"Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 119 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қыркүйекте № 21284 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өту үшін төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер қамтылатын өтінішті (төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) және 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі) қағаз тасымалдағышта немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.

      Өтінішпен бірге Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 1-1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар беріледі";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұлттық Банк төлем ұйымының өтінішін қарайды және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.";

      12 және 12-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, төлем ұйымы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.

      12-1. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесіне қосымша төлем қызметтерін қосу қажет болған жағдайда, осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көрсету жоспарланып отырған төлем қызметтері ескеріле отырып енгізілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 1-1), 3) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.";

      15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны және нәтижелері қамтылған есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері есепке алынған өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.";

      17-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, төлем ұйымына есептік тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ұлттық Банк төлем ұйымын тізілімнен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк төлем ұйымына оның нақты орналасқан жері бойынша не өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша хабарлайды және бұл жөніндегі ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.";

      2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      ______________________________

      2020 жылғы "____"____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ______________________________

      2020 жылғы "____"____________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ 119 Қаулыға
қосымша
  Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы, www. egov. kz, www. eli cens e. kz (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Өтініш және құжаттардың толық тізбесі тіркелгеннен бастап күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағазбен.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) белгіленген төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өтуі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) немесе дәлелді бас тарту
Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық /қағазбен.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері

Қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) жарғылық капиталды қалыптастыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) төлем ұйымы қызметті үлгі жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;
6) төлем ұйымының көрсетілген төлем қызметтері бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыратын тиісті банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-әрекет жасау тәртібін айқындайтын құжат;
7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларына қойылатын міндетті талаптардың тізбесі Қағидаларда белгіленеді.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуі тиіс толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты ұсыну;
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну немесе құжаттардың Заңның және Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер төлем ұйымының атқарушы органының басшысы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарына сәйкес келмесе;
4) егер төлем ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткен күннен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш бермеген болса.
Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда заңды тұлға төлем ұйымын тіркеуден бас тартуға себеп болған себептерді жойған кезде тіркеуге өтінішті қайта береді немесе атауын өзгерту немесе қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды.
Төлем ұйымын тіркеуден бас тартуға себеп болған себептердің жойылмауы қайта қарастырудан бас тартуға негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www. nat iona lban k. kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу үшін қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізуге болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www. nat iona lban k. kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады