлестес тұрғын үй құрамындағы пәтер, оған Шарттың талаптарына, оның қосымшаларына және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тапсырыс берушінің меншігіне беруге жататын жеке (бөлек) үй-жайдан кірмейді.

      3) Кепілдік жарна – Тауарды қабылдап алу тапсыру актісіне қол қойған сәттен бастап 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде Тауардың сапасына Шарт бойынша кепілдік міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін Тапсырыс берушімен ұсталып қалатын Шарттың Жалпы сомасының 1 % (бір пайызы) көлеміндегі ақшалай сома.

      4) Тапсыру шарты – уәкілетті органда тіркеуге алу мақсатында әрбір пәтерге жеке Тараптар арасында жасалатын келісім;

      5) Қабылдап алу -тапсыру актісі – тауарды жеткізу бойынша өз міндеттемелерін Өнім беруші орындағандығын растайтын құжат болып табылатын, кез келген пәтердің жеке құқық белгілейтін және техникалық/ сәйкестендіру құжаттары толық көлемде берілетін Тауарды Тапсырыс берушіге тапсыру актісі.

      6) Кепілдік мерзімі – Тапсырыс беруші Тауардың жасырын кемшіліктерін анықтап, Өнім берушіге тиісті шағымдарын білдіретін мерзім. Осы Шарт бойынша Кепілдік мерзімі кез келген пәтерге деген Тапсырыс берушінің меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен және Тараптар Қабылдап алу – тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 24 (жиырма төрт) күнтізбелік айға тең.

      <№. жаңа тармақша>

2. Шарттың мәні

      2.1. Өнім беруші Бағдарламаға сәйкес осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшаларда көрсетілген шарттарға, талаптарға сәйкес және баға бойынша Тауарды жеткізуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші осы Шарттың талаптарымен Тауарды қабылдауға және Шарт бойынша Өнім беруші өз міндеттемелерін тиісінше орындау шартында төлеуге міндеттенеді.

      2.2. Тапсырыс беруші Бағдарлама аясында тиісті жалға беру шарттарын жасау арқылы Таурды -пәтерді әлеуетті жалға алушыларға бөлген (ұсынған) сәтке дейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге берген Тауарын ұстап-тұту бойынша барлық (коммуналдық және пайдалану) шығындарды және оларды күзетуін өз бетінше төлейді, бірақ бұл жағдай уәкілетті органда Тапсырыс берушіге меншік құқығы тіркеумен, Тапсырыс берушінің Тауарға құқық және техникалық/ сәйкестендіру белгілейтін құжаттарын Өнім беруші тапсырғаннан кейін тараптармен қол қойылған қабылдау-тапсыру Актісі бойынша Тауарды толық көлемде Тапсырыс берушіге нақты тапсырған күннен бастап екі айдан аспауы тиіс. Бұл ретте Тапсырыс берушімен келісім бойынша Тауарды толық көлемде және тиісті үлгіде жеткізгенен кейін Өнім берушінің Тапсырыс берушімен келісілген нысан бойынша ұсталынатын Кепілдік жарна орнына банк кепілдігін ұсынуы мүмкін.

      2.3. Өнім берушінің Шартты жасау және Тауарды иелігінен шығару құқығы Тапсырыс беруші жүргізген Тауар сатып алу тендеріне қатысуға берген өтінімінде Өнім берушінің ұсынған құжаттармен расталады.

      2.4. Төменде келтірілген құжаттар мен онда келісілген шарттар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      1) осы Шарт;

      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі (1-қосымша);

      3) техникалық ерекшелік (2-қосымша).

3. Шарттың сомасы және ақы төлеу шарттары

      3.1. Шарттың жалпы сомасы Шартқа № 1 қосымшада айқындалады және <Шарттың сомасы> (сома жазумен) теңгені құрайды және Тауарлар жеткізумен байланысты барлық шығыстарды (оның ішінде уәкілетті органдарда әрбір пәтерге Тауардың техникалық/сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу, тіркеуге байланысты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды, оның ішінде ҚҚС <ҚҚС сомасы> / <ҚҚС есепке алмағанда> (бұдан әрі - Шарттың сомасы) қамтиды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарттың нысанына ҚҚС салынбайды.

      3.2. Егер уәкілетті орган дайындаған (Жылжымайтын мүлік орталығы), техникалық паспорт бойынша анықталған, Өнім беруші ұсынатын пәтердің жалпы алаңы __ш.м. (оның ішінде __ бөлмелі –___ш.м., кем емес, __бөлмелі –___ш.м., кем емес, ___бөлмелі –____ш.м., кем емес) онда төлем нақты берілген алаңға жүргізіледі, егер пәтердің жалпы алаңы көрсетілген өлшемдерден жоғары болса, онда артық көлеміне төлем жүргізілмейді.

      3.3. Шарт күшіне енгеннен кейін, Тапсырыс беруші Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін, 1-қосымшаға сәйкес мөлшерде аванстық төлем жүргізеді (Шарт бойынша аванс болған жағдайда). Нақты тапсырылған Тауар құнының 1% мөлшеріндегі Кепілдік жарна ұсталғаннан кейін қалған соманы Тапсырыс беруші бұрын төленген авансты барабар ұстау ескеріле отырып, көрсетілген қызмет актісіне Тараптар қол қойған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына ақшалай қаражат аудару арқылы төлейді.

      3.4. Тауара ақаулар, кемшіліктер және /немесе сәйкес келмеушіліктер болмаған жағдайда немесе оларды Өнім беруші өзі қалпына келтірген жағдайда Тауар Тапсырыс берушінің меншігіне өткен сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде Кепілдік жарнасы Өнім берушіге толық қайтарылады.

      3.5. Төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

      1) тауарларды қабылдап алу-беру актісі (актілері);

      2) шот-фактура;

      3) төлем шоты;

      4) осы Қағидаларға 22-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардағы жергілікті қамтудың үлесі бойынша есеп (шарттық міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ұсынылады);

      <№. Жаңа тармақша>

4. Тараптардың міндеттемелері

      4.1. Өнім беруші:

      1) Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелердің толық және тиесілі орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) Шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жалпы <қамтамасыз ету сомасын> (қамтамасыз ету сомасы жазумен) құрайтын Шарттың жалпы сомасының <сома> теңгеге тең 3 пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын және <сома> теңгеге Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шарт мәні бойынша көзделген аванс мөлшерін төмендегідей түрде енгізуге міндеттенеді:

      сатып алу веб-порталына (бұдан әрі - веб-портал) растайтын құжаттың көшірмесін орналастыра отырып, <қала> қаласы бойынша <банк атауы> № <кепілдікті жарнаға арналған шот>, <БСК> БСК Тапсырыс берушінің банк шотына кепілдікті ақшалай жарна банк шотына кепілдікті ақшалай жарна;

      не:

      сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 22-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында берілетін банктік кепілдік.

      Бұл ретте, Шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін Шарт бойынша міндеттемелерді толық және тиісінше орындаған жағдайда енгізбеуі мүмкін;

      3) Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын осы Шартқа қосымшаларда көрсетілген талаптарға тауарлардың сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      4) Тапсырыс берушіні Тауарды жеткізу барысында пайда болған барлық өзгерістер, сонымен қатар кестелердегі, жоспарлардағы және басқа да бұрын Тараптармен келісілген құжаттардағы өзгерістер туралы хабардар етуге;

      5) Тауарды Тапсырыс берушіге тапсырғанша ондағы барлық жасырын ақаулар туралы Тапсырыс берушіге жазбаша хабарлауға;

      6) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Тапсырыс беруші немесе Шарттың жағдайларын орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналдан басқа оның атынан басқа тұлғалар ұсынған техникалық құжаттаманың мазмұнын ашпауға міндеттенеді. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс.

      7) Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттарды және ақпаратты Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауға;

      8) Тапсырыс берушінің бірінші талабы бойынша Шарт бойынша міндеттемелердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуға;

      9) Өнім берушінің Шарттың талаптарын тиісінше орындамауынан және/немесе өзге де заңсыз іс-әрекеттермен туындаған келтірілген залалдарды Тапсырыс берушіге толық көлемде өтеуге міндеттенеді;

      10) Тапсырыс берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітілген орындалған жұмыстар актісін жіберу және ресімдеуге;

      11) Тапсырыс беруші орындалған жұмыстар актісін бекіткеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда шот-фактура жазуға;

      12) Тапсырыс берушіге салықтық берешектері жоқ, Шарттың 7.3., 7.4.-тармақтарына сәйкес үшінші тұлғалардың кез келген құқығынан, ауырташылықтарынан және дау-дамайынан еркін Тауарды тапсыруға;

      13) Тапсырыс берушінің келісімімен алынған және құқық белгілеуші құжаттарды тапсыру күніне берілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен ауыртпашылықтан алу туралы сәйкес анықтамамен әр пәтерге жеке құқық белгілейтін және техникалық/сәйкестендіру құжаттарын түпнұсқасын Тапсырыс берушіге ұсынуға;

      14) Бағдарлама аясында тиісті жалға беру шарттарын жасау арқылы әлеуетті жалға алушыларға Тапсырыс беруші Тауарды-пәтерді бөлген (ұсынған) сәтке дейін Тапсырыс берушіге берген Тауарды күту, сонымен қатар оны күзету бойынша барлық (коммуналдық және пайдалану) шығындары өз бетінше төлеуге, бірақ бұл жағдай уәкілетті органда Тапсырыс берушінің атына меншік құқығын тіркеумен, Тапсырыс берушінің әр пәтеріне құқық белгілейтін және техникалық/сәйкестендіру құжаттарын Өнім берушінің тапсыруы кезінде Тараптармен қол қойылған қабылдау-тапсыру Актісі бойынша Тауарды толық көлемде Тапсырыс берушіге нақты тапсырған күннен бастап екі айдан аспауы тиіс;

      15) Тапсырыс беруші қабылдау-тапсыру барысында Тауардағы ақауларды (жетіспеушіліктерді) немесе олардың Шарт талаптарына сәйкессіздігін анықтаған кезде Шартқа жалғанған техникалық ерекшелікте көрсетілген мерзім ішінде өз қаражаты есебінен Шарт талаптарына сәйкес осындай ақауларды (жетіспеушіліктерді) кетіруге;

      16) Тапсырыс беруші барлық Кепілдік мерзімі ішінде тауардан ақау (сынық) тапқан жағдайда, Тауардың орналасқан жеріне келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе оны өз күшімен жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар тауардың жөндеу мерзімі тауардың сынық екенін немесе ақауларын тапқан сәттен бастап бір күнтізбелік айдан аспауы тиіс;

      17) Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы Шарт бойынша төленетін ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланумен байланысты кез келген қажетті ақпаратты, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қорғалатын банктік және басқа құпия ақпараттарды тез арада ұсынуға;

      18) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан осы Шарт аясында алынған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланылмауына және қаражаттарды заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру, соның ішінде оффшорлық компанияларға аударуға жол бермеуге;

      19) Осы Қағидадардың 24-қосымшасына сәйкес нысанда жеткізілетін Тауардағы жергілікті қамту туралы мәліметтерді ұсынуға;.

      20) Шарттың талаптарын орындамаған жағдайда, аванстық төлем сомасын (аванстық төлемді) аванстық төлемді қайтару туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейді қайтаруға (аванс төленетін жағдайда) міндеттенеді.

      <n) жаңа тармақша>

      4.2. Өнім беруші:

      1) Тапсырыс берушіден Шарт бойынша жеткізілген Тауарларға төлем талап етуге;

      2) Тапсырыс берушімен алдын ала орындау мерзімін келісе отырып, Тауарды мерзімінен бұрын жеткізуге құқылы.

      4.3. Тапсырыс беруші:

      1) Тауар жеткізу үшін Өнім берушінің мамандарына жағдай жасауға;

      2) Тауардың сәйкессіздіктері мен кемшіліктері анықталған кезде тез арада Өнім берушіні жазбаша хабарландыруға;

      3) Тауарды қабылдап алу кезінде веб-портал арқылы Тауарды қабылдап алу-беру актісін бекітуге не Сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 262-тармағында белгіленген мерзімде оны қабылдамаудың дәлелді негіздемелерін көрсете отырып, Тауарды қабылдаудан бас тартуға.

      Бұл ретте тауарды қабылдап алуды Тапсырыс берушінің қабылдау комиссиясы жүзеге асырады;

      4) Тауарды (Тауарларды) қабылдау-беру актісі бекітілгеннен кейін Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда Өнім беруші жазып берген шот-фактураны қабылдауға;

      5) осы Шартта белгіленген тәртіпте және мерзімдерде төлем жүргізуге міндеттенеді.

      4.4. Тапсырыс беруші:

      1) Өнім берушімен Тауар сапасының талаптарын сақтамаушылықтарға жол берілген болса, (белгілі бір уақыт пен қаражат жұмсалатын жойылмаған кемшіліктер, ақаулар немесе жиі-жиі қайталанатын кемшіліктер және оларды жойғаннан кейін де шыға баратін кемшіліктер және осыған ұқсаса басқа да ақаулар) онда Ол Шартты орындаудан бас тартып, Тауарға төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан осы Шарт бойынша төленетін ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланумен байланысты кез келген қажетті ақпаратты, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамаларымен қорғалатын банктік және басқа құпия ақпараттарды алуға және осындай ақпараттарды уәкілетті мемлекеттік органдарға беруге;

      3) Өнім беруші Шартты орындауды (авансты қайтаруды) қамтамасыз етуді осы Қағидалардың немесе Шарттың талаптарына сәйкес емес ұсынған жағдайды, оларды қабылдаудан бас тартуға;

      4) Шарттың 1.1.-тармағының 3)-тармақшасында қарастырылған мерзім өткенше Тауардағы ақауларды, кемшіліктерді және/немесе сәйкес келмеушіліктерді жою үшін Шарттың жалпы сомасының 1 % (бір пайызы) көлеміндегі кепілдік жарнаны ұстауға;

      5) Өнім берушімен жіберілген ақауларды, кемшіліктерді және/немесе сәйкес келмеушіліктерді жою үшін үшінші тұлғаларды тартуға және олардың жұмыстарының құнын Кепілдік жарнасынан ұстап қалуға;

      6) Егер Өнім беруші Шарттың 4.1.-тармақтың 2)-тармақшасында көрсетілген мерзімде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбаса Шартты біржақты бұзуға.

      7) Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан жағдайда немесе Шарт бойынша міндеттерін тиісті дәрежеде орындамаған (жартылай орындамаған) жағдайда немесе Шарт бойынша Тауарды жеткізу мерзімі өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күннен астам Тауарды жеткізу мерзімі өтіп кеткен жағдайда сотқа Өнім берушіден тұрақсыздық төлемін (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алумен талап беру арқылы Шартты бұзуға;

      8) Өнім беруші Шарттық міндеттемелерін орындауды бұзған жағдайда оны жазбаша арнайы хабардар етпей-ақ Өнім берушіге есептелген тұрақсыздық төлем сомасын (айыппұл, төлемақы өсімі) Шарт бойынша төленуі тиіс сомадан ұстап қалуға;

      9) Егер Шарт бойынша төлем жүргізілгенге дейін Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе оларды орындаудан бас тартқан жағдайда, одан Шарт бойынша есептелінген барлық тұрақсыздық төлемін (айыппұл, төлемақы өсімі) талап етуге құқылы. Өнім беруші ақылға қонымды немесе Тапсырыс берушінің көрсеткен мерзімінде Тапсырыс берушінің тұрақсыздық айыбын төлеу бойынша (айыппұл, төлемақы өсімі) талаптарын орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші оны сот тәртібінде өндіріп алуға құқығы бар.

      <n) жаңа тармақша>

5. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру

      5.1. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері жеткізілген Тауарлардың техникалық ерекшелікте (Шартқа 2-қосымша) көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бақылау мен тексеру жүргізе алады. Бұл ретте осы тексерістер бойынша барлық шығыстарды Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттар үшін белгіленген өз өкілдері туралы жазбаша түрде уақтылы хабарлауы тиіс.

      5.2. Осы Шарт шеңберінде жеткізілген Тауарлар техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.

      5.3. Егер тексеру кезінде жеткізілген Тауарлардың нәтижелері техникалық ерекшеліктің (Шартқа 2-қосымша) талаптарына сәйкес келмейді деп танылса, Өнім беруші, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, техникалық ерекшелік талаптарына сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды тексеру сәтінен бастап <cәйкессіздіктерді жою мерзімі> ішінде қолданады.

      5.4. Тауарлардың техникалық ерекшелікке сәйкестілігін тексеру Тауардың (Пәтерлердің) орналасқан жерінде жүзеге асырылады. Егер олар Өнім беруші немесе оның қосалқы мердігері(лері) аумағында жүргізілетін болса, Тапсырыс беруші инспекторларына, Тапсырыс беруші тарапынан ешқандай қосымша шығынсыз, сызбалар мен өндірістік ақпараттарға рұқсатты қоса алғанда, барлық қажетті құралдар мен көмек ұсынылатын болады.

      5.5. Жоғарыда көрсетілген тармақтың ешқайсысы Өнім берушіні Шарт бойынша басқа міндеттемелерден босатпайды.

6. Тауарларды жеткізу және құжаттама

      6.1. Өнім беруші Тауар арналған пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

      1) жүкқұжат түпнұсқасы <дана саны көрсетіледі>;

      2) Тапсырыс берушінің келісімімен алынған және құқық белгілеуші құжаттарды тапсыру күніне берілген жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен ауыртпашылықтан алу туралы сәйкес анықтамамен әр пәтерге жеке құқық белгілейтін және техникалық/сәйкестендіру құжаттарын түпнұсқалары.

      6.2. Тауарға меншік құқығы және кездейсоқ опат болуы, Тауардың жоғалуы немесе бүлінуі тәуекелін қоса алғанда, онымен байланысты барлық тәуекелдер Тараптар Тауарды қабылдап алу-беру актісіне қол қойған сәттен бастап Тапсырыс берушіге ауысады. Осы сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде Өнім беруші Тапсырыс берушіден Тауарды қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған Тауардың ақаулықтарына байланысты кінараттарды қабылдайды.

      6.3. Жеткізу Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды техникалық ерекшелікте (Шартқа 2 қосымша) көрсетілген талаптарға дәл сәйкестікте толық беру шартында жасалды деп есептеледі.

      6.4. Осы Шарттың 6.3-тармағының талаптары сақталған кезде Тауарды жеткізу/беру күні деп өнім берушінің веб-портал арқылы Тапсырыс берушіге тауарды қабылдап алу-беру актісін жіберген күні есептеледі.

7. Кепілдік. Сапа

      7.1. Өнім беруші әр Тауар бірлігі үшін Тауардың сапа кепілдігін ұсынуға міндетті.

      7.2. Өнім беруші Шарт шеңберінде жеткізілген Тауар (әрбір Пәтер), Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді.

      7.3. Өнім беруші Тапсырыс берушінің Тауарға меншік құқығын тіркеген сәтіне дейін өзінің Тауар орналасқан жердегі жер учаскелеріне құқығы бар екендігіне және Тауар орналасқан жердегі жер учаскесіне осындай құқығы бар екендігіне, оның иелігінен шығарылмағандығына, кепілде тұрмайтынына және (немесе) сенімгерлікпен басқаруда, дау-дамайда болмауына , тыйым салынбағандығына (тәркіленбегендігіне), азаматтық айналыстан шығарылмағандығына және тұрғын үй құрылысына үлеспен қатысудың нысаны еместігіне кепілдік береді. Кез-келген сатыда жер учаскесіне үшінші тұлғалардың ауыртпалықтары анықталған жағдайда Өнім беруші ҚР заңнамасында қарастырылған мерзімде жер учаскесінен барлық ауыртпалықтарды алып тастауға міндеттенеді.

      7.4. Өнім беруші Тапсырыс берушіге Тауарды тапсыру және меншік құқығын тіркеу сәтінде мыналарға - Тауардың сатылмағандығына, басқа амалдармен иеліктен шығарылмағандығына, жалға берілмегендігіне, басқа біреулерде кепілде және (немесе) сенімгерлікпен басқаруда, дау-дамайда болмауына, тыйым салынбағандығына (тәркіленбегендігіне), азаматтық айналыстан шығарылмағандығына және тұрғын үй құрылысына үлеспен қатысудың нысаны еместігіне кепілдік береді.

      7.5. Өнім беруші Тапсырыс берушінің Тауарға меншік құқығын мемлекеттік тіркеу және қабылдау-тапсыру Актісіне Тараптармен қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) күнтізбелік ай (Кепілдік мерзімі) ішінде Тауарға (Объект) кепілдікті ұсынады. Өнім беруші Кепілдік мерзімі шегінде кепілдік міндеттемелерінің түскендігі туралы Тапсырыс берушіден немесе оның өкілінен жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде кемшіліктер және/немесе ақаулардың орнын толтыруды өз есебінен және тәуекел есебінен іске асыруға міндеттенеді.

      7.6. Аталған мерзім Тапсырыс берушінің қарауы бойынша Тапсырыс берушімен анықталған Тауардағы сәйкес келмеушіліктер, кемшіліктердің күрделілігіне қарай өзгертілуі мүмкін.

      7.7. Тапсырыс беруші Тауардан ақаулар, кемшіліктер және/немесе сәйкес келмеушіліктер анықтаған жағдайда Тапсырыс беруші Өнім берушіге кепілдік жарнасының басталғандығы туралы хабарлама жібереді, ол хабарламада Тауардағы осындай ақауларды, кемшіліктерді және/немесе сәйкес келмеушіліктерді жою кезеңдері және Тауардың ішіндегі оның тиісінше қызмет етуіне кедергі келтіретін жабдықтар, материалдар немесе тораптары туралы көрсетеді.

      7.8. Хабарламаны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде Шарттың 7.7.-тармағына сәйкес Өнім беруші туындаған ақаулар, кемшіліктер және/немесе сәйкес келмеушіліктер мен олардың туындау себептері мен оларды жою мерзімдері көрсетілетін ақаулар актісін құрастырып, оған қол қою үшін Тауарды жеткізу орнына келуге міндетті.

      7.9. Өнім беруші Ақаулар актісін құрастырып, оған қол қоюға келмеген жағдайда Тапсырыс беруші өз бастамашылығымен бір тараптық тәртіппен ақаулар актісін құрастырады, ол міндетті түрде Өнім берушімен орындалуы тиіс.

      7.10. Өнім беруші Ақаулар актісіне қол қоюдан бас тартып және бас тарту себептерін айтпаған жағдайда, Тапсырыс беруші өз бастамашылығымен Кепілдік жарна қаражаттары есебінен туындаған ақауларды, кемшіліктерді және/немесе сәйкес келмеушіліктерді жою үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқы бар. Бұл кезде Тапсырыс беруші Өнім берушінің адресіне тартылған тұлғалармен орындалған жұмыстардың көлемі мен құны көрсетілген тиісті хабарламаны жібереді.

      7.11. Шарттың 7.9.-тармағында көрсетілген жағдайларда қолданылған материалдардың және/немесе жабдықтардың құнын қоспағанда, тартылған үшінші тұлғалармен орындалған жұмыс құны Тапсырыс берушімен Шарттың 3.4.-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін Кепілдік жарнадан ұсталып қалады.

      7.12. Кепілдік жарна мерзімі Өнім беруші жауап беретін Тауар кемшіліктеріне (ақаулар немесе сәйкес келмеушіліктер) байланысты пайдалануға түспеген барлық мерзімге ұзартылады.

      7.13. Тапсырыс беруші аталған кепілдікке байланысты барлық шағымдары туралы жазбаша түрде Өнім берушіге хабарлайды. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші Тапсырыс берушімен хабарламада көрсетілген мерзім ішінде Тапсырыс беруші тарапынан еш шығынсыз Тауардағы сәйкес келмеушіліктерге жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

      7.14. Егер Өнім беруші Тапсырыс берушіден хабарлама алғаннан соң, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды (-лар) түземесе, Тапсырыс беруші ақауларды жөндеуге қажет санкциялар мен шараларды Өнім беруші есебінен қолдануы мүмкін. Сондай-ақ Өнім беруші ақауларды жөндеу бойынша өз бетінше қабылданған шараларға қатысты Тапсырыс берушіге келтірген барлық шығындардың орнын толтыруға және Тапсырыс берушіден осындай талапты алған кезеңнен бастап 5 (бес) операциялық күнде шығындар сомасынан 20 % көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.

8. Тараптар жауапкершілігі

      8.1. Тараптар осы Шарт шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

      8.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/есеп шотта ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      8.3. Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.

      8.4. Өнім беруші Тауарды жеткізуден бас тартқан немесе Шарт бойынша Тауар жеткізу мерзімі өткен күннен бастап, бірақ Шарт қолданысының аяқталу мерзімінен кешіктірмей, бір айдан аса мерзімге Тауар жеткізу мерзімін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасын өндіріп ала отырып, бір жақты тәртіпте осы Шартты бұзуға құқылы.

      8.5. Тауардағы сәйкессіздігі және/немесе ақау кеткендігі, жетіспейтіндігін жою мерзімін Өнім беруші кешіктірген жағдайда ол Тапсырыс берушіге әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін жетіспеушілігі, сәйкессіздігі және/немесе ақауы бар Тауар құнының 0,1 % мөлшерінде төлемақы өсімін төлейді, бірақ бұл 10% аспауы тиіс.

      8.6. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу Тараптады осы Шартта көзделген міндеттемелерді орындаудан босатпайды.

      8.7. Шарттың 4.1.-тармағының 18)-тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің талабы бойынша мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған ақша қаражаттының 10 % мөлшерінде айыппұл төлейді. Мұндай айыппұл орындалмаған әрбір жағдай бойынша жеке есептеледі.

      8.8. Шартта көрсетілген жағдайларда Өнім берушімен төлеуге жататын тұрақсыздықтар сомасын Тапсырыс беруші акцептсіз тәртіппен Өнім берушінің Тапсырыс беруші алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша Өнім беруші алдындағы өзінің несие берешектері сомасынан ұстап қалады.Тапсырыс берушінің Өнім беруші алдында несие берешектері болмаған кезінде айыппұлдар мен өсімақылар сомасы Өнім берушімен тиісті хабарламаларды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде төленеді. Тапсырыс беруші акцептсіз тәртіппен Өнім берушінің Тапсырыс беруші алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша берешектер сомасын осы Шарт бойынша жеткізілген Тауар үшін Өнім берушімен төлеуге жататын сомадан ұстап қалуға құқы бар.

      8.9. Шарттың 7.3.-тармағында көзделген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Тапсырыс берушінің талабы бойынша Өнім беруші Шарттың сомасының 0,01% мөлшерінде, кешіктірілген әрбір күн үшін өсімпұл төлейді.

      8.10. Өнім беруші толығымен де, ішінара да біреуге осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бермеуі тиіс.

      8.11. Тапсырыс беруші Өнім берушінің осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауына байланысты Шарт бұзылған жағдайда оның орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.

      <n) жаңа тармақ>

9. Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары

      9.1. Осы Шарт Тараптар қол қойғаннан, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуінен және Шарт бойынша міндеттерді толық орындағанға дейін әрекет етеді.

      9.2. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.

      9.3. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс беруші осы Шарттың 8.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп:

      1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде тауар жеткізе алмаса;

      2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады.

      9.4. Шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда:

      1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулерді бұзу анықталса;

      2) сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды көрсетсе;

      3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген жағдайды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) авансты қайтару соманы енгізбеу жолымен Шарт жасасудан жалтарса кез келген кезеңде оның бұзылуы туралы талапты қамтуы тиіс.

      9.5. Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда оны тараптардың келісімі бойынша бұзуға болады.

      9.6. Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты жойылған кезде Өнім беруші Шарт бойынша бұзылуға байланысты бұзылған күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ақы талап етуге құқылы болады.

10. Хабарлама

      10.1. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.

      10.2. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.

11. Форс-мажор

      11.1. Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілік көтермейді.

      11.2. Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапты болмайды.

      11.3. Шарт мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.

      11.4. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.

12. Даулы мәселелерді шешу

      12.1. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.

      12.2. Егер осындай келіссөздерден кейін Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

      13. Өзге де шарттар

      13.1. Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес төленуге жатады.

      13.2. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасасу нысаны сияқты нысанда жасалады.

      13.3.Өнім берушінің таңдауы үшін негіз болған сапаның өзгермеуі шарты мен басқа да шарттарда жасалған Шартқа өзгерістерді енгізуге:

      1) Шартта жеткізілген Тауарлардың бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында жеткізілетін Тауарлар көлемінде қажеттіліктің азаюымен не ұлғаюымен байланысты Шарт сомасының азаюы не ұлғаюы бөлігінде. Жасалған шартты осындай өзгертуге осы сатып алу бойынша қалыптасқан үнемдеу шегінде жол беріледі;

      2) егер Өнім беруші онымен жасасқан Шартты орындау үдерісінде тауар бірлігі үшін бағаның өзгермеуі шартында онымен жасасқан Шарттың мәні болып табылған жеткізілетін тауардың анағұрлым жақсы сапалы және (немесе) техникалық сипаттамасын не мерзімін және (немесе) талаптарын ұсынған жағдайда

      3) көрсетілетін Қызметтің бағасын және тиісінше Шарт сомасының азаюы бөлігінде Тараптардың өзара келісімі бойынша;

      4) егер Өнім беруші жеткізілетін тауардың өндірушісі болып табылған жағдайда Тауар жеткізу туралы шарттың орындалу мерзімі өзгерген бқөлігінде рұқсат беріледі.

      13.4. Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттерін беруіне тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен жол беріледі.

      13.5. Шарт веб-портал арқылы жасалған бірдей заңды күшіне ие қазақ және орыс тілінде жасалды.

      13.6. Шартта реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      <N. жаңа тармақ>

14. Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:
<тапсырыс берушінің толық атауы> Тапсырыс берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН Тапсырыс берушінің БСН>
БСКТапсырыс берушінің БСК>
ЖСКТапсырыс берушінің ЖСК>
<банктің атауы> Тел.: <тапсырыс берушінің телефоны> <тапсырыс берушінің лауазымы> <тапсырыс берушінің таә >

Өнім беруші:
<өнім берушінің толық атауы> <өнім берушінің толық заңды мекенжайы>
БСН/СЖН/ТБН <өнім берушінің бсн/сжн/тбн> ЖСК
<банктің атауы>
Тел.: <өнім берушінің телефоны>
<өнім берушінің лауазымы> <өнім берушінің таә>

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БСК - банктік сәйкестендіру коды;

      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН - салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН - төлеушіні есепке алу нөмірі;

      ҚҚС - қосылған құн салығы;

      Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
4-қосымша
  Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
20-қосымша

Банктік кепілдік

      (сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету нысаны)

      Банктің атауы: ____________________________

      (банктің атауы мен деректемелері)

      Кімге: ___________________________________

      (тапсырыс берушінің атауы мен деректемелері)

      Кепілді міндеттеме № ______ ________________ "___" _______ ___ ж.

      (орналасқан жері)

      "Өнім беруші" ____________________

      (өнім берушінің атауы)

      ______________________________________________________

      (тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы)

      жеткізуге (орындауға, көрсетуге) _____ __________ ___ ж.

      № ___ сатып алу туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) жасасқанын

      (жасасатынын)* және Сіз Шартта Өнім беруші жалпы

      сомасы________________________________ теңгеге банктік кепілдік

      түрінде оның орындалуын қамтамасыз етеді деп көздегеніңізді назарға

      ала отырып, осымен______________________________

      ________ (банктің атауы) жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер

      болып табылатынымызды және Сіздің төлеуге жазбаша талабыңызды,

      сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағанын немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге _______________ (сомасы санмен және жазумен) тең соманы төлеуге өзімізге қайтарусыз міндеттеме аламыз. Осы кепілді міндеттеме қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет етеді. Осы кепілді міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгерлердің қолы/электронды-сандық Күні және мекенжайы қолтаңбасы, мөрі (қағаз тасығышта)

      (Банктің (банк филиалының) атынан оның бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері).

      *- Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын екінші деңгейдегі банктің атауы.

      Әлеуетті өнім беруші беретін банк кепілдігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына және контрагенттерге арналған лимиттерді реттеу бөлігінде Тапсырыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келуге тиіс. Кепілдік берген Екінші деңгейдегі банктің рейтингі Standard&Poor's/FitchRatings халықаралық рейтингтік агенттіктері эмитентінің "BB-"-тен төмен емес және (немесе) Moody's Investors Service "Ba3"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингіне сәйкес келуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
5-қосымша
  Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
33-қосымша

      Бекітемін:

      _______________________________________________

      (тапсырыс берушінің (ұйымдастырушының) толық атауы)

      _______________________________________________

      (аукциондық құжаттаманы бекіткен тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      № _____ шешім Күні ________

      Бекітілді

      Алдын ала талқылау хаттама күні

АУКЦИОНДЫҚ ҚҰЖАТТАМА

      ________________________________________________

      (аукционның атауы)

      Тапсырыс беруші (тапсырыс берушімен бір тұлға болып табылатын ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)

      ____________________________________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банктік деректемелері көрсетіледі)

      Тапсырыс берушінің өкілі ( тапсырыс берушімен бір тұлға болып табылатын ұйымдастырушылар үшін көрсетілмейді)

      _______________________________________

      (Т.А.Ә. (болған кезде), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Ұйымдастырушы (бірыңғай ұйымдастырушы) _________________

      (атауы, орналасқан жері, БСН, банктік деректемелері көрсетіледі)

      Ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) өкілі _____________________________________

      (Т.А.Ә. (болған кезде), ЖСН, лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

      Аукциондық комиссияның хатшысы __________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған кезде), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)

1. Жалпы ережелер

      1. Аукцион қоса беріліп отырған аукцион нысанасына (лотына) сәйкес өнім берушіні (өнім берушілерді) таңдау мақсатында өткізіледі.

      2. Осы аукциондық құжаттамада (бұдан әрі – АҚ):

      1) осы АҚ-ға 1-қосымшаға сәйкес аукцион нысанасы;

      2) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға арналған мемлекетаралық стандарттар көрсетілген техникалық ерекшелік. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте, техникалық ерекшелікте өнім берушілерге жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап қамтылуы тиіс;

      3) АҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісім қамтылуы тиіс;

      4) аталған аукцион үшін бөлінген сома __ теңгені құрайды.

      3. Аукционға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтініммен бірге төменде көрсетілген нысандардың бірінде тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді:

      1) ұйымдастырушының мынадай банктік шотында ___________________ (ұйымдастырушының атауы, БСН, банктік деректемелері) (веб-порталда толтырылады) орналастырылатын ақшаның кепілдік ақшалай жарнасы:;

      2) осы АҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдік.

      Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін осы АҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес ұсынылады.

      4. Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аукционға қатысуға өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс.

2. Аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау, ұйымдастырушының немесе тапсырыс берушінің аукциондық құжаттама ережелерін түсіндіруі

      5. АҚ-ның жобасына ескертулер, сондай-ақ АҚ-ның ережелерін түсіндіру туралы сұратуларды өнім берушілер сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей веб-портал арқылы тапсырыс берушіге жіберуі мүмкін.

      6. Сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде АҚ жобасына ескертулер, сондай-ақ АҚ ережелерін түсіндіру туралы сұрату болмаған кезде, АҚ бекітілген болып есептеледі.

      7. Ескертулер, сондай-ақ АҚ ережелерін түсіндіру туралы сұратулар болған кезде, ұйымдастырушы АҚ жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) АҚ жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      2) АҚ ережелеріне түсініктеме береді немесе қабылдамау себептерін көрсете отырып, АҚ жобасына ескертулерді қабылдамайды.

      АҚ жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, АҚ бекітілгендей тәртіппен веб-порталда өзгертілген АҚ-ны бекіту туралы шешім қабылданады.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген шешім қабылданған күннен бастап АҚ бекітілді деп есептеледі.

      8. Сатып алуды ұйымдастырушы АҚ бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда АҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.

      АҚ жобасына өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы АҚ-ны алдын ала талқылау хаттамасымен бірге АҚ жобасын алған веб-портал қатысушысы-әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, бекітілген АҚ-ны орналастырады.

      9. АҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында АҚ жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылады.

      10. АҚ жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің тиянақты негіздемесі АҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      11. Әлеуетті өнім берушілердің веб-портал арқылы АҚ ережелерін түсіндіру туралы сұратулары келіп түскен кезде АҚ ережелерін түсіндіру мәтіні АҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.

      12. Алдын ала талқылау нәтижелері бойынша тапсырыс берушінің шешіміне шағым жасалуы мүмкін.

3. Әлеуетті өнім берушілердің аукционға қатысуға өтінімдерін ресімдеуге және ұсынуға қойылатын талаптар

      13. Аукционға қатысуға өтінім веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және аукционға қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің осы АҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды (тауарларды) жеткізуді жүзеге асыруға келісім бергенін білдіретін нысан, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулеріне сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтерді алуға келісімі болып табылады.

      14. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы АҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес аукционға қатысу туралы келісімді қабылдайды.

      15. Аукционға қатысуға өтінімде:

      1) электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған құжаттардың электрондық көшірмелері не әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын электрондық құжаттар:

      конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте алынбаған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      тиісті мемлекеттік кіріс органының мәліметтерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы ақпараттың болуы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);

      2) Заңда белгіленген мөлшерде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету:

      осы АҚ-ға 4-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдік түрінде.

      Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде қағаз жеткізгіште енгізген жағдайда, оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылады;

      ұйымдастырушының банктік шотында орналастырылатын кепілдік ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде;

      3) осы АҚ-ға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы қамтылуы тиіс.

      16. Аукциондық өтінімнің қолданылу мерзімі аукциондық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік қырық күнді құрауы тиіс.

      17. Аукционға қатысуға өтінімде қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері суреттің түсіне қарамастан, анық және түсінікті болуы тиіс.

      18. Аукционға қатысуға өтінім, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар әлеуетті өнім берушінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады және ұсынылады.

      19. Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда, олардың нақты (нотариалды куәландырылған) аудармасы қоса беріледі.

4. Аукционға қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі

      20. Аукционға қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында береді.

      21. Әлеуетті өнім берушілер ұсынған аукционға қатысуға өтінімдер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.

      22. Аукционға қатысуға өтінім берген өнім берушіге веб-портал тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген кезде аукционға қатысуға өтінім қабылданған болып есептеледі.

      23. Әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімін мынадай жағдайларда:

      1) әлеуетті өнім беруші осы аукционға қатысуға бұрын өтінім бергенде;

      2) аукционға қатысуға өтінім веб-порталға осы аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскенде;

      3) аукциондық баға ұсынысы осы тауарды сатып алу үшін бөлінген сомадан асып кеткенде веб-портал автоматты түрде қабылдаудан бас тартады.

      24. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы теңгемен көрсетілуі тиіс.

5. Аукционға қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды кері қайтарып алу

      25. Әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін:

      1) аукционға қатысуға енгізілген өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) аукционға қатысуға өзі енгізген өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

      26. Аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін аукционға қатысуға өтінімді кері өтінімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, сәйкесінше оны қайтарып алуға жол берілмейді.

      27. Әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, Ұйымдастырушы, аукциондық комиссия аукцион қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді мойнына алмайды.

6. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу

      28. Веб-портал аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күні және уақыттан кейін бес минут ішінде аукционға қатысуға өтінімдерді автоматты түрде ашады.

      Егер аукционға (лотқа) аукционға (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім берілсе, онда мұндай өтінім де ашылады және қаралады.

      29. Аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын веб-портал ашқан күні автоматты түрде орналастырады. Бұл ретте веб-портал аукциондық комиссия мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге автоматты түрде хабарлама жібереді.

      30. Аукционға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң, бастапқы бағаларды қоспағанда, басқа әлеуетті өнім берушілердің осы аукционға қатысуға өтінімдерін қарауға қол жеткізу қамтамасыз етіледі.

7. Аукционға қатысуға өтінімдерді қарау

      31. Аукциондық комиссия біліктілік талаптарына және АҚ талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау мақсатында аукционға қатысуға өтінімдерді қарауды жүзеге асырады.

      Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімді, егер онда аукционға қатысуға ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай, түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, АҚ талаптарына сай келетін өтінім ретінде қарайды.

      32. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімде қамтылған өтінімді қамтамасыз етуді мына жағдайларда:

      1) банк кепілдігінің түпнұсқасын қағаз тасығышта ұсынбаған;

      2) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған;

      3) комиссияға:

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

      қатысу үшін банктік кепілдік түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін аукционгың атауын және нөмірін;

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін, банктік кепілдік түрінде ұсынылған қамтамасыз ету шарттарын және (немесе) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын;

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;

      аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін, мәліметтердің болмауынан көрінетін, аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

      4) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір процентінен кем мөлшерде енгізілген кезде аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

      Аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің тиынмен есептелген сомасы дөңгелектенеді. Бұл ретте елу тиыннан кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал елу тиынға тең және одан жоғары сома бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Өзге негіздемелер бойынша енгізілген электрондық аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

      33. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді АҚ талаптарына сәйкес келмейді деп тану себебін көрсетеді.

      Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді соманың бір және одан да көп пайызы мөлшерінде енгізген жағдайда, енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы АҚ талаптарына сәйкес деп таниды.

      34. Егер:

      1) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарныа сәйкес келмейді деп анықталса;

      2) оның аукционға қатысуға өтінімі АҚ талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, оның ішінде, ол АҚ және Қағидалардың талаптарына сәйкес аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбесе;

      3) осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері бар болса, әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға рұқсат берілмейді (аукцион қатысушы деп танылған).

8. Бастапқы бағаларды бағалау және салыстыру, аукционның ең төменгі бастапқы бағасын айқындау

      35. Веб-портал аукционға қатысушылардың бастапқы бағаларын автоматты түрде бағалауды және салыстыруды жүргізеді. Ең төменгі бастапқы баға негізінде аукционның бастапқы бағасы анықталады.

      Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бастапқы бағасы аукционның басқа қатысушысы ұсынған бастапқы бағаға тең болған жағдайда, басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.

9. Аукционды өткізу

      36. Аукцион тәсілімен сатып алу веб-порталда нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, оларды өткізуді сатып алу саласындағы оператор қамтамасыз етеді.

      37. Аукцион веб-порталда аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген күні және уақытта өткізіледі.

      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама орналастырылған күннен бастап күнтізбелік екі күн өткеннен кейінгі жұмыс күні аукцион өткізілетін күн болып табылады.

      Аукционның басталу уақыты Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша 15.00-ден кешіктірілмей белгіленеді.

      38. Аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілер аукционға қатысады.

      39. Аукцион өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төменгі бастапқы бағасынан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион қадамына төмендету жолымен өткізіледі.

      40. Аукцион қадамы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауарды сатып алу үшін аукционға қатысушының ең төменгі бастапқы бағасының жарты пайызынан (0,5) үш пайызына дейін құрайды.

      41. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгі ұсынысты аукцион қадамы шегіндегі шамаға төмендетуді көздейтін, өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстар береді.

      42. Аукционға қатысушы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсынысты, егер аукционның осы қатысушысы өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы осындай ұсынысты берген жағдайда, аукционға қатысушының өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ағымдағы ең төменгі ұсыныстан төмен беруге құқығы жоқ.

      43. Аукционға қатысушылардың өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткізу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы соңғы ұсыныс келіп түскеннен кейін он минутты құрайды. Егер көрсетілген уақыт ішінде өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың неғұрлым төмен бағасы туралы бір де бір ұсыныс түспесе, аукцион аяқталады.

      44. Веб-портал аукцион жеңімпазын ең төмен баға негізінде автоматты түрде анықтайды.

      Екінші орын алған аукционға қатысушы ең төмен бағадан кейінгі баға негізінде айқындалады.

      45. Егер өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бастапқы бағасы аукционның басқа қатысушысы ұсынған бастапқы бағаға тең болған жағдайда, басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен тауардың бастапқы бағасы ең төмен бастапқы баға деп танылады.

      46. Егер аукционды өткізу басталғаннан кейін отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бірде-біреуі өткізілетін аукционның нысанасы болып табылатын тауардың бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайда, бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші аукцион жеңімпазы болып танылады.

      47. Аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттама Қағидалардың 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аукционды өткізу аяқталған күні автоматты түрде қалыптастырылады және веб-порталда орналастырылады.

      48. Қағидалардың 440-тармақшасына сәйкес аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамада мынадай:

      1) аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер туралы;

      2) аукцион нәтижелері туралы;

      3) екінші орын алған жеңімпаз және әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат қамтылады.

10. Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      49. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) аукционға қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алған жағдайда ашу хаттамасын орналастыру;

      2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы жариялау. Көрсетілген жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

      3) аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы жариялау. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукционға қатысушыға және екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге қолданылмайды;

      4) әлеуетті өнім берушінің сатып алу туралы шартқа қол қоюы және АҚ-да көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

      50. Ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:

      1) аукцион жеңімпазы деп айқындалған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;

      2) аукцион жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шарт жасасып, АҚ-да белгіленген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайда аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтармайды.

11. Аукцион қорытындысы бойынша сатып алу туралы шарт

      51. Сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалады.

      Тапсырыс беруші жеңімпазға Қағидалардың 23-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген шектеулері бар тұлғаны қоспағанда, Қағидаларға 15-қосымша бойынша үлгі шартқа сәйкес жасалған, веб-портал автоматты түрде айқындайтын шарт жобасын аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағым жасау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      52. Өнім берушіні таңдау рәсімдері, оның ішінде сатып алудың алдын ала жоспары шеңберінде жүргізілген сатып алу қорытындыларына шағымдану рәсімдері тиісті бюджет (өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар және (немесе) кірістер және (немесе) шығыстар сметасы, мемлекеттік тапсырманы орындау жөніндегі шарт) бекітілгенге дейін аяқталған жағдайларда, шарттың жобасы жеңімпазға тиісті бюджет (өндірістік бағдарлама және (немесе) инвестициялық бағдарлама және (немесе) бюджет және (немесе) даму жоспары және (немесе) бизнес-жоспар және (немесе) кірістер және (немесе) шығыстар сметасы, мемлекеттік тапсырманы орындау жөніндегі шарт) бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберіледі

      53. Шарттың жобасын Қағидалардың 219-тармағына сәйкес аукцион жеңімпазы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы шарт жобасын қоса бере отырып, хабарлама веб-порталға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде куәландырады.

      54. Тапсырыс беруші аукцион тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағым жасау мерзімі өткен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы өнім берушіге шартқа қол қоятын тұлға және электрондық шартты ресімдеу үшін өнім берушінің деректемелері туралы мәліметтерді сұрату жібереді.

      55. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тиісті сұратуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды.

      Әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және оның деректемелерін растауы болмаған жағдайда, тапсырыс беруші шартқа веб-порталда орналастырылған әлеуетті өнім берушінің тіркеу деректеріне сәйкес қол қояды.

      56. Тапсырыс беруші Қағидалардың 221-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі өткен күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарт жобасын қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.

      57. Өнім беруші шартта белгіленген мерзімде веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен шартқа қол қояды.

      58. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарттың жобасына белгіленген мерзімде қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап он жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын веб-портал арқылы жібереді. Қағидалардың 225-тармағына сәйкес шарттың жобасын оған шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы екінші орын алған әлеуетті өнім беруші куәландырады.

      Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта сатып алуды жүзеге асырады.

      59. Заңның 186-3-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган шешім шығарған кезде, оның ішінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы уәкілетті органның осындай шешіміне шағымданған кезеңде шарт жасалмайды.

      60. Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ авансты қайтару сомасын (бар болса) енгізеді.

      61. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

      Шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қосымша аванспен тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

      Өнім беруші аванстың толық сомасынан немесе аванс бір бөлігінен бас тартуға құқылы. Аванстан ішінара бас тартқан жағдайда өнім беруші аванстың бір бөлігіне тең мөлшерде авансты қамтамасыз етуді енгізеді.

      Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай тапсырыс беруші өнім берушіге жазбаша хабарлама жолдай отырып, аванстың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін шартта көзделген орындалған міндеттемелерге барабар азайтады.

      62. Қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын шарт жасалған жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылына көзделген шарттың жылдық сомасы негізге алына отырып есептеледі.

      63. Өнім берушілер шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдай алады:

      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;

      2) Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында ұсынылатын банктік кепілдік;

      3) Қағидалардың 233-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.

      Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ авансты қайтару сомасын (бар болса) өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.

      64. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдік ақшалай жарнаға тұтастай не бір бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      65. Өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына не тиісінше орындамауына байланысты шарт бұзылған кезде ұйымдастырушы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасын өнім берушіге қайтармайды.

      66. Қағидалардың 249-тармағына сәйкес шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге жұмсалатын мерзімнен кем емес, кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.

      67. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе шарт жасасып, аванстың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылады.

      68. Жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда, ұйымдастырушы ол енгізген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Аукциондық құжаттамаға
1-қосымша

Аукционның нысанасы (лот)

      Аукционның № _____________________________

      Аукционның атауы__________________________

Лоттың №

Тапсырыс берушінің атауы

Тауардың атауы*

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС 2010-ға сәйкес)

Тауарларды жеткізу мерзімі

Тауарларды жеткізу орны

Аванстық төлемнің мөлшері, %

Лот бойынша бөлінген сома, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      * Тауарлардың толық сипаттамасы техникалық ерекшелікте көрсетіледі

  Аукциондық құжаттамаға
2-қосымша

Аукциондық құжаттамаға сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігі

      Аукционның № ____________________________

      Аукционның атауы _________________________

      Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың толық сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары беріледі.

      Тапсырыс берушілер ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде сатып алынатын тауарлардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуі тиіс. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.

      Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте тапсырыс берушіге тауарларды жеткізу кезінде қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, жөндеу, оқыту, тауарларды тексеру және сынау) және олар қай жерде жүргізілуі тиіс, тауардың шығарылған жылы, кепілдік мерзімі көрсетіледі.

  Аукциондық құжаттамаға
3-қосымша

Аукционға қатысу туралы келісім

      Осымен әлеуетті өнім беруші ретінде аукцион тәсілімен өтетін осы сатып алуға қатысуға ниет білдіреміз және АҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды (тауарларды) жеткізуді жүзеге асыруға, сондай-ақ осы Қағидалардың 46 және 23 тармақтарында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын мәліметтерді алуға келісім береміз.

      Осымен Қағидалардың 23-тармағында көзделген шектеулерді бұзушылықтың болмауын, сондай-ақ менімен (әлеуетті өнім беруші) және тапсырыс берушінің және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушының арасында осы Қағидаларда тыйым салынған қатынастардың болмағанын растаймыз және осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда шартты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бұзуға келісім береміз.

      Аукциондық құжаттамамен танысқанымызды және ұйымдастырушыға және аукциондық комиссияға берілетін өзінің құқығы, біліктілігі, тауардың (тауарлардың) сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтердің берілгені үшін жауапкершілік, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенімізді растаймыз.

      Аукционға қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтердің берілгені үшін толық жауапкершілікті өзімізге аламыз.

      Аукционға қатысуға өтініміміз аукциондық құжаттамада талап етілетін мерзім ішінде қолданылатын болады.

      Біздің аукционға қатысуға өтініміміз жеңіп шықты деп танылған және шарт жасасқан жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ аукциондық құжаттамада көрсетілген мөлшерде авансты қайтаруды қамтамасыз етуді енгіземіз және шартты (тауарды жеткізуге арналған жүкқұжат (акт)) орындауға байланысты ақпаратты ашуға келісім білдіреміз.

  Аукциондық құжаттамаға
4-қосымша

Банктік кепілдік

      Банктің атауы ____________________________________________

      Банкітің деректемелері____________________________________

      Кімге: ___________________________________________________

      Сатып алуды ұйымдастырушының атауы _____________________

      Сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері _____________

      № __________ кепілдік міндеттеме

      ________________________ "___" __________ ___ ж.

      (орналасқан жері)

      Біз, бұдан әрі "Өнім беруші" _________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      ___________________________________________________

      (сатып алуды ұйымдастырушының атауы)

      ұйымдастырған аукционның атауы____________________

      тендердің №_______________________________________

      лоттың атауы_______________________________________

      лоттың №__________________________________________

      _____________ сатып алу жөніндегі аукционға қатысатынынан және ______

      _________________________________________________________________

      (аукцион бойынша тауарлардың атауы)

      жеткізуді жүзеге асыруға дайын екенінен хабардармыз.

      Жоғарыда аталған аукционды өткізу жөніндегі ______ жылғы "____"________ аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.

      Осыған байланысты біз _________________________________ осымен (банктің атауы)

      Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ конкурстың жеңімпазы болып айқындалған Өнім беруші:

      сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғанын;

      сатып алу туралы шарт жасасып, шартты орындамағанын не тиісінше орындамағанын, оның ішінде аукциондық құжаттамада белгіленген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге ________________________ (сома санмен және жазбаша) сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді өз міндетімізге аламыз.

      Осы кепілдік міндеттеме аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді. Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады және егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды.

      Егер аукционға қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады. Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы

      *- Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын екінші деңгейдегі банктің атауы.

      Әлеуетті өнім беруші беретін банк кепілдігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына және контрагенттерге арналған лимиттерді реттеу бөлігінде Тапсырыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келуге тиіс. Кепілдік берген Екінші деңгейдегі банктің рейтингі Standard&Poor's/FitchRatings халықаралық рейтингтік агенттіктері эмитентінің "BB-"-тен төмен емес және (немесе) Moody's Investors Service "Ba3"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингіне сәйкес келуі тиіс.

  Аукциондық құжаттамаға
5-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағасы

      Аукционның № ___________________________________________________________

      Аукционның атауы _________________________________________________________

      Лоттың № ________________________________________________________________

      Лоттың атауы _____________________________________________________________

      Өнім берушінің атауы _______________________________________________________

      БСН/ЖСН/СТСН/ТЕН ______________________________________________________

      Өнім берушінің банктік деректемелері _________________________________________

      Баға ұсынысының валюта атауы ______________________________________________

      Өлшем бірлігі _____________________________________________________________

      Барлық шығыстар және жеңілдіктер есепке алынған бірлік бағасы ________________

      Саны (көлемі) _____________________________________________________________

      ИНКОТЕРМС 2010 тауар жеткізу шарттары ____________________________________

      Жалпы бағасы (санын аукцион қадамы шегінде бірлік бағасына көбейту)___________

      Біз аукциондық құжаттамада айтылған Сіздердің төлем шарттарыңызбен келісеміз.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
6-қосымша
  Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
34-қосымша

Аукциондық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы

      №___

      Аукцион № ____________________________________

      Аукцион атауы ___________________________

      Аукциондық құжаттама, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіруге өтінімдер жобасына түсініктеме алудың соңғы мерзімі __________ бастап ___________ дейін

      Ұйымдастырушы атауы ___________________

      Аукциондық құжаттаманың жобасына ескертулер(лер), сондай-ақ аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау(лар) келесі шешімдер (лер) қабылданған әлеуетті жеткізуші(лер) арқылы жіберіледі:

Әлеуетті жеткізушінің БСН (ЖСН) / СТСН/ТЕН

Өтініш түрі, түсініктеме туралы сауал))

Өтініш мәтіні

Ескертулер, түсініктеме туралы сауал жіберу күні мен уақыты

Шешім қабылдау

Бас тарту, себебі, түсініктеме мәтіні








      Аукционға қатысуға өтінімдер осы хаттаманың және сатып алу веб-порталында бекітілген аукциондық құжаттаманың мәтіні жарияланған күнінен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қабылданады.

      Электрондық қол таңба

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      СТСН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
7-қосымша
  Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
35-қосымша

Ашу хаттамасы (аукцион нөмірі)

      Бұл ретте нөмір сатып алу тәслі мен нөміріне қатысты болуы керек

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* ______________________________

      Аукцион № ____________________________________

      Аукцион атауы _________________________________

      Ұйымдастырушының атауы_______________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы__________________

      Аукциондық комиссия құрамы:

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлар тізбесі ___________

Лот №

Лот атауы

Тауар сипаттамасы

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алуға бөлінген сомасы, теңге







      Аукционға қатысуға өтінімдерді келесі әлеуетті жеткізушілер ұсынады (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/СТСН/ТЕН

Әлеуетті жеткізушінің мекен-жайы (облыс, қала, көше, үй, пәтер)

Өтінімді беру күні мен уақыты (хронология бойынша)






      Аукциондық құжаттамада талап етілетін құжаттардың болуы (болмауы) туралы ақпарат:

№ әлеуетті жеткізушінің атауы БСН (ЖСН) / СТСН / ТЕН

Құжат атауы

Болу белгісі




      Ескерту:

      * Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      СТСН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі.

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
8-қосымша
  Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
36-қосымша

Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттама (аукцион нөмірі)

      бұл жағдайда нөмірді сатып алу әдісі мен нөміріне байланыстыру керек

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* _______________________________

      Аукцион № _____________________________________

      Аукцион атауы _________________________________

      Ұйымдастырушының атауы_______________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы__________________

      Аукциондық комиссия құрамы:

ТАӘ (болған жағдайда)

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлар тізбесі ___________

Лот №

Лот атауы

Тауар сипаттамасы

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алуға бөлінген сомасы, теңге







      Аукционға қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат (хронологияда): (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) /СТСН/ТЕН

Өтінімді беру күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Аукцион комиссиясы мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті жеткізушінің атауы (әлеуетті жеткізушілердің тізімі), БСН (ЖСН)/ СТСН/ТЕН


Комиссия мүшесінің Т.А..Ә.

Комиссия мүшесінің шешімі

Бас тарту себебі

Біліктілік талаптары мен аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген Бас тарту себебінің толық сипаттамасы






      Аукционға қатысуға бас тартылған өтінімдер (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) /СТСН/ТЕН

Бас тарту себебі 1





      ________________________________________________________ 1 үш мәтіндік анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі, Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзу)

      Аукционға қатысуға келесі өтінімдерді аукционға қатысушылар таныды және рұқсат етілді (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/СТСН/ТЕН




      Аукцион қатысушыларының бастапқы бағасы:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/СТСН/ТЕН

Бірлік үшін өнім берушінің бағасы, теңге

Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

Тапсырыс беру күні мен уақыты

Ескерту: (маңызы: ең кіші бастапқы баға*)

1

2

3

4

5

6

7








      * ең төменгі бастапқы баға - бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын және басқа ұсыныстардан бұрын алынған аукционға қатысушыға тағайындалады.

      Аукционның басталу күні мен уақыты туралы хабарлама осы хаттамаға қоса беріледі.

      Екіден аз әлеуетті жеткізушілер қатысқан жағдайда аукцион өткізілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      СТСН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі.

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 4 сәуірдегі
№ 352 бұйрығына
9-қосымша
  Ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың және дауыс
беретін акцияларының
(жарғылық капиталға қатысу
үлестерінің) елу және одан да
көп пайызы ұлттық басқарушы
холдингке, ұлттық холдингке
ұлттық компанияға тікелей
немесе жанама түрде тиесілі
ұйымдардың тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді сатып алуды жүзеге
асыру қағидаларына
37-қосымша

Қорытындылар туралы хаттама (аукцион нөмірі)

      Бұл ретте нөмір сатып алу тәслі мен нөміріне қатысты болуы керек

      Күні мен уақыты

      Тапсырыс беруші* _______________________________

      Аукцион № _____________________________________

      Аукцион атауы __________________________________

      Ұйымдастырушының атауы________________________

      Ұйымдастырушының мекенжайы___________________

      Жалпы сомасын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлар тізбесі ___________

Лот №

Лот атауы

Тауар сипаттамасы

Саны

Бірлік үшін бағасы, теңге

Сатып алуға бөлінген сомасы, теңге







      Аукционға қатысуға берілген өтінімдер туралы ақпарат (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/ СТСН/ТЕН

Тапсырыс беру күні мен уақыты





      Аукционға қатысуға бас тартылған өтінімдер (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН) /СТСН/ТЕН

Бас тарту себебі 1





      __________________________________________________1 үш мәтіндік анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі, Қағидалардың 23-тармағының талаптарын бұзу)

      Аукционға қатысуға келесі өтінімдерді аукционға қатысушылар таныды және рұқсат етілді (өтінімдер саны):

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/СТСН/ТЕН




      Аукцион қатысушыларының бастапқы бағасы:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/СТСН/ТЕН

Бірлік үшін өнім берушінің бағасы, теңге

Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

Тапсырыс беру күні мен уақыты

Ескерту: (маңызы: ең кіші бастапқы баға*)

1

2

3

4

5

6

7








      * ең төменгі бастапқы баға - бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын және басқа ұсыныстардан бұрын алынған аукционға қатысушыға тағайындалады.

      Аукционның басталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ Сағ:ММ:СС)

      Аукционның аяқталу күні мен уақыты: ( КК.АА.ЖЖЖЖ Сағ:ММ:СС )

      Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәлімет:

Әлеуетті өнім берушінің атауы

БСН (ЖСН)/СТСН/ТЕН

Бірлік үшін өнім берушінің бағасы, теңге

Өнім берушінің жалпы сомасы, теңге

Ұсыныс беру уақыты





(КК.АА.ЖЖЖЖ Сағ:ММ:СС) (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша)

      Аукцион комиссиясының шешімі:

      1. № ___ лот бойынша жеңімпазды анықтаңыз: (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы), (екінші орын алған әлеуетті жеткізушінің БСН/ЖСН атауы).

      2. Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушінің атауы) Қағидаларда белгіленген мерзімде (жеңімпаздың әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы) сатып алу туралы шарт жасасыңыз.

      Не:

      № ___ лот бойынша сатып алуды (сатып алу атауы) _____________________ * "байланысты өткізілмеген деп танылсын:

      Ескерту: * Келесі мәндердің бірі: "ұсынылған өтінімдердің болмауы", "екіден аз өтінім беру", "аукционға бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеді", "бір әлеуетті өнім беруші аукционға қатысуға жіберілді".

      Не:

      Сатып алудан бас тартылды, оның негізі: уәкілетті органдардың актілері (бұйрық, хабарлама, ұсыныс, шешім) № _________ кк.аа.жж № _________.

      Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_______________________).

      Немесе:

      Сатып алудан бас тарту осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес жасалды.

      Ескерту:

      * Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      СТСН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі.

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).

      кк.аа.жж. - күн, ай, жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады