Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21818 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.11.2022 № ҚР ДСМ-134 (24.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 27-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.11.2022 № ҚР ДСМ-134 (24.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары

      Ескерту. Шарттары жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.11.2022 № ҚР ДСМ-134 (24.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары (бұдан әрі – Қағидалары) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 27-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабынының 1-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы сертификатты алу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау тәртібін, сондай – ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (бұдан әрі – ӘҚНК) – электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен берілетін нөмір;

      2) денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау - денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің біліктілігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыларды бағалау рәсімі;

      3) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты (бұдан әрі – маман сертификаты) - жеке тұлғаның біліктілігін және клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын қоса алғанда, оның денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын растайтын, белгіленген үлгідегі құжат;

      4) денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау (бұдан әрі - сертификаттау) - жеке тұлға біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы салалық біліктілік шеңберінде және кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау рәсімі, сондай-ақ клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындықты қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындықты айқындау;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман – санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, гигиеналық оқыту, санитариялық-эпидемиологиялық аудит, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы тәуекелдерінің дәрежесін бағалау бойынша функцияларды жүзеге асыруды қамтитын еңбек міндеттерін орындайтын жеке тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Маман сертификаты әрбір 5 (бес) жыл сайын расталуы тиіс.

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды, денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары" бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – білім мен дағдыларды бағалау қағидасы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен мамандар клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға жіберу үшін сертификаттаудан (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтеді.

      Маман сертификаты расталған кезде көрсетілетін қызметті алушының білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі ұсынылмайды.

      5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 "Білім туралы құжаттарды тану қағидасын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) (бұдан әрі - тану қағидалары) білім туралы құжаттарды тану қағидасын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қағидаларына сәйкес олардың білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттаудан өту және қолданыстағы маман сертификатын растау үшін негізгі еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша осы қағиданың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жібереді.

      Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес "клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі – № 1тізбе).

      Фармацевтикалық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 3-қосымшасына сәйкес "дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі – № 2 тізбе).

      7. Қолданыстағы маман сертификатын растауға арналған құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес ұсынады.

      8. Маман сертификаты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен маманданулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) (бұдан әрі - Мамандықтар мен маманданулардың тізбесі) сәйкес беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:

      2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілген қызметті алушылар үшін денсаулық сақтау саласында жоғары және (немесе) жоғары орнынан кейінгі білімі туралы (сервисте болған жағдайда);

      2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілген қызметті алушылар үшін денсаулық сақтау саласындағы орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімні туралы (сервисте болған жағдайда);

      мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификатыны туралы (сервисте болған жағдайда);

      білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерткен көрсетілетін қызметті алушы үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы (сервисте болған жағдайда);

      білім мен дағдыларды бағалау қағидасына сәйкес кәсіптік даярлығын бағалау нәтижелері туралы;

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес көрсетілген қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттары (сервисте қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда);

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық немесе фармацевтикалық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).

      Көрсетілетін қызметті алушыға ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуін жол берілмейді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтер келіп түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттары мен мәліметтерін тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде № 1 Тізбенің 8-тармағына немесе № 2 Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.

      № 1 Тізбенің 8-тармағына немесе № 2 Тізбенің 8-тармағына және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толық болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) жібереді.

      12. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК ) 73-бабы бойынша әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі (дәлелді бас тарту).

      13. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімге қарсылықты оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тыңдау хаттамасын жүргізеді, ол ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес ресімдейді.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі және осындай құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.

      Ескертулер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтеріне сілтеме жасай отырып, әрбір ескертуді дәлелдейді және көрсетілетін қызметті алушыға өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

      16. "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" және "дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      19. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер № 1 Тізбеде баяндалған.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер № 2 Тізбеде баяндалған.

      20. Осы қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы шетелдік мамандар сертификатының қолданылуын растауды, сертификаттауды жүргізу тәртібі

      21. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартатын және бұрын Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (бұдан әрі - шетелдік маман) білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларына сәйкес кәсіптік даярлық бағалауын өткен, клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманның сертификатын алу үшін сертификаттаудан өтеді.

      22. Шетелдік мамандар кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру үшін "Назарбаев Университетіне" немесе оның медициналық ұйымдарына, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарына, сондай-ақ оқыту мақсатында қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және аккредиттелген университеттік ауруханалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының базасындағы және резидентура базасындағы танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына, ұлттық және ғылыми орталықтарға, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары медициналық колледждерге жіберілендерді қоспағанда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған шетелдік мамандар, тану қағидаларымен бекітілген білім және (немесе) біліктілігін тану туралы құжаттармен сертификаттауға жіберіледі.

      23. Негізгі еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша шетелдік маман көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі - № 3 Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді жібереді.

      Қолда бар маман сертификаттын растау кезінде, шетелдік маман құжаттар мен мәліметтерін көрсетілетін қызмет берушіге сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес ұсынады.

      24. Көрсетілетін қызметті беруші шетелдік маманның "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы берген келісімі болған жағдайда, "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:

      Қазақстан Республикасының аумағында денсаулық сақтау саласында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы туралы (2015 жылдан кейін оқуды бітірген шетелдік мамандар үшін) (сервисте болған жағдайда);

      Қазақстан Республикасының аумағында денсаулық сақтау саласында орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімнің болуы туралы (2015 жылдан кейін оқуды бітірген шетелдік мамандар үшін) (сервисте болған жағдайда);

      өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы денсаулық сақтау саласындағы сертификаттың болуы туралы (бар мамандық немесе мамандандыру расталған кезде) (сервисте болған жағдайда);

      білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін өзгерткен шетелдік мамандар үшін Қазақстан Республикасының аумағында атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін ауыстыру туралы немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы (сервисте болған жағдайда);

      білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес кәсіптік даярлығын бағалау нәтижелері туралы;

      Шетелдік маманнан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      25. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтер келіп түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.

      Шетелдік маман жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      26. Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы келіп түскен шетелдік маманның құжаттары мен мәліметтерін тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде № 3 Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.

      "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күнде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) жібереді.

      27. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге ӘРПК-ның 73-бабы бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы алдын ала хабардар етіледі, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей (дәлелді бас тарту).

      28. Шетелдік маман оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылық ұсынады.

      29. Шетелдік маман өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тыңдау хаттамасын жүргізеді, ол ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес ресімдейді.

      30. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі және осындай құжаттар мен мәліметтер ресімдеу туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.

      Ескертулер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтеріне сілтемелермен әрбір ескертуді дәлелдейді және шетелдік маманға өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

      31. "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      32. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы қағиданың 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманның сертификатын беру немесе еркін нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

      33. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      34. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын "Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер № 3 Тізбеде баяндалған.

      35. Осы қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

4 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      36. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      37. Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      38. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      39. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімін қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.

      40. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

5-тарау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру, қайта ресімдеу, қолданысын растау тәртібі

      Ескерту. Шарттар 5-тараумен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалаудан, мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен жеке тұлға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі.

      42. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды сертификаттау Мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

      43. Қазақстан Республикасынан тыс медициналық білім алған жеке тұлға Тану қағидаларына сәйкес оның білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға жіберіледі.

      44. Мамандығы бойынша еңбек қызметінде 5 (бес) жылдан астам үзілісі бар мамандар маман сертификатын алу үшін "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (бұдан әрі – Қосымша білім беру қағидалары) сәйкес өтініш берілген мамандану бойынша жалпы көлемі кемінде 180 сағат (6 кредит) біліктілікті арттырудан өтеді, Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалаудан өтеді.

      45. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік) білімі бар мамандар сертификаттың қолданысын растау үшін Қосымша білім беру қағидаларына сәйкес өтініш берілген мамандану бойынша жалпы көлемі кемінде 120 сағат (4 кредит) біліктілікті арттырудан өтеді.

      46. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

      47. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде (бұдан әрі – №3 тізбе) келтірілген.

      48. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін сертификатты алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) №3 тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жібереді.

      49. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      50. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      51. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде №3 тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші сертификат ресімдейді және береді.

      52. Қорытындысы теріс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі туралы хабарламаны ресімдейді және жібереді.

      Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн бұрын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабы бойынша жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсы пікір ұсынуға немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау жүргізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімді ресімдейді және береді не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.

      53. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сертификат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады, ол электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен расталады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      54. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:

      1) жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің бар боулы туралы;

      2) орта (техникалық және кәсіптік) білімінің болуы туралы;

      3) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол бар болса), тегін өзгерткен көрсетілетін қызметті алушылар үшін атын, әкесінің атын (ол бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

      4) өтінім берілген мамандық бойынша қолданыстағы сертификаттың болуы туралы мәліметтерді алады.

      55. Сертификатты растау үшін көрсетілетін қызметті берушіге № 3 тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 48-52 тармақтарында көзделген осыған ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

      56. Сертификатты қайта ресімдеу мынадай:

      1) құжатта қателер (қате жазулар) анықталған;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) өзгерген;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптар болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      57. Осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген негіздер бойынша сертификатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және № 3 тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 48-52 тармақтарында көзделген осыған ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.

      58. Осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген жағдайларда сертификатты қайта ресімдеу бұрын берілген сертификат туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

      59. Көрсетілетін қызметті беруші растайтын құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген негіздер бойынша бастамалық жасалған сертификатты қайта ресімдеуден бас тартады.

  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
1-қосымша

      Нысан

  _________________ басшысына
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН)
Тұрғылықты жері ____________

Өтініш

      Сізден____________________мамандығы немесе мамандандыру бойынша

      (мамандық немесе мамандандыру атауы)

      Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беруді сұраймын.

      Мен дұрыс мәліметтер мен құжаттарды ұсынамын. 

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының қолы)
____________________________
(толтырылған күні)
  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық
сақтау саласында медициналық
және (немесе) фармацевтикалық
білім алған адамды денсаулық
сақтау саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
2-қосымша
Нысан

"Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov.kz, www.elicense.kz)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі - маман сертификаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушының маман сертификатын (алғаш рет мәлімделген мамандыққа немесе мамандандыруға) алу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшасына (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
4) "Дәрігер" біліктілігін және (немесе) интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада (бар болса, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін), жоғары оқу орнында оқуды аяқтағаннан кейін интернатураны, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша құжаттар;
5) "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тану қағидалары) сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы құжат;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қосымша білім беру қағидалары) сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан асқан кезде мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзілісі 3 (үш) жылдан асатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін сертификаттау сәтінде жалпы көлемі кемінде 8 (сегіз) кредит (240 сағат) бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік. Медициналық білім беру ұйымын бітірген сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде маман сертификатын алмаған, сондай-ақ жаңа мамандыққа немесе мамандандыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігін ұсынбайды;
7) мамандандыру бойынша қосымшасы бар сертификаттау курсы туралы куәлік (транскрипт) (бар болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар, маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде, сондай-ақ жаңа мамандыққа немесе мамандандыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар үшін маман кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесі (оның ішінде шетелде медициналық білім алған тұлғалар үшін);
9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына, қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыскерлердің бейіндері және іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінде (бұдан әрі – сервис) еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған кезде) (бар болған жағдайда).
Қолданыстағы маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын алынған маман сертификатының қолданылу мерзімі мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушылар бағалау және дағдылар нәтижесін бере отырып, алғаш мәлімделген мамандық немесе мамандандыру ретінде маман сертификатын алуға үміткер болады. Көрсетілетін қызметті алушылар "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) (бұдан әрі-Мамандықтар тізбесі) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесінде көрсетілген мамандықтар немесе мамандандырулар бойынша маман сертификатын алады. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының қолданыстағы немесе қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан кем екенін растау үшін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) Сертификаттау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қызметті алушының куәландырылған ЭЦҚ-сы бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) растау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде жалпы көлемде кемінде 4 (төрт) кредиті (120 сағат) бар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзіліссіз мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін қосымша білім беру қағидаларына сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік;
4) мамандандыру бойынша қосымшасы бар сертификаттау курсы туралы куәлік (транскрипт) (бар болған жағдайда);
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (қызметкерлердің бейіндері және сервисте еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған кезде);
6) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған кезде);
7) мәлімделген мамандық бойынша интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада немесе қайта даярлауда оқуды аяқтағанын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда) (2021 жылға дейін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар алған жағдайда қайта даярлау туралы куәлік);
8) қолда бар мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының көшірмесі (сервисте мәліметтер болмаған жағдайда) (қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын, мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамсыз маман сертификаты немесе мамандандыруы бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
9) Тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы құжат. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы маман сертификатының (қолданылу мерзімі, мамандығы немесе мамандануы) болуын сервистен тексереді.
Сервистен алынған деректер сәйкес келген жағдайда қолданыстағы маман сертификаты сертификаттау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша 5 (бес) жылға маман сертификатын берумен расталады.
Жұмыс өтілінде 3 (үш) жылдан кем үзілісі және (немесе) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша мерзімі 3 (үш) жылдан кем жарамсыз маман сертификаты бар, көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша бұрын алған маман сертификаты расталған кезде бағалау және дағдылар нәтижесін ұсынбайды.
2014 жылға дейін "Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарын бітірген, мәлімделген мамандық бойынша интернатура, резидентура, клиникалық ординатура мамандықтары сәйкес келмеген кезде Мамандықтар тізбесінде көзделген медициналық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы оқу ұзақтығын сағатпен көрсете отырып құжаттарды ұсынады (жұмыс істейтін мамандар үшін).
Медициналық, оның ішінде 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін мәлімделген мамандық бойынша клиникалық қызметке кіріскен және құжаттарды тапсыру сәтінде үздіксіз жұмыс өтілі бар, еңбек кітапшасындағы жазбалармен расталатын көрсетілетін қызметті алушыларға мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
"Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша 1998 жылдан кейін және "Шығыс медицинасы" және "Стоматология" мамандықтары бойынша және 2006 жылдан кейін жоғары медициналық білім беру ұйымдарын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 21-бабы 5-тармағына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заңы) сәйкес интернатураны бітіргені туралы құжат ұсыну клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
2013 жылдан кейін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарын бітірген, мамандықтар тізбесінде көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға көрсетілетін қызметті алушы "Білім туралы" заңының 22-бабы 3-тармағына сәйкес резидентураны бітіргені туралы құжатты ұсынады.
Орта техникалық және кәсіптік білімі, орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін оқуды бітірген жылын ескере отырып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша – "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалавриат және "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы құжат;
"Емдеу ісі" мамандығы бойынша – "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылдағы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша 2021 жылға дейін қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы құжат;
"Акушериялық іс" мамандығы бойынша – "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылдағы "Акушериялық іс" мамандығы бойынша 2021 жылға дейін қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы құжат;
2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша – "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта медициналық білім туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білім туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылғы сертификаттық курс (2021 жылға дейін қайта даярлау) немесе "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру туралы құжат.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін медициналық қызметке кіріскен және құжаттарды тапсыру сәтінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушылар осы тармақта көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңының 1-бабы 7) тармақшасына сәйкес электрондық көшірмелер түрінде береді.
Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасының электрондық нұсқасы қосымша ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
2015 жылдың 9 қазанына дейін мамандарға берілген мерзімсіз сертификаттар әр 5 жыл сайын біліктілікті арттырудан өту кезінде тұрақты жарамды болады.
Маман сертификатының қолданылу мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттың көшірмесін (сервисте болмаған немесе мәртебесі жарамсыз болған жағдайда) ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің серттификаттау қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің kmfk@dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері - 1414, 8-800-080-7777.

  Клиникалық практикаға жіберу
үшін маман сертификатын беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптардың тізбесі
қосымша
Нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Мәлімделген мамандықтың немесе мамандандырудың атауы ________

      2. Медициналық білім____________________________________________

      2.1. Білімі (техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары білім) (дипломның электронды көшірмесі)

      2.2. Дипломды тану (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған тұлғалар үшін) (тану туралы құжаттың электронды көшірмесі)

      Оқыған елі_________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы_____________________________

      Тану куәлігін берген орган______________________

      Тану бұйрығының нөмірі____________________________

      Тану тіркеу нөмірі_______________________________

      Тану куәлігінің берілген күні________________________

      3. Мәлімделген мамандық бойынша интернатура (бар болған жағдайда), клиникалық ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін) (құжаттың электронды көшірмесі)

      3.1. Интернатура мамандығы____________________________________

      3.2. Клиникалық ординатура мамандығы__________________________

      3.3. Резидентура мамандығы____________________________________

      3.4. Магистратура мамандығы___________________________________

      3.5. Докторантура мамандығы___________________________________

      4. Қайта даярлау туралы мәлімет (2021 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған) (мәлімделген мамандық бойынша маман сертификатын растайтын тұлғалар үшін) (құжаттың электрондық көшірмесі) (бар болған жағдайда)

      4.1. Қайта даярлау туралы куәліктің нөмірі__________________________

      4.2. Қайта даярлау мамандығы_____________________________________

      4.3. Оқытқан ұйымның атауы______________________________________

      4.4. Оқудың сағат бойынша көлемі_________________________________

      4.5. Оқудың басталуы____________________________________________

      4.6. Оқудың аяқталуы____________________________________________

      5. Сертификаттау курсы туралы мәлімет (құжаттың электрондық көшірмесі) (бар болған жағдайда)

      5.1. Сертификаттау курсы туралы куәлік нөмірі ______________________

      5.2. Сертификаттау курсы бойынша мамандандыру___________________

      5.3 Оқытқан ұйымның атауы______________________________________

      5.4. Оқудың кредиті бойынша көлемі________________________________

      5.5. Оқудың басталуы____________________________________________

      5.6. Оқудың аяқталуы____________________________________________

      6. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін қолданыстағы маман сертификатының мәліметтері (бар болған жағдайда)

      6.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі________________________________

      6.2. Әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды, тіркеу нөмірі __________________________

      6.3. Берген орган___________________________________________

      6.4. Сертификаттың қолданылу мерзімі_________________________

      6.5. Мамандығы немесе мамандандыруы____________________________

      7. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін даярлығын бағалау нәтижесі _________ (бар болған жағдайда).

      8. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер_________________________

      8.1. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн) ____

      8.2. Жалпы медициналық өтілі (жыл, ай, күн) ___________________

      8.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны____________________________

      8.4. Лауазымы______________________________________________

      8.5. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрық №

Бұйрық шығарылған күн







      9. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру:

      1) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер____________________________________

      2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі; ______________________

      3) цикл атауы___________________________________________________

      4) оқытатын ұйымның атауы______________________________________

      5) оқудың басталуы______________________________________________

      6) оқудың аяқталуы______________________________________________

      7) кредитпен оқыту көлемі (сағатпен)

      10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы немесе тыйым салынбау туралы мәліметтер _________________.

  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай – ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
3-қосымша

      Нысан

"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" веб – порталы (www. egov. kz, www. eli cens e. kz)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Маман сертификатын алу үшін фармацевтикалық білімі бар жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті не резиденті емес) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мынадай құжаттар мен мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі -ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшасына (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі қосымша нысанына сәйкес мәліметтер нысаны;
3) оқуды бітірген үміткерлер үшін орта (техникалық және кәсіптік), жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626) (бұдан әрі – тану қағидалары);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мәлімденден мамандық бойынша сертификаттау сәтінде жалпы көлемде кемінде 4 кредит (120 сағат) сертификаттау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік біліктілігін арттыру туралы куәлігі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – қосымша білім беру қағидалары) (сертификат алуға өтініш берген сәтте 5 (бес) жылдан кешіктірмей фармацевтикалық оқуын аяқтаған орта (техникалық және кәсіптік), жоғары оқу білім беру түлектерін қоспағанда);
6) мәлімденген мамандық бойынша қосымша білім беру қағидаларына сәйкес (мамандығы бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар) жалпы көлемі кемінде 8 кредит (240 сағат) біліктілігін арттыру туралы куәлік;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21673 болып тіркелген) бекітілген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі (орта (техникалық және кәсіптік), жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білім беру түлектері және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар үміткерлер үшін);
8) "Электрондық үкімет" шлюзінің ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген кіші қызмет түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат ұсынады (болған жағдайда);
9) шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Үміткер барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар мамандығы бойынша үздіксіз жұмыс өтілі және соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттырған куәлігі кемінде 4 кредит (120 сағат) көлемінде бар үміткерлер осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген құжатты ұсынбастан бастапқы сертификаттауға жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сертификаттау қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлкеттік қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Үміткердің мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның kmfk@ dsm. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері 1414, 8-800-080-7777.

  "Дәрілік заттар мен
медициналық бұйымдардың
айналысы саласындағы маман
сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесі қосымша

      нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Мәлімделген мамандықтың немесе маманданудың атауы _______________________

      2. Фармацевтикалық білім_________________________

      2.1. Білімі (техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім) (дипломның электронды көшірмесі)

      2.2. Нострификация және дипломды тану (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған тұлғалар үшін) (нострификация туралы құжаттың электронды көшірмесі)

      Оқыған елі________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы________________________

      Нострификация туралы куәлік берген орган______________________

      Нострификация бұйрығының нөмірі____________________________

      Нострификацияның тіркеу нөмірі_______________________________

      Нострификация куәлігінің берілген күні________________________

      3. Сертификаттау курсы туралы мәлімет (бар болса)

      3.1. Сертификаттау курсы туралы куәлік нөмірі ______________________

      3.2. Сертификаттау курсы бойынша мамандандыру___________________

      3.3 Оқытқан ұйымның атауы______________________________________

      3.4. Оқудың кредиті бойынша көлемі________________________________

      3.5. Оқудың басталуы____________________________________________

      3.6. Оқудың аяқталуы____________________________________________

      4. Мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін қолданыстағы маман сертификатының мәліметтері (құжаттың электронды көшірмесі) (бар болса)

      4.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі________________________________

      4.2. НИКАД нөмірі, тіркеу нөмірі_____________________________

      4.3. Берген Орган___________________________________________

      4.4. Сертификаттың қолданылу мерзімі_________________________

      4.5. Мамандығы_____________________________________________

      5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесі _________ (болған жағдайда).

      6. Осы жұмыс орны туралы мәліметтер_________________________

      6.1. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн)____

      6.2. Жалпы медициналық өтілі (жыл, ай, күн)_______________

      6.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны____________________________

      6.4. Лауазымы______________________________________

      6.5. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрық №

Бұйрық шығарылған күн







      7. Мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру:

      1) мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер__________________________________________________________

      2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі;______________________

      3) цикл атауы___________________________________________________

      4) оқытатын ұйымның атауы______________________________________

      5) оқудың басталуы______________________________________________

      6) оқудың аяқталуы______________________________________________

      7) кредитпен оқыту көлемі (сағатпен) ______________________________

      8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша фармацевтикалық қызметке тыйым салу туралы немесе тыйым салынбау туралы мәліметтер_________________.

  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық білім
және (немесе) фармацевтикалық
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
4-қосымша

      Нысан

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мамандығы бойынша клиникалық практиканы немесе фармацевтикалық практиканы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы маманның осы сертификатын алдым

      __________________________________________________________________________

      (номенклатура бойынша мамандық немесе мамандандыру)

      Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы 20 ____жылғы "____" ___________ № ________.

      Сертификат 20____ жылғы "____" ___________ дейін жарамды.

      Тіркеу № ____.

      Берілген күні 20 ___ жылғы "____" ___________.

  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
5-қосымша

      Нысан

  Кімге _____________________
мемлекеттік органның толық
атауы)
кімнен _____________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
Почта мекенжайы
__________________
Байланыс телефоны _________

Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру туралы өтініш

      Клиникалық практикаға жіберу үшін______________________________

      (мамандығын немесе мамандандыруын көрсету)

      мамандығы немесе мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының аумағында

      денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істеу үшін

      ____________________________________________________

      (денсаулық сақтау ұйымының атауын көрсету)

      маман сертификатын беруді сұраймын

      Денсаулық сақтау ұйымы туралы мәліметтер:

      1. Меншік нысаны__________________________________________

      2. Ұйымның мекенжайы ______________________________________

      (облыс, қала, аудан, көше, үйдің №, телефон)

      3. Филиалдары, өкілдіктері ____________________________________

      (орналасқан жері)

      Мен дұрыс мәліметтер мен құжаттарды ұсынамын.

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар (саны және атаулары): __________

      Шетелдік маман ____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      20__ жылы "__" _____________

  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
6-қосымша

      Нысан

"Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov. kz, www. eli cens e. kz)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші –демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Шетелдік маман сертификатын алу үшін медициналық білімі бар жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті емес) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі -ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшаға (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) бекітілген білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімі туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат.
Қазақстан Республикасының аумағында білім беру ұйымдарын бітірген шетелдік мамандар мыналарды ұсынады:
2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы диплом (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
мәлімделінген мамандық немесе мамандандыру бойынша интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада немесе қайта даярлауда оқуды аяқтағанын растайтын құжаттар (бар болса) (2021 жылға дейін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар алған қайта даярлау куәлігі, бар болса);
4) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша шетелдік маман тұратын елде берілген клиникалық практиканың жүзеге асырылғанын растайтын құжат (жұмысқа алғаш кіріскен тұлғалар ұсынбайды);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) сәйкес өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілігін арттыру туралы сертификаттау сәтінде жалпы көлемде кемінде:
өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан кем үзілісі бар, маман сертификаты болмаған немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан кем болған көрсетілетін қызметті алушылар үшін 4 (төрт) кредит (120 сағат) ;
өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар, маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушылар үшін 8 (сегіз) кредит (240 сағат).
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат (оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа алғаш кіріскен адамдар ұсынбайды);
7) жұмыс берушіге (денсаулық сақтау ұйымы), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органына шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаты (Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік мамандар, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік жұмыскерлер бермейді);
8) білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен шетелдік адамдар үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстырғаны немесе неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы құжат;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау, Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес (өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатын алғаш рет алуға үміткер не қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам, өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамсыз маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін). білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес шетелде медициналық білім алған адам үшін бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі.
Шет тілінде берілген құжатқа қосымша қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аударма ұсынылады.
10) қолда бар мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының көшірмесі (сервисте мәліметтер болмаған жағдайда) (өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамдылық мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын жарамсыз маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін).
Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыда қолданыстағы маман сертификатының болуын (қолданылу мерзімі, мамандығы) сервистен тексереді. Сервистен алынған деректер сәйкес келген жағдайда, қолданыстағы маман сертификаты сертификаттау қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша 5 (бес) жылға маман сертификатын берумен расталады.
Өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек өтілі 3 (үш) жылдан кем үзілісі бар және (немесе) өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша 3 (үш) жылдан кем мерзімі өткен жарамсыз маман сертификаты бұрын алынған маман сертификатын растаған кезде көрсетілетін қызметті алушылар бағалау және дағдылар нәтижесін ұсынбайды.
Қолданыстағы маман сертификаты болмаған кезде немесе өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша бұрын алынған маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушылар бағалау нәтижесі мен дағдыларын ұсына отырып, алғаш өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру ретінде маман сертификатын алуға үміткер болады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сертификаттау қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің kmfk@ dsm. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген.
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.

  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
7-қосымша

      Нысан

Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманның сертификаты

      ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ___________________________________________________________

      (номенклатура бойынша мамандық немесе мамандандыру)

      мамандығы немесе мамандандыру бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін осы шетелдік маман сертификатын алды.

      Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы 20 ____ жылғы "____" ___________ № ________.

      Сертификат 20____ жылғы "____" ___________ дейін жарамды.

      Тіркеу № ___________

      Берілген күні 20 ___ жылғы "____" ___________

      Басшының қолы_____________

  Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
8-қосымша

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Шарттар 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет" (ww.egov.kz, www.elicense.kz) веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Маман сертификаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Сертификатты бастапқы беру үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасынан тыс медициналық білім алған жағдайда "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
5) сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
6) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі;
7) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда (оның ішінде шетелде медициналық білім алған адамдар үшін) бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесінің электрондық көшірмесі.
Маман сертификатын қолдасын растау үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) Мәлімделген мамандандыру бойынша соңғы 5 (бес) жылда біліктілігін арттыру туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
Маман сертификатын қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда сертификатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі.
Шетелде берілген құжатқа қазақ және орыс тіліндегі аудармасы наториальды расталған электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады.
"Биология", "Химия" (жаратылыстану ғылымы, математика және статистика бағыты), "Биотехнология", "Органикалық заттардың химиялық технологиясы", "Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы", "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары, жоғары орнынан кейінгі білімі бар жеке адамдарды сертификаттауға жіберу.
"Зертханалық диалностика", "Ветеринария", "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушерия ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар үміткер өтінім берілген мамандану бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі.
Сертификаттың бастапқы берілуіне сертификаттық курс туралы куәліксіз және бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесінсіз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы еңбек міндеттерін жүзеге асыратын маман жатады.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өтініш беріліп отырған мамандық немесе мамандану бойынша тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі болады.
4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көзі нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.egov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
9-қосымша
  Нысан

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты

      Ескерту. Шарттар 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      __________________________________________________________________________

      (бойынша мамандығы)

      __________________________________________________________________________

      (мамандану бойынша)

      __________________________________________________________________________

      мамандығы, мамандануы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық

      саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін шын мәнінде осы маман

      сертификатын алды

      Берілген күні 20 ____ жылғы "____" ___________.

      Сертификаттың растлған күні 20 ____ жылғы "____" ___________.

      Сертификат расталған/қайта рәсәмдеу кезде ӘҚНК № _______ көрсетіледі.

  Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
10-қосымша

Маман сертификатын қайта ресімдеу үшін өтініш

      Ескерту. Шарттар 10-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________________ -ге

      (көрсетілетін қызметі берушінің атауы)

      _____________________________________________________________________ - ден

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (берілген күні, ӘҚНК №, көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

      берген 20__жылғы "__"____№_____ маман сертификатын қайта ресімдеуді сұраймын.

      (Х ұяшыққа сәйкес келетін мынадай (мына) негіз (негіздер) бойынша:

      1) _________________________________құжатта қателер (қате жазулар) анықталған;

      2) _________________________________көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      әкесінің аты (ол бар болса) өзгерген;

      3) ________________________________Қазақстан Республикасының заңдарында қайта

      ресімдеу туралы талаптар болған.

      Көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы__________________________________

      Электрондық почта ________________________________________________________

      Телефондар_______________________________________________________________

      Қызметті немесе әрекетті (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы________________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елдімекен, көшенің атауы, Үйдің/ғимараттың

      (стационарлық үй-жайдың нөмірі)

      ______ парақта қоса беріледі.

      Мен дұрыс мәліметтер мен құжаттарды ұсынамын.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      келісім беремін.

      Қолы күні, айы, жылы

  Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
11-қосымша
Нысан
  ___________________________
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________
басшысы
_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), ЖСН)
Тұрғылықты жері __________

Өтініш

      Ескерту. Шарттар 11-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін

      _______________________________________________________________________

      маман (мамандықтың атауы)

      ________________________________________________________________________

      сертификатын беруді/растауды маман (маманданудың атауы)

      (қажетінің астын сызу) сұраймын (расталған кезде сертификаттың ӘҚНК нөмірі

      көрсетіледі).

      Мен дұрыс мәліметтер мен құжаттарды ұсынамын.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Қолы күні, айы, жылы

  Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай –ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
12-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. Шарттар 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау нәтижесі.

      1.1.Өтінім берілген мамандықтың атауы________________________________________

      1.2. Өтінім берілген мамандандырудың атауы___________________________________

      1.3. Бағалау қорытындысын берген орган_______________________________________

      1.4. Бағалау қорытындысын алған жылы, айы, күні_______________________________

      2. Білім____________________________________________________________________

      2.1. Білімі (орта білім, орта білімнен кейінгі білім, техникалық және кәсіби білім,

      жоғары білім) (дипломның сканерленген көшірмесі)

      2.2. Диплом нөмірі__________________________________________________________

      2.3. Диплом сериясы________________________________________________________

      2.4. Білім беру ұйымының толық атауы_________________________________________

      2.5. Оқитын елі_____________________________________________________________

      2.6. Түскен жылы___________________________________________________________

      2.7. Бітірген жылы__________________________________________________________

      2.8. Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________

      2.9. Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________

      2.10. Нострификация және дипломды тану (Қазақстан Республикасынан тыс жерде

      білім алған тұлғалар үшін) (нострификация туралы құжаттың сканерленген көшірмесі)

      Оқитын елі________________________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы____________________________________________

      Нострификация туралы куәлік берген орган_____________________________________

      Нострификация бұйрығының нөмірі___________________________________________

      Нострификацияның тіркеу нөмірі_____________________________________________

      Нострификация куәлігінің берілген күні________________________________________

      3. Өтініш берілген мамандық бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім

      (магистратура) (бар болғанда) туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар

      мамандар үшін) (құжаттың сканерленген көшірмесі)

      3.1. Магистратура мамандығы________________________________________________

      3.2. Түскен жылы___________________________________________________________

      3.3. Бітірген жылы__________________________________________________________

      3.4. Оқу ұзақтығы___________________________________________________________

      3.5. Оқудың сағат бойынша көлемі_____________________________________________

      3.6. Ұйымның толық атауы___________________________________________________

      3.7. Магистратура өткен орны_________________________________________________

      4. Өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік туралы

      мәліметтер (құжаттың сканерленген көшірмесі)

      4.1. Қайта даярлау бойынша куәліктің нөмірі____________________________________

      4.2. Қайта даярлау мамандығы________________________________________________

      4.3. Оқытатын ұйымның атауы________________________________________________

      4.4. Оқу көлемі сағатпен_____________________________________________________

      4.5. Оқудың басталуы_______________________________________________________

      4.6. Оқудың аяқталуы_______________________________________________________

      5. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер_______________________________________

      5.1. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн)_________________

      5.2. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны____________________________________________

      5.3. Атқаратын лауазымы____________________________________________________

      5.4. Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрықтың №

Бұйрықтың шығарылған күні







      6. Өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру:

      1) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы

      мәліметтер____________________________________________________________

      2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі _____________________________

      3) цикл атауы _________________________________________________________

      4) оқытатын ұйымның атауы _____________________________________________

      5) оқудың басталуы ____________________________________________________

      6) оқудың аяқталуы ____________________________________________________

      7) оқыту көлемі сағатпен________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11787 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 тамызда жарияланған);

      2. "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12134 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қазанда жарияланған);

      3. "Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 94709 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қазанда жарияланған);

      4. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 596 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14081 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 тамызда жарияланған);

      5. "Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 337 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15272 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған);

      6. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 1 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16238 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 қаңтарда жарияланған);

      7. "Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 17 мамырдағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18701 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 30 мамырда жарияланған);

      8. "Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-27/2020 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесінің 3, 4, 5-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20333 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 13 сәуірде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады