"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20490 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) талаптарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін және "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызметті көрсету, сондай-ақ оларға құқықтарды куаландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;";

      8, 9 және 10 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elіcensе.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінімді және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын ұсынады.

      Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

      9. Портал арқылы жүгінген жағдайда өтініш берушіге "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      10. Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтінімдерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3 және 10-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Өтінімді қарау және Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:

      "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызметі "Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру" және (немесе) "Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.

      "Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;

      шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру және (немесе) радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды;

      "Шуыл бойынша сертификат беру" және "Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметтері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) сәйкес жеке көрсетіледі.

      10-2. Уәкілетті ұйым құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады.";

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, жергілікті жердегі шуыл бойынша сертификат, радиостанцияға сертификат, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді, азаматтық әуе кемесін тіркеуге алымды бюджетке төлегенін растауларды уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      10-3. Өтініш беруші Стандартта көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады .

      Өтініш беруші Стандартта көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы әуе кемесін қарап-тексеруді 15 ( он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Әуе кемесін қарап-тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы уәкілетті ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған хабарлама жіберіледі.

      10-4. Әуе кемесін қарап-тексеру нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі (бұдан әрі – бағалау актісі) жасалады.

      Бағалау актісі оң нәтижелі болған жағдайда, азаматтық әуе кемесі туралы мәліметтер осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес Мемлекеттік тізілімге енгізіледі және 5 (бес) жыл мерзімге немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалдау шартының қолданылу мерзіміне азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізіледі немесе бағалау актісінің нәтижесі теріс болған кезде Стандартта көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол уәкілетті ұйымның уәкілетті адамның ЭЦҚ қол қойылған порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      14 және 15- тармақтар алып тасталсын.

      мынадай мазмұндағы 27-1, 27-2 және 27-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "27-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді (бұдан әрі – деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасы).

      27-2. Уәкілетті ұйым қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының атына, және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Төмендегілердің мекенжайына келіп түскен, өтініш берушінің шағымы:

      уәкілетті ұйымның, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органың, тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      27-3. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен артық емес ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Уәкілетті ұйым шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтінім беруші нәтижелерді сот тәртібінде шағым жасауы мүмкін.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 222 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысаны
  ____________________________
уәкілетті ұйымның атауы
____________________________
өтініш берушінің Тегі, Аты,
Әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
жеке куәліктің (паспорттың) №
____________________________
заңды тұлға ұйымының атауы
____________________________
мекенжайы, байланыс телефоны
____________________________
(ЖСН / БСН)
____________________________
  Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)

Әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім

      1 Әуе кемесін (ӘК үлгісі) мемлекеттік тіркеуді жүргізуді сұраймын ________________: беру

      Тиісті азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу:

      меншік иесіне/пайдаланушыға

      2. Әуе кемесі туралы деректер:

      2.1 Азаматтық әуе кемесін бұрынғы тіркеген мемлекет: __________________________

      (бұрынғы тіркелген мемлекеттің атауы және тану белгісі))

      2.3 Тану белгісі:

      2.4 сериялық (зауыттық) нөмірі

      2.5 Зауыттан шығарылған күні: (күні, айы, жылы)

      2.6 Дайындаушы (зауыт, Мемлекет):

      2.7 Азаматтық әуе кемесінің мақсаты

      2.8 Азаматтық әуе кемесінің сыныбы

      2.9 Қозғалтқыш қуаты

      3.0 Ең жоғары ұшу салмағы

      3.1 Соңғы жөндеу жүргізілген күні мен орны

      3.2 Техникалық байқау немесе ұшу сынағын кім және қашан жүргізді

      3.3 Жөндеуге дейінгі әуе кемесі ресурсының қалдығы (сағаттарда, қонуларда, жылдарда))

      3.4 Әуе кемесінің тұрақты орналасу орны:

      3.5 Әуе кемесіне құқық түрі (қажеттісінің астын сызу): 1) меншік құқығы;

      2) пайдалану құқығы;

      3) жедел басқару құқығы;

      4) шаруашылық басқару құқығы

      4. Шарттың нөмірі және сатып алу күні:

      Меншік иесі 20__ жылғы "__"________№_____

      Пайдаланушы 20__ жылғы "__"________№_____

      Меншік иесінің санаты (астын сызу): 1) жеке тұлға;

      2) заңды тұлға.

      5. Меншік иесі құжатының санаты (заңды тұлға үшін):

      заңды тұлғаның атауы:

      Заңды тұлғаның БСН

      меншік иесінің заңды мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, Пәтер)

      меншік иесінің телефоны, факс нөмірі және e-mail мекенжайы

      6. Меншік иесі құжатының санаты (жеке тұлға үшін)

      Құжаттың сериясы мен берілген күні 20__ жылғы "__" ______№ ___

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні 20__ жылғы "__" _______ _____

      ЖСН

      мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, пәтер)

      телефоны, факс нөмірі және e-mail мекенжайы

      7. Пайдаланушы құжатының санаты (заңды тұлға үшін):

      заңды тұлғаның атауы

      Заңды тұлғаның БСН

      пайдаланушының заңды мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, Пәтер)

      пайдаланушының телефоны, факс нөмірі және e-mail мекенжайы

      8. Пайдаланушы құжатының санаты (жеке тұлға үшін)

      заңды тұлғаның атауы20__ жылғы "__" _____ № ___

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні 20__ жылғы "_ " ______ _____

      ЖСН

      мекенжайы (облыс, аудан, елді мекен, көше, үй нөмірі, Пәтер)

      телефоны, факс нөмірі және e-mail мекенжайы

      9. Алым нөмірі, күні және сомасы: 20___жылғы "__"______№____ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ теңге.

      10. Байланыстағы тұлға (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны, факс нөмірі және e-mail мекенжайы)

      11. Қызметтерді (шуыл бойынша сертификат, радиохабар аппаратурасы ретінде) алған жағдайда төменде көрсетілген кестелер бойынша деректерді толтырыңыз

      12. Алым нөмірі, күні және сомасы: 20___жылғы "__"_____ № ____ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ теңге.

      Шу бойынша сертификат алу үшін + / - сипаттаңыз

      Ұшақ

      Тікұшақ

      басқа

      Әуе винтінің деректері (бар болса)

      Әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағы

      Әуе кемесінің ең жоғары қону салмағы

      Шу бойынша сертификаттау стандарты

      Мақсатында енгізілген қосымша түрлендіру

      Шу бойынша қолданылатын Сертификаттау стандарттарына сәйкес келтіру

      Ұшу-қону жолағынан/толық қуат режимінде шудың деңгейі

      Қондыру кезінде шу деңгейі

      Ұшып өту кезіндегі шу деңгейі

      Ұшу кезіндегі шу деңгейі

      Ұша бастаған кездегі шу деңгейі

      азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін

      Ұшақ

      Тікұшақ

      басқа

      Авиациялық радиожиілік диапазонында жұмыс істейтін радиотаратқыш құрылғылардың тізбесі:

      Тіркелетін азаматтық әуе кемесіне ауыртпалықтың болмауын растау туралы мәліметтер____________

      Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу үшін алым төленгенін растайтын мәліметтер

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға сәйкес (Меншік иесі/ Пайдаланушы)

      Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін) азаматтық әуе кемесін пайдаланушы (заңды тұлға үшін))

      Мөр орны (бар болса)) 20__ жылғы "__" ___________

      (жеке тұлға үшін): _____________________________________

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__жылғы "__" ___________

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН-бизнес сәйкестендіру нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 23 сәуірдегі
№ 222 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-1- қосымша

"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері ( қол жеткізу арналары)

порталда

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.
"Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;
шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру және (немесе) радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөршерлемелері:
1) Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
2) азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім;
2) құрылтайшы құжаттың (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты расталған құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) немесе нотариалды расталған құрылтайшы құжаттарының электрондық көшірмелері, (шетелдік заңды тұлғалар үшін);
3) сату-сатып алу шартының электрондық көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжат мемлекеттік және/немесе орыс тілінде немесе нотариалды расталған түрде сату-сатып алу шартының электрондық көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжатты ағылшын тілінде ресми аудармасымен бірге (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне меншік қатысушысы болып табылмайтын адамға әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті сату кезінде үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі( үлестік меншік болған жағдайда);
5) жалға алу, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесі немесе жалға алу, лизинг, мүліктік жалға алу шартының, әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесінің техникалық жай- күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
8) азаматтық әуе кемесін әзірлеуші мемлекет берген, оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгі сертификатының немесе оған балама құжаттың электрондық көшірмесі.
Мынадай құжаттар болған жағдайда ұсынылады:
1) азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік авиация тізілімінен немесе шет мемлекеттің азаматтың әуе кемелерінің тізілімінен алып тасталғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатының электрондық көшірмесі;
3) әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
4) дайындаушы-зауыт берген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы уақытша куәлігінің электрондық көшірмесі;
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу үшін:
азаматтық әуе кемесінің меншік иесінің және (немесе) пайдаланушысының өзгеруі кезінде:
1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім;
2) құрылтайшы құжатының электрондық көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды расталған құрылтай құжаттарының электрондық көшірмелері;
3) сату-сатып алу шартының электрондық көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжат мемлекеттік және/немесе орыс тілінде немесе нотариалды расталған түрде сату-сатып алу шартының электрондық көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжатты ағылшын тілінде ресми аудармасымен бірге (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне меншік қатысушысы болып табылмайтын адамға әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті сату кезінде үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (үлестік меншік болған жағдайда);
5) жалға алу, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесі немесе жалға алу, лизинг, мүліктік жалға алу шартының, әуе кемесін пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
әуе кемесі қайта жабдықталғаннан кейін мақсатын өзгерту кезінде:
1) әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім;
2) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау құқығына құжаттардың электрондық көшірмесі;
3) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
5) құрылтай құжатының электрондық көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды расталған құрылтайшы құжаттарының электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының, Заңның талаптарына сәйкес келемеуі;
3) өтініш берушіге қатысты көрсетілетін қызметтерді алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде өтініш беруші көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімінің болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрліктің – www.miid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі;
Көрсетілетін қызметті алушы мыналарды алуға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады