"Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 410 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21314 болып тіркелді

      "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен олардың орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 468, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы Кодекстің 460, 464 және 466-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және ескерту мен әкімшілік айыппұл жасау түріндегі әкімшілік жазаларды қолданады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады