"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 маусымдағы № 42/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 маусымда № 20834 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әскери полиция органдарының гаупвахтасына күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау және орналастыру";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының таңбасын алу, фотоға түсіру және заттарын тексеріп қарау";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Күдіктілерден немесе айыпталушылардан сақтауға және пайдалануға тыйым салынған құжаттарды, заттарды, нәрселерді, бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен азық-түліктерді алу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Гауаптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың сауқаттарды, сәлемдемелер мен ақшалай аударымдарды алуы және жіберуі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың жеделхаттар мен хаттарды алуы және жөнелтуі, сондай-ақ арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды жолдауы";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың дiни рәсімдерді жасауы";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың газеттерге және журналдарға жазылуы";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз ету";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Күн сайын серуенге шығару";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуі";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамның немесе органның рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын кездесулер беріледі.

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша – қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен кездесу";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың тергеу амалдары мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға көтермелеу мен жазалауды қолдану";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді және айыпталушыларды гауптвахта бастығының жеке қабылдауы";

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың денелерін беру";

      17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді және айыпталушыларды босату".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚР Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
К. Масимов

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан"

Приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 4 июня 2020 года № 42/қе. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 июня 2020 года № 20834

      В соответствии с подпунктом 125-15) пункта 16 Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9574, опубликован 6 августа 2014 года в газете "Казахстанская правда") следующие изменения:

      в Правилах внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Прием и размещение подозреваемых и обвиняемых на гауптвахту органов военной полиции";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Проведение личного обыска, дактилоскопирования, фотографирования и досмотра вещей подозреваемых и обвиняемых";

      заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Изъятие у подозреваемых или обвиняемых документов, вещей, предметов, изделий, веществ, ценностей, денег и продуктов питания, запрещенных к хранению и использованию";

      заголовок главы 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 5. Материально-бытовое обеспечение подозреваемых и обвиняемых, водворенных на гауптвахту";

      заголовок главы 6 изложить в следующей редакции:

      "Глава 6. Прием и передача подозреваемым и обвиняемым, водворенным на гауптвахту, посылок, передач и денежных переводов";

      заголовок главы 7 изложить в следующей редакции:

      "Глава 7. Получение и отправление подозреваемыми и обвиняемыми, водворенными на гауптвахту, телеграмм и писем, а также направление жалоб, заявлений и предложений";

      заголовок главы 8 изложить в следующей редакции:

      "Глава 8. Отправление подозреваемыми и обвиняемыми, водворенными на гауптвахту, религиозных обрядов";

      заголовок главы 9 изложить в следующей редакции:

      "Глава 9. Проведение подписки на газеты и журналы подозреваемых и обвиняемых, содержащихся на гауптвахте";

      заголовок главы 10 изложить в следующей редакции:

      "Глава 10. Медико-санитарное обеспечение подозреваемых и обвиняемых, водворенных на гауптвахту";

      заголовок главы 11 изложить в следующей редакции:

      "Глава 11. Проведение ежедневных прогулок";

      заголовок главы 12 изложить в следующей редакции:

      "Глава 12. Проведение свиданий подозреваемых и обвиняемых, содержащихся на гауптвахте, с защитниками, родственниками и иными лицами";

      пункт 84 изложить в следующей редакции:

      "84. Подозреваемым и обвиняемым, содержащимся на гауптвахте, на основании письменного разрешения лица или органа, проводящего досудебное расследование, предоставляется не более двух свиданий в месяц с родственниками и иными лицами продолжительностью до трех часов каждое.

      Свидание с адвокатом, участвующим в деле в качестве защитника, предоставляется по предъявлении им удостоверения адвоката и письменного уведомления о защите (представительстве), предусмотренных Законом Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности и юридической помощи";

      заголовок главы 13 изложить в следующей редакции:

      "Глава 13. Обеспечение участия подозреваемых и обвиняемых в следственных действиях и судебных заседаниях";

      заголовок главы 14 изложить в следующей редакции:

      "Глава 14. Применение поощрений и взысканий к подозреваемым и обвиняемым, водворенным на гауптвахту";

      заголовок главы 15 изложить в следующей редакции:

      "Глава 15. Личный прием начальником гауптвахты подозреваемых и обвиняемых, содержащихся на гауптвахте";

      заголовок главы 16 изложить в следующей редакции:

      "Глава 16. Выдача тел подозреваемых и обвиняемых";

      заголовок главы 17 изложить в следующей редакции:

      "Глава 17. Освобождение подозреваемых и обвиняемых, содержащихся на гауптвахте".

      2. Департаменту военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Комитета национальной безопасности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
национальной безопасности РК
К. Масимов