Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 13 "Нұрбұлақ ауылына көше атауын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қаңтарда № 6787 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағаш ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 3 қарашадағы № 13 "Нұрбұлақ ауылына көше атауын беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-62 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесі келесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Нұрбұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Қарағаш ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алға ауданы Қарағаш ауылдық
округінің әкімі
Н. Таженов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады