2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 21 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 6805 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі Е. Кенжеханұлы

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 21 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 08.12.2020 № 341 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (Жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

50

2%

1

2

"РОДНИКИ-АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

102

2%

2

3

"Айс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

128

2%

3

4

"Энергосистема" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

2%

2

5

"ЭКСПОИНЖИНИРИНГ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

82

2%

2

6

"Агрофирма "Коквест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

180

2%

4

7

"Мәртөк сүт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

30

2%

1

8

"Кандула" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1

9

"Ремонтник" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

19

2%

1

10

"РАД Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20

2%

1

11

"ПГС Қаратоғай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

2%

1

12

"МТС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

8

2%

1

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады