Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-114/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 қазанда № 21373 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 110-бабының 13-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. "Темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың темекінің және темекі бұйымдарының барлық маркаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 655 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11999 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттык экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2020 жылғы 6 қазаны
№ ҚР ДСМ-114/2020
бұйрығымен
бекітілген

Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидалары

      1. Осы Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) темекі және темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың темекі және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларындағы никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының аумағында өткен он екі ай ішінде өздері шығарған немесе шығаруға ниеттенген, сатқан немесе өзге де түрде таратқан темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептер ұсынады.

      3. Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептер "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аккредиттелген зертхананы көрсете отырып, темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларындағы никотиннің анықталған құрамы және никотиннің шекті жол берілетін деңгейі туралы деректерден тұрады.

      4. Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есептер қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда ұсынылады.

  Темекінің және темекі
бұйымдарының, оның ішінде
қыздырылатын темекісі бар
бұйымдардың, электрондық
тұтыну жүйелерінің және оларға
арналған сұйықтықтардың
барлық маркаларында
никотиннің рұқсат етілетін
шекті құрамы бойынша
зертханалық зерттеулердің
нәтижелері туралы есептерді
ұсыну қағидаларына
қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп

      Есепті кезең: өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсаны аралығы

      Индекс: 1-никотин

      Кезеңділігі: жылына бір рет

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылар

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне

      Ұсыну мерзімі: әр жылдың 1 ақпанына дейін

р/с №

Темекі бұйымы түрінің атауы

Темекі өнімінің атауы

Никотиннің сандық құрамы (мг/сиг)

Никотиннің рұқсат етілетін шекті деңгейі (мг/сиг)

1

2

3

4

5






      Ұйымның атауы ____________________________________

      Ұйымның мекенжайы ____________________________________________

      Ұйымның телефоны ___________________________________________

      Ұйымның электрондық поштасының мекенжайы ______________________

      Орындаушы _____________________________________       ________

                        Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)                   қолы

      Орындаушының телефоны _____________________________________

      Басшы ___________________________________             _________

                        Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса)             қолы

      Ескертпе: "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Темекінің және темекі
бұйымдарының, оның ішінде
қыздырылатын темекісі бар
бұйымдардың, электрондық
тұтыну жүйелерінің және оларға
арналған сұйықтықтардың
барлық маркаларында
никотиннің рұқсат етілетін
шекті құрамы бойынша
зертханалық зерттеулердің
нәтижелері туралы есеп"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Осы "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме "Темекінің және темекі бұйымдарының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың барлық маркаларында никотиннің шекті жол берілетін құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп" әкімшілік деректерін жинақтауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін регламенттейді.

      2. Толтырылған Нысанды темекі бұйымдарын өндірушілер мен импорттаушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін ұсынады.

      3. Нысанға басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндеттерін атқаратын адам қол қояды.

      4. 1-бағанда реттік саны бойынша "№" толтырылады.

      5. 2-бағанда темекі бұйымы түрінің атауы (мысалы: сигареттер) көрсетіледі.

      6. 3-бағанда темекі өнімдерінің берілген атауы көрсетіледі (мысалы: "Rothmans").

      7. 4-бағанда темекі бұйымындағы никотиннің сандық құрамы (мг/сиг) көрсетіледі.

      8. 5-бағанда никотиннің рұқсат етілетін шекті деңгейі (мг/сиг) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады