Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-7/150 "Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № А-8/162 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 тамызда № 7982 болып тіркелді

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сандықтау ауданы әкімдігінің "Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-7/150 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулының кiрiспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      ""Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Жылқыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі А.Уисимбаев

  Сандықтау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы "6" тамыздағы
№ А-8/162 қаулысына
қосымша
  Сандықтау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 7 шілдедегі
№ А-7/150 қаулысына
қосымша

Сандықтау ауданы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдер, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы, жалақыдан барлық ұстаулары.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылар.

      3. Алименттері, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары және (немесе) жарналары, жәрдемақылары, стипендиялары.

      4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

      5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтерді сатып алуға шығыстар.

      6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.

      7. Іссапар және қызметтік сапарлар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады