"Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № ҚР ДСМ-51/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 мамырда № 20672 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 83) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 766 бұйрығына (Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12199 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 27 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      6-тармақтың екініші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТМККК және МӘМС шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың медициналық ұйымдары меншік нысанына қарамастан жоспарланған жылдың алдындағы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін, ақпараттық жүйеде дәрілік заттарға бөлінген қаржыландыру шеңберінде түпкілікті өтінімді қалыптастырады және оған бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.";

      6-тармақтың төртінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қор республика бойынша жиынтық түпкілікті өтінімнің жобасын қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға нозологиялар, дәрілік заттардың атаулары мен саны, пациенттердің саны бөлінісінде келісу үшін жібереді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. ТМККК және МӘМС шеңберінде жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттар келіп түскен кезде медициналық ұйымның мөртаңбасымен белгіленеді (медициналық ұйымының атауы, оның мекенжайы көрсетілетін медициналық ұйымның мөртаңбасымен және "Тегін" деген белгімен).

      ТМККК және МӘМС шеңберінде тегін берілетін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар дәрігердің рецептісі бойынша халыққа берілген кезде медициналық ұйымның мөртаңбасымен белгіленеді (медициналық ұйымының атауы, оның мекенжайы көрсетілетін медициналық ұйымның мөртаңбасымен және "Тегін" деген белгімен).".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 сентября 2015 года № 766 "Об утверждении правил обеспечения лекарственными средствами граждан"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 мая 2020 года № ҚР ДСМ-51/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 мая 2020 года № 20672

      В соответствии с подпунктом 83) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 сентября 2015 года № 766 "Об утверждении правил обеспечения лекарственными средствами граждан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12199, опубликован 27 октября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      часть вторую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "Медицинскими организациями областей, городов республиканского значения и столицы, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь в рамках ГОБМП и ОСМС независимо от форм собственности, в срок до 1 ноября текущего года, предыдущего к планируемому году, формируется окончательная заявка в рамках выделенного финансирования на лекарственные средства в информационной системе и подписывается электронной цифровой подписью первого руководителя.";

      часть четвертую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "Фонд формирует проект сводной окончательной заявки по республике и направляет в уполномоченный орган в области здравоохранения в разрезе нозологий, наименований и количества лекарственных средств, количества пациентов для согласования.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Лекарственные средства, предназначенные для оказания скорой, стационарной и стационарозамещающей помощи в рамках ГОБМП и ОСМС, помечаются штампом медицинской организации при поступлении (с указанием наименования медицинской организации, ее адреса и пометкой "Бесплатно").

      Лекарственные средства, предназначенные для оказания амбулаторного лекарственного обеспечения в рамках ГОБМП и ОСМС предоставляемых бесплатно, помечаются штампом медицинской организации при отпуске населению по рецепту врача (с указанием наименования медицинской организации, ее адреса и пометкой "Бесплатно")".

      2. Департаменту лекарственного обеспечения и стандартизации Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Надырова К.Т.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов