Ақкөл ауданының Ақкөл қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № А-5/124 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 мамырда № 7853 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл ауданының Ақкөл қаласында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдауға бірыңғай тарифі белгіленсін:

      ересектерге – 80 (сексен) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 40 (қырық) теңге мөлшерінде.

      2. Ақкөл ауданы әкімдігінің "Ақкөл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/528 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4624 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда "Знамя Родины KZ" және "Ақкөл өмірі" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары В.В. Елисеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі А.Каиржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады