Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 260 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелiк комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 111 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6918 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 09.10.2023 № 265 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 шілдедегі № 260 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелiк комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6277 тіркелген, 2019 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкіне жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      атауы мынадай редекциялада жазылсын:

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелiк комиссиялар туралы ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелiк комиссиялар туралы ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;

      2) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақтөбе облысы әкімдігінің

      2019 жылғы 4 шілдедегі

      № 260 қаулысына 1-қосымша";

      Көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелiк комиссиялар туралы ережелерде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комиссия:

      Жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;

      құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының жоқтығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.";

      осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
      _____________ С. М. Қалдығұлова
      2020 жылғы "____" ___________

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 111 қаулысына 2-қосымша

Өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары

      1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттары:

      1) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтығы, оралман, босқын, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адам мәртебесінің бар болуы;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығымен немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімімен расталған мәліметтердің бар болуы;

      3) учаскелік комиссиямен әзірленген өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытындының болуы болып табылады.

      Өтініш берушіге және (немесе) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беруге қажеттіліктің жоқтығы туралы учаскелік комиссиямен қорытынды шығаруға келесі өлшемшарттардың бірі негіз болып табылады:

      1) жалпы тиімді көлемі отбасының бір мүшесіне 18 шаршы метрден аспайтын барлық тұрғын үйлерді есептегенде, оның ішінде, тиісті актілермен расталатын авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, атаулы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзіміне дейінгі соңғы 5 жылда иеліктен шығарылған тұруға жарақты жеке меншік иелігіндегі біреуден аса тұрғын үйдің бар болуы;

      2) оның (олардың) жеке меншігінде, иелігінде және (немесе) қолданысында тұрақты тұрудан басқа табыс алу үшін мақсаттарда қолданылатын жеке жайдың болуы;

      3) жергілікті атқарушы органдармен жеке меншікке жер телімін ақысыз түрде беру жағдайын қоспағанда, оның (олардың) жеке меншік тұрғын үйінің бар болуы кезінде оның (олардың) сатып алған жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншікте жер телімінің бар болуы;

      4) көпбалалы отбасыларды және мүгедек балалар, бірінші және екінші топ мүгедектері бар отбасыларды қоспағанда оның (олардың) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында біреуден астам жеңіл автокөлігі бар болуы;

      5) жеке меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, қолданысында техникалық жарамды жағдайда ауыл шаруашылық техникасы және (немесе) автобустың және (немесе) микроавтобустың және (немесе) жүк автокөлігінің және (немесе) троллейбустың және (немесе) арнайы бейімделген және (немесе) арнаулы автомобильдердің және (немесе) теңіз және (немесе) ішкі су және (немесе) әуе көліктерінің бар болуы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады