"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20335 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 24 бұйрығымен
бекітілген

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленді және "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушінің осы Қағидаларына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысанда өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартында жазылған.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш қарауға қабылданғаны туралы хабарлама беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып жолданады.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не сұратылатын статистикалық ақпарат немесе құпия болып табылатын сұратылатын статистикалық ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және тіркелген күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық поштасына не көрсетілетін қызметті алушының порталындағы "жеке кабинетіне" жолдайды.

      8. Сұратылатын статистикалық ақпарат болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастырады және "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық поштасына не порталға "жеке кабинетіне" жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушыдан төлемді күту мерзімі мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Төлемді алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші статистикалық ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының өтініште көрсетілген электрондық поштасына ұсынады. Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша статистикалық ақпаратты ұсыну туралы хабарлама жібереді.

      9. Егер көрсетілген мерзімде төлем жасалмаса, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік), Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) басшысының атына немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

      12. Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Комитеттің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1- қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
кімнен______________________
(жеке тұлғаның аты,
____________________________
әкесінің аты (болған жағдайда)
тегі толық)

Жеке тұлғаларға арналған өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес

      ________________________________________________________________________

      _________________________________ үшін _________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсатын, кезеңін, кезеңділігін көрсету)

      статистикалық ақпаратты беруіңізді сұраймын.

      Қосымша ______ парақта.

      Жеке тұлғаның деректемелері:

      Жеке куәліктің нөмірі _____________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________

      Нақты мекенжайы _____________________________

      Телефоны және факс _____________________________

      Электронды мекенжайы _____________________________

      _____________ ____________________________________

      (қолы, күні) (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға

      келісемін

      20__ж. "__"________

      ________ (қолы)

  Өтінішке қосымша

Р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең













  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Заңды тұлғаның бланкісіне
арналған орын
____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің толық атауы)
кімнен______________________
(заңды тұлғаның
____________________________
толық атауы)

Заңды тұлғаларға арналған өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес

      ________________________________________________________________________

      _________________________________ үшін ___________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігін көрсету)

      статистикалық ақпаратты беруіңізді сұраймын.

      Қосымша: ______ парақта.

      Заңды тұлғаның деректемелері:

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________

      Жеке сәйкестендіру коды _____________________________

      Банктік сәйкестендіру коды _____________________________

      Заңды мекенжайы _____________________________

      Нақты мекенжайы _____________________________

      Телефоны және факс _____________________________

      Электронды мекенжайы _____________________________

      Басшы________________ ________________________________________.

                  (қолы) (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      Орындаушы: _________________

      Телефон: _________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      20__ж. "__" _______

      ________ (қолы)

  Өтінішке қосымша

Р/с №

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең

















  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі –портал);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы баламалы негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызметті
алушыларға электронды және қағаз форматта өтініш беру арқылы ұсынылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

9 (тоғыз) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (жартылай автоматтандырылған).

5

Қызмет көрсету нәтижесі

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама;
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны:
электронды.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бойынша ақылы түрде көрсетіледі.
Төлем тәсілі – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу.
Төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі. Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау берілген жағдайда төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша төлем кезінде көрсетілетін қызметті алушының төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін төлем тапсырмасында көрсетуі талап етіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы Заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Порталдың - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы Заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) портал арқылы:
өтініш;
төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
өкілі жүгінген кезде өкілеттікті растайтын құжат;
төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе төлемнің жүргізілгендігі туралы банк белгісі бар төлем тапсырмасы).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған немесе "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған;
2) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік
көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;
3) көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
4) "Мемлекеттік статистика" туралы 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем енгізбеген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаны портал арқылы пайдалануға, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.economy.gov.kz;
2) Комитеттің – www.stat.gov.kz;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталының – www.egov.kz;
4) көрсетілетін қызметті берушінің – www.statdata.kz.
интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 55-24-22, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Өтінішті қабылдау туралы хабарлама

      20___ жылғы "___" ________________

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің статистикалық ақпаратты ұсыну туралы өтінішіңізді қарауға қабылдады.

      Директор ____________________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі,
аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
не ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

      Сіздің 20__ жылғы____________ №_______ сұрау салуыңызға "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) 2020 жылғы ___ наурызда № ___ бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру қағидаларының 3-қосымшасының 9-тармағына сәйкес "АЕО" РМК Сізге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартатынын хабарлайды.

      Директор ___________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Статистикалық ақпаратты беру туралы хабарлама

      20_____ жылғы "___" ________________

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20____жылғы №____сұрау салуыңызға_________ деректер қалыптастырылғанын және көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жолданғанын хабарлайды.

      Директор ____________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 24 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған).

      2. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11192 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған).

      3. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15063 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15471 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16366 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16815 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19322 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19531 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады