Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 424 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 қазанда № 7504 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алға аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алға аудандық
мәслихат сессиясының төрағасы
Р. Еркусимова
      Алға аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Жумабаев

  Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 424 шешімімен бекітілген

Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 16.11.2022 № 219 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі -алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай түрде көрсетілетін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасында, 11-бабы 2) тармақшасында, 12-бабы 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 2 140 000 (екі миллион жүз қырық мың) теңге мөлшерiнде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай – ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 230 000 (екі жүз отыз мың) теңге мөлшерінде;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерiнде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдарында қаза тапқан не сол кезеңде жараланудың, контузия алудың, мертігудің немесе ауруға шалдығудың салдарынан қайтыс болған екінші рет некеге тұрмаған әскери қызметшiлердiң жұбайларына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде.

      2) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір рет – 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      3) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген адамдарға – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерiнде.

      Ескерту. 6 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 21.06.2023 № 41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Өмірлік қиын жағдайға тап болған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға (отбасыларға):

      жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; кәмелетке толмағандардың қараусыздығы қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі; дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы; әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болу; кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы кезінде - адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерінде;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің шыққан орны бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтардың (отбасылардың) - жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет 300 000 (үш жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерінде;

      3) амбулаторлық емдеудегі онкологиялық аурулармен ауыратын және туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға – "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдеріне, сондай-ақ адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын жұқпасы бар тұлғаларға "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған анықтамаларға сәйкес, табысы есепке алынбай, ай сайын, бірақ жылына 6 (алты) айдан аспайтын уақытқа – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, бір рет 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерінде.

      Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 21.06.2023 № 41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Алға ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      12. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

3-тарау. Қорытынды ереже

      13. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 424 шешіміне қосымша

Алға аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5114 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Алға аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 190 "Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-3-182 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3) Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 262 "Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6130 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      4) Алға аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 320 "Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6599 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      5) Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 352 "Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7023 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      6) Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 371 "Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 45 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7048 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе

Решение Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 23 сентября 2020 года № 424. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 2 октября 2020 года № 7504. Утратило силу решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 16 ноября 2023 года № 78

      Сноска. Утратило силу решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 16.11.2023 № 78 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьи 56 Бюджетного Кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Алгинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Алгинского районного маслихата согласно приложению к настоящему решению.

      3. Государственному учреждению "Аппарат Алгинского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего решения на интернет–ресурсе Алгинского районного маслихата после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Алгинского
районного маслихата
Р. Еркусимова
      Секретарь Алгинского
районного маслихата
Б. Жумабаев

  Утверждены решением Алгинского районного маслихата от 23 сентября 2020 года № 424

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе

      Сноска. Правила – в редакции решения Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 16.11.2022 № 219 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

Глава 1. Общие положения

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Алгинского района Актюбинской области, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемый республиканским государственным учреждением "Департамент Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан по Актюбинской области";

      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган - государственное учреждение "Алгинский районный отдел занятости и социальных программ";

      8) участковая комиссия - комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно - территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      9) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      5. Меры социальной поддержки, предусмотренные статьей 16 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан", подпунктом 2) статьи 10, подпунктом 2) статьи 11, подпунктом 2) статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

Глава 2. Порядок оказания социальной помощи, определения перечня отдельных категорий нуждающихся получателей и установления размеров социальной помощи

      6. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) ко Дню Победы – 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны – в размере 2 140 000 (двух миллионов ста сорока тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф, и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      военнообязанным, призвавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы – в размере 230 000 (двухсот тридцати тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время – в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруга (супруг) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак – в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      лицам, из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии - в размере 150 000 (ста пятидесяти тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умерших ветеранов Великой Отечественной Войны, которые не вступали в повторный брак – в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      супругам военнослужащих, погибших либо умерших вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане, которые не вступали в повторный брак – в размере 100 000 (ста тысяч) тенге;

      2) ко Дню Конституции Республики Казахстан - 30 августа:

      лицам с инвалидностью первой, второй, третьей групп, детям с инвалидностью до шестнадцати лет и детям с инвалидностью первой, второй, третьей групп с шестнадцати до восемнадцати лет получающим государственные социальные пособия, единовременно без учета среднедушевого дохода - в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      3) ко Дню Независимости – 16 декабря:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, установленные Законом Республики Казахстан от 14 апреля 1993 года "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" – в размере 120 000 (ста двадцати тысяч) тенге.

      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 21.06.2023 № 41 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Социальная помощь оказывается отдельным категориям нуждающихся граждан, оказавшимся в трудной жизненной ситуации единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1) лицам (семьям), находящимся в трудной жизненной ситуации по следующим основаниям:

      сиротство, отсутствие родительского попечения, безнадзорность несовершеннолетних, в том числе девиантное поведение; ограничение возможностей раннего психофизического развития детей от рождения до трех лет; стойкие нарушения функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями; ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих; неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности; жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации; бездомность (лица без определенного места жительства); освобождение из мест лишения свободы; нахождение на учете службы пробации; нахождение несовершеннолетних в специальных организациях образования, организациях образования с особым режимом содержания - предоставляется единовременно, с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума - в размере не более 80 000 (восемьдесят тысяч) тенге;

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, без учета среднедушевого дохода в размере не более 300 000 (триста тысяч) тенге, единовременно;

      3) лицам, страдающим онкологическими заболеваниями и лицам, страдающим туберкулезным заболеванием, находящиеся на амбулаторном лечении, согласно списков, представленных государственным коммунальным предприятием "Алгинская районная больница" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области", а также лицам, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, согласно справок предоставляемых государственным коммунальным предприятием "Областной центр по профилактике и борьбе со СПИД" на праве хозяйственного ведения государственного учреждения "Управление здравоохранения Актюбинской области", без учета дохода, ежемесячно но не более 6 (шести) месяцев в году – в размере 10 (десяти) месячных расчетных показателей;

      4) многодетным семьям, малообеспеченным гражданам, с учетом среднедушевого дохода лица (семьи), не превышающего порога однократного размера прожиточного минимума - в размере не более 140 000 (ста сорока тысяч) тенге, единовременно.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными решением Алгинского районного маслихата Актюбинской области от 21.06.2023 № 41 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      9. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      10. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Алгинского района на текущий финансовый год.

      11. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

      12. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 3. Заключительное положение

      13. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение к решению Алгинского районного маслихата от 23 сентября 2020 года № 424

Перечень утративших силу некоторых решений Алгинского районного маслихата

      1) Решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5114, опубликованное 4 ноября 2016 года в газете "Жұлдыз-Звезда");

      2) Решение Алгинского районного маслихата от 27 августа 2018 года № 190 "О внесении изменения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-3-182, опубликованное 4 октября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      3) Решение Алгинского районного маслихата от 25 апреля 2019 года № 262 "О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6130, опубликованное 13 мая 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      4) Решение Алгинского районного маслихата от 18 декабря 2019 года № 320 "О внесении изменений и дополнения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6599, опубликованное 27 декабря 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      5) Решение Алгинского районного маслихата от 27 марта 2020 года № 352 "О внесении дополнения в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7023, опубликованное 13 апреля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде);

      6) Решение Алгинского районного маслихата от 9 апреля 2020 года № 371 "О внесении дополнений в решение Алгинского районного маслихата от 27 сентября 2016 года № 45 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Алгинском районе"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7048, опубликованное 17 апреля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).