"Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506-6с шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/522-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 ақпанда № 87 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласының мәслихаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Н. Жанабаев
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 60/522-6с шешіміне қосымша
  Шымкент қаласы мәслихатының
2019 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 58/506-6с шешіміне қосымша

Шымкент қаласының әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесі

Маршруттың нөмірі

Қатынастар

1

10

"Нұртас" шағынауданы – "Новинка" дүкені

2

16

"Шаңырақ" шағынауданы – "Тұрсынбаев" көшесі

3

21

"Құрсай" шағынауданы – "Айқап" шағынауданы

4

23

"Құртаев" көшесі – "Орман шаруашылығы" шағынауданы

5

45

"Достық" шағынауданы – "Теміржол вокзалы" аялдамасы

6

55

"Ыңтымақ" шағынауданы – "Ордабасы" алаңы – "Жоғарғы базар" аялдамасы

7

96

"Қазығұрт" шағынауданы (Талдыкөл) – "Азат" шағынауданы

8

108

"Ордабасы" алаңы – "Шымкент Сити" шағынауданы

9

113

"Мамандырылған база" аялдамасы – "Нұрсат 3" шағынауданы

10

133

"Алаш" базар – "Оңтүстік" шағынауданы

11

138

"Шикізат базасы" аялдамасы – "Тұрлан" шағынауданы (саяжай)

12

139

"Ордабасы" алаңы – "Сайрам" шағынауданы

13

141

"Қазығұрт" шағынауданы (кірпіш зауыты) – "Мирас" шағынауданы

14

142

"Текесу" шағынауданы – "Ордабасы" алаңы

15

143

"Бадам-2" шағынауданы – "Радуга" дүкені

16

144

"Теміржол вокзалы" аялдамасы – "Айнатас" шағынауданы, "Елтай" шағынауданы, "Жыланбұзған" шағынауданы

17

146

"Жаңаталап" шағынауданы, "Көкбұлақ" шағынауданы, "Алтынтөбе" шағынауданы – "Ақжайық" шағынауданы

18

147

"Нұртас" шағынауданы – "Ақжар" шағынауданы, "Ақтас" шағынауданы

19

148

"Шапырашты" шағынауданы, "Өтеміс" шағынауданы – "Ақбар" базары

20

149

"Қайнар бұлақ" шағынауданы- "Асар 2" шағынауданы – "Достық 2" шағынауданы – "Жеңіс" саябағы

21

150

"Достық" шағынауданы, "Асар" шағынауданы – "Теміржол вокзалы" аялдамасы

22

152

"Алаш" базары – "Фосфор" ауруханасы

23

153

"Оңтүстік" шағынауданы – "Қорғасын" шағынауданы

24

158

"Самал" шағынауданы– "18 шағынауданы" аялдамасы – "Орталық емхана" аялдамасы (айналым бойынша)

25

171

"Бозарық" шағынауданы– "Тұран" шағынауданы – "Алаш" базары – "Теміржол вокзалы" аялдамасы

26

180

"Көкбұлақ" шағынауданы, "Жаңаталап" шағынауданы – "Кірпіш зауыты" аялдамасы

27

182

"Мешіт" аялдамасы – "Азат" шағынауданы

28

191

"Самал 3" шағынауданы (№87 мектеп) – "Оңтүстік" шағынауданы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады