"Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы"

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20331 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 дейін қолданылады

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабы 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Бұйрығымен бекітілген
2020 жылғы 7 сәуірі
№ 188

Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 278-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін ғана пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығы тиісінше кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған рұқсат (бұдан әрі - барлауға арналған рұқсат) не кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған рұқсат (бұдан әрі - өндіруге арналған рұқсат) негізінде беріледі.

      Барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат бойынша кең таралған пайдалы қазбалар бойынша оларды осы Қағидаларда көзделмеген өзге мақсаттарда пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілмейді.

      3. Барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) беретін құжаттар болып табылады.

      Барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін рұқсаттарға жатпайды.

      4. Барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат жер қойнауының бір ғана учаскесін пайдалану үшін беріледі.

      Бұл ретте кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүргізуге арналған жобалау құжаттары осы Қағидаларға сәйкес осы мақсаттар үшін жеке немесе құрылыстың, жөндеудің немесе реконструкциялаудың жобалау-сметалық құжаттамасының құрамында берілетін бір немесе бірнеше жер қойнауы учаскелеріне қатысты жасалуы мүмкін.

      5. Барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат мемлекеттік меншіктегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, теміржолдарды салуға (реконструкциялауға) және жөндеуге арналған тиісті шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ көрсетілген рұқсаттар бойынша іске асыру үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілген гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау мен жөндеуге арналған шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      Іске асыруына барлауға арналған рұқсат және (немесе) өндіруге рұқсат берілген шартты бұзу мұндай рұқсаттың қолданылуын тоқтатады.

      6. Олардың иелері жүзеге асыратын гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат аталған объектілерді жөндеу және реконструкциялау жөніндегі тиісті жобалау-сметалық құжаттамада көзделген осындай жөндеу және реконструкциялау мерзіміне, бірақ осы Қағидалардың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      7. Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салуға (реконструкциялауға) және жөндеуге арналған шарттың (келісімшарттың), сондай-ақ барлауға арналған рұқсат немесе өндіруге арналған рұқсат негізінде іске асыру үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілген гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялауға және жөндеуге арналған шарттың қолданылу мерзімін ұзарту осындай рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.

      8. Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салуға (реконструкциялауға) және жөндеуге арналған шартта (келісімшартта), оларды іске асыру үшін барлауға арналған тиісті рұқсаттар және (немесе) өндіруге арналған рұқсаттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы берілген гидроқұрылысжайларды және (немесе) гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялауға және жөндеуге арналған шартта мердігердің ауысуы жаңа мердігерге рұқсатты қайта ресімдеуге алып келеді.

      Гидроқұрылысжайды және (немесе) гидротехникалық құрылысжайды иелену және пайдалану құқықтарының барлауға арналған рұқсат немесе өндіруге арналған рұқсат иесі болып табылатын адамнан ауысуы гидроқұрылысжайдың және (немесе) гидротехникалық құрылысжайдың жаңа иесіне рұқсатты қайта ресімдеуге алып келеді.

      9. Барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат тек қана:

      1) көрсетілген объектілерді салуға (реконструкциялауға) немесе жөндеуге тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік орган осы мақсаттар үшін бекітілетін тізбеден мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) немесе жөндеу бойынша мердігерге (қосалқы мердігерге);

      2) гидроқұрылысжайдың және (немесе) гидротехникалық құрылысжайдың иесіне немесе көрсетілген объектілерді реконструкциялауды және жөндеуді жүзеге асыратын оның мердігеріне берілуі мүмкін.

      10. Ортақ шекаралары (шектес учаскелері) бар жер қойнауы учаскелері, барлауға арналған бір немесе бірнеше рұқсаттардың иесі осы Қағидалардың 9-тармағының ережелерін ескере отырып, Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлары туралы жария есептілігінің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес анықталған кең таралған пайдалы қазбалар кен орнының ресурстары мен қорларын бағалау қорлар жөніндегі өңіраралық комиссиясын ("У" индексі) немесе кең таралған пайдалы қазбалар кен орнының қорларын бекіткен жағдайда, қолданыстағы барлауға арналған қолданыстағы рұқсат (рұқсаттар) бойынша жер қойнауы учаскесі (шектес жер қойнауы учаскелері) аумағының шегінде жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) өндіруге арналған рұқсатты (рұқсаттарды) алудың айрықша құқығына ие болады.

      Айрықша құқық барлауға арналған рұқсаттың (рұқсаттардың) қолданылу мерзімінің кез келген уақытында іске асырылуы мүмкін.

      Барлауға арналған рұқсат иесі мұндай рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған кезде айрықша құқығын жоғалтады.

      Айрықша құқықты басым тәртіппен тиісті өндіруге арналған тиісті рұқсатты беру туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгіну арқылы барлауға арналған рұқсат иесі іске асырады.

      Егер өндіруге арналған рұқсатты беру туралы өтініш берілгеннен кейін барлауға рұқсат беру мерзімі аяқталса, барлауға арналған рұқсат өндіруге арналған рұқсат берілгенге дейін не оны беруден бас тартқанға дейін сұратылған жер қойнауы учаскесі бөлігінде қолданылуын жалғастырады.

      Осы тармақта көзделген айрықша құқықты басқаға беруге жол берілмейді.

      11. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар барлауға арналған рұқсат немесе өндіруге арналған рұқсат негізінде оларды үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға құқылы емес.

      12. Барлауға арналған рұқсат немесе өндіруге арналған рұқсат бойынша жер қойнауы учаскелері тек.

      1) реконструкциялауға (жөндеуге) немесе салуға тапсырыс беруші тиісті мемлекеттік орган болып табылатын, реконструкцияланатын (жөнделетін) немесе жобаланған жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдар бойындағы он километрден аспайтын қашықтықта жапсарлас жатқан;

      2) он километрден аспайтын қашықтықта гидротехникалық құрылысжайларға, гидротехникалық құрылысжайларға іргелес жатқан аумақтар шегінде ғана беріледі.

      13. Барлауға арналған рұқсат және өндіруге арналған рұқсат бойынша жер қойнауы учаскесі аумағының сыртқы шекаралары төртбұрыш, оның екі қарама - қарсы жақтары бір-біріне параллель болуы тиіс, ал көрсетілген қағиданы сақтау мүмкін болмаған кезде - бұрыштардың ең аз ықтимал саны бар көпбұрыш құруы тиіс.

      14. Барлауға арналған рұқсат немесе өндіруге арналған рұқсат бойынша жер қойнауы учаскелері төменгі шекарадан жер қойнауы учаскесі аумағының жер бетінің ең төменгі нүктесінен отыз метрден төмен емес тереңдікте беріледі.

      15. Жер қойнауын пайдаланушы рұқсат негізінде жүргізетін кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасына сәйкес жүргізіледі.

      16. Барлауға арналған рұқсаттың немесе өндіруге арналған рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған кезде аталған рұқсаттың қолданысы тоқтатылған күні оның иесі болып табылған адам:

      1) барлауға арналған рұқсат бойынша-барлауға арналған рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей;

      2) өндіруге арналған рұқсат бойынша - өндіруге арналған рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін сегіз айдан кешіктірмей қалпына келтіру (өз операцияларының салдарын жою) жөніндегі жұмыстарды орындауға міндетті.

      Жергілікті атқарушы орган, егер қалпына келтіруді аяқтау ауа райына және (немесе) табиғи-климаттық жағдайларға байланысты елеулі және объективті қиын болса, қалпына келтіруді мерзімін көрсетілген адамның өтініші бойынша алты айға дейінгі кезеңге ұзартады.

      17. Осы Қағадалардаң 16-тармағының 1) тармақшасында көзделген ереже ерекше құқық негізінде берілген өндіруге арналған рұқсат бойынша жер қойнауы учаскесінің аумағына жататын жерлерге қатысты қолданылмайды.

      18. Барлауға берілген рұқсаттың немесе өндіруге берілген рұқсаттың шарттарын, сондай-ақ олардың негізінде жер қойнауын пайдалану режимін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

2-тарау. Барлауға арналған рұқсатты беруге өтініш беру тәртібі

      19. Барлауға арналған рұқсатты алуға құқығы бар және мүдделі адам жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті береді.

      20. Өтініш аумағы шегінде жер қойнауы учаскесін беру болжанатын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына беріледі, бұл ретте өтініштің көшірмесі жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.

      Егер кең таралған пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі көзделіп отырған операцияның аумағы екі және одан да көп облысқа не облысқа және республикалық маңызы бар қалаға немесе астанаға келсе, онда өтініш аталған аумақтың көп бөлігі тиесілі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына беріледі.

      21. Өтініште барлық сұратылған учаскелер бір облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада орналасқан жағдайда екі және одан да көп сұратылған жер қойнауы учаскелері көрсетілуі мүмкін.

      22. Өтініш мынадай құжаттарды қоса бере отырып беріледі:

      1) өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері:

      жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) егер мұндай адамға өтініш беруші уәкілеттік берген болса, өтініш берушінің атынан әрекет ететін адамның өкілеттігін растайтын құжат;

      3) егер өтініш беруші мердігер (қосалқы мердігер) болып табылса, жалпыға пайдаланылатын автомобиль жолдарының, теміржолдарды және/немесе гидротехникалық құрылысжайларды жобалау-іздестіру және/немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті мердігерлік шарттың көшірмесі;

      4) егер өтініш беруші гидроқұрылысжайлардың, гидротехникалық құрылысжайлардың иесі болып табылса, гидроқұрылысжайға немесе гидротехникалық құрылысжайға иелік ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабта орындалған сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің (сұралып отырған учаскелердің) орналасу картограммасы көрнекілікті қамтамасыз ететін, шолу (ахуалдық) схемасы, беттің топографиялық картасы.

      6) егер сұралынып отырған жер қойнауы учаскесінде немесе оның бөлігінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия не келісімшарт негізінде мұндай жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану операцияларын жүзеге асырса жер қойнауын пайдаланушының барлауға кейіннен өндіруге арналған рұқсатты беруге жазбаша келісімі;

      7) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе келісімшарт негізінде сұратылатын жер қойнауы учаскесінде немесе оның бір бөлігінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушымен Кодекстің 24-бабы 2-тармағының ережелері бойынша жасалатын келісім.

      23. Осы Қағидалардың 22-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген жазбаша келісім мен келісімдер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұратылған жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары мен нысандарын келіскеннен кейін жергілікті атқарушы органға да берілуі мүмкін.

      Осы Қағидалардың 22-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген келісу мен келісім өтініш берушіде, жер қойнауын пайдаланушыда бір тұлға болған кезде талап етілмейді.

      24. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариат куәландыруы тиіс.

      25. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін, шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері дұрыстығы нотариуспен куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.

      26. Өтініштің беру кезеңі жергілікті атқарушы органға келіп түскен күні мен уақыты болып танылады және есепке алуға жатады.

3-тарау. Барлауға арналған рұқсатты беруге өтінішті қарау тәртібі

      27. Жергілікті атқарушы орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде барлауға рұқсат алу құқығының болуы, өтініштің көзделген нысанға сәйкестігі, талап етілетін мәліметтердің толықтығы мен жеткіліктілігі және оларды растайтын құжаттар тұрғысынан осы Қағидалардың 22-тармағының ережелерін ескере отырып қарайды. Осы Қағидалардың 34-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге сұралып отырған жер қойнауы учаскесі аумағының шекараларын айқындау мен келісу және осы аумақты басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және мемлекеттік орман қорының жерлерімен, су қорғау аймақтарының аумақтарымен қоса атқару мүмкіндігін анықтау қажеттігі туралы хабарлама жібереді, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органда және су ресурстарын реттеу мен пайдалану жөніндегі бассейндік инспекцияда жүзеге асырылады.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл шеңберінде сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағын ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және орман қорының жерлерімен ықтимал қоса атқаруын анықтау үшін өтініш берушіден тиісті сұрау алған күннен бастап бастап он бес жұмыс күні ішінде сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің (сұратылып отырған учаскелердің) аумағы (аумақтары) туралы құжаттарды (сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы) қарайды.

      Су ресурстарын реттеу және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекция сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағын су қорғау аймақтарының, белдеулерінің және су объектілерінің аумақтарымен қоса атқару мәселесін өтініш берушіден тиісті сұрау алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.10.2021 № 523 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға берілген өтініштің көшірмесін сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің (сұралып отырған учаскелердің) аумағы (аумақтары) туралы құжаттармен (сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің орналасу картограммасы, шолу (ситуациялық) схемасы, бетінің топографиялық картасы) бірге:

      1) сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағын басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен, Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 2, 5-тармақшаларына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шектеулі аумақтармен толық немесе ішінара біріктіру;

      2) сұралып отырған жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы мен нысаны осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келуі мәнініне қарайды.

      29. Осы Қағидалардың 28-тармағының 1) тармақшасына сәйкес біріктірілген аумақтар болған кезде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бұл туралы өтініш берушіне және жергілікті атқарушы органға еркін нысанда жазбаша хабардар етеді. Хабарламада ұсынылған картограммаға сәйкес біріктірілген аумақтың координаталары мен ауданы көрсетіледі.

      Хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш беруші жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және бір мезгілде жергілікті атқарушы органға құжаттарды растайтын қосымшамен көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабта орындалған сұралатын жер қойнауы учаскесі (сұралатын учаскелер) орналасу картограммасын, шолу (ахуалдық) схемасы, беттердің топографиялық картасын қоса бере отырып, сұралатын жер қойнауы учаскесі (сұралатын учаскелер) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысаны туралы түзетілген мәліметтерді ұсынуға құқылы.

      Егер сұратылатын жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын жер қойнауы учаскелердің) аумағын біріктіруде басқа адамға кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған рұқсат немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағымен ішінара немесе толық біріктіру туындаса, мұндай біріктіруді болдырмау мақсатында сұратылатын жер қойнауы учаскесі (сұратылатын жер қойнауы учаскелері) аумағының шекаралары мен нысандарын түзету міндетті болып табылады.

      30. Сұратылатын учаске (сұратылатын учаскелер) аумағының (аумақтарының) шекаралары мен нысаны осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бұл туралы өтініш берушіне және жергілікті атқарушы органға хабардар етеді. Хабарламада анықталған сәйкессіздіктер көрсетіледі.

      Хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш беруші құжаттарды растайтын қосымшаны қоса бере отырып, сұратылатын жер қойнауы учаскесі (сұратылатын жер қойнауы учаскелер) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысаны туралы мәліметтерді түзетеді және (немесе) анықталған сәйкессіздіктерді жояды, бұл туралы құжаттарды растайтын қосымшаны: сұратылатын жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын жер қойнауы учаскелер) орналасу картограммасын,масштабта орындалған, көрнекілікті қамтамасыз ететін, шолу (ахуалдық) схемасы, беттердің топографиялық картасын қоса бере отырып, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін еркін нысанда жазбаша хабардар етеді. Көрсетілген мерзімді өткізу мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарауын тоқтатады.

      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген мұндай хабарламаны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұратылатын жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын жер қойнауы учаскелерінің) аумағын басқа тұлғаның пайдалануындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру үшін жер қойнауы учаскесінің аумағымен біріктірілуінің болуы және сұратылатын жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы мен нысанының осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қайта қарайды.

      Қарау қорытындысы бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұратылатын жер қойнауы учаскесі (сұратылатын жер қойнауы учаскелері) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысанын келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы жергілікті атқарушы орган мен өтініш берушіге еркін нысанда жазбаша хабардар етеді.

      Егер өтініште екі және одан да көп сұратылған жер қойнауы учаскелері көрсетілсе, олардың аумағының шекаралары мен нысандарын келісуден бас тарту барлық сұратылған жер қойнауы учаскелеріне немесе белгілі бір сұратылған учаскелерге қатысты шығарылуы мүмкін.

      Барлық сұратылған жер қойнауы учаскелері аумағының шекаралары мен нысандарын келісуден бас тарту мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауын тоқтатады. Тек белгілі бір сұратылған жер қойнауы учаскелерінің шекарасы мен нысандарын келісуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауы шекарасы мен нысандарын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі келіскен сұратылған жер қойнауы учаскелері бойынша жүзеге асырылады.

      Келісуден бас тарту мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауын тоқтатады.

      Келісуден бас тартуға өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес шағымдана алады.

      31. Егер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұрау салынатын учаске аумағының шекарасы мен нысанын қараған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, сұрау салынатын жер қойнауы учаскесінің (сұрау салынатын учаскелерінің) аумағын (аумақтарын) басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен толық немесе ішінара қоса атқару анықталса, өтініш беруші жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 22-тармағының 6) және 7) тармақшаларында, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұрау салынатын жер қойнауы учаскесі (сұрау салынатын учаскелері) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысанын келіскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      Көрсетілген мерзімді өткізіп алу мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауын тоқтатады.

      Осы Қағидалардың 29-тармағының ережелерін ескере отырып, сұрау салынатын учаске (сұрау салынатын учаскелер) аумағының шекаралары мен нысандары (аумақтарының нысандары) келісілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның барлауға рұқсат беруді келісу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісуі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі шегінде қызмет салдарын жою бөлімі бар жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.10.2021 № 523 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде бүлінген және иеліктен шығарылатын жерлердің аумақтарын қысқарту мақсатында тау-кен өндіру немесе энергетикалық өндірістердің техногендік минералдық түзілімдерін алу және пайдалану мүмкіндігі ескеріледі

      33. Жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша барлауға арналған рұқсатты осы Қағидалардың 22-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген келісімдер мен құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      34. Мынадай негіздердің бірі болған кезде барлауға арналған рұқсат берілмейді:

      1) өтініш беруші барлауға арналған рұқсатты алу құқығына ие емес;

      2) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, өтінішке қоса берілетін құжаттар ұсынылмаса;

      4) сұратылатын жер қойнауы учаскесі (сұратылатын жер қойнауы учаскелер) аумағының шекаралары мен нысаны осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілмесе;

      5) барлауға арналған рұқсатты беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілмесе;

      6) сұратылатын жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын жер қойнауы учаскелерінің) аумағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шектелген аумақтар шегінде немесе геологиялық барлау жүргізуге тыйым салынатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда толық орналасса (орналасса);

      7) сұратылатын жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын жер қойнауы учаскелерінің) аумағы толық немесе ішінара кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесінің аумағымен (аумақтарымен қоса) біріктірілсе барлауға арналған рұқсатты беруге тыйым салынады.

      35. Барлауға арналған рұқсатты беруден бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда шығарылады.

      Рұқсат беру туралы өтініште жіберілген грамматикалық немесе арифметикалық қателер, жаңсақ жазулар не өзге де осыған ұқсас қателер рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды және өтініш берушінің құзыретті органнан тиісті хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінішті қайта беруі арқылы түзетуге жатады. Бұл жағдайда рұқсатты қарау және беру мерзімінің ағымы жергілікті атқарушы органның көрсетілген хабарламасымен үзіледі.

      Мерзім ағымының үзілісінен кейін жергілікті атқарушы органның барлауға арналған рұқсатты қарауы және беруі қайта басталады; үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.

      36. Барлауға арналған рұқсатты беруден бас тартуға өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдана алады.

      37. Барлауға арналған рұқсатты беруден бас тарту өтініш берушіні қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      38. Барлауға арналған рұқсат берілгенге дейін кез келген уақытта өтініш беруші бұл туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабардар ете отырып, мұндай беруден бас тартуға құқылы.

4-тарау. Өндіруге арналған рұқсатты беруге өтініш беру тәртібі

      39. Өндіруге арналған рұқсатты алуға құқығы бар және мүдделі адам жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      40. Өтініш аумақтар шегінде жер қойнауы учаскесін беру болжанатын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына беріледі.

      Егер кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі белгіленетін отырған операцияның аумағы екі және одан да көп облысқа не облысқа және республикалық маңызы бар қалаға немесе астанаға келсе, өтініш аталған аумақтың көп бөлігі тиесілі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына беріледі.

      41. Өтініште барлық сұратылатын учаскелер бір облыста, республикалық маңызы бар қалада немесе астанада орналасқан жағдайда екі және одан да көп сұратылатын жер қойнауы учаскелері көрсетілуі мүмкін.

      42. Өтініш мынадай құжаттарды қоса бере отырып беріледі:

      1) өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері:

      жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін-заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      2) егер мұндай адамға өтініш беруші уәкілеттігі берілген болса, өтініш берушінің атынан әрекет ететін адамның өкілеттігін растайтын құжат;

      3) егер өтініш беруші мердігер (қосалқы мердігер) болып табылса, жалпыға пайдаланылатын автомобиль жолдарының, теміржолдардың және/немесе гидротехникалық құрылысжайлардың жобалау-іздестіру және/немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған тиісті мердігерлік шарттың көшірмесі;

      4) егер өтініш беруші гидроқұрылысжайдың, гидротехникалық құрылысжайдың иесі болып табылса, гидроқұрылысжайға немесе гидротехникалық құрылысжайға иелік ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) кең таралған пайдалы қазбалар қорларын бекіту туралы ("У" индексі) пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі тиісті өңіраралық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі не құзыретті адамның Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық қорлары туралы жария есептілігінің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес сұратылған жер қойнауы учаскесінің контурларында минералдық ресурстар мен кең таралған пайдалы қазбалар қорлары туралы есебінің көшірмесі;

      6) көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабта орындалған сұратылатын отырған жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын жер учаскелерінің) орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы, беттердің топографиялық картасы;

      7) егер сұратылатын жер қойнауы учаскесінде не оның бөлігінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия не келісімшарт негізінде мұндай жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану операцияларын жүзеге асырса жер қойнауын пайдаланушының барлауға арналған рұқсатты беруге жазбаша келісімі;

      8) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе келісімшарт негізінде сұратылған жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды немесе оның бір бөлігін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушымен Кодекстің 24-бабы 2-тармағының ережелері бойынша жасалатын келісім.

      43. Осы Қағидалардың 42-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген жазбаша келісім мен келісімдер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұратылған жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы мен нысанын келіскеннен кейін жергілікті атқарушы органға да берілуі мүмкін.

      Осы Қағидалардың 42-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген келісу мен келісімдер өтініш беруші мен жер қойнауын пайдаланушы бір адам болған кезде талап етілмейді.

      44. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелері нотариат куәландыруға тиіс.

      45. Өтініш қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Өтінішке қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Өтінішке қоса берілетін шет тілінде жасалған құжаттардың көшірмелері қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады, оның дұрыстығы нотариуспен куәландырған.

      46. Өтінішті беру кезеңі жергілікті атқарушы органға келіп түскен күні мен уақыты болып танылады және есепке алуға жатады.

5-тарау. Өндіруге арналған өтінішті қарау және рұқсатты беру тәртібі

      47. Жергілікті атқарушы орган өтінішті ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өндіруге рұқсат алу құқығының болуы, өтініштің көзделген нысанға сәйкестігі, талап етілетін мәліметтер мен оларды растайтын құжаттардың толықтығы мен жеткіліктілігі тұрғысынан осы Қағидалардың 42-тармағының ережелерін ескере отырып қарайды. Осы Қағидалардың 54-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес өндіруге рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге сұралып отырған жер қойнауы учаскесі аумағының шекараларын айқындау және келісу және осы аумақты басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және мемлекеттік орман қорының жерлерімен, су қорғау аймақтарының аумақтарымен қоса атқару мүмкіндігін анықтау қажеттігі туралы хабарлама жібереді, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органда және су ресурстарын реттеу мен пайдалану жөніндегі бассейндік инспекцияда жүзеге асырылады.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл шеңберінде сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағын ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен және орман қорының жерлерімен ықтимал қоса атқаруын анықтау үшін өтініш берушіден тиісті сұрау алған күннен бастап бастап он бес жұмыс күні ішінде сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің (сұратылып отырған учаскелердің) аумағы (аумақтары) туралы құжаттарды (сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің орналасу картограммасы, шолу (ахуалдық) схемасы) қарайды.

      Су ресурстарын реттеу және пайдалану жөніндегі бассейндік инспекция сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінің аумағын су қорғау аймақтарының, белдеулерінің және су объектілерінің аумақтарымен қоса атқару мәселесін өтініш берушіден тиісті сұрау алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.

      Егер барлауға рұқсат беру жөніндегі айрықша құқық негізінде берілген өтінішті беру кезінде осы Қағидалардың 54-тармағының 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болса, жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдайды және өтініш берушіге анықталған ескертулерді жою қажеттігі туралы он жұмыс күні ішінде хабарлайды. Бұл жағдайда жергілікті атқарушы органның өтінішті қарау мерзімінің өтуі көрсетілген кезеңге тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.10.2021 № 523 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға берілген өтініштің көшірмесін сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің (сұралып отырған учаскелердің) аумағы (аумақтары) туралы құжаттармен (сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің орналасу картограммасы, шолу (ситуациялық) схемасы, бетінің топографиялық картасы) бірге:

      1) сұратылатын жер қойнауы учаскесінің аумағын басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен, Кодекстің 25-бабы 1-тармағының 2, 5-тармақшаларына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шектеулі аумақтармен толық немесе ішінара біріктіру;

      2) сұратылатын жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы мен нысаны осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келуі мәнініне қарайды.

      49. Осы Қағидалардың 48-тармағының 1) тармақшасына сәйкес біріктірілген аумақтар болған кезде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бұл туралы жергілікті атқарушы органды жазбаша еркін нысанда хабардар етеді. Хабарламада ұсынылған картограммаға сәйкес біріктірілген аумақтың координаталары мен ауданы көрсетіледі.

      Хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш беруші жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және бір мезгілде жергілікті атқарушы органға құжаттарды растайтын қосымшамен қоса бере отырып, сұралып отырған жер қойнауы учаскесі (сұралып отырған учаскелер) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысаны туралы түзетілген мәліметтерді: сұралып отырған жер қойнауы учаскесі (сұралып отырған учаскелер) орналасу картограммасын,масштабты орындау, көрнекілікті қамтамасыз ететін, шолу (ахуалдық) схемасы, үстіңгі беттің топографиялық картасын ұсынуға құқылы.

      Егер сұратылатын жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын учаскелердің) аумағын біріктіруде басқа адамға кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған рұқсат немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесінің аумағымен ішінара немесе толық біріктіру туындаса, мұндай біріктіруді болдырмау мақсатында сұралатын жер қойнауы учаскесі (сұралатын учаскелері) аумағының шекаралары мен нысандарын түзету міндетті болып табылады.

      50. Сұратылатын учаске (сұратылатын учаскелер) аумағының (аумақтарының) шекаралары мен нысаны осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бұл туралы жергілікті атқарушы органға хабардар етеді. Хабарламада анықталған сәйкессіздіктер көрсетіледі.

      Хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш беруші құжаттарды растайтын қосымшаны қоса бере отырып, сұратылатын жер қойнауы учаскесі (сұратылатын учаскелер) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысаны туралы мәліметтерді түзетеді және (немесе) анықталған сәйкессіздіктерді жояды, бұл туралы құжаттарды растайтын қосымшаны: қоса бере отырып, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін еркін нысанда жазбаша хабардар етеді: сұралып отырған жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын отырған учаскелер) орналасу картограммасын,масштабта орындалған, көрнекілікті қамтамасыз ететін, шолу (ахуалдық) схемасы, беттердің топографиялық картасын. Көрсетілген мерзімді өткізу мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарауын тоқтатады.

      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұратылатын жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын жер қойнауы учаскелерінің) аумағын басқа тұлғаның пайдалануындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру үшін жер қойнауы учаскесінің аумағымен біріктірілуінің болуы және сұратылатын жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы мен нысанының осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарының талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қайта қарайды.

      Қарау қорытындысы бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұратылатын жер қойнауы учаскесі (сұратылатын жер учаскелері) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысанын келіседі не келісуден бас тартады, бұл туралы жергілікті атқарушы орган мен өтініш берушіге жазбаша еркін нысанда хабардар етеді.

      Егер өтініште екі және одан да көп сұратылатын жер қойнауы учаскелері көрсетілсе, олардың аумағының шекаралары мен нысандарын келісуден бас тарту барлық сұратылатын жер қойнауы учаскелеріне немесе белгілі бір сұратылатын учаскелерге қатысты шығарылуы мүмкін.

      Барлық сұратылатын жер қойнауы учаскелері аумағының шекаралары мен нысандарын келісуден бас тарту мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауын тоқтатады. Тек белгілі бір сұратылатын жер қойнауы учаскелерінің шекарасы мен нысандарын келісуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауы шекарасы мен нысандарын жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі келіскен сұратылатын жер қойнауы учаскелері бойынша жүзеге асырылады.

      Келісуден бас тартуға өтініш беруші заңнамаға сәйкес шағымдана алады.

      51. Егер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұратылатын учаске аумағының шекарасы мен нысандарын қараған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру үшін жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, сұратылатын жер қойнауы учаскесінің (сұратылатын учаскелердің) аумағын (аумақтарын) басқа жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы учаскелерінің аумақтарымен толық немесе ішінара біріктіру анықталса, өтініш беруші жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 42-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұратылатын жер қойнауы учаскесі (сұратылатын учаскелер) аумағының (аумақтарының) шекарасы мен нысанын келіскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      Көрсетілген мерзімді өткізу мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауын тоқтатады.

      52. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сұрау салынған жер қойнауы учаскесінің (сұрау салынған учаскелердің) шекаралары мен аумағының нысанын (аумақтар нысандарын) келіскеннен кейін осы Қағидалардың 49-тармағының ережесін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган екі жұмыс күні ішінде өндіруге рұқсат беруді келісу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш пен қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін жібереді.

      Өндіруге рұқсат беруді келісу осы тармақтың үшінші абзацының ережесі ескеріле отырып, жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Егер сұрау салынатын жер қойнауы учаскесінде (сұрау салынатын учаскелерде) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі белгіленіп отырған қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет жобасына міндетті түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді көздейтін болса, көрсетілген келісу тау-кен жұмыстарының жоспары бойынша белгіленіп отырған қызметтің мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында жүзеге асырылады, сұрау салынған жер қойнауы учаскесі (сұрау салынған учаскелері) бойынша жеке немесе мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі шегінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекеттік меншіктегі теміржолдарды салудың (реконструкциялаудың), жөндеудің, гидроқұрылысты және (немесе) гидротехникалық құрылысты реконструкциялаудың және жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы құрамында әзірленетін жер қойнауының гидроқұрылысы және (немесе) гидротехникалық құрылысы. Бұл жағдайда өтініш беруші мұндай келісуді он екі ай ішінде қамтамасыз етеді. Көрсетілген мерзімді өткізіп алу мемлекеттік органдардың берілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды одан әрі қарауын тоқтатады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.10.2021 № 523 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Жергілікті атқарушы орган өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіруге арналған рұқсатты осы Қағидалардың 42-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген келісімдер мен құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

      54. Мынадай негіздердің бірі болған кезде өндіруге арналған рұқсат берілмейді:

      1) өтініш беруші өндіру арналған рұқсатты алу құқығына ие емес;

      2) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, өтінішке қоса берілетін құжаттар ұсынылмаса;

      4) сұратылатын жер қойнауы учаскесі (сұратылатын жер қойнауы учаскелері) аумағының шекаралары мен нысаны осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілмесе;

      5) өндіруге арналған рұқсатты беру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілмесе;

      6) сұратылған жер қойнауы учаскесінің (сұратылған учаскелерінің) аумағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін шектелген аумақтар шегінде немесе өндіру жүргізуге тыйым салынатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда толық орналасса (орналасса);

      7) сұратылған жер қойнауы учаскесінің (сұратылған учаскелерінің) аумағы толық немесе ішінара кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауы учаскесінің аумағымен (аумақтарымен қоса) біріктірілсе.

      55. Өндіруге арналған рұқсатты беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады және дәлелді болуы тиіс.

      Рұқсат беру туралы өтініште жіберілген грамматикалық немесе арифметикалық қателер, жаңсақ жазулар не өзге де осыған ұқсас қателер рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды және өтініш берушінің құзыретті органнан тиісті хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінішті қайта беру жолымен түзетуге жатады. Бұл жағдайда рұқсатты қарау және беру мерзімінің өтуі жергілікті атқарушы органның көрсетілген хабарламасымен үзіледі.

      Мерзім ағымының үзілісінен кейін жергілікті атқарушы органның өндіруге арналған рұқсатты қарауы және беруі қайта басталады; үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.

      56. Өндіруге арналған рұқсатты беруден бас тартуға өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдана алады.

      57. Өндіруге арналған рұқсатты беруден бас тарту өтініш берушіні қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.

      58. Өндіруге рұқсат берілгенге дейін кез келген уақытта өтініш беруші бұл туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабардар ете отырып, мұндай беруден бас тартуға құқылы.

      59. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүргізуге рұқсатты беру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жергілікті атқарушы органның жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру үшін негіз болып табылады.

  Мемлекеттік меншіктегі
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарын,
теміржолдарды салу
(реконструкциялау) және
жөндеу мақсаттары үшін,
сондай-ақ
гидроқұрылысжайларды
және гидротехникалық
құрылысжайларды
реконструкциялау және жөндеу
үшін пайдаланылатын кең
таралған пайдалы қазбаларды
барлауды немесе өндіруді
жүргізуге жер қойнауын
пайдалану құқығын беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, туған күні, жеке басын

      куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру

      нөмірі/заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес- сәйкестендіру нөмірі)

      __________________ (лауазымы және аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) толық (бұдан әрі_

      Т.А.Ә. )________________ (құжаттың түрі, күні және нөмірі) (заңды тұлғалар үшін) кең

      таралған пайдалы қазбаларға барлауға рұқсат беруіңізді сұраймын Жер қойнауын пайдалану мақсаты:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (орындау үшін рұқсат беру талап етілетін жұмыс түрлерін көрсету) негізінде

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мердігерлік шарттың (келісімшарттың) атауын, нөмірін және жасалған күнін көрсету) негізінде

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мердігерлік шарттың (келісімшарттың) қолданылу мерзімін көрсету))

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сұралатын жер қойнауы учаскелерінің саны және олардың әрқайсысының бұрыштық

      нүктелердің географиялық координаталары көрсетілген ауданы) (қолы)

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. (жеке тұлғалар үшін)

      Өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның Т.А.Ә. (заңды тұлғалар үшін)

  Мемлекеттік меншіктегі
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарын,
теміржолдарды салу
(реконструкциялау) және
жөндеу мақсаттары үшін,
сондай-ақ
гидроқұрылысжайларды
және гидротехникалық
құрылысжайларды
реконструкциялау және жөндеу
үшін пайдаланылатын кең
таралған пайдалы қазбаларды
барлауды немесе өндіруді
жүргізуге жер қойнауын
пайдалану құқығын беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған Рұқсат

      1. Рұқсат:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы/заңды

      тұлғаның толық атауы, орналасқан жері) берілді және

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы

      Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы Кодекс) сәйкес орындау

      үшін рұқсат берілетін жұмыстарды және мердігерлік шарттың (келісімшарттың) атауын,

      нөмірі мен жасалған күнін көрсету) жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында кең таралған

      пайдалы қазбаларды барлауды жүргізуге құқық береді

      2. Рұқсат беру шарттары:

      1) рұқсат беру мерзімі: ____ жылға дейін (мердігерлік шарттың (келісімшарттың)

      қолданылу мерзімі)

      2) ______________ ш. км алаңы жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары

      _______________________________________________________________________________,

      мынадай географиялық координаталары бар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (географиялық координаталар нүктелерін көрсету)

      3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары: Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес қалмына келтіру жүргізу

      3. Шешім берген мемлекеттік орган:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (рұқсат берген мемлекеттік органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы (қағаз тасығыштағы рұқсаттар үшін)

      _______________________________________________________________________ мөр орны

      (бар болса) (қағаз тасығыштағы рұқсаттар үшін)

      _______________________________________________________________________ берілген

      орны КЕЛІСІЛДІ:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (басшының (уәкілетті тұлғаның) толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса))

      __________________ (қолы) 20__ жылғы "__" __________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (басшының (уәкілетті тұлғаның) толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса))

      __________________________ (қолы) 20__ жылғы "__" __________

  Мемлекеттік меншіктегі
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарын,
теміржолдарды салу
(реконструкциялау) және
жөндеу мақсаттары үшін,
сондай-ақ
гидроқұрылысжайларды
және гидротехникалық
құрылысжайларды
реконструкциялау және жөндеу
үшін пайдаланылатын кең
таралған пайдалы қазбаларды
барлауды немесе өндіруді
жүргізуге жер қойнауын
пайдалану құқығын беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы, туған күні, жеке басын

      куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру

      нөмірі/заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________ (лауазымы және аты, тегі және әкесінің аты (бар болса) толық (бұдан әрі_

      Т.А.Ә. )____________________ ( құжаттың түрі, күні және нөмірі) (заңды тұлғалар үшін) кең

      таралған пайдалы қазбаларға өндіруді жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын Жер қойнауын

      пайдалану мақсаты:

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ орындау үшін

      рұқсат беру талап етілетін жұмыс түрлерін көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мердігерлік шарттың (келісімшарттың) атауын, нөмірін және жасалған күнін көрсету)

      негізінде ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мердігерлік шарттың (келісімшарттың) қолданылу мерзімін көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (кең таралған пайдалы қазбаның түрін көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (кен орнының атауы мен орналасқан жерін көрсету)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сұралатын жер қойнауы учаскелерінің саны және бұрыштық нүктелердің географиялық

      координаттарын көрсете отырып, олардың әрқайсысының алаңы) (қолы)

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. (жеке тұлғалар үшін) Өтініш берушінің атынан әрекет ететін

      тұлғаның Т.А.Ә. (заңды тұлғалар үшін)

  Мемлекеттік меншіктегі
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарын,
теміржолдарды салу
(реконструкциялау) және
жөндеу мақсаттары үшін,
сондай-ақ
гидроқұрылысжайларды
және гидротехникалық
құрылысжайларды
реконструкциялау және жөндеу
үшін пайдаланылатын кең
таралған пайдалы қазбаларды
барлауды немесе өндіруді
жүргізуге жер қойнауын
пайдалану құқығын беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған Рұқсат

      1. Рұқсат:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), азаматтығы/заңды тұлғаның

      толық атауы, орналасқан жері) (бұдан әрі - Жер қойнауын пайдаланушы) берілді және

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы

      Қазақстан Республикасы Кодексіне (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы Кодекс) сәйкес (рұқсат

      берілетін жұмыстарды көрсету) жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында кең таралған

      пайдалы қазбаларды өндіру жүргізуге құқық береді

      2. Рұқсат беру шарттары:

      1) рұқсат беру мерзімі: ____ жылға дейін (мердігерлік шарттың (келісімшарттың) қолданылу мерзімі)

      2) ______________ ш. км алаңы жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары

      _______________________________________________________________________________,

      мынадай географиялық координаталары бар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (географиялық координаталар нүктелерін көрсету)

      3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары: Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес қалпына келтіруді жүргізу

      3. Шешім берген мемлекеттік орган:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (рұқсат берген мемлекеттік органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы (қағаз тасығыштағы рұқсаттар үшін)

      ________________________________________________________________________________

      мөр орны (бар болса) (қағаз тасығыштағы рұқсаттар үшін)

      ________________________________________________________________________________

      берілген орны КЕЛІСІЛДІ:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (басшының (уәкілетті тұлғаның) толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса))

      __________________ (қолы) 20__ жылғы "__" __________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (басшының (уәкілетті тұлғаның) толық тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      _________________ (қолы) 20__ жылғы "__" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады