Қазақстан Республикасында жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № ҚР ДСМ-53/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 мамырда № 20687 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 20 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-53/2020
бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Стандарт жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы кезінде меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсету қағидаларын, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларын белгілейді.

      3. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      2) бейінді маман - жоғары медициналық білімі бар, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;

      3) клиникалық хаттама - белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;

      4) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;

      6) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі - Портал) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      8) медициналық - санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) -адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек;

      9) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек;

      10) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер нысанын қолдана отырып ұсыну;

      12) стационарды алмастыратын көмек - медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны;

      13) жедел медициналық көмек - денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны;

      14) шұғыл медициналық көмек - уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;

      15) санитариялық авиация - пациент тұрған жердегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (терді), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

      4. Пациенттерге жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсету ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады және жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы кезінде дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған хирургиялық көмек, жоғары технологиялы медициналық қызмет түрінде ұсынылады.

      5. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге МСАК-ты "Жақсүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты бар "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина", "Стоматология" мамандықтары бойынша дәрігерлер "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) сәйкес көрсетеді.

      6. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге КДК-ні "Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) бекітілген КДК көрсету қағидаларына сәйкес ұсынылады.

      7. Жоспарлы емдеуге жатқызу тәулік бойы және күндізгі стационар жағдайында кешенді терапия ұсыну үшін клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің нәтижелері бойынша Портал арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жақсүйек-бет хирургиялық аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 761 бұйрық) сәйкес және клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі - КХ) сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 450 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына және "Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 933 бұйрығымен бекітілген Санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті ұсыну қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16245 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге стационарды алмастыратын көмек "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен (бұдан әрі - № 669 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің жалпы қағидаттары мен сипаттамалары

      11. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек мынадай нысандарда ұсынылады:

      1) амбулаториялық-емханалық көмек (тәулік бойы медициналық бақылау және емдеу көзделмейтін жағдайларда): МСАК және КДК;

      2) стационарды алмастыратын көмек (тәулік бойы медициналық бақылау және емдеуді талап етпейтін медициналық бақылау және емдеуді көздейтін жағдайларда);

      3) стационарлық көмек (тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді қамтамасыз ету жағдайларында);

      4) жедел медициналық көмек;

      5) санитариялық авиация;

      12. Жақсүйек-бет хирургиялық көмегі денсаулық сақтау ұйымдарының мынадай құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады:

      1) емхана (қалалық, облыстық), консультациялық - диагностикалық (қалалық, облыстық) орталық немесе консультациялық - диагностикалық бөлімше (стоматологиялық емхана, көп бейінді облыстық ауруханадағы консультациялық-диагностикалық орталық) құрылымындағы жақсүйек-бет хирургінің (ересек, балалар) кабинеті;

      2) көп бейінді стационарлардағы (республикалық орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, қалалық, облыстық ересектер мен балалар ауруханалары, қалалық ересектер мен балалар ауруханалары) мамандандырылған жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшесі;

      3) республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қалалық көп бейінді ауруханалар, емханалар және ғылыми - клиникалық орталықтар жанындағы жақсүйек-бет ақаулары мен деформациясын протездеу кабинеті (ересектер, балалар).

      13. Амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда хирургиялық араласу пациентке "Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 364 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11386 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша пациенттің немесе оның заңды өкілінің ерікті түрдегі жазбаша келісімінен кейін ұсынылады.

      14. Бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу және есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізу "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) жүзеге асырылады.

      15. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге қалпына келтіру емі және медициналық оңалту (оның ішінде балаларды оңалту) КХ және "Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 27 ақпандағы № 98 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10678 болып тіркелген) жүзеге асырылады.

1-параграф. Амбулаториялық - емханалық деңгейде жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсету

      16. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге амбулаториялық-емханалық көмек МСАК-ты және КДК-ні қамтиды.

      17. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге алғашқы диагностика және амбулаториялық көмек көрсету МСАК көрсететін ұйымдарда жүзеге асырылады.

      18. Амбулаториялық-емханалық деңгейде хирургиялық көмек көрсету хирургиялық аурулардың және жарақаттану профилактикасы, диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту, саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

      19. МСАК дәрігері немесе бейінді маман жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерді мамандандырылған КДК көрсету үшін жақсүйек-бет хирургіне (ересектер, балалар), ол болмаған жағдайда хирург дәрігерге (ересектер, балалар) жібереді.

      20. Жақсүйек-бет хирургіне жолдама берілген кезде МСАК дәрігері немесе басқа бейінді маман клиникалық диагнозы, зертханалық және аспаптық зерттеулер көрсетіле отырып, пациенттің амбулаториялық немесе стационарлық медициналық картасынан үзінді көшірмеге сәйкес жүргізілген зерттеп-қарау және емдеу нәтижелерін қоса береді.

      21. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (облыстардың және республикалық маңызы бар қалаларда) жақсүйек-бет хирургиялық көмекті МСАК дәрігерінің жолдамасы немесе шұғыл көрсетілімдер бойынша жақсүйек-бет хирург дәрігері жүзеге асырады.

      22. Амбулаториялық-емханалық деңгейде жақсүйек-бет хирургиялық көмек өзіне:

      1) пациенттің жай-күйін анықтау және диагнозды қою мақсатында дәрігердің қарап-тексеруін;

      2) диагнозды анықтау мақсатында пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауын;

      3) жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге анықталған нозология бойынша және бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсету, сондай-ақ одан әрі динамикалық байқауды және медициналық оңалтуды ұсыну;

      4) жақсүйек-бет хирургиялық патологияларының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізуді;

      5) жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерді консультацияға және мамандандырылған медициналық көмек пен жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсету үшін стационардың бейінді бөлімшелеріне жіберуді қамтиды.

      23. Тіс техникалық зертханасы және 3D компьютерлік модельдеуі бар жақсүйек-бетті протездеу кабинеті (жақсүйек-бет ортопедиясы (ересектер, балалар)) (бұдан әрі - Кабинет) жақсүйек-бет аймағының және тіс-жақсүйек жүйесінің хирургиялық патологиясы бар науқастарды оңалту үшін республикалық маңызы бар қалаларда, астанада стационарлық және (немесе) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін қалалық, облыстық немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады.

      24. Кабинет мыналарды жүзеге асырады:

      1) обтураторларды, резекциялық протездер мен эктопротездерді жасау жолымен жақсүйек-бет аймағының жүре пайда болған және туа біткен ақаулары және деформациясы бар науқастарда өмірлік маңызы бар функцияларды және жақ-бет аймағының эстетикасын қалпына келтіру;

      2) операциялық үстелде ауыз қуысына салынатын иммедиат-протезді немесе ішінара алмалы-салмалы протезді қорғау пластинасы түріндегі тікелей протезді операцияға дейін дайындау;

      3) операциядан кейін 15-30 күннен кейін қалыптастырушы резекционды протезді дайындау;

      4) операциядан кейін 150 - 180 күннен кейін обтурация бөлігімен тұрақты резекция протезін дайындау;

      5) бет және көз орбитасының ақаулары бар науқастарды эктопротездермен емдеу;

      6) жанамалас ақаулары бар науқастарды эктопротездермен және тұрақты резекция протездерімен емдеу;

      7) резекция протездерін дайындауды жетілдіру;

      8) туа біткен ерін мен таңдай жырығы бар балалар үшін (ай сайын ауыстырылып отырылатын) преформацияланған ортопедиялық аппаратты дайындау және салу;

      9) туа біткен ерін мен таңдай жырығы бар балаларға арналған түкті жабыны бар аппарат дайындау;

      10) туа біткен ерін мен таңдай жырығы бар балаларға арналған (көрсетілім бойынша) уранопластикадан кейінгі таңдай тесігін қалыптастыруға арналған таңдай пластинкаларын дайындау;

      11) тістер пен тістемді жақ-ортопедиялық тегістеу;

      12) жасөспірімдер мен ересектерде функционалдық-ортопедиялық (алмалы-салмалы) және ортодонтты (бекітілген) емдеу;

      13) ыдырау синдромдары кезінде жақсүйек-бет-ортопедиялық емдеу;

      14) жақсүйек буындары аурулары кезінде функционалдық талдау және функционалдық ортодонтты емдеу;

      15) аурулар кезінде тістердің бағдарын өзгерту;

      16) күрделі тіс протезін дайындау;

      17) қазіргі заманғы материалдарды қолдана отырып, анықталған анатомиялық ерекшеліктер, қалыптасқан ақаулар ескеріле отырып, инновациялық технологияларды енгізу;

      18) жақсүйек - бет аймағының ақаулары мен деформациясының көлемі мен топографиясын ескере отырып, эктопротезді дайындау тәсілдерінің әзірлемесін енгізу және жетілдіру;

      19) жақсүйек - бет хирургиялық аурулар кезіндегі емдеу-диагностикалау жұмысының сапасын арттыруға және өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу;

      20) жақсүйек - бет саласы және жақсүйек-тіс жарақаттары мен аурулары бар пациенттердің профилактикасының, диагностикалаудың және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу.

      25. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін медициналық бұйымдардың тізбесі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес берілген.

      26. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге арналған тіс техникалық зертханасы бар жақсүйек-бетті протездеу кабинетін (жақсүйек-бет ортопедиясы (ересектер, балалар)) жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес берілген.

      27. КДК көрсететін медициналық ұйымның бейінді маманы көрсетілім болған жағдайда пациентке еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және (немесе) анықтаманы береді, ал еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалтқан жағдайда "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 тіркелген) медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі - МӘС) жібереді.

      28. Бейінді маман диагностикалық, емдеу іс-шаралар кешенін жүргізгеннен кейін пациентке (қызмет көрсету аумағы бойынша) жақсүйек-бет хирургиялық патологиясынан болған функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын консультациялық қорытынды беріледі және анатомиялық кемістіктер мен организм функцияларының елеулі немесе айқын көрінетін бұзылулары бар жазылмайтын науқастарды және оларға мүгедектік диагноз қойылғаннан кейін белгіленген қалпына келтіру әлеуетінің болмауын қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық немесе диагноз белгіленген сәттен бастап төрт айдан ерте емес адамдар МӘС-ке жіберіледі.

2-параграф. Стационарлық деңгейлерде жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсету

      29. Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге стационарлық деңгейде медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған, сондай-ақ тәулік бойы жоғары технологиялы медициналық қызметтер көрсетіледі.

      30. Пациентті стационарға емдеуге жатқызу:

      1) жоспарлы тәртіппен - МСАК немесе денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша;

      2) шұғыл көрсетілімдер бойынша - жолдаманың бар-жоғына қарамастан;

      3) "Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын және Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11341 болып тіркелген) ақылы негізде жүргізіледі.

      31. Аудандық деңгейде шұғыл жақсүйек-бет хирургиялық көмекті медициналық ұйымдардың хирургиялық бейін стационарында көрсетіледі, мұнда жақсүйек-бет аймағында патологиясы бар науқастарға көмек көрсетуге арналған төсек бөлінеді.

      32. Жақсүйек-бет хирургиялық бөлімшесі "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11231 болып тіркелген) сәйкес көп бейінді ауруханалардың базасында қала, облыс (ересектер немесе балалар) халқына стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.

      33. Медициналық көрсетілім болған кезде бейінді маман пациентті № 761 бұйрыққа сәйкес стационарлық емге жібереді.

      34. Жақсүйек-бет хирург маманы болмаған кезде пациентті көп бейінді аурухананың жақсүйек-бет хирург мамандандырылған бөлімшесіне, ал кезек күттірмейтін жағдайларда жақсүйек-бет хирург маманын санитариялық авиация желісі арқылы шақыртады немесе телемедина бойынша консультация жүргізіледі. Өмірлік маңызды функциясының бұзылуының туындау қаупі кезінде пациент қарқынды терапия немесе реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылады.

      35. Медициналық ұйымға стационарлық емдеуге түскен кезде пациентті қабылдау бөлімшесінде жақсүйек-бет хирург (немесе хирург) дәрігері қарап - тексереді және көрсетілімдер болған жағдайда жақсүйек-бет хирургиясы бөлімшесіне немесе жақсүйек-бет хирургиялық аймағының патологиясы бар науқастарға көмек көрсетуге арналған керуеттер ашылған хирургиялық бейінді бөлімшеге емдеуге жатқызылады.

      36. Кодекстің 93-бабына сәйкес болуы мүмкін салдарларды көрсете отырып, медициналық көмектен бас тарту медициналық құжаттарда жазбамен ресімделеді және оған пациент немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.

3-параграф. Стационарды алмастыратын деңгейлерде жақсүйек-бет хирургиялық көмек көрсету

      37. Жақсүйек-бет хирургиялық аурулары бар пациенттерге стационарды алмастыратын көмек № 669 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      38. Жақсүйек-бет хирургиялық аурулары бар пациенттерге стационарды алмастыратын көмек зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен және бейінді мамандардың консультациясымен МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша күндізгі стационар жағдайында ұсынылады.

      39. Стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде дәрігер пациентті қарап-тексереді, жүргізіліп жатқан емді түзетеді, қажет болған кезде қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерді және бейінді қызметтердің медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес және диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын басшылыққа ала отырып, бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды.

  Қазақстан Республикасында
жақсүйек-бет хирургиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
1-қосымша

Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық бұйымдардың тізбесі

Р/с

Атауы

Саны

1

Дефибриллятор

1

2

Стоматологиялық диатермокоагулятор

1

3

Стерильді аспапты сақтауға арналған камера

1

4

Ларингоскоп

1

5

Амбу қабы

1

6

Стоматологтың аспабының жиынтығы

2

7

Стоматолог ортодонт аспабының жиынтығы

2

8

Негатоскоп

1

9

Радиовизиграфиялық жүйе

1

10

Құрғақ қыздыру шкафы

1

11

Стоматолог қондырғысы

1

12

Стационарлық сәулелі бактерицид

1

13

Жалпы дәрігер жиынтығы

1

14

Дәрігердің қабылдау бөлімшесінің жиынтығы

1

15

Емшара жиынтығы

1

  Қазақстан Республикасында
жақсүйек-бет хирургиялық
көмек көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
2-қосымша

Жақсүйек-бет хирургиялық патологиясы бар пациенттерге медициналық көмек көрсетуге арналған тіс техникалық зертханасы бар жақсүйек-бетті протездеу кабинетін (жақсүйек-бет ортопедиясы (ересектер, балалар)) жарақтандыру

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Дәрігерлік үстел

дана

1

2

Орындығы (кресло) бар стоматологиялық қондырғы

дана

1

3

Тіс техникалық балғасы

дана

1

4

Тіс техникалық төсі

дана

1

5

Тіс техникалық штапелі

дана

2

6

Тіс техникалық пышағы

дана

1

7

Резиңкелі колба

дана

5

8

Тістің қалпын алуға арналған қасықтар

дана

50

9

Шеңдеуішке арналған диаметрі 2 мм болатын алюминді сым (бумада 5)

қаптама

2

10

бактерицидті сәулендіргіші бар зарасыздандырылған бұйымдарды сақтауға арналған камера

дана

1

11

Электроодонтомер

дана

1

12

Стоматологиялық құралдарды тазалауға арналған ультрадыбыстық қондырғы

дана

1

13

Екі шыны сөрелері бар стоматологиялық үстел

дана

1

14

Стоматологтың орындығы

дана

1

15

Стоматологиялық сүйек қысқыштары

дана

1

16

Альгинатты көшірмелі маска

дана

50

17

Силиконды көшірмелі маска

дана

50

18

Спиртовка

дана

2

19

Майсыз компрессор адгезор

дана

1

20

Цемент (адгезор, фосфат, кеттакцем)

дана

10

21

Электрошпатель

дана

2

22

Фотополимеризациялық шам

дана

2

23

Ұзындығы 145 мм крампонды қысқыштар, жұмыс ұшының қалындығы 0,6 мм № 1 ЩБ

дана

2

24

Скейлерлер

дана

1

25

Құралдарды зарасыздандыруға арналған аппарат

дана

2

26

Ұзындығы 150 мм жалпы міндетті пинцет

дана

2

27

Әртүрлі скальпелдер, бір реттік

жиынтық

50

28

Стоматологиялық айна

дана

10

29

Стоматологиялық айнаға арналған тұтқа, ұзындығы 136 мм

дана

10

30

№ 1 ЗИ майысқан стоматологиялық зонд

дана

10

31

№ 2 ЗШ найзалы стоматологиялық зонд

дана

10

32

Майысқан тіс пинцеті

дана

10

33

Стоматолог дәрігерге арналған қорғаушы плаcтикалық түссіз көзілдірік

дана

2

34

Екі жақты ұзындығы 180 мм цементке арналған стоматологиялық, шпатель

дана

10

35

Цементті араластыруға арналған шыны пластинка

дана

10

36

Ұзындығы 140 мм бір үшкір жағы бар түзу қайшы,

дана

2

37

Ұзындығы 140 мм пластинкалық анатомиялық хирургиялық жалпы міндеті бар пинцет

дана

4

38

Карпульды шприц

дана

2

39

Кремальерасы бар ауыз кеңейткіші

дана

2

40

Бүйрек тәріздес пластмас ыдыс

дана

10

41

Бүйрек тәріздес эмальді ыдыс

дана

10

42

Медициналық термометр

дана

5

43

Тілге арналған, дөңгелек тесіктері бар екі жақты шпатель

дана

10

44

Ересектерге арналған тіл ұстағышы

дана

2

45

Алмазды стоматологиялық құралдарды тазартуға арналған сұйықтық -құтыда 150 мл

құты

2

46

Анестетиктер (артикаин,мепивакаин,ультракаин) бумада 100 дана

бума

5

47

Стоматологиялық құралдарды зарасыздандыруға арналған заттек

литр

20 л

48

Конусты кескіні бар тісті техникалы фрезкасы

дана

5

49

Бір жылға стоматолог ортопедке арналған бұрыштық, түзу ұштары бар турбиналық қатты қоспалы бұрғы жиынтығы

жиынтық

3

50

Бұрышты ұштар

дана

4

51

Бұрышты ұштарға арналған тісті бұрғылардың жиынтығы

жиынтық

2

52

Дискілер

дана

5

53

Түзу көз қайшылары -

дана

2

Тіс техникалық зертханаға (бөлмеге) арналған жарақтандыру мен жабдықтау

Р/с

Материалдың атауы

Толық сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Саны


1

2

3

4

1

Тіс техникалық бұрғы машинасы

Тіс техникалық моторы

дана

2

2

Стоматологиялық полимеризатор

Пластмассаны полимеризациялау үшін

дана

1

3

Тіс техникалық үстел

Тіс технигінің жұмыс үстелі

дана

2

4

Тіс техникалық қатты қоспалы фреза -жиынтықта

Тіс протездерін өңдеу үшін

дана

50

5

Электрлік шпатель

Балауызды композицияларды үлгілеу үшін. Тат баспайтын болаттан жасалған

дана

3-5

6

Шығыс материалдары

Жасанды тістер, , және т.б. құюға арналған металл


100

базисті балауыздар 500 г.

қаптама

15

үлгілеу балауыздар

қаптама

10

7

Үлкен кювет

Ортопедиялық пластмассаны полимерлеу үшін

дана

10

8

Бюгель

Кювета жинау үшін

дана

10

9

Окклюдатор

Окклюзиялық бетті орнату үшін

дана

10

10

Пресс

протездерді паковкалау үшін

дана

1

11

Фильцтер, щеткалар, резиналы сақиналар

Протездерді жылтыратуға арналған

дана

20

12

Триммер

Гипс кесу үшін

дана

1

13

Тістехникалық балға

Металл сауыттарды қалыптастыру үшін

дана

2

14

Тіс техникалық төс

Металл сауыттарды қалыптастыру үшін

дана

2

15

Тіс техникалық шпатель

Тіс-техникалық бұйымдарды кесу және үлгілеу үшін

дана

2

16

Резеңкелі колба

Қалыптастыру материалды араластыруға арналған

дана

2

17

Пинцеттер

Тіс техникалық жұмыс үшін

дана

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады