Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атаудың транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы № 527 шешімі және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 238 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 маусымда № 7176 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 3 шілдедегі, 2019 жылғы 26 қыркүйектегі, 2019 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындылары, Әйтеке би, Қобда аудандары әкімдіктерінің және мәслихаттарының ұсыныстары негізінде, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысының кейбір ауылдық округтері және жекелеген аудандарының:

      1) Әйтеке би ауданы бойынша:

      Комсомол ауылдық округін "Темірбек Жүргенов" ауылдық округі;

      Комсомол ауылдық округі Комсомол ауылы "Темірбек Жүргенов" ауылы;

      2) Қобда ауданы бойынша:

      Бегалы ауылдық округінің Калиновка ауылы Бесқұдық ауылы деп қайта аталсын.

      Ескерту. 1 тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 15.10.2020 № 568 бірлескен шешімімен және Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.10.2020 № 371 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылдық округі "Тымабұлақ" ауыл атауының транскрипциясы "Тұмабұлақ" ауылы деп өзгертілсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. З. Шермағанбетке жүктелсін.

      4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
К. Кенжебаев
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. Калдыгулова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады