"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 24 шiлдедегi № 349 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 шiлдеде № 21016 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерде:

      Жаттығуларды орындағаны үшін нәтижелерге түзетулер осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 24 шілдесі
№ 349 бұйрығына
қосымша

Жаттығуларды орындағаны үшін нәтижелерге түзетулер

      Дене шынықтыру дайындығын бағалау кезінде нормативтерге киім нысанына негізделген түзетулер енгізіледі:

      1) қонышы ұзын бәтеңкелерде әскери киім нысанында жаттығуларды (№ 2, 3, 4) орындау кезіндегі нормативтерді жеңілдету;

      2) әскери киім нысанында № 5 жаттығуды орындау кезіндегі нормативтерді жеңілдету;

      3) ауаның температурасы – 15 оС төмен, 30 оС жоғары болғанда, ал шаңғы жарысы және шаңғымен жүгіру үшін – +1 оС жоғары болғанда жаттығуларды орындау кезінде нормативтерді жеңілдету.

Р/с

Атауы

Жаттығу нөмірі

Өлшем бірлігі

Нәтеижелерг түзетулер

1)

2)

3)

1.

Белтемірде тартылу

3

неше рет

1

-

1

2.

Белтемірге аяқты көтеру

4

неше рет

1

-

1

3.

Белтемірге көтеріліп айналып түсу

5

неше рет

1

-

1

4.

Белтемірге күшпен көтерілу

6

неше рет

1

-

1

5.

Аралас күштік жаттығу

7

неше рет

1

-

1

6.

Белтемірге тіреліп қолды бүгу және жазу

8

неше рет

2

-

2

7.

Бөренеге тіреп бұрыш жасау

9

секунд

2

-

2

8.

100 метр жүгіру

34

секунд

1

-

1

9.

10х10 метр сырғымалы жүгіру

35

секунд

1

-

1

10.

400 метр жүгіру

36

секунд

5

-

5

11.

1000 метр жүгіру

37

секунд

10

25

10

12.

3000 метр жүгіру

38

минут, секунд

0,50

1,0

0,50

13.

5000 метр жүгіру

39

минут, секунд

1,30

2,0

1,30

14.

5 километр марш-бросок

42

минут, секунд

-

1,0

1,0

15.

10 километр марш-бросок

43

минут, секунд

-

2,0

2,0

16.

5 километр шаңғымен жүгіру

44

минут, секунд

2,0

-

2,0

17.

10 километр шаңғымен жүгіру

45

минут, секунд

4,0

-

4,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады