Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 сәуірде № 7830 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің 28.07.2020 № 10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 1 хаттамасының негізінде, Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есіл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д.И.Нұрлыбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д.И.Нұрлыбековке жүктелсін.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылдың 8 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Балжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады