"Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 107-969 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 107-3385 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 21994 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасы, 62-бабының 4-2, 6-1–тармақтарына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырда "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 107-969 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1239 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-2) тармақшасы, 62-бабының 4-2, 6-1–тармақтарына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырда "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 107-3385 қаулысына
қосымша
  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "10" шілдедегі
№ 107-969 қаулысына
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы (жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында)

      № 1 кесте

Р/с №

Сыныптар

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында 2020 жылға арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны

Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Жалпы білім беретін сыныптар

Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқыту

Орта білім беру ұйымдардағы түзету сыныптары

Үйде оқыту

1.

1-4-сыныптар

83203

209 221

334 719

370 295

899 902

2.

5-9-сыныптар

80059

272 244

460 765

435 161

1 107 772

3.

10-11-сыныптар

14595

318 046

552 369

459 089

1 315 455

      № 2 кесте

Р/с №

Сыныптар

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында 2021 жылға арналған орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны

Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Жалпы білім беретін сыныптар

Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқыту

Орта білім беру ұйымдардағы түзету сыныптары

Үйде оқыту

Комму налдық мемле кеттік мекеме

Шаруа шылық жүргізу құқы ғындағы мемле кеттік комму налдық кәсіпорын

Комму налдық мемле кеттік мекеме

Шаруа шылық жүргізу құқығын дағы мемле кеттік коммунал дық кәсіпорын

Комму налдық мемле кеттік мекеме

Шаруа шылық жүргізу құқы ғындағы мемле кеттік комму налдық кәсіпорын

Комму налдық мемле кеттік мекеме

Шаруа шылық жүргізу құқы ғындағы мемле кеттік комму налдық кәсіпорын

Комму
налдық мемле кеттік мекеме

Шаруа шылық жүргізу құқы ғындағы мемлекеттік комму налдық кәсіпорын

1.

1-4-сыныптар

60 317

22 886

343 972

357 099

579 576

592 703

636 821

649 948

1 631 199

1 631 199

2.

5-9-сыныптар

58 469

21 590

463 560

476 687

818 752

831 879

756 979

770 106

2 016 257

2 016 257

3.

10-11-сыныптар

10 438

4 157

550 473

563 600

992 578

1 005 705

801 302

814 429

2 400 696

2 400 969

      ____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады