Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 7841 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-15/3-24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 26.01.2024 № 8С-15/3-24 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Н.Мандаев
      Ерейментау аудандық мәслихатының
хатшысы
К.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімдігі

  Ерейментау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 6С-48/5-20 шешімімен
бекітілген

Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 07.11.2022 № 7С-36/2-22 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ерейментау ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар.

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеріс жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалар Ерейментау ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органымен келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді:

      1) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағының ішкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарға (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      2) 9 мамыр- Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      еңбек ардагерлеріне;

      "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;

      3) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:

      саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына;

      саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендерге;

      4) 25 қазан - Республика күніне:

      мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеуші тұлғаларға;

      мүгедекттігі бар 1, 2, 3 топтағы адамдарға;

      ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге және тек қана мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде зейнеткерлерге;

      Ерейментау қаласы бойынша жасына байланысты зейнеткерлікке жұмыссыз болып шыққандарға, сонымен қатар таратылған (банкротқа ұшыраған) кәсіпорындарының зейнеткерлеріне.

      5) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне:

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшыларына және қатардағы құрамының адамдарын.

      8. Табыстары есептелмей бір рет әлеуметтік көмек мына азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:

      1) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға және адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар кәмелетке толған азаматтарға – дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы негізінде 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, босатылған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей өтініш бергендерге;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге арналған шығындардың құнын жолдама құны мөлшерінде, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде өтеу;

      4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларына) – өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірме. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 150 (жүз елу) айлық есептік көрсеткішке тең.

      9. Табыстары есептелмей ай сайын уәкілетті ұйым тізімінің негізінде әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға, дәрігерлік-кеңестік комиссиясының анықтамасы негізінде әлеуметтік көмек:

      1) амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға –5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азық-түлік пакеті;

      2) адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне –ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде көрсетіледі.

      10. Өткен тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 1,5 еселенген мөлшерінен төмен азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша бір рет әлеуметтік көмек көрсетіледі, бұл ретте шекті мөлшері 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішке тең.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес анықталады.

      13. Атаулы күндері және мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ерейментау ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      15. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы, алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      16. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ерейментау ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      17. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

4-тарау. Қорытынды ереже

      18. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.


  Ерейментау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 6С-48/5-20 шешіміне
қосымша

Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылған тізбесі

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 тіркелген, 2013 жылғы 2 қарашада аудандық "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланған) шешімі.

      2. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы № 5С-32/5-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4455 тіркелген, 2014 жылғы 29 қарашада аудандық "Ереймен", "Ерейментау" газеттерінде жарияланған) шешімі.

      3. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 5С-34/3-14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4617 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      4. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қазандағы № 5С-41/4-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5036 тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      5. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 5С-44/6-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5232 тіркелген, 2016 жылғы 8 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      6. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 24 мамырдағы № 6С-4/2-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5415 тіркелген, 2016 жылғы 29 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

      7. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 6С-10/8-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5686 тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімі.

      8. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 28 ақпандағы № 6С-11/5-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5834 тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімі.

      9. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6С-13/5-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5984 тіркелген, 2017 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімі.

      10. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 6С-22/4-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6560 тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімі.

      11. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 24 тамыздағы № 6С-29/4-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6780 тіркелген, 2018 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімі.

      12. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 13 ақпандағы № 6С-36/3-19 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7076 тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады