"Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 113-160 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 501-1338 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 шiлдеде № 1279 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, "Астана қаласы мәслихатының Астана қаласының аумағында құрылыс салу мәселелері жөніндегі кейбір шешімдерінің күшін жою туралы" Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 69/11-VI шешіміне (Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қарашада № 1078 болып тіркелген), "Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 232/26-VI шешімін іске асыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 114-73 қаулысына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны әрі қарай пайдалану қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 ақпандағы № 113-160 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 802 болып тіркелген, "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде 2014 жылғы 13 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Көлгінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады