"Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 650 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 шiлдеде № 20919 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      1-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышында:

      орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер

РБ
РБ
МБ
МБ
МБ

10
10
10
10
10

3
5
5
5
5

212
694
254
354
700

256
007
010
006
011

100
100
015
015
015

014

1) Жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендері туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның ішінде:
1) туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерлер немесе оларды орналастыратын орындар;
қонақ үйлер, мотелдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру;
ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды (ортақ пайдаланылатын жолдардан басқа) орналастыру жөнінде қызметтер көрсету;
туристік құрал-жабдықтар беру;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру;
4) пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және аббаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;
5) қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;
6) көлік қызметтерін көрсету бойынша.

1) табиғи кешендерді сақтау және дамытуға;
2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға;
3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;
4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;
5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау мен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметпен байланысты инфрақұрылымды дамытуға;
6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетушілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге;
7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (көрсетілетін қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеуге;
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің бақылау-өткізу бекеттерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге;
9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы тетіктер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
10) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
12) табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
14) табиғат музейлері мен көрмелерді ұйымдастыруға және оларды күтіп ұстауға;
15) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;
16) жарнамалық қызметті жетілдіруге;
17) экологиялық насихатауға;
18) теріс экологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға.
(112, 113, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421, 431).

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 38-бабы, "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 13378 болып тіркелген).

РБ
РБ
ЖБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10
10

3
5
5
5
5

207
694
254
354
700

256
007
010
006
011

100
100
015
015
015

015

Шектеулі шаруашылық қызметінен, оның ішінде:
1) кәдесый өнімдерін өндіруден;
2) аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;
3) жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинаудан);
4) ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар;
5) шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізуден, балықты және балық өнімін өткізуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерін отырғызудан түсетін табыстар;
6) балық шабақтарын өсіруден;
7) жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден;
8) орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден) алынған табыстар;

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ

10
10

5
3

694
207

007
256

100
100

016

Рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшін төленетін ақы

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ

10
10

5
3

694
207

007
256

100
100

017

Баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ

10
10

5
3

694
207

007
256

100
100

018

Жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары, сондай-ақ гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражаты

Сол сияқты

Сол сияқты

  ";

      "Спорт саласында мамандандырылатын Қарулы Күштердiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтер" деген бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Спорт саласында мамандандырылатын Қарулы Күштердiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтер

РБ

02

1

208

047

100

043

Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер

1) жабдықты және мүкәммалдарды (оның iшiнде жиһаз) сатып алуға;
2) спорттық іс-шаралардың жүлдегерлері мен қатысушыларына жүлделер, естелік сыйлықтар, грамоталар сатып алуға және ақшалай сыйақыларға;
3) спортшылардың тамақтануы, оларға тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды жабуға;
4) асханаларды ұстау (жалақы, тамақ өнімдерін сатып алу, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу, күрделі жөндеу);
5) спорт алаңдарын салуға;
6) сауықтыру iс-шараларына;
7) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, төрешілердің (судьялардың) және медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды жабу
8) ақылы қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге;
9) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарналарға;
10) банк қызметтерін төлеуге;
11) ынталандыру сипатындағы қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды және басқа да төлемдерді белгiлеуге;
12) заттай мүлік заттарын, спорттық және арнайы киім-кешекті сатып алуға, тігуге және жөндеуге;
13) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстарға және басқа да коммуналдық шығыстарға, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алуға, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеуге, көлiктiк қызметтерге ақы төлеуге және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстарға;
14) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялауға және күрделi жөндеуге;
15) спортшылардың және құрама командалардың оқу-жаттықтыру процесін фармакологиялық қамтамасыз етуге;
16) iссапар шығыстарына жұмсалады.
(111, 112, 113, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 159, 161, 162, 169, 324, 414, 416, 419).

"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 24-бабының 2-тармағы, "Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 363 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15555 болып тіркелген

РБ

02

1

208

047

100

044

Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтер (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу)

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

047

100

045

Спорттық керек-жарақты және спорттық ғимараттарды беру жөніндегі қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

047

100

046

Спортшылар мен жаттықтырушыларды кейіннен олардың өзге де дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысуы жағдайларын іске асыра отырып, оларды даярлау жөніндегі қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

047

100

076

Санаториялық-курорттық қызмет және медициналық оңалту жөніндегі қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

047

100

077

Мекемеде өткізілетін әртүрлі іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

047

100

078

Қонақүй қызметтері

Сол сияқты

Сол сияқты

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Р. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады