2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 6806 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі Е. Кенжеханұлы

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 22 қаулысына қосымша

2020 жылға арналған Мәртөк ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 04.11.2020 № 298 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң арнайы білім беру ұйымы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2%

1

2

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мәртөк аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

411

2%

8

3

"Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

89

2%

1

4

"Мәртөк аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәртөк аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

26

2%

1

5

"Мәртөк аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

66

2%

1

6

"Мәртөк аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Хлебодаровка жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

122

2%

1

7

"Мәртөк аудандық білім, бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратаусай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

37

2%

1

8

"Мәртөк аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Құрмансай жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2%

1

9

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Жайсаң көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

2%

1

10

"Гейзер" сауда-өндірістік кешені

8

2%

1

11

"Алем" шаруа қожалығы

7

2%

1

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады