Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/521-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 ақпанда № 85 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/35-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидалары бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Н. Жанабаев
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 60/521-6с шешімімен бекітілген

Шымкент қаласының аумағын абаттандырудың қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/35-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шымкент қаласының аумағын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызметінің нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін Шымкент қаласының аумағын абаттандыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;

      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;

      3) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

      4) ірі габаритті қалдықтар – мөлшері биіктігі, ені немесе ұзындығы 0,5 метрден асатын, өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқан заттар (жиһаз, тұрмыстық техника, сантехника және басқа да ірі заттар) болып табылатын өндіріс және тұтыну қалдықтары;

      5) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;

      6) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;

      7) уәкілетті орган – абаттандыру саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      8) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;

      9) мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жатады;

      10) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;

      11) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);

      12) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және жеке немесе заңды тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;

      13) қалдықтарды бөлек жинау – қалдықтарды одан әрі мамандандырылған басқаруды оңайлату мақсатында оларды түрлері немесе топтары бойынша бөлек жинау;

      14) тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі (бұдан әрі – орталықтандырылған жүйе) – меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде не жеке тұрған ғимараттарда (құрылысжайларда) тұратын (орналасқан) және (немесе) өз қызметін жүзеге асыратын және меншік құқығында контейнер алаңдары мен контейнерлері жоқ, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жерде орналасқан, меншік құқығындағы контейнер алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жүйе;

      15) контейнер алаңдары – тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын арнайы бейімделген көлікке арналған кірме жолдары бар, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орналастырылатын қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар.

2-тарау. Шымкент қаласының аумағын абаттандыру

1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      3. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, Шымкент қаласының абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.

      4. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

      5. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:

      1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;

      2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;

      3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;

      4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.

2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру

      6. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:

      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;

      3) сыпыру;

      4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;

      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.

      7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.

      8. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.

      9. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.

      10. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.

      11. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізгізу кезінде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.

      12. Су ағатын желілердің ластануын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.

      13. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.

      14. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерге жүзеге асырылады.

      15. Қарды уақытша жинау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылады және абаттандырылады.

3-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару

      16. Орталықтандырылған жүйені жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Экология кодексінің талаптарына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26341 болып тіркелген) бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына (бұдан әрі – Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидалары) сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы ұйымдастырады.

      17. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған коммуналдық қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді және қалдықтарға арналған контейнерлерде (бұдан әрі –контейнер) жинақтауды қамтамасыз етеді.

      18. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау, оның ішінде қалпына келтірілгенге немесе жойылғанға дейін тасымалдау мен жинақтау жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылады.

      19. Үй иелерінің аумағында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) бекітілген "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады.

      20. Контейнерлерге және контейнерлік алаңдарға тек коммуналдық қалдықтарды тастауға және жинауға жол беріледі.

      21. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады.

      Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.

      22. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.

      23. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      24. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымдар:

      1) контейнерлік алаңдарды, контейнерлерді және оған іргелес аумақтарды санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;

      2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;

      3) контейнерлік алаңдар мен контейнерлердің тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды;

      4) қалдықтарды шығару кезде бөлек жиналған қалдықтардың араластырылмауын қамтамасыз етеді.

      25. Іргелес аумақта құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды контейнерлік алаңдарға жинауға жол берілмейді.

      Жеке және заңды тұлғалар құрылыс қалдықтарын және ірі габаритті қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға дербес әкетуді жүргізеді.

      26. Коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын жұмыскерлер контейнерлерден мамандандырылған көлікке түсіру кезінде төгілген қоқыстарды дереу жинайды.

      27. Вокзалдарда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халық жаппай баратын орындарда құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.

      28. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толуына қарай, бiрақ күніне бір реттен кем емес тазартылады.

      Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемінде аптасына бір рет жуылады.

      29. Тұрғын үйлерде тұратын және меншік құқығында контейнер алаңдары мен контейнерлері жоқ, жеке тұлғалардың тұрмыстық қалдықтарын шығару 1 мамырдан 1 қарашаға дейінгі кезеңде аптасына екі рет жергілікті атқарушы орган конкурс (тендер) өткізу арқылы айқындаған ұйыммен жүргізіледі.

4-параграф. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру

      30. Шымкент қаласының аумағын абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, халықтың барлық санаттары үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы орындарға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етіледі.

      31. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасымен көзделген Шымкент қаласының аумағын абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізген адамдар күнтізбелік отыз күн ішінде бүлінген және (немесе) бұзылған абаттандырудың бастапқы пайдалану қасиеттерін қалпына келтіреді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер тротуарларының жабындарын қозғайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы жұмыстарды жүргізген адамдар бастапқы жабын материалынан бүлінген және (немесе) бұзылған жабынның бастапқы пайдалану сапасын қалпына келтіреді.

5-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау

      33. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.

      34. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге жол берілмейді.

      35. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.

6-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау

      36. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін азаюы кезінде, ал сөнуі – таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.

      37. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.

      38. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.

      39. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады, басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      40. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      41. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.

      42. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.

7-параграф. Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік

      43. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

Об утверждении Правил благоустройства территории города Шымкент

Решение маслихата города Шымкент от 31 января 2020 года № 60/521-6с. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 12 февраля 2020 года № 85

      В соответствии с подпунктом 4-2) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами благоустройства территорий городов и населенных пунктов, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10886), маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения маслихата города Шымкент от 14.06.2023 № 4/35-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить Правила благоустройства территории города Шымкент согласно приложению к настоящему решению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Шымкент;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Шымкент Н. Жанабаев
      Секретарь маслихата
      города Шымкент Г. Ташкараев

  Утвержден решением маслихата
города Шымкент от 31 января 2020
года № 60/521-6с

Правила благоустройства территории города Шымкент

      Сноска. Приложение - в редакции решения маслихата города Шымкент от 14.06.2023 № 4/35-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила благоустройства территории города Шымкент (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 33) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами благоустройства территорий городов и населенных пунктов, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10886) и определяют порядок благоустройства территории города Шымкент для всех юридических лиц независимо от их правового статуса и форм хозяйственной деятельности, физических лиц, а также должностных лиц, ответственных за благоустройство дворовых и общественных территорий.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) благоустройство – совокупность работ (по инженерной подготовке и обеспечению безопасности территории, устройству дорог, развитию коммуникационных сетей и сооружений водоснабжения, канализаций, энергоснабжения, устройству покрытий, освещению, размещению малых архитектурных форм и объектов монументального искусства, проектированию озеленения, снижению уровня шума, улучшению микроклимата, охране от загрязнения воздушного бассейна, открытых водоемов и почвы) и услуг (по расчистке, уборке, санитарной очистке осушению и озеленению территории), осуществляемые в целях приведения той или иной территории в состояние, пригодное для строительства и нормального пользования по назначению, создания здоровых, удобных и культурных условий жизни населения;

      2) места общего пользования – это территории, объекты, которые доступны или открыты для населения;

      3) твердые бытовые отходы – коммунальные отходы в твердой форме;

      4) крупногабаритные отходы - отходы производства и потребления, являющиеся предметами, утратившими свои потребительские свойства (мебель, бытовая техника, сантехника и другие крупные предметы), размеры которых превышают 0,5 метра в высоту, ширину или длину;

      5) проезд – элемент дороги, обеспечивающий подъезд транспортных средств к жилым и общественным зданиям, учреждениям, предприятиям, объектам застройки внутри микрорайонов, кварталов, населенных пунктов;

      6) тротуар – элемент дороги, предназначенный для движения пешеходов, примыкающий к проезжей части или отделенный от нее газоном или арычной системой;

      7) уполномоченный орган – структурное подразделение местного исполнительного органа, осуществляющее функции в сфере благоустройства;

      8) организация – физическое или юридическое лицо, специализирующиеся в области благоустройства;

      9) специализированные организации – индивидуальные предприниматели или юридические лица, осуществляющие деятельность по сбору, сортировке, транспортировке, восстановлению и (или) удалению коммунальных отходов;

      10) маломобильные группы населения – лица пожилого возраста, с инвалидностью, испытывающие затруднения при самостоятельном передвижении, получении услуг, информации или ориентировании в пространстве, в том числе использующие детские коляски и (или) кресла-коляски;

      11) малые архитектурные формы – объекты декоративного характера и практического использования (скульптуры, фонтаны, барельефы, вазы для цветов, павильоны, беседки, скамьи, урны, оборудование и конструкции для игр детей и отдыха взрослого населения);

      12) прилегающая территория – территория (в границах 5 метров по периметру), непосредственно примыкающая к границам здания, сооружения, ограждения, строительной площадки, к объектам торговли, рекламы и другим объектам, находящимся в собственности, владении, аренде, на балансе у физических или юридических лиц;

      13) раздельный сбор отходов – сбор отходов раздельно по видам или группам в целях упрощения дальнейшего специализированного управления ими;

      14) централизованная система сбора твердых бытовых отходов (далее – централизованная система) – система, организуемая местными исполнительными органами в рамках обеспечения физических и юридических лиц независимо от форм собственности и вида деятельности, проживающих (находящихся) и (или) осуществляющих свою деятельность в жилых домах либо отдельно стоящих зданиях (сооружениях) и не имеющих на праве собственности контейнерных площадок и контейнеров, а также имеющих на праве собственности контейнерные площадки и контейнеры, расположенные на землях общего пользования, услугами по сбору, транспортировке твердых бытовых отходов;

      15) контейнерные площадки – специальные площадки для накопления отходов, на которых размещаются контейнеры для сбора твердых бытовых отходов, с наличием подъездных путей для специализированного транспорта, осуществляющего транспортировку твердых бытовых отходов.

Глава 2. Благоустройство территории города Шымкент

Параграф 1. Обеспечение чистоты и порядка

      3. Юридические и физические лица соблюдают чистоту и поддерживают порядок на всей территории, в том числе на территориях частных домовладений, не допускают повреждения и разрушения элементов благоустройства (дорог, тротуаров, газонов, малых архитектурных форм, освещения, водоотвода) города Шымкент.

      4. Текущее санитарное содержание местности осуществляется организациями, специализирующимися в области благоустройства территории.

      5. Физические и юридические лица всех организационно-правовых форм, в том числе владельцы капитальных и временных объектов:

      1) обеспечивают санитарное содержание и благоустройство отведенной территории за счет своих средств самостоятельно либо путем заключения договоров с организациями;

      2) бережно относятся к объектам любой собственности, информируют соответствующие органы о случаях причинения ущерба объектам государственной собственности;

      3) содержат в технически исправном состоянии и чистоте таблички с указанием улиц и номеров домов;

      4) содержат ограждения (заборы) и малые архитектурные формы в надлежащем состоянии (покраска, побелка с внешней стороны ограждения (забора).

Параграф 2. Организация уборки территорий

      6. Уборка и содержание мест общего пользования включают в себя следующие виды услуг:

      1) уборка и вывоз мелкого и бытового мусора и отходов;

      2) уборка и вывоз крупногабаритного мусора и отходов;

      3) подметание;

      4) покос и вывоз камыша, бурьяна, травы и иной дикорастущей растительности;

      5) текущий ремонт и окраска ограждений и малых архитектурных форм.

      7. Уборка территорий общего пользования, занятых парками, скверами, бульварами, водоемами, пляжами, кладбищами, в том числе расположенными на них тротуарами, пешеходными зонами, лестничными сходами производится физическими и юридическими лицами и субъектами закрепления территорий, у которых данные объекты находятся на обслуживании и эксплуатации.

      8. Собственники объектов обеспечивают санитарную очистку и уборку прилегающей территории (автостоянки, боксовые гаражи, ангары, складские подсобные строения, сооружения, объекты торговли и услуг) организациями коммунального хозяйства или же производят ее самостоятельно.

      9. Уборка тротуаров, расположенных вдоль улиц и проездов, остановочных площадок пассажирского транспорта производится организациями, ответственными за уборку и содержание проезжей части.

      10. Уборка и мойка остановочных комплексов и прилегающих к ним территорий на остановочных площадках общественного пассажирского транспорта, территорий платных автостоянок, гаражей, а также подъездных путей, прилегающей территории осуществляются их владельцами.

      11. Вывоз строительного мусора при проведении дорожно-ремонтных работ производится организациями, производящими эти работы.

      12. Во избежание засорения водосточной сети не допускается сброс мусора в водосточные коллекторы, дождеприемные колодцы и арычную систему.

      13. Владельцы и эксплуатирующие организации надземных инженерных сооружений обеспечивают санитарное содержание прилегающей территории в границах охранных зон инженерных сетей.

      14. Вывоз снега с улиц и проездов осуществляется на установленные места, определенные местным исполнительным органом.

      15. Места временного складирования снега после снеготаяния очищаются от мусора и благоустраиваются.

Параграф 3. Сбор и вывоз отходов

      16. Централизованная система организовывается местным исполнительным органом посредством проведения конкурса (тендера) по определению участников рынка твердых бытовых отходов, осуществляющих сбор и транспортировку твердых бытовых отходов в соответствии с требованиями Экологического кодекса Республики Казахстан и Правилами управления коммунальными отходами (далее – Правила управления коммунальными отходами), утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 декабря 2021 года № 508 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 26341).

      17. Физические и юридические лица, в результате деятельности которых, образуются коммунальные отходы, обеспечивают их безопасное обращение с момента образования и складирование их в контейнеры для сбора коммунальных отходов (далее - контейнеры).

      18. Организация раздельного сбора коммунальных отходов, в том числе их транспортировка и накопление до восстановления или удаления осуществляется местным исполнительным органом.

      19. На территории домовладений располагаются специальные площадки для размещения контейнеров с удобными подъездами для специализированного транспорта в соответствии с требованиями Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления", утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21934).

      20. В контейнеры и на контейнерные площадки допускается сброс и складирование только коммунальных отходов.

      21. Контейнеры после опорожнения обрабатываются дезинфицирующим раствором на местах или заменяются чистыми, прошедшими обработку на местах опорожнения.

      Места обработки контейнеров необходимо оборудовать установками для чистки, мойки и дезинфекции с подводкой горячей и холодной воды, организацией стока.

      22. Жидкие бытовые отходы и крупногабаритный мусор не подлежат сбросу в мусоропровод.

      23. Эксплуатацию мусоропровода осуществляет эксплуатирующая организация, в ведении которой находится жилой дом.

      24. Специализированные организации, эксплуатирующие контейнерные площадки и контейнеры в целях благоустройства территории города Шымкент:

      1) обеспечивают санитарное содержание контейнерных площадок, контейнеров и прилегающих к ним территорий;

      2) производят своевременный ремонт и замену непригодных к дальнейшему использованию контейнеров;

      3) принимают меры по обеспечению регулярной мойки контейнерных площадок и контейнеров, дезинфекции, дезинсекции, дератизации против мух и грызунов;

      4) при вывозе обеспечивают не смешивание отходов, подвергнутых раздельному сбору.

      25. Не допускается складирование строительных и крупногабаритных отходов на прилегающей территории к контейнерным площадкам.

      Физические и юридические лица, производят самостоятельный вывоз строительных и крупногабаритных отходов в специальные отведенные места.

      26. Работники, осуществляющие транспортировку коммунальных отходов, незамедлительно производят уборку мусора, просыпавшегося при выгрузке из контейнеров в специализированный транспорт.

      27. На вокзалах, рынках, в аэропорту, парках, зонах отдыха, на площадях, в учреждениях образования, здравоохранения, на улицах, остановках общественного пассажирского транспорта, у входа в торговые объекты устанавливаются урны для мусора. Урны устанавливаются на расстоянии не менее 50 метров одна от другой в местах массового посещения населения, во дворах, в парках, на площадях на расстоянии от 10 до 100 метров. На остановках пассажирского транспорта и у входов в торговые объекты устанавливается по две урны.

      28. Установка, очистка и мойка урн производятся организациями, эксплуатирующими территорию, либо во владении или пользовании которых находится территория. Очистка урн производится по мере их заполнения, но не реже одного раза в день.

      Мойка урн производится по мере загрязнения, но не реже одного раза в неделю.

      29. Вывоз коммунальных отходов физических лиц, проживающих в жилых домах и не имеющих на праве собственности контейнерных площадок и контейнеров, в период с 1 мая до 1 ноября производится два раза в неделю организацией, определенной местным исполнительным органом посредством проведения конкурса (тендера).

Параграф 4. Благоустройство улиц, жилых кварталов и микрорайонов

      30. Территория города Шымкент при благоустройстве обеспечивается оптимальными условиями и средствами доступа для всех категорий населения, включая маломобильные группы населения, к местам общего пользования, жилого и рекреационного назначения, а также к объектам транспортной инфраструктуры в соответствии с государственными нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства, утвержденными в соответствии с подпунктом 23-16) статьи 20 Закона Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан".

      31. Все виды работ по благоустройству территории города Шымкент, предусмотренных проектной (проектно-сметной) документацией, выполняются по утвержденным проектам. Данные виды работ осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.

      32. При проведении строительно-монтажных работ, лица, проводившие данные работы за счет собственных средств восстанавливают первоначальные эксплуатационные качества поврежденного и (или) нарушенного благоустройства в течение тридцати календарных дней. При проведении строительно-монтажных работ затрагивающих покрытия дорог и пешеходных тротуаров, лица, проводившие данные работы восстанавливают первоначальные эксплуатационные качества поврежденного и (или) нарушенного покрытия из материала первоначального покрытия.

Параграф 5. Содержание фасадов зданий и сооружений

      33. Физические и юридические лица, в ведении которых находятся здания и сооружения, собственники зданий и сооружений обеспечивают своевременное производство работ по реставрации, ремонту и покраске фасадов указанных объектов и их отдельных элементов (балконы, лоджии, водосточные трубы), а также поддерживают в чистоте и исправном состоянии расположенные на фасадах информационные таблички, памятные доски. Производится световое оформление витрин магазинов и офисов, выходящих фасадами на улицы.

      34. Не допускается наклеивание и развешивание на зданиях, заборах, остановках городского пассажирского транспорта, опорах освещения, деревьях объявлений и информационных сообщений.

      35. Самовольное переоборудование фасадов зданий и конструктивных элементов не допускается.

Параграф 6. Содержание наружного освещения и фонтанов

      36. Включение наружного освещения улиц, дорог, площадей, набережных и иных освещаемых объектов производится при снижении уровня естественной освещенности в вечерние сумерки до 20 люкс, а отключение в утренние сумерки при ее повышении до 10 люкс по графику, утвержденному исполнительным органом, финансируемым из местного бюджета, осуществляющим функции в сфере энергетики и коммунального хозяйства.

      37. Элементы устройств наружного освещения и контактной сети, металлические опоры, кронштейны содержатся в чистоте, не имеют очагов коррозии и окрашиваются. Замена перегоревших светильников осуществляется соответствующими организациями.

      38. Вышедшие из строя газоразрядные лампы, содержащие ртуть хранятся в специально отведенных для этих целей помещениях и вывозятся на специальные предприятия для их утилизации. Указанные типы ламп на полигон не вывозятся.

      39. Вывоз сбитых опор освещения и контактной сети электрифицированного транспорта осуществляется владельцем опоры на основных магистралях незамедлительно, на остальных территориях, а также демонтируемых опор – в течение суток.

      40. Уполномоченный орган обеспечивает надлежащее состояние и эксплуатацию фонтанов, находящихся в коммунальной собственности.

      41. Сроки включения фонтанов, режимы их работы, график промывки и очистки чаш, технологические перерывы и окончание работы определяются уполномоченным органом.

      42. В период работы фонтанов очистка водной поверхности от мусора производится ежедневно. Эксплуатирующие организации содержат фонтаны в чистоте также в период их отключения.

Параграф 7. Ответственность за нарушение требований Правил

      43. Физические и юридические лица нарушение требований настоящих Правил несут ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан.