Кеген ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 38-131 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 20 тамызда № 5625 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кеген ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Кеген аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кеген ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4901 тіркелген, 2018 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Кеген ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4904 тіркелген, 2018 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кеген аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы С. Смагулов
      Кеген аудандық
      маслихаттың хатшысы Н. Советов

  Кеген аудандық маслихатының 2020 жылғы 19 тамызы № 38-131 шешіміне 1 қосымша

Кеген ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері

Жалпы ережелер

      1. Кеген ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік колдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган –Кеген ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынған тізімдерін ауылдық округ әкімдерімен бекітуі негізінде, өтініш талап етілмейтін тәртіппен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті орган ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы төленеді.

      Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Кеген ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

      Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кегенского района

Решение Кегенского районного маслихата Алматинской области от 19 августа 2020 года № 38-131. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 20 августа 2020 года № 5625

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Кегенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кегенского района согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Кегенского районного маслихата:

      1) "О предоставлении социальной помощи на оплату коммунальных услуг и приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кегенского района" от 27 ноября 2018 года № 9-32 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4901, опубликован 8 декабря 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан);

      2) "О предоставлении социальной помощи на оплату коммунальных услуг и приобретение топлива педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности Кегенского района" от 27 ноября 2018 года № 9-31 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4904, опубликован 8 декабря 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Кегенского районного маслихата "По вопросам средств массовой информации, работы с общественными объединениями, права, социально-культурного развития".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Кегенского
      районного маслихата С. Смагулов
      Секретарь Кегенского
      районного маслихата Н. Советов

  Приложение 1 к решению Кегенского районного маслихата от 19 августа 2020 года № 38-131

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кегенского района

Общие положения

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива (далее–социальная поддержка) за счет бюджетных средств оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кегенского района (далее – специалисты).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом–государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ" Кегенского района.

      Порядок оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка оказывается в беззаявительном порядке, на основании списков, утвержденных акимами сельских округов по предоставлению государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      4. Выплата социальной поддержки производится через банки второго уровня, с которыми в установленном законодательством порядке заключен договор для зачисления сумм на лицевые счета специалистов, на основании представленных уполномоченным органом ведомостей.

      Размер оказания социальной поддержки

      5. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 5 (пяти) месячных расчетных показателей.

      Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной поддержки

      6. Социальная поддержка прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Кегенского района.

      Выплата социальной поддержки прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином порядке установленном законодательством Республики Казахстан.