"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20722 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 366 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18035 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 72 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18422 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шараларды орындағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекішілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 25 мамырдағы
№ 141 бұйрығымен бекітілген

"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Экспорты және (немесе) импорты халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттары және мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттары негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысына сәйкес әзірленді және "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) архивтік құжат - қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;

      2) мәдени құндылықтар - тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар, зайырлы және діни сипаттағы материалдық және материалдық емес құндылықтар.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "электронды үкіметтің" www. egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінішпен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

      5. Портал арқылы жүгінгенде "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушының жүгінулері тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің нәтижесін алған күні көрсетілген хабарлама көрінеді.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жауапты қалыптастырады.

      Құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы олардың мазмұны мен толықтығын тексереді, мәдени құндылықтардың немесе ұлттық архив қорлары құжаттарының, немесе архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру мүмкіндігі тұрғысынан қарайды және 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің біреуін шығарады:

      1) мәдени құндылықтардың немесе ұлттық архив қорлары құжаттарының немесе архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру туралы;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электронды цифрлық қолы қойылған, электронды құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 4 (төрт) сағат ішінде порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мәдени құндылықтардың экспортына немесе ұлттық архив қорлары құжаттарының экспортына немесе архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мәдениет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.

3-тарау. Лауазымды тұлғалардың көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Уәкілетті орган, шағым жасалатын лауазымды адамның шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте уәкілетті орган, шағым жасалатын лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне), егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      10. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Мәдени құндылықтардың,
ұлттық архив қорлары
құжаттарының, архив құжаттары
түпнұсқаларының экспортына
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша

"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына рұқсат беру қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz. "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүргізіледі.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттар пакетін порталға тапсырған сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
лицензияны бергенде – 10 (он) жұмыс күні.
Лицензияны қайта ресімдегенде - 3 (үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті алушымен осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы, және (немесе) қолдану мерзімі аяқталған құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту туралы жауапты қалыптастырады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы мәдени құндылықтардың экспортына лицензия немесе ұлттық архив қорлары құжаттарының экспортына лицензия немесе архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанында сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді есепке алмағанда дүйсенбіден жұманы қоса, сағат 9.00-дан 18.30 - дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен.
Портал: тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді есепке алмағанда, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғасын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндері жүгінгенде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жерлерінің мекенжайлары көрсетілетін қызмет берушінің интернет-ресурсында: msm.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орнастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған, электронды құжат нысанындағы өтініш;
2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішке қосымша;
3) сыртқы сауда шартының (келісім шарттың), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың (бір реттік лицензия үшін) электронды көшірмесі;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметіне немесе қызметтің жеке түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

  Мәдени құндылықтардың,
ұлттық архив қорлары
құжаттарының, архив құжаттары
түпнұсқаларының экспортына
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге: _____________________
(көрсетілетін қызметті беруші)
кімнен: ___________________
(заңды тұлғалар үшін: толық
атауы, орналасқан жері, өндіріс
объектісінің есепке алу нөмірі
(коды), заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) нөмірі және күні, жеке
нөмірі / жеке тұлғалар үшін:
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі, есепке алу
нөмірі (коды), сәйкестендіру
нөмірі, дара кәсіпкер ретінде
қызметінің басталғаны туралы
хабарлама, тіркелген күні,
телефонның, факстың, ұялы
байланыстың абоненттік нөмірі
және (немесе) электрондық
мекенжайы (бар болса))

Өтініш

      Сізден _______________________ (экспортына) лицензия беруіңізді сұраймын.

      (экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет))

      1. Мәдени құндылықтың, ұлттық архив қорлары құжатының, архив құжаты

      түпнұсқасының атауы, оның өлшем бірліктері

      2. Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)

      3. Мәдени құндылықтың, ұлттық архив қорлары құжатының, архив құжаты

      түпнұсқасының шыққан жері, мекенжайы

      4. Мәдени құндылықтың, ұлттық архив қорлары құжатының, архив құжаты

      түпнұсқасының экспорты кезінде пайдаланылуы болжанатын көлік түрі

      5. Мәдени құндылықты, ұлттық архив қорлары құжатын, архив құжаты

      түпнұсқасын алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін

      көрсете отырып, мәдени құндылықтың, ұлттық архив қорлары құжатының,

      архив құжаты түпнұсқасының жол жүру бағдары

      6. Экспорттың мақсаты

      7. Сақтауды жүзеге асыратын ұйымның атауы мен нөмірін көрсете отырып,

      үшінші елдер (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын

      мемлекеттер) (экспорттау кезінде)

      8. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы

      9. Объектінің орналасқан жері (мекенжайы)

      10. Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын,

      қол жетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің

      шүбәсіздігін растаймын.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы, күні)

  Мәдени құндылықтардың,
ұлттық архив қорлары
құжаттарының, архив құжаттары
түпнұсқаларының экспортына
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беруге арналған өтінішке қосымша

______ №______ өтінішке қосымша

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Барлығы _____ парақ
№_____ парақ

Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөр. Күні

  Мәдени құндылықтардың,
ұлттық архив қорлары
құжаттарының, архив құжаттары
түпнұсқаларының экспортына
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша

Біліктілік талаптар туралы мәліметтер нысаны


р/c

Біліктілік талаптар

Оларға сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Лицензияны алуға ниеттігін растау

Евразиялық экономикалық комиссия Алқасының тиісті шешімімен бекітілген, Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтінішті ресімдеу және ондай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген өтініш


2

Тауарлардың идентификациясы

Әрбір шығарылатын мәдени құндылықтың барынша өзіне тән проекциясының мөлшері 10х15 сантиметр екі фотосуреті немесе шығарылатын архивтік құжаттың екі көшірмесі, ал қажет болған жағдайда - мәдени құндылықтың (архивтік құжаттың) өзін


3

Құқыққа иелігінің заңдылығы

Тауарға меншік құқығын растайтын құжат


  Мәдени құндылықтардың,
ұлттық архив қорлары
құжаттарының, архив құжаттары
түпнұсқаларының экспортына
рұқсат беру қағидаларына
5-қосымша

Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

1. № ___ лицензия

2. Қолданыста болу кезеңі _____-нен/нан ______ дейін.

3. Лицензия тұрпаты ЭКСПОРТ

4. Келісім-шарт ___________________ № ______

5. Өтініш беруші

6. Сатып алушы

7. Шығарылатын ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісім-шарт валютасы

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығу елі

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Тауардың СЭҚ БТН бойынша коды және оның сипаттамасы


16. Қосымша ақпарат


17. Лицензияны беруге негіз

18. Уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Қолы және мөр Күні


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады