"Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 11-1-4/183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 маусымда № 20814 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 11-1-4/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16354 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанында Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 59-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2020 жылғы 3 маусымдағы
№ 11-1-4/183 Бұйрыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 59-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау тәртібін айқындайды.

      2. "Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі көрсетеді.

2-тарау. Құжаттарды қабылдау және жолдау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға арналған құжаттарды ресімдеу үшін өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

      Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;

      3) отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда - алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.

      4) әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама.

      Әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлік) түпнұсқасын және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуына байланысты әскери есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беруге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының әскери билетін (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігі) қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) алып қойған болса, әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігінің) қабылданғаны туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) берген қолхат ұсынылады;

      5) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;

      6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;

      7) консулдық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

      Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында берілген.

      4. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғаны туралы растау, оның қабылданған күнін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде) және құжаттар пакетін алған уақытын көрсететін белгі болып табылады.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде өтінішті тіркейді, толықтығын және ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді.

      Құжаттардың толық емес екендігі және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімінің өткендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

      6. Құжаттардың (бұдан әрі - құжаттар) толық пакеті ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде қорытынды жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы отбасының әрбір мүшесiне жеке қорытынды жасалады.

      7. Қорытындылар жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың негізінде бір жұмыс күні ішінде енгізілетін ақпараттың толық болуын қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті мәліметтерді "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "Бүркіт" БАЖ) енгізеді.

      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - Ұлттық қауіпсіздік комитеті) көрсетілетін қызметті беруші енгізген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-да қарастыруды және келісуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті беруші "Бүркіт" БАЖ-да көрсетілетін қызметті алушы туралы ақпараттың толық болуын қамтамасыз етпеген жағдайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" БАЖ-ға көрсетілетін қызметті алушы туралы енгізілген мәліметтерді пысықтау қажеттігі туралы жазбаны енгізеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы туралы толық мәліметті "Бүркіт" БАЖ-ға енгізгеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті он бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеуді келісу туралы немесе ұсынылған құжаттарды қайтару туралы шешім қабылдайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттармен бірге қорытындыны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті арқылы (бұдан әрі - Консулдық қызмет департаменті) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркелген жері бойынша ішкі істер органына (бұдан әрі - ішкі істер органы) құжаттарды қабылдаған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      10. Ішкі істер органы келіп түскен құжаттар мен қорытындыны қарастырып, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркеуінің болуына қарамастан, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге шешім ресімдеу туралы немесе ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      11. Ішкі істер органы құжаттардың қарастырылу нәтижесі туралы көрсетілетін қызметті берушіні Консулдық қызмет департаменті арқылы отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді және сонымен бір мезгілде "Бүркіт" БАЖ-ға белгі енгізеді.

      12. Ішкі істер органы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге шешім ресімдеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге шешімнің ресімделгені туралы хабарлама береді, ол Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталады немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсаттың ресімделгені туралы хабарлама беруден дәлелді бас тартылады.

      13. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынылған құжаттарды қайтарған жағдайда немесе ішкі істер органы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны осы туралы хабардар етеді.

      14. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеу туралы құжаттарды қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды берген күнінен бастап есептелінеді және Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарында қаралу мерзімін қоса алғанда, үш айдан аспайды.

      15. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат алған тұлғалардың есебі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат алған азаматтардың есебі жөніндегі жеке журналда жүргізіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық мемлекеттік органның көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша уәкілетті органға беріледі.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
1-қосымша

САУАЛНАМА-ӨТІНІШ/ЗАЯВЛЕНИЕ - АНКЕТА

      Жеке сәйкестендіру нөмірі / Индивидуальный идентификационный номер



      Тегі/Фамилия


      Аты/Имя


      Әкесінің аты (бар болған кезде) / Отчество (при его наличии)



4. Туған күні / Дата рождения

күні / день


айы / месяц


жылы / год


5. Жынысы / Пол

ер / мужской


әйел /женский


      7. Азаматтығы / Гражданство


      8. Ұлты / Национальность


9. Туған жері / Место рождения

Ел / Страна


Облыс / Республикалық маңызы бар қала / Область / Город республиканского значения


Аудан / Республикалық маңызы бар қаладағы аудан/ Облыстық маңызы бар қала /
Район / Район в городе республиканского значения /Город областного значения


Округ / Аудандық маңызы бар қала/ Облыстық маңызы бар қаладағы аудан /
Округ / Город районного значения / Район в городе областного значения


Елді мекен / Населенный пункт




10. Қайдан кетеді/Откуда выбывает
____________________ Ел/ Страна
_____________________________
Облыс / Республикалық маңызы бар қала / Область / Город республиканского значения
_____________________________
Аудан / Республикалық маңызы бар қаладағы аудан/ Облыстық маңызы бар қала /
Район / Район в городе республиканского значения /Город областного значения
_____________________________
Округ / Аудандық маңызы бар қала/ Облыстық маңызы бар қаладағы аудан /
Округ / Город районного значения / Район в городе областного значения
_____________________________
Елді мекен / Населенный пункт

11. Қайда кетеді / Куда выбывает
_________________ Ел/ Страна
___________________________
Елді мекен / Населенный пункт
___________________________
___________________________
___________________________

12. Кету мақматы/
Цель выбытия

2. Жұмысқа байланысты /В связи с работой




3. Оқуға байланысты / В связи с учебой



4. Отбасы жағдайына байланыста/ Семейные обсоятельства



9. Басқа / Другое



      ________________________________________________________________

      В дальнейших разделах необходимо заполнить лицам в возрасте 16 лет и старше. Пожалуйста, выберите один из указанных вариантов

13. Қоғамдық санаты / Общественная категория

1. Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер (ұйымда, мекемеде, жекетұлғаларда, шаруа немесе фермер қожалығында) / Наемный (оплачиваемый) работник (в организации, предприятии, у отдельных физических лиц, крестьянском или фермерском хозяйстве)



2. Өзбетінше жұмыспен қамтылған қызметкер (жұмыс беруші, өзбетінше жұмыс істейтін (өз есебінен жұмыс істейтін), отбасы кәсіпорнының көмекші (ақы төленбейтін) қызметкері, кооперативтің мүшесі және жеке ауласында жұмыс істейтін / Самозанятый работник (работодатель, самостоятельные работники (работающие за свой счет), помогающие не оплачиваемые работники семейных предприятий, члены кооперативов и занятые в личном подсобном хозяйстве)



3. Жұмыссыз / Безработный



4. Студент / Студент



5. Зейнеткер / Пенсионер



9. Өзгелер (оқушылар, үй шаруашылығындағы әйелдер және тағы басқа) / Прочие (учащиеся, домохозяйки и так далее)



14. Білім деңгейі / Уровень образования
(Тіркеу сәтіне ең жоғары жеткізген білімінің деңгейін көрсету қажет / Необходимо указать максимально достигнутый уровень образования на момент регистрации)


15. Білімі бойынша мамандығы / Специальность по образованию


1. Сәулеттік-құрылыстық /Архитектурно-строительная



1. Жоғары / Высшее




2. Медициналық / Медицинская




3. Педагогикалық / Педагогическая



2. Орта техникалық және кәсіптік/ Среднее техническое и профессиональное




4. Техникалық / Техническая




5. Экономикалық / Экономическая



3. Жалпы орта / Общее среднее




6. Заңгерлік / Юридическая




7. Ауылшаруашылық / Сельскохозяйственная



4. Жалпы негізгі /Основное среднее




8. Басқа / Другая



16. Неке жағдайы / Состояние в браке

1. Ешқашан некеде тұрмаған / Никогда не состоял (а) в браке


2. Некеде тұрады / Состоит в браке


3. Тұл еркек (жесір әйел) /Вдовец (вдова)


4. Ажырасқан / Разведен (а)






      Бір уақытта менің кәмелетке толмаған балаларыма шығуға құжаттарды ресімдеуді сұраймын/Одновременно прошу оформить документы на выезд моим несовершеннолетним детям

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) / Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Жеке сәйкестендіру нөмірі / Индивидуальный идентификационный номер

Туған күні / Дата рождения

Паспорт № / № паспорта

Жынысы / Пол





















      17. Жақын туыстары туралы мәліметтер / Сведения о близких родственниках

      (ата-аналары, жұбайлары (оның ішінде бұрынғы), балалары) /родители, супруги (в том числе бывшие), дети)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) / Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

Жеке сәйкестендіру нөмірі / Индивидуальный идентификационный номер

Туыстық дәрежесі (егер қайтыс болса қайтыс болғаны туралы куәлік қоса беру) / Степень родства (если умерли, приложить свидетельство о смерти)

Туғанжылы мен жері / Год и место рождения

Мекенжайы мен баратын жері / Страна пребывания и адрес места жительства

Жұмыс орны / Место работы

Неке (лерді) тіркеу орны тіркелген некесі (лері) бар адамдар үшін / Место регистрации брака (-ов) (для лиц, имеющих зарегистрированный (-ые) брак (-и)















      18. Мемлекет соңғы 5 жыл ішіндегі қызметі / Трудовая деятельность за последние 5 лет

Түскен және босаған жылы / Год поступления и увольнения

Кәсіпорының, мекеменің атауы / Наименование предприятия, учреждения

Кәсіпорының, мекеменің мекенжайы / Адрес предприятия, учреждения

Жұмыс орны / Место работы

Лауазымы / Занимаемая должность

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсаты бар/жоқ, оның ішінде бұрынғы жұмыс (қызмет) орындары бойынша) / Наличие допуска к государственным секретам Республики Казахстан, в том числе по прежним местам работы (службы)



















      Сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткен үшін жауапкершілік туралы ескертілдім (Негіз: "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы).

      Предупрежден (-а) об ответственности за заведомо ложные данные в заявлении-анкете (основание: Закон Республики Казахстанот 22 июля 2011 года "О миграции населения").

      _____________________________________ "___" ___________ 20 __ года

      (көрсетілетін қызметті алушының қолы/подпись услугополучателя)

      Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      Согласен (-на) на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

      _____________________________________ "___" ___________ 20 __ года

      Тіркелген күні / Дата регистрации "__" ___ 20__ года

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қорғаныс істері жөніндегі
басқарманың (бөлімінің)
бастығына
_________________ (облысы)
__________ (ауданы (қаласы)

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуіне байланысты әскери есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтамалар беруге өтініш

      1. ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)

      2. ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (туған күні, айы, жылы, жеке куәлігінің (паспортының) №, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3. ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (туған жері - ауыл, кент, аудан, облыс)

      4. ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (отбасы жағдайы)

      5. ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (тұрғылықты (уақытша келген, тұратын) жері бойынша тіркелген мекенжайы)

      6. ______________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (соңғы жұмыс орны мен атқаратын лауазымы)

      Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге байланысты әскери есептен

      шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін

      __________________________________                  20__жылғы "___" ________________

      ________________________________________________________________________________

      (тегі және аты-жөнінің бас әріптері)                  (қолы)

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерін беруді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

3 (үш) ай.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету түрі

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсаттың ресімделгені туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу әдісі

Мемлекеттiк қызмет консулдық алым ставкаларының мөлшері бойынша жеке тұлғаларға "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" (бұдан әрі - Салық Кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, тек Салық Кодексінің 628-бабында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алымды төлеу қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті берушісағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырады. Сәрсенбі - қабылдамайтын күн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету органдарының мекенжайлары, Сыртқы істер министрлігінің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларын қайтарып береді.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін үлгіде жазбаша түсініктеме береді.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;
3) отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда - алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі;
4) әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама.
Әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлік) түпнұсқасын және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуына байланысты әскери есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беруге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының әскери билетін (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігі) қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) алып қойған болса, әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігінің) қабылданғаны туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) берген қолхат ұсынылады;
5) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;
7) консулдық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Азаматтардан басқа құжаттарды сұратуға жол берiлмейдi.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар, оның ішінде электронды түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      "БЕКІТІЛДІ"

      ___________________ ________

      Қазақстан Республикасының

      шетелдегі мекемесі басшысының қолы

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      мөр орны

      № _____ 20__ жылғы ___________

Қорытынды

      ___________________ Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат

      ресімдеу туралы азамат(ша) ________________________________ өтініші бойынша.

      ____________________________ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне

      ________________________________________ Қазақстан Республикасынан тыс жерге

      тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат ресімдеу туралы өтінішпен,

      ___________________________________ туып өскен, _______ жылы туған ______________

      өтініш білдірді. ________________________ _____ жылы ___________________________

      шықты. ____________________________ кетуге дейін _____________________________

      мекенжайы бойынша тұрған.

      Қазақстан Республикасында соңғы тіркелген орны:

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында cоңғы жұмыс (оқу) орны:

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында тұратын жақын туыстары:

      ________________________________________________________________________________

      Қазіргі уақытта ____________________________________________ мекенжайы бойынша тұрады.

      Өтініш берудің себебі: ____________________________________________________________

      Баяндалғандарға байланысты, ______________________________________________________

      Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат ресімдеу туралы

      азамат(ша) __________ өтінішін қанағаттандыруды мүмкін деп есептейді.

      Қосымша ___________ парақта, құжаттар ____________________________________________

      Мөр орны _______________________________________________________________________

      (Құжатты жасаған консулдық лауазымды адамның лауазымы мен тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанк езде))

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсаттың ресімделгені туралы хабарлама

      _______________________________ тұрғылықты тұруға кетуге РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

      Выезд на постоянное место жительства в _______________________РАЗРЕШЕН

      Негіздеме: 20 ___ жылғы "___" ______ ____ № ____________________________

      ___________________ Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полииясының шешімі

      Основание: Решение Управления миграионной полиии Департамента внутренних дел

      _____________________________ №______ от "___"___________ 20___ года

      Консулдық лауазымды адам/

      Консульское должностное лицо ____________________________________________________

      (қолы/подпись) мөр орны /место печати

  Қазақстан Республикасынан тыс
жерге уақытша жұмыстармен
шыққан және онда тұрақты тұру
үшін қалуға тілек білдірген
Қазақстан Республикасы
азаматтарының құжаттарын
қабылдау және жолдау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және Қазақстан Республикасынан тысжерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсат алған азаматтардың есебі жөніндегі журнал


р/с

Өтініш білдірген күні

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Туған күні және жері

Қазақстан Республикасындағы мекенжайы мен соңғы жұмыс (оқу) орны

Паспорттың № қашан және кім берген

Жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Қазақстан Республикасындағы жақын туыстары, олардың мекен-жайы

Шетелдегі мекен-жайы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сұраудың нөмірі мен күні

Консулдық алым

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
2020 жылғы 3 маусымдағы
№ 11-1-4/183 Бұйрыққа
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 11-1-2/517 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12830 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 ақпанда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығының 1-тармағы 13) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12056 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған);

      3) "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 11-1-2/44 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13568 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Әділет" құқықтық ақпараттық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады