Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № А-2/57 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 7678 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы "13" ақпандағы
№ А-2/57 қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 16 шілдедегі № А-7/336 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4947 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 20 шілдедегі № А-8/347 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4951 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № А-11/530 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5142 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Ақмола облысы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № А-7/336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 25 мамырдағы № А-7/242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5431 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Ақмола облысы әкімдігінің "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № А-11/530 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/289 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Ақмола облысы әкімдігінің "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № А-8/347 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 30 наурыздағы № А-4/128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5941 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Ақмола облысы әкімдігінің "Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № А-11/530 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 7 сәуірдегі № А-4/147 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5942 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Ақмола облысы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № А-7/336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/609 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6363 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Ақмола облысы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № А-7/336 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 4 наурыздағы № А-3/99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады