2020 жылға ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 мамырда № 20664 болып тіркелді.

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2020 жылға ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 171 бұйрығымен
бекітілген

2020 жылға ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2020 жылға ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидалары (бұдан кейін - Қағидалар) "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы өнімі - осы Қағидаларға сәйкес форвардтық сатып алуға жататын дақылдардың түрлері;

      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан кейін - АШТӨ) - ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, соның ішінде жай серіктестік/консорциум құру арқылы айналысатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) астық қабылдау кәсіпорны (бұдан әрі - АҚК) - меншік құқығында астық сақтау жүзеге асырылатын астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау орны) бар заңды тұлға;

      4) болжалды сатып алу бағасы - осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес форвардтық сатып алу арқылы сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің болжалды сатып алу бағалары;

      5) қамсыздандыру - банк кепілдігі/әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі;

      6) үйлестіру кеңесі - жергілікті атқарушы органдар форвардтық сатып алуға қатысатын АШТӨ тізімін қарастыру және бекіту үшін құратын алқалы орган;

      7) форвардтық сатып алу - ауыл шаруашылығы өнімдерін АШТӨ-ден алдын ала төлем жасау талаптарында, қамсыздандыруды ұсынғаннан кейін және ауыл шаруашылығы өнімдерін күзгі кезеңде жеткізгеннен кейін қосымша төлем жасаумен сатып алу.

2-тарау. Форвардтық сатып алудың негізгі талаптары

      3. Форвардтық сатып алуды қаржыландыруды "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация) мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      алдын ала төлем – республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен;

      күзгі кезеңде қосымша ақы – республикалық бюджеттен және Корпорацияның өз қаражатынан бөлінген қалған қаражат есебінен.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.10.2020 № 308 бұйрығымен.

      4. Облыстар (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан) арасында форвардтық сатып алу көлемін және қаражат сомасын бөлуді (бұдан кейін - Бөлу) өңірлердің егіс алқаптарының құрылымына байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.

      5. Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа көрсеткіштері ҚР СТ 1046-2008 "Бидай. Техникалық шарттар", ҚР СТ 2119-2011 "Арпа. Дайындау мен жеткізу кезінде қойылатын талаптар" ұлттық стандарттарында және ГОСТ 22391-2015 "Күнбағыс. Техникалық шарттар", ГОСТ 19092-92 "Қарақұмық. Дайындау мен жеткізу кезінде қойылатын талаптар", ГОСТ 10583-76 "Өнеркәсіптік өңдеуге арналған рапс. Техникалық шарттар", ГОСТ 10582-76 "Майлы зығыр тұқымдары. Өнеркәсіптік шикізат. Техникалық шарттар" үкіметаралық стандарттарда бекітілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      6. Алдын ала төлем мөлшері болжалды сатып алу бағасының 75 (жетпіс бес) пайызынан аспайды.

      7. АШТӨ міндеттерін орындау мерзімі - 2020 жылғы 15 қараша.

      8. Жеткізу талаптары – EXW "франко-зауыт" (Инкотермс-2020) талаптарында Корпорация белгілеген астық қабылдау кәсіпорындарына.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.10.2020 № 308 бұйрығымен.

3-тарау. Форвардтық сатып алуды жүзеге асыру механизмі

      9. Форвардтық сатып алудың басталуы туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының www.kazagro.kz және Корпорацияның www.fcc.kz интернет-ресурстарында орналастырылады.

      10. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ұсынатын қажетті құжаттар тізбесі бар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша форвардтық сатып алуға қатысу үшін өтінім Корпорацияның сайтында электрондық нысанда немесе Корпорацияның тиісті облыстарда орналасқан өкілдіктерінде қағаз нысанда беріледі.

      Өтінім құжаттардың толық пакетімен бірге келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Корпорация, АШТӨ осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, АШТӨ тізімін құрып, оны тиісті облыстың үйлестіру кеңесіне қарастыру және бекіту үшін береді.

      11. Форвардтық сатып алу мынадай талаптарға сәйкес келетін АШТӨ-де жүзеге асырылады:

      1) салықтарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектердің болмауы, қаржы институттары алдында 90 күннен жоғары мерзімі кешіктірілген берешектің болмауы;

      2) оңалту рәсімін қолдану туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімдері бар қарызын өтеу алмайтын борышкерлердің тізімінде болмауы, сондай-ақ соманы өндіріп алу/міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату туралы орындалмаған сот актілерінің болмауы.

      12. Үйлестіру кеңесі Корпорациядан АШТӨ тізімі келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ауыл шаруашылығы өнімдерін және жеткізу көлемін, жалпы егіс ауданын көрсете отырып, бөлуде көрсетілген көлемдер шегінде форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін облыстың АШТӨ тізімін (бұдан әрі - Тізбе) бекітеді.

      13. Корпорация үйлестіру кеңесінің Тізбені бекіту туралы шешімін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Корпорация Тізбеде көрсетілген АШТӨ-мен бекіткен үлгі бойынша форвардтық сатып алу шартын жасасады.

      14. АШТӨ форвардтық сатып алу шартында белгіленген мерзімдерде Корпорация бекіткен түрде қамсыздандыруды ұсынады.

      15. АШТӨ Корпорацияға ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілуін растайтын құжаттарды ұсынады (заңды тұлғалар үшін ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының нақты егілген ауданын растайтын статистикалық органдардың есепті қабылдағаны туралы белгісі бар "Егін себу қорытындылары туралы есеп" 4-сх статистикалық нысанның көшірмесі (жылдық) және/немесе статистикалық органдардың есепті қабылдағаны туралы белгісі бар қуаттау сертификатының сериялық нөмірі болған жағдайда статистикалық органдардың жеке есептік жазбадан жүктелген осы статистикалық нысанның электронды түрі, шаруа/фермерлік қожалықтар үшін АШТӨ-нің қолымен куәландырылған ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша ағымдағы жылы егілген егістік алаңдары туралы анықтама).

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.10.2020 № 308 бұйрығымен.

      16. Жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімі үшін қосымша ақы осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілген (астық қолхаттарының ақпараттық жүйесінде астық қолхатын сату/сатып алу туралы бұйрыққа қол қойылған) күннен кейінгі жұмыс күні төленеді.

4-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудің түпкілікті көлемін белгілеу тәртібі

      17. Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түпкілікті бағасын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін, негізгі шекаралық өту жерлеріндегі экспорттық бағаларды негізге ала отырып, жеткізу кезеңінде осындай ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықта қалыптасқан бағасына байланысты Корпорация бекітеді.

      18. Жеткізу кезеңінде нарықта қалыптасқан баға болжалды сатып алу бағасынан жоғары болған жағдайда, көлем өзгеріссіз қалады. Бұл ретте бағалардағы айырмашылық Корпорацияның өз қаражаты есебінен төленеді.

      19. Жеткізу кезеңінде нарықтағы бағалар болжалды сатып алу бағасынан төмен болып белгіленген жағдайда,ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемі бағалар айырмашылығына ұлғаюы тиіс.

      20. АШТӨ келіп түскен өтінімдерінің көлеміне байланысты Корпорация Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісімге ала отырып, Бөлуге өзгерістер енгізуге бастамашылық жасайды.

      21. Тиісті уәкілетті органдар берген растайтын құжаттарды ұсынған кезде, еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, міндеттемелерді орындау тәсілін өзгертуге болады.

  2020 жылға ауыл шаруашылығы
өнімін форвардтық сатып алу
қағидаларына
1-қосымша

Форвардтық сатып алу арқылы сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің болжалды сатып алу бағалары

р/с

Дақылдардың атаулары

Болжалды сатып алу бағасының мөлшері, теңге

ҚҚС-ты есептемегенде

ҚҚС-ты есептегенде

1

3-класты жұмсақ бидай

62 500

70 000

2

4-класты жұмсақ бидай

53 571

60 000

3

Арпа

44 643

50 000

4

Майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр)

89 286

100 000

5

Қарақұмық

44 643

50 000

  2020 жылға ауыл шаруашылығы
өнімін форвардтық сатып алу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  "Азық-түлік келісім шарт
корпорациясы" ұлттық
компаниясы" акционерлік
қоғамына

Форвардтық сатып алуға қатысу үшін өтінім

      _________________________________________________________________________,

      (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру

      нөмірі, мекенжайы; заңды тұлға үшін - атауы, бизнес сәйкестендіру

      нөмірі, орналасқан мекежайы (заңды мекенжайы))

      атынан ___________________________ негізінде іс-әрекет ететін

      (өкілеттігін растайтын құжаттың атауы мен нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (басшының/сенім білдірілген тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      күзгі кезеңде (________________________________) жеткізу үшін

      (дақыл)

      ауыл шаруашылығы өнімдерінің 1 тоннасына шаққанда

      _____________________________________________________________ теңге есебінен

      (соманы санмен және жазумен көрсету)

      ____________________________ ______________________________________________

      (соманы санмен және жазумен көрсету керек)

      ________) теңге мөлшерінде алдын ала төлемді жүргізуді өтінеді

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлғаның атауы)

      форвардтық сатып алу шарты жасалған жағдайда келесі астық қабылдау кәсіпорнына

      жеткізуді жүзеге асырады __________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (астық қабылдау кәсіпорнының атауы)

      Осы арқылы Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу қағидаларымен,

      оның ішінде "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік

      қоғамының пайдасына 20__ жылғы "___" _______ (қоса алып) дейінгі мерзімде 20__ жылғы

      өнімінің ________________________________________________________________________

      (дақылдың атауы)

      жеткізу талабымен танысқанымызды және келісетінімізді растаймыз.

      Өтінім берілген күні үшінші тұлғалардың пайдасына алдын ала төлем сомасының

      үштен бір бөлігінен асатын сомаға соттардың шешімдері мен ұйғарымдары бойынша

      орындалмаған міндеттемелердің болмауын, сондай-ақ

      ________________________________________________________________________ қатысты

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды тұлғаның атауы)

      сотта оңалту немесе банкроттық туралы іс қаралмайтынын растаймыз.

      Берілген ақпараттың шынайылығын растаймыз, шынайы емес мәліметтерді бергені

      үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатындығы

      жөнінде хабардармыз және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға,

      сондай-ақ дербес деректерімізді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім береміз.

      Басшы

      ______________ _________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

  2020 жылға ауыл шаруашылығы
өнімін форвардтық сатып алу
қағидаларына
3-қосымша

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ұсынатын құжаттардың тізбесі

Құжаттардың атауы

Дереккөз

Заңды тұлғалар үшін:
1) ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша толтырылған форвардтық сатып алуға қатысуға өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) барлық өзгерістер мен толықтырулар ескерілген жарғының көшірмесі, сондай-ақ жарғыда құрылтайшылардың/қатысушылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан үзінді көшірме немесе акцияларды ұстаушылардың /қатысушылардың тізілімінен үзінді көшірме, бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі (консорциум құрылған жағдайда);
4) заңды тұлғаның уәкілетті органының шарт жасасу және қамсыздандыруды ұсыну туралы шешімінің түпнұсқасы;
5) қосылған құн салығын (бұдан кейін - ҚҚС) төлеушілер үшін - ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасынан үзінді көшірме немесе ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасы уақытша жұмыс істемейтін жағдайда, заңды тұлғаның ҚҚС төлеуші болып табылатыны туралы салық органы берген анықтама;
ҚҚС төлемейтіндер үшін - ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасынан үзінді көшірме немесе ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасы уақытша жұмыс істемейтін жағдайда, заңды тұлғаның ҚҚС төлеуші болып табылмайтыны туралы салық органы берген анықтама;
6) заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органның басшысын тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;
7) атқарушы орган басшысының жеке куәлігінің көшірмесі, сонымен бірге өтінімге және/немесе шартқа атқарушы органның басшысы емес, басқа тұлға қол қойса - заңды тұлға өкілінің өтінімге және/немесе шартқа қол қою өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат/сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі);
8) осы Тізбенің қосымшасында көзделген нысан бойынша ресімделген несие тарихы субъектісінің несиелік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі;
9) заңды тұлғаның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша соңғы үш айда берешегінің болуын/болмауын растайтын, өтінім берілген күні бір ай ішінде күшінде болатын салық органы берген құжат;
10) қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің және басқа да қаржы институттарының өтінім беру күніне бір ай ішінде күшінде болатын несие берешегінің болуы/болмауы туралы анықтамалары.
Жеке тұлғалар үшін:
1) ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша толтырылған форвардтық сатып алуға қатысуғаөтінім;
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ өтінімге оның өкілі қол қойған жағдайда - өкілдің өтінімге қол қоюға өкілеттігін растайтын құжат (сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі және сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі), бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі (консорциум құрылған жағдайда);
3) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
4) шаруа/фермерлік қожалық мүшелерінің тізімін растау туралы салық органы берген анықтаманың түпнұсқасы немесе шаруа/фермерлік қожалықтың басшысы растаған шаруа/фермерлік қожалық мүшелерінің саны туралы мәліметтер, немесе форвардтық сатып алуға жай серіктестік ретінде қатысқан жағдайда, бірлескен қызмет туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
5) шаруа/фермерлік қожалықтың барлық мүшелерінің (мүшелері болған кезде) шартты жасасуға және қамсыздандыруды беруге келісімдері, барлық мүшелердің нотариалды куәландырылған келісімдері ұсынылады, немесе форвардтық сатып алуға жай серіктестік ретінде қатысқан жағдайда, бірлескен қызметке барлық қатысушылардың атынан іс-әрекет ететін жай серіктестіктің қатысушысына берілген сенімхаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
6) қосылған құн салығын (бұдан кейін - ҚҚС) төлеушілер үшін - ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасынан үзінді көшірме немесе ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасы уақытша жұмыс істемейтін жағдайда, заңды тұлғаның ҚҚС төлеуші болып табылатыны туралы салық органы берген анықтама;
ҚҚС төлемейтіндер үшін - ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасынан үзінді көшірме немесе ҚҚС төлеушілер тізілімінің электрондық базасы уақытша жұмыс істемейтін жағдайда, заңды тұлғаның ҚҚС төлеуші болып табылмайтыны туралы салық органы берген анықтама;
7) осы Тізбенің қосымшасында көзделген нысан бойынша ресімделген несие тарихы субъектісінің несиелік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі;
8) жеке тұлғаның соңғы үш айда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болуын/болмауын растайтын құжат (үзінді көшірме);
9) қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің және басқа да қаржы институттарының өтінім беру күніне бір ай ішінде күшінде болатын несие берешегінің болуы/болмауы туралы анықтамалары.

https://egov.kz
http://kgd.gov.kz
http://kgd.gov.kz
http://kgd.gov.kz
http://kgd.gov.kz

  Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілер ұсынатын құжаттар
тізбесіне қосымша
  Нысан

Несие тарихы субъектісінің несиелік есепті алатын тұлғаға несиелік есепті беруге келісімі/ Согласие субъекта кредитной истории на выдачу кредитного отчета получателю кредитного отчета

      ________________ жыл/год жергілікті уақыт бойынша/ местное время ___ сағат/часов ___ минут

      Жеке тұлға үшін / Для физического лица

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні мен жері, тұратын жері, тұлғасын

      куәландыратын құжатының нөмірі мен берілген күні/фамилия, имя, отчество (если имеется),

      дата и место рождения, место жительства, номер и дата документа, удостоверяющего личность)

      Заңды тұлға үшін / Для юридического лица

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (толық атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлікке

      сәйкес тіркеу нөмірі немесе заңды тұлға мемлекеттік тіркеуге алынған елдің заңнамасы

      бойынша заңды тұлғаны сәйкестендіру үшін ресми түрде қолданылатын басқа сәйкестендіру

      нөмірі / полное наименование, место нахождения, регистрационный номер в соответствии со

      свидетельством о государственной регистрации (перерегистрации) или иной

      идентификационный номер, официально используемый для идентификации юридического

      лица по законодательству его государственной регистрации)

несие бюроларына тапсырылған және несие бюроларына болашақта тапсырылатын өзі туралы, өзінің қаржылық және мүліктік сипаттағы басқа да міндеттемелері туралы ақпаратты осы келісімді қабылдаған несие бюросынан (-ларынан) ақпарат алушыға беруге өзінің осы келісімін береді.


дает настоящее согласие в том, что информация о нем, касающаяся его (ее) финансовых и других обязательств имущественного характера, находящаяся в кредитных бюро, и которая поступит в кредитные бюро в будущем, будет раскрыта получателю информации из кредитного(ых) бюро, принявшему(их) настоящее согласие

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлға: өз қолымен тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) жазып, қол қояды; заңды

      тұлға үшін: заңды тұлғаның атауы көрсетіледі, заңды тұлға осы келісімге қол қоюға

      уәкілеттеген тұлға қол қояды, егер ондай тұлға заңды тұлғаның атынан сенімхаттың негізінде

      іс-әрекет ететін болса, сенімхаттың деректері көрсетіліп, сенімхаттың түпнұсқасы қоса

      беріледі/для физического лица: собственноручно указывается фамилия, имя и отчество (если

      имеется), проставляется личная подпись; для юридического лица: указывается наименование

      юридического лица, проставляется подпись лица, уполномоченного юридическим лицом на

      подписание настоящего согласия, с указанием реквизитов доверенности, если лицо действует

      от имени юридического лица на основании доверенности, с приложением подлинника доверенности)

      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы,

      Нұр-Сұлтан қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3/Акционерное общество "Национальная компания

      "Продовольственная контрактная корпорация", город Нур-Султан, улица Московская, 29/3

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (осы келісімді алған ұйымның атауы, осы келісімді қабылдауға уәкілеттенген тұлғаның

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы/наименование организации, принявшей настоящее

      согласие; фамилия, имя, отчество (если имеется) и подпись лица, уполномоченного принимать настоящее согласие).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады