Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20723 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізім бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушы
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
1-қосымша

"Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шаралары бағдарламасының электрондық көшірмесі қоса беріледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу-хатты қалыптастырады, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Су объектілерінің сарқылуына
жол бермеуге бағытталған су
қорғау іс-шараларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Геология
комитетінің
____________________________
(қаласы) бойынша аумақтық
бөлімшесінің басшысы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
кімнен______________________
(өтініш берушінің толық атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және жеке
сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, деректемелері,
телефоны)

Өтініш

      Сізден жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған қорғау іс-шараларын келісуіңізді сұраймын.

      Объектінің орналасқан жері: _________________________ (облыс)

      Қосымша:

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл.

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңба)

  "Су объектілерінің сарқылуына
жол бермеуге бағытталған су
қорғау іс-шараларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша

"Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шараларын келісім-хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) су объектілерінің сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау іс-шаралары бағдарламасының электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет
көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының Су кодексінің 112 және 115-баптарына сәйкес талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Су объектілерінің сарқылуына
жол бермеуге бағытталған су
қорғау іс-шараларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Су объектілерінің сарқылуына
жол бермеуге бағытталған су
қорғау іс-шараларын келісу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  нысан
  Өтініш берушіге
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)

      Өңіраралық департаменттің қарауына ұсынылды:

      1) "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларының бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) - 1 дана.

      Бағдарлама әзірленіп қарастыруға және келісуге ұсынылды _________________

      Бағдарлама ___________________сәйкес құрастырылған.

      Бағдарлама _______________________үшін әзірленген.

      Бағдарламадакөзделген: __________________

      Қорытынды: Бағдарлама келісілді/

      Департамент келесі негіздер бойынша келісуден бас тартады (себебін көрсету)_________________________________________

      Келіспеген жағдайда "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларының 9-тармағына сәйкес Сіз мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

      Департаменттің басшысы

      Орындаушы (Т.А.Ә., телефон)

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
2-қосымша

"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz (бұдан әрі - Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) жазылған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны қалыптастырады, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Су объектілерінің жай-күйіне
әсер ететін объектілерді салуға,
реконструкциялауға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта
жарақтандыруға, қайта
бейіндеуге), пайдалануға,
консервациялауға, жоюға
(кейіннен кәдеге жаратуға)
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі Геология
комитетінің
____________________________
(қаласы) бойынша аумақтық
бөлімшесінің басшысы
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
кімнен______________________
(өтініш берушінің толық атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және жеке
сәйкестендіру нөмірі,
мекенжайы, деректемелері,
телефоны)

Өтініш

      Сізден Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беруді сұраймын.

      Объектінің орналасқан жері: _________________________

      Қосымша:_____________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл.

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), электрондық цифрлық қолтаңба)

  "Су объектілерінің жай-күйіне
әсер ететін объектілерді салуға,
реконструкциялауға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта
жарақтандыруға, қайта
бейіндеуге), пайдалануға,
консервациялауға, жоюға
(кейіннен кәдеге жаратуға)
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жобалық құжаттаманың электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының Су кодексінің 55 және 125-баптарына сәйкес талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Су объектілерінің жай-күйіне
әсер ететін объектілерді салуға,
реконструкциялауға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта
жарақтандыруға, қайта
бейіндеуге),
пайдалануға, консервациялауға,
жоюға (кейіннен кәдеге
жаратуға)
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Су объектілерінің жай-күйіне
әсер ететін объектілерді салуға,
реконструкциялауға (кеңейтуге,
жаңғыртуға, техникалық қайта
жарақтандыруға, қайта
бейіндеуге),
пайдалануға, консервациялауға,
жоюға (кейіннен кәдеге
жаратуға)
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан
  Өтініш берушіге
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
(бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Қорытынды

      Өңіраралық департаменттің қарауына ұсынылды:

      3) "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      4) Жобалық құжаттама – 1 дана.

      Жоба әзірленіп қарастыруға және келісуге ұсынылды _________________

      Жоба ___________________сәйкес құрастырылған.

      Жоба_______________________үшін әзірленген.

      Жобада көзделген: __________________

      Қорытынды:Жоба келісілді/

      Департамент келесі негіздер бойынша келісуден бас тартады (себебін көрсету)_________________________________________

      Келіспеген жағдайда "Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларының 9-тармағына сәйкес Сіз мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.

      Департаменттің басшысы

      Орындаушы (Т.А.Ә., телефон)

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
3-қосымша

"Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) өтініш береді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін )электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметкеқойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген.

      5. Берілген лицензиялар сыртқы сауда қызметінің басқа қатысушыларына қайта ресімдеуге жатпайды.

      Берілген лицензияларға өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші бір жолғы лицензия береді.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері оларды Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және аудандар мен отын-энергетикалық және минералдық шикізаттың кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпаратты экспорттауға лицензия береді не Стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Отын-энергетикалық және
минералды шикізат аудандары
мен кен орындары бойынша
жерқойнауы туралы ақпараттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жерқойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беруге арналған өтініш

1. Өтініш №

2. Қолданылу кезеңі
___бастап ___дейін

3. Лицензияның типі |ЭКСПОРТ

4. Келісімшарт
____ жылғы № ___

5. Көрсетілетін қызметті алушы|

6. Сатып алушы

7. Тағайындалған елі|

8. Сатып алушының елі|

9. Келісімшарт валютасы|

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіздеме

18. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі дара кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда (бар болған жағдайда)
Күні

  Тауарлардың жекелеген
түрлерінің экспортына
және (немесе)
импортына лицензия алуға
арналған өтінішке
қосымша

____жылғы _________ №___ лицензияға қосымша

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

құны

Р/с №

Тауардың сипаттамасы

саны

өлшем бірлігі

Құны

Барлық парақ__ Парақ №__

18. Уәкілетті тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі дара кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда (бар болған жағдайда)
Күні

  "Отын-энергетикалық және
минералды шикізат аудандары
мен кен орындары бойынша
жер қойнауы туралы ақпараттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2- қосымша

"Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі

Көрсету мерзімі – 15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi

Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия және (немесе) оған қосымша, не осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттiк қызмет көрсету заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны дубликатын беру кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) айлық есептік көрсеткішті;
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейда банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметке" төлем шлюзі немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырудың (бір жолғы лицензия үшін)электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын басқа құжаттың көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметкеқойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестіктірастайтын құжаттар тізбесіне сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дұрыс емес мәліметтердің болуы;
2) осы мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағы 3) тармақшасының көзделген талаптардың сақталмауы;
3) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
4) іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдары болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның таусылуы не олардың болмауы (квоталық тауарларға лицензия ресімдеген жағдайда);

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ 1414, 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
4-қосымша

"Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді www.egov.kz (бұдан әрі-портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

      Өтінішке құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттармен қоса беріледі

      Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды жібереді арқылы:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

      өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса;

      "геологиялық есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша жерасты құрылысы объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типін, коллектор қабатының орналасу тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын қамтитын геологиялық есеп, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жерасты суларының табиғи ағынының жылдамдығы, көмудің, қоймалаудың және төгудің тау-кен техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары);

      өнімнің атауын, ол түзілетін техникалық өндірісті немесе процесті, оның физикалық сипаттамасын, толық химиялық құрамын, уытты компоненттердің құрамын, өрт қауіптілігін, жарылыс қауіптілігін, ерігіштігін, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігін, негізгі ластаушы радионуклидтерді, олардың белсенділігін, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамаларын көрсете отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы;

      Кодекстің 257-бабының 2-тармағында және 260-бабының 4-тармағында көзделген сараптамалар мен келісулерді қоса бере отырып, Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы және жою жоспары;

      портал:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініштің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың электронды көшірмелері;

      өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, егер мұндай тұлғаны өтініш беруші тағайындаған болса;

      "Геологиялық есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша жерасты құрылысы объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типін, коллектор қабатының орналасу тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын қамтитын геологиялық есептің электрондық көшірмесі, Кодекстің 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жерасты суларының табиғи ағынының жылдамдығы, көмудің, қоймалаудың және төгудің тау-кен техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайлары;

      өнімнің атауын, ол түзілетін техникалық өндірісті немесе процесті, оның физикалық сипаттамасын, толық химиялық құрамын, уытты компоненттердің құрамын, өрт қауіптілігін, жарылыс қауіптілігін, ерігіштігін, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігін, негізгі ластаушы радионуклидтерді, олардың белсенділігін, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамаларын көрсете отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасының электрондық көшірмесі;

      Кодекстің 257-бабының 2-тармағында және 260-бабының 4-тармағында көзделген сараптамалар мен келісулерді қоса бере отырып, Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасының және жою жоспарының электрондық көшірмесі.

      Кодекстің 251-бабы 5-тармағына сәйкес өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.

      Шетелдіктің немесе шетелдік заңды тұлғаның өтінішіне қоса берілетін құжаттар консулдық заңдастыру туралы талаптар сақтала отырып немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қоя отырып ұсынылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта жазылған.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдайды және өтініштің дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне – көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қағаз түріндегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және орындауға жібереді.

      Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия алу үшін құжаттар топтамасын толықтығын және қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда, орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілген мерзімде толық болмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол порталдағы "жеке кабинетіне" өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындайды, қол қояды және кеңсеге Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді.

      Кеңсе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (сенімхат бойынша оның өкіліне) береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.".

      Берілген өтініш туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында: www.gov.kz "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" бөлімінде өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мыналарды қамтиды:

      1) өтініш берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) өтініш беруші пайдалануға беруді өтінетін жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақтың координаттары;

      3) өтініштің келіп түскен күні мен уақыты көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Лицензия келесі жағдайларда қайта ресімдеуге жатады:

      жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтерді өзгерту: жеке тұлғалар үшін-тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) және (немесе) азаматтығын өзгерту;

      заңды тұлғалар үшін – атауын немесе орналасқан жерін өзгерту;

      жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуы;

      лицензия мерзімін ұзарту;

      жер қойнауы учаскесі аумағының шекараларын өзгерту.

      Лицензияны қайта ресімдеу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша берілетін көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша (портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған) жүргізіледі.

      Лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтінішке құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттармен қоса беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Жер қойнауы кеңістігін
пайдалануға арналған
лицензияны беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  __________________________
__________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________________
__________________________
жеке тұлғалар үшін – өтініш
берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі, байланыс
деректері;
заңды тұлғалар үшін – өтініш
  берушінің атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(болған кезде),
байланыс деректері

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініш

  "__"_________20__жыл

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беруді сұраймын

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1

жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер


2

заңды тұлғалар үшін-өтініш берушінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді немесе өтініш беруші шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат немесе құжаттарды берген елдің апостиль мөрін қою)


3

өтініш беруші пайдалануға беруді өтінген жер қойнауының тиісті учаскесін анықтайтын аумаққа нұсқау (жер қойнауы учаскесінің алаңы мен географиялық координаттары)


4

сұратылған жер қойнауы учаскесін пайдалану мерзімін көрсету


5

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 249-бабына сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатын көрсету


      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1)___________________________________________________________________

      2)___________________________________________________________________

      3)___________________________________________________________________

      4)___________________________________________________________________

      (құжаттардың атауы және парақтар саны)*

      Ескертулер: * құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл.

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы/ электрондық цифрлық қолтаңба (қағаз нысанын қамтымайды)

  "Жер қойнауы кеңістігін
пайдалануға арналған
лицензияны беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - Портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 726 – бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш қол қойылатын бонус төлейді.

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 13.00 – ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күтусіз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында: www. gov. kz "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі" бөлімінде орналасқан.
Порталдың жұмыс жасау кестесі -жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініштің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса;
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған, жерасты құрылысжай объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, қоймаға жинап қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын қамтитын, "Геологиялық есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша геологиялық есеп;
өнімнің атауы, техникалық өндіріс немесе ол түзілетін процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің құрамы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі көрсетілген зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы;
Кодекстің 257-бабының 2-тармағында көзделген сараптамаларды және келісуді қоса бере отырып, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы мен тарату жоспары.
Порталға жүгінген кезде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беру туралы өтініштің 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың электронды көшірмелері;
өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса, оның электронды көшірмесі;
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 252-бабы 1-тармағының 3-бөлігіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған, жерасты құрылысжай объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, қоймаға жинап қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын қамтитын, "Геологиялық есептің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 418 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17069 болып тіркелген) нысан бойынша геологиялық есепэлектронды көшірмесі;
өнімнің атауы, техникалық өндіріс немесе ол түзілетін процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің құрамы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі көрсетілген зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасыэлектронды көшірмесі;
Кодекстің 257-бабының 2-тармағында көзделген сараптамаларды және келісуді қоса бере отырып, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы мен тарату жоспарының электронды көшірмелері.
2) лицензияны қайта ресімдеу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы беретін жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензияны қайта ресімдеуге өтініш (портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған) бойынша жүргізіледі.
Өтінішке онда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар әрбір құжатқа дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде жасалуы мүмкін.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздердің бірі болған кезде жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия беруден бас тартады:
1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар Кодекстің 251-бабында және 252-бабының 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) өтінішке Кодекстің 251-бабында және 252-бабының 1-тармағында талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;
3) сұратылған жер қойнауы учаскесі немесе оның бір бөлігі жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша басқа тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауы учаскесіне жатады;
4) сұратылған жер қойнауы учаскесі Кодекстің 19-бабы 3-тармағының және 250-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
5) сұратылған жер қойнауы учаскесі Кодекстің 250-бабының 2-тармағында көрсетілген аумақтарда толық немесе ішінара орналасқан;
6) лицензия беру ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді;
7) өтінішке қоса берілетін геологиялық есеп сараптамасының қорытындысына сәйкес, өзінің геологиялық және (немесе) геотехникалық сипаттамалары бойынша сұратылған жер қойнауы учаскесі өтініште көрсетілген мақсаттарда жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жарамсыз екендігі анықталса;
8) өтініш беруші жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын және тарату жоспарын сараптаудың және келісудің талап етілетін оң қорытындыларын табыс ету мерзімін сақтамаған кезде.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндік бар.
"Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі пайдалануға берілген сәтке дейін электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету тестілік режимде жүзеге асырылады.

  "Жер қойнауы кеңістігін
пайдалануға арналған
лицензияны беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия

      №_______________ күні "___" ___________ 20___жыл

      1. Берілген______________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке тұлғаның азаматтығы/заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері) (жер қойнауын пайдалану құқығын жалпы иеленген жағдайда мәліметтерді толық көрсете отырып, барлық иелері аударылады) (бұдан әрі-жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалану құқығын береді"

      Жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері:

      _______________________________________________

      (әрбір иеленуші бойынша пайыздық мәндегі мөлшері)

      2. Лицензия шарттары:

      1) лицензияның мерзімі (жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияның мерзімін ұзарту кезінде мерзім ұзарту мерзімін ескере отырып көрсетіледі): ____________ оны берген күннен бастап;

      2) алаңы жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары __________ шаршы километр,

      келесі географиялық координаттары бар:_____________________

      (географиялық координаталар нүктелерін көрсету)

      3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары:

      Жер қойнауы учаскесі аумағының схемалық орналасуы осы лицензияға қоса беріледі.

      3. Жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері:

      1) қол қойылатын бонусты төлеу _________________ "___"_________20__ жылға дейін;

      2) лицензия мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді (жалдау төлемдерін) төлеу.

      4. Жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (Кодекстің 249-бабына сәйкес операциялардың кіші түрлерінің бірі)

      5. Лицензияны қайтарып алу негіздері:

      1) осы лицензияның 3 және 4-тармақтарында көзделген лицензиялардың шарттарын бұзу;

      2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген қызметке тыйым салынған жағдайда.

      6. Лицензияны берген мемлекеттік орган

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________ (лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)

      _____________________ басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы (қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)

      Мөр орны (қағаз жеткізгіштегі лицензиялар үшін)

      Берілген орны: Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы,

  "Жер қойнауы кеңістігін
пайдалануға арналған
лицензияны беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  __________________________
__________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_______________________
_________________________
жеке тұлғалар үшін – тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған кезде),
өтініш, жеке сәйкестендіру
нөмірі (болған кезде), байланыс
деректері; заңды тұлғалар үшін
– өтініш берушінің атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі
(болған кезде), байланыс
деректері

Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш

  "__"_________20__жыл

Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын

Өтініш беруші туралы мәліметтер

1

жеке тұлғалар үшін-өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, Өтініш берушінің салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы мәліметтер


2

заңды тұлғалар үшін-өтініш берушінің атауы, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер


3

лицензияның нөмірін (лерін), лицензияны берілген күнін, берушіні көрсету


4

қызмет түрінің толық атауын көрсету


5

лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептерін көрсету


      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1)______________________________________________________________

      2)______________________________________________________________

      3)______________________________________________________________

      4)______________________________________________________________

      (құжаттардың атауы және беттер саны)*

      Ескертулер:

      * құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл.

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы/ электрондық цифрлық қолтаңба (қағаз нысанын қамтымайды)

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2020 жылғы 22 мамырдағы
№ 117 бұйрығына
5-қосымша

Күші жойылды деп тануға жататын кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11452, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 10 шілдесінде жарияланған);

      2. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 657 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11582, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 22 шілдесінде жарияланған);

      3. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 442 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13926, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 25 шілдесінде жарияланған);

      4. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 657 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 тамыздағы № 625 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 14282, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 17 қарашада жарияланған);

      5. "Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 274 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 18656, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 16 маусымда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады