Гүлдала ауылдық округінің жаңа көшелеріне атаулар беру туралы

Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 4 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 5 тамызда № 5591 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Гүлдала ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Гүлдала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Гүлдала ауылдық округінің жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Гүлдала ауылында "Шыңғыстау", "Ұлытау", "Қаратау", "Қызғалдақ", "Ақбұлақ", "Балдырған", "Бірлік", "Шапағат", "Мәртөбе", "Ақсай", "Жусан", "Қанағат", "Ақсу", "Береке", "Самал", "Көктем", "Байтақ", "Кемер", "Арна", "Қарақат", "Жігер", "Ақбидай", "Бөген";

      2) Кіші Байсерке ауылында "Жиделі", "Ертіс", "Ұялы", "Баянды", "Көкжар", "Ырысты", "Жолашар", "Аманат", "Қарашоқы", "Үшқара", "Ақтерек", "Кербез", "Күншуақ", "Арал", "Отырар", "Ұлы Дала", "Жерұйық", "Тараз", "Тарбағатай", "Шалғын", "Ойыл", "Медеу", "Хантау", "Алтынемел", "Бурабай", "Жетісу", "Талды", "Жайық", "Сабыр", "Мерген", "Шаттық", "Сарыжаз", "Достық", "Тұлпар", "Өркен".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Гүлдала ауылдық округі әкімінің орынбасары М. Азилкияшеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар ауданы Гүлдала
      Ауылдық округінің әкімі М. Маханбеткали

О присвоении наименований новым улицам Гульдалинского сельского округа

Решение акима Гульдалинского сельского округа Талгарского района Алматинской области от 30 июля 2020 года № 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 5 августа 2020 года № 5591

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения Гульдалинского сельского округа и на основании заключения ономастической комиссии Алматинской области от 8 октября 2019 года, аким Гульдалинского сельского округа Талгарского района РЕШИЛ:

      1. Присвоить следующие наименования новым улицам Гульдалинского сельского округа:

      1) в селе Гульдала "Шыңғыстау", "Ұлытау", "Қаратау", "Қызғалдақ", "Ақбұлақ", "Балдырған", "Бірлік", "Шапағат", "Мәртөбе", "Ақсай", "Жусан", "Қанағат", "Ақсу", "Береке", "Самал", "Көктем", "Байтақ", "Кемер", "Арна", "Қарақат", "Жігер", "Ақбидай", "Бөген";

      2) в селе Киши Байсерке "Жиделі", "Ертіс", "Ұялы", "Баянды", "Көкжар", "Ырысты", "Жолашар", "Аманат", "Қарашоқы", "Үшқара", "Ақтерек", "Кербез", "Күншуақ", "Арал", "Отырар", "Ұлы Дала", "Жерұйық", "Тараз", "Тарбағатай", "Шалғын", "Ойыл", "Медеу", "Хантау", "Алтынемел", "Бурабай", "Жетісу", "Талды", "Жайық", "Сабыр", "Мерген", "Шаттық", "Сарыжаз", "Достық", "Тұлпар", "Өркен".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима Гульдалинского сельского округа М. Азилкияшеву.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Гулдалинского сельского
      округа Талгарского района М. Маханбеткали