Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/23 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 7657 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 21 қаңтардағы
№ А-1/23 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № А-6/255 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4869 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № А-9/429 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5023 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № А-6/255 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № А-6/207 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5418 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № А-6/255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № А-10/431 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5561 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № А-6/255 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № А-4/158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5964 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № А-4/166 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6610 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Электр энергетика саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № А-9/429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/277 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7267 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № А-6/255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/278 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7268 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. "Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № А-8/392 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7340 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады