"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 1050 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қазанда № 21527 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12590 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      Қағидалардың 447-1 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "447-1. тауарларды мемлекеттік сатып алуда қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол жиынтығында осы Қағидалардың 447-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шарттарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.

      Қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Қағидалардың 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға жиынтығында сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.

      Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Ереженің 447-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шарттарға жиынтығында сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.

      Қаржылық лизинг бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Қағидалардың 447-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың жиынтық талаптарына сәйкес келсе, қаржылық тұрақты деп танылады.";

      Қағидаларға 19-қосымшаның 5.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.1. Өнім беруші Тауар арналған пунктте Тапсырыс берушінің өкіліне мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

      1) жүкқұжат түпнұсқасы (дана саны көрсетіледі);

      2) ақпарат Тауардың өзінде және/немесе орамасында көрсетілген не Тауар сапасы дайындаушы кәсіпорынның мөртаңбасымен немесе белгілерді таратып жаза отырып, басқа белгімен Тауардың өзінде және/немесе оның орамасында расталған жағдайларды қоспағанда, Тауардың жиынтығы, оның техникалық сипаттамасы, пайдалану қағидалары, кепілдігі туралы мәліметтерді және Тауардың сапасын және оның Қазақстан Республикасында танылған нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді қамтитын дайындаушы зауыт (жөнелтуші) берген зауыттың сапа сертификатының және/немесе техникалық паспортының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      3) сәйкестігін міндетті түрде растауға жатпайтын Тауарларды қоспағанда, өнім беруші растаған Тауардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттың (сәйкестік сертификаты / сәйкестігі туралы декларация / мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) көшірмесі;

      4) Дайындаушының немесе Өнім берушінің (қажет болған кезде) кепілдік (міндеттеме) сертификаты;

      5) Егер Тауар Қазақстанда шығарылған болса, онда белгіленген үлгіде "СТ-KZ" Тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі, не уәкілетті ұйым растаған көшірмесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалармен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидалары ) сәйкес беріледі.

      Егер жеткізілетін қазақстандық тауарлардың көлемі екі және одан көп бірлікті құраса, онда белгіленген үлгідегі түпнұсқасы немесе көшірмесі не жеткізілетін көлемге (үлгіге берілген сертификатты қоспағанда) немесе сериялық өндіріс өніміне тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларға сәйкес берілген "СТ-KZ" тауардың шығу тегі туралы сертификаттың Уәкілетті ұйым куәландырған көшірмесі ұсынылады.

      Егер Тауар шетелде шығарылған болса, онда шығарған елдің тиісті органы белгілеген тәртіппен берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі беріледі.

      Осы тармақтың 5) тармақшасының талаптары тек құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға таратылады.";

      Қағидаларға 20-қосымшаның 6.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.2. Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым растаған);

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса - белгіленген тәртіппен шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.

      Осы тармақтың талаптары тек құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға таратылады.";

      Қағидаларға 20-1-қосымшаның 5.8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.8. Жобалаушы/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдау/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым растаған);

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса - белгіленген тәртіппен шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.

      Осы тармақтың талаптары тек құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға таратылады.";

      Қағидаларға 20-2-қосымшаның 6.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6.2. Мердігер/Орындаушы орындалған жұмыстарды қабылдап алу/тапсыру кезінде Тапсырыс берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) егер жұмыстар Қазақстанда шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса – белгіленген үлгіде "СТ-KZ" тауардың шығарылуы туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі (не уәкілетті ұйым растаған);

      2) егер жұмыстар шетелде шығарылған материалдардан және жабдықтардан орындалған болса - белгіленген тәртіппен шығарған елдің тиісті органы берген Тауардың шығуы туралы тиісті сертификаттың тұпнұсқасы немесе көшірмесі.

      Осы тармақтың талаптары тек құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға таратылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады