"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 26 ақпандағы № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 872 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қыркүйекте № 21208 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16600 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 наурызда жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 103, 105, 486, және 535-баптарына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу қағидасы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру қағидасы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану, қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасына ауыстыру, қамтамасыз ету мөлшерін төмендету қағидасы;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы демпингке қарсы өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 15 қыркүйегі
№ 872 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
5-қосымша

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Комитеттің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе хат-хабарларды қабылдау және беру функционалдық міндеттеріне жататын тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

      3. Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғаның электронды цифрлық қол қоюымен расталған электрондық құжат нысанында алады.

      Оларда қамтылған ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алынған жағдайда құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы, күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою болып табылады.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметшісі кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, өтінішті және оған қоса берілетін құжаттардың, олар келіп түскен күні қабылдауын жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      5. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды сондай-ақ белгіленген нысанда емес бойынша өтінішті ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметшісі өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметшісі қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушы етіп айқындаған, оның міндетін атқарушыға өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 5-тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу не осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға жолдайды.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметшілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  "Кедендік баждарды,
салықтарды, арнайы, демпингке
қарсы, өтем баждарды төлеу
жөніндегі міндеттердің
орындалуын, сондай-ақ кеден ісі
саласында қызметін жүзеге
асыратын заңды тұлғаның және
(немесе) уәкілетті экономикалық
оператордың міндеттерінің
орындалуын қамтамасыз етуді
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
1-қосымша

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Комитеттің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері немесе көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарларын қабылдау мен беру функционалдық міндеттеріне кіретін тұлға арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

өтінішті тіркеген күннен – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ хабарламамен кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін ұсынылады

7

Жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні есепке алмағанда.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылуды талап етпей және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің таңдалған түріне сәйкес, осындай қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
2) Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларына көрсетілген құжаттар;
3) кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілгерлік шарт;
5) төлеуші және (немесе) үшінші тұлға мен көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалған мүліктік кепілдік шарты, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты қосымшасымен;
6) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттарды табыс етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің таңдалған түріне сәйкес, осындай қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
1) ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануында;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;
төленуі ақша енгізу арқылы қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, Кодекстің 98-бабы 4-тармағының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген төлем құжатымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
2) банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;
берілген банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
төленуі банк кепілдігімен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кодекстің 99-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, банк кепілдігімен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген банк кепілдігін берген екінші деңгейдегі банк, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса;
3) кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;
ұсынылған кепілгерлік шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе;
кепілгерлік шартына ұсынылған банк кепілдігін қабылдаудан бас тарту үшін Кодекстің 99-бабы 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
кепілгерлік шартына ұсынылған мүлік кепілі шарты Кодекстің 101-бабы 3-тармағында белгіленген мүлік кепілі шартын жасасу талаптарына сәйкес келмесе;
кепілгерлік шартына ұсынылған сақтандыру шартын қабылдаудан бас тарту үшін Кодекстің 102-бабы 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етпесе;
төленуі кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының үшінші бөлігі ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, кепілгерлік шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
4) мүлік кепілін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;
мүлік кепілі шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
кепілге берілетін мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болмауға тиіс;
мүлік кепілі шарты Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
Кодекстің 101-бабы 3-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған кезінде;
5) сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмаса;
ұсынылған сақтандыру шарты "Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 295 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16661 болып тіркелген) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе немесе ұсынылған сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген талабына сәйкес келмеген жағдайда;
төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кодекстің 102-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
сақтандыру шарты Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса, сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің - www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
2) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3) Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  "Кедендік баждарды,
салықтарды, арнайы, демпингке
қарсы, өтем баждарды төлеу
жөніндегі міндеттердің
орындалуын, сондай-ақ кеден ісі
саласында қызметін жүзеге
асыратын заңды тұлғаның және
(немесе) уәкілетті экономикалық
оператордың міндеттерінің
орындалуын қамтамасыз етуді
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы
немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта
көрсетілсе)
____________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________
(нақты мекенжайы немесе
тұрғылықты жері)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(электрондық мекенжайы,
телефон)
____________________________
(мемлекеттік кірістер
органының атауы)

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініш

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 98-бабының 4-тармағына

, 99-бабының 1-тармағына

,100-бабының 1-тармағына

, 101-бабының 1-тармағына

және 102-бабының 1-тармағына

сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді (бұдан әрі – міндеттерді орындауды қамтамасыз ету) қабылдауыңызды сұраймын.

      Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді

      уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарттарын

      сақтау туралы хабарламаны тіркеу күні (уәкілетті экономикалық операторлардың

      тізіліміне енгізуге үміткер тұлға

      толтырады ___________________________________________________________

      Осы қамтамасыз ету кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын бас қамтамасыз етуі болып табыла ма


ия

жоқ

Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі (тәсілдері)

Міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі

Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

Міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттың нөмірі (болған кезде) және күні

1

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы




2

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы




3

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы




4

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы




5

Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы




      Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:

Кеден операцияларының түрі


Кодекстің 194-бабы


Кодекстің 195-бабы


Кодекстің 196-бабы


Кодекстің 226-бабы


Кодекстің 257-бабы


Кодекстің 354-бабы


Кодекстің 387-бабы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы


Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы

      Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:

Кедендік тізілім


кедендік өкілдер


кедендік тасымалдаушылар


уәкілетті экономикалық операторлар

Мәліметтер қамтамасыз ету сертификатын ресімдеу қажеттілігі болған жағдайда толтырылады

Кеден транзит кедендік рәсіміне тауарды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын жөнелтуші кеден органы


Алдыңғы қамтамасыз ету сертификатының тіркеу нөмірі (болған кезде)


Коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер


      Осы өтінішке:

      кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің таңдап алған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты:

      1 Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларына көрсетілген құжаттар;

      2) кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігі;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілгерлік шарт;

      4) мүліктік кепілдік шарты, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты;

      5) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттары қоса беріледі.

      Қосымша: ___ парақ (-та).

      Берген күні: ____________________

      Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) ______________________

      Қолы ________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады