"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 маусымда № 20852 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 маусымдағы
№ 242 бұйрығына
1-қосымша

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де ақпарат осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында жазылған.

      4. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік корпорациясына жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы жолдайды.

      Басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясына жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын пошталық байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жеткізеді.

      Мемлекеттік корпорацияның барлық өңірлерде құжаттарды қабылдау кезеңі - республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алу конкурсы туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды тіркеу журналына тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау туралы анықтама (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) беруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін басқа өңірлердің не Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жібереді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органдарға берілуі мүмкін.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  "Ғылым саласындағы
сыйлықтарды,
Мемлекеттік ғылыми
стипендияларды алуға
ұсынылған жұмыстарды
қабылдау" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.09.2021 № 491 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Нұр-Сұлтан қаласында - 3 (үш) жұмыс күні;
басқа өңірлерде - 15 (он бес) жұмыс күні.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорацияның барлық өңірлерде құжаттарды қабылдау кезеңі - республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік корпорацияда қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз немесе "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдау арқылы көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Ғылым саласында сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар:
1) кітаптар, монографиялар, оқулықтар, кітапшаланған мақалалардың баспа-таңбалары, патенттердің көшірмелері, авторлық куәліктер, мемлекеттік тіркеуден өткен ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есептер түрлеріндегі ғылыми жұмыс;
2) мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен болашақта пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (0,5 беттен аспайтын);
3) жұмыстың қысқаша аннотациясы;
4) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
5) сыйлық алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама;
6) сыйлық алуға үміткердің шығармашылық үлесі көрсетілген ғылыми қызметіне қысқаша сипаттама (ұжым жұмыстары үшін);
7) негізгі ғылыми жұмыстардың тізімі (5-тен аспайды);
8) жұмысты ұсынушы ұйымнан конкурсқа ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясы) бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықтарға ие болмағанын куәландыратын анықтама.
Бұл ретте осы тармақтың 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлық алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендияны тағайындауға қажетті құжаттар:
1) тиісті ұйымның ілеспе хаты;
2) ұйымның консультативтік-кеңесші органының мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткерді ұсыну туралы отырысы хаттамасынан үзiндi;
3) ұйымның консультативтік-кеңесші органының уәжделген қолдаухаты (ұсынымы);
4) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің жұмыс орнынан анықтама;
5) мемлекеттік ғылыми стипендияны алуға үміткердің соңғы бес жылда жарияланған ғылыми жұмыстарының тізімі, сондай-ақ ең маңызды жұмыстардың баспа-таңбалары (бестен аспайды).
Монография бойынша екі бетке дейінгі көлемдегі басылған аннотация беріледі (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алуға жеңілдіктер көзделмеген).
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 8 - тармағына көрсетілген құжаттардың толық толық емес топтамасын ұсынса, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
2) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан артық емес.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Ғылым саласындағы
сыйлықтарды, мемлекеттік
ғылыми стипендияларды алуға
ұсынылған жұмыстарды
қабылдау" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.),

      _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсету қажет) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты "Ғылым саласындағы сыйлықты, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1 ________________________________________________ ;

      2. ________________________________________________ ;

      3.____________ …..

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ____________________________________ ______________

      (Мемлекеттік корпорация                        (қолы)

      қызметкерінің Т.А.Ә)

      Алдым: ___________________________________ ______________

      (Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.                  (қолы)

      20___ жылғы "____"________

  "Ғылым саласындағы
сыйлықтарды, мемлекеттік
ғылыми стипендияларды алуға
ұсынылған жұмыстарды
қабылдау" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      № ______                                    20___ ж. "__"________

"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау туралы анықтама

      __________________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.),

      __________________________________________________________________ берілді.

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

      Осы анықтама әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      _______________________________ _______________

      (көрсетілетін қызметті беруші            (қолы)

      қызметкерінің Т.А.Ә.)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 11 маусымдағы
№ 242 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11107 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 370 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11627 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде "Әділет" құқықтық-акпараттық жүйесінде жарияланған);

      3. "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 62 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 наурызда № 14950 болып тіркелген);

      4. "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 370 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 223 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 маусымда № 15236 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады