"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с шешiмiне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 62/534-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 наурызда № 91 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы маслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7/68-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3865 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда "Шымкент келбеті" газетінде № 86 болып жарияланды) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылған мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланған кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Н. Жанабаев
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

  Шымкент қаласы мәслихатының
2020 жылғы 11 наурыздағы
№ 62/534-6с шешімімен бекітілген

Шымкент қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшерін белгілеу қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шымкент қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2–3-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, "Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген), "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына сәйкес әзiрлендi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген).

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) әлеуметтік такси – тасымалдау ережелеріне сәйкес, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      11) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – "Азаматтарға арналған үкімет") – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.

      3. Әлеуметтiк көмек Шымкент қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде Әкімші – "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрі – Әкімші) ұсынылады.

      4. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – жеткізушілер) Әкімші анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      5. Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері Үлгілік қағиданың 9-тармағына сәйкес бекітілген.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зіл заланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) Үлгілік қағиданың 9-тармағына сәйкес бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығару үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      6. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабына сәйкес айқындалады.

      7. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына берiледi:

      1) 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      2) 22 Наурызда (Наурыз мейрамы) – қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда:

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      3) 31 мамырда (Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi) –мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға;

      4) 1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға.

      8. 20 АЕК көлеміндегі бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына берiледi:

      1) 22 наурызда (Наурыз мейрамы) – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) 7 мамыр (Отан қорғаушы күніне) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға.

      9. 60 АЕК көлеміндегі бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек 16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына беріледі.

      10. Ұлы Отан соғысындағы (әрі қарай - ҰОС) Жеңіске қосқан үлесі үшін жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті:

      1) ҰОС партизандары мен астыртын күрес жүргізгендерге – 114 АЕК;

      2) ҰОС майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, партизандары мен астыртын күрес жүргізгендерге, сондай-ақ ҰОС кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен аэродромдардың құрылыстарында жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әрі зейнетақымен қамсыздандыру бойынша әскери қызметшілерге теңестірілген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 114 АЕК;

      3) әскери қызметшілерге, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (әрі қарай – КСРО) ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін қалалардың қорғанысына қатысып, ҰОС кезеңінде қызмет өткерген адамдарына – 38 АЕК;

      4) ҰОС кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына не тиісті кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептелетін қалалардың қорғанысына қатысқан адамдарға – 38 АЕК;

      5) ҰОС кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және юнга ретінде болған адамдарға – 38 АЕК;

      6) екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құрылымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға – 38 АЕК;

      7) бұрынғы КСРО Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрылымдарының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының ҰОС кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ ҰОС бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне – 38 АЕК;

      8) бұрынғы КСРО қорғау кезінде жаралануына, контузия алуына, жарақат алуы немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге – 38 АЕК;

      9) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 38 АЕК;

      10) Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға – 23 АЕК;

      11) екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 23 АЕК;

      12) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украин КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумақтарында әрекет еткен халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен жасақтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға – 23 АЕК;

      13) ҰОС жылдарында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің ата-аналарына, қайтадан некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 23 АЕК;

      14) қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК;

      15) қайтыс болған ҰОС қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының және басқа себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК;

      16) бұрынғы КСРО қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған әскери қызметшілердің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) –12 АЕК;

      17) қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСРО мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК;

      18) Украин КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстон КСР аумақтарында әрекет еткен халықты қорғаушы, жауды жоюшы батальондардың, взводтар мен жасақтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтар мен жасақтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе жарақат алуы салдарынан мүгедек болып қалған адамдардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 12 АЕК;

      19) ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ ҰОС жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 12 АЕК көлемінде беріледі.

      11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:

      1) тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК;

      2) отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адам үшін 100 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

      12. Әлеуметтік маңызы бар ауру – туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек ай сайын 5 АЕК мөлшерінде төленеді. Шымкент қаласы емханаларының ай сайын ұсынатын бекітілген тізімі әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме болып табылады.

      13. 24 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен жұқтырылған иммун тапшылығының синдромымен ауыратын және адамдағы иммундық жетіспеушілік вирусын (АИВ) жұқтырған, сонымен қатар иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына олардың денсаулығына келтірілген зиянның өтемақысы ретінде беріледі.

      14. Бір реттік әлеуметтік көмек тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысын есепке алусыз ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне өмір сапасын жақсарту мақсатында 100 АЕК мөлшерінде ұсынылады.

      15. 40 АЕК мөлшерінде ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек шипажайлық-курорттық емделумен қамтамасыз етуге (жолдама):

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, зейнет жасындағы "Алтын алқа", "Күміс алқа" иелеріне шипажайлық-курорттық емделу тегін;

      2) зейнет жасындағы азаматтарға шипажайлық-курорттық емделуге жолдама құнының 50 пайызын төлеумен беріледі, бөлінген бюджеттік қаражаты шегінде жүргізіледі.

      16. 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек баспасөз басылымдарына жазылуға жартыжылдықта бір рет:

      1) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне;

      2) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға беріледі.

      17. Ай сайын 2 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлем 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға беріледі.

      18. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, бірінші және екінші топтағы мүгедектердіжәне тірек-қимыл аппараттары бұзылған 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тасымалдау үшiн әлеуметтiк такси қызметi ұсынылады, ай сайын 60 АЕК мөлшеріндегі ақшалай төлем "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағыЗаңының талаптарына сай Қызмет жеткізушіге беріледі.

      19. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      20. Әкімші әлеуметтік көмек алушыдан өтініш талап етпей, осы Қағиданың 7, 8, 10 және 12-тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізбесін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының мәліметтері негізінде, "Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде қалыптастырады.

      21. Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжат.

      22. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      23. Өмірлік қиын жағдай туындаған соң әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде Әкімші бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      24. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша осы Қағиданың 2 қосымшасында көрсетілген Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру актісі және 3-қосымшасында көрсетілген Учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды Әкімшіге жібереді.

      25. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда Әкімші әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      26. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда Әкімші тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      27. Әкімші учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      28. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      29. Әкімші өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 25 және 26-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      30. Әкімші шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      31. Көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген қызмет алушы – саяси қуғын-сүргін құрбандары өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) екінші деңгейлі банктегі есеп шоты;

      4) прокуратура органдарының анықтамасы немесе сот шешімі.

      Көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген қызмет алушы өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) Шымкент қаласының "ЖИТС-тің алдыналу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының анықтамасы;

      4) екінші деңгейлі банктегі есеп шоты.

      Көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген қызмет алушы – 80 жастан асқан жалғызілікті қарттар өзінің немесе сенім білдірген тұлғаның атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) екінші деңгейлі банктегі есеп шоты;

      4) еркін нысандағы екі куәгер (көршілері) көрсетілген акт.

      32. Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін қызмет алушы өзінің немесе отбасының атынан Әкімшіге келесі құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) денсаулық сақтау ұйымы берген шипажайлық-курорттық картаның көшірмесі.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      33. Шипажайлық-курорттық емделу мерзімі он екікүнтізбелік күнді құрайды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауықтыру мекемелерінде жүзеге асырылады және емделу құқығы күнтiзбелiк жыл ішінде бір реттен артық ұсынылмайды.

      34. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құны шипажайлық-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебiнен төленеді.

      35. Әкiмшi келiп түскен өтiнiштер бойынша жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес, өтініштердің келіп түсуі кезегі тәртiбiмен әлеуметтік көмекті алушы азаматтардың тiзiмiн жасайды.

      36. Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама Әкiмшiге қайтарылуы және кезекке сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.

      37. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, шипажайлық-курорттық емделуге құқығы мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңнің жолдамасына, бірақ ауыстырылуға тиіс жолдамада көрсетілген келу күнінен кейінгі үш күнтізбелік күннен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.

      38. Жолдаманы алуға келу қажеттiлiгi жөнiнде өтiнiш берушiге әкiмшiнiң екi рет поштамен жолданған жазбаша хабарламалары бойынша бір ай көлемінде хабарласпаған жағдайда, берiлген өтiнiш бойынша шипажайлық-курорттық емделу ұсынылмайды.

      39. Әлеуметтік көмек көрсетуден мына жағдайларда бас тартылады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Үлгілік қағиданың 9-тармағына сәйкес белгіленген әлеуметтік көмек көрсету үшін.

      40. Әлеуметтік такси қызметтері бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі. Басқа мүгедектерге және ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік такси қызметтері олардың өтініш білдіру тәртібімен көрсетіледі.

      41. Әлеуметтік такси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын, объектіге бару үшін әлеуметтік такси қызметін көрсететін ұйымға телефон немесе электронды пошта арқылы беріледі.

      Осы Қағиданың 40-тармағында көрсетілген азаматтарға әлеуметтік такси қызметі күніне тек бір объектіге барып келуге ғана беріледі.

      42. Әлеуметтік такси қызметтерін көрсетуге тапсырыс қабылдау, қызмет алушыны қарсы алу, тұратын жерден әлеуметтік таксиге дейін қызмет алушыны тасымалдауға жәрдемдесу (еріп жүретін адам болмаған жағдайда), сондай-ақ отырғызуға/түсіруге (қажет болған жағдайда), қызмет алушыны және еріп жүретін адамды (болған жағдайда) өтінімде көрсетілген межелі орынға дейін жеткізу кіреді.

      43. Тапсырыс беру кезінде қызмет алушы мынадай деректерді: тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), сапар күнін және уақытын, белгіленген пункттің нақты мекенжайын, тапсырыс берушімен байланысу үшін телефонын, қосымша ақпаратты (жолаушылардың санын, жүк көлемін және жай-күйін, поездың, автобустың, ұшақтың келу/кету уақытын) атайды.

      44. Диспетчер әлеуметтік такси маршрутын жасау кезінде өтінім уақытын түзетеді және оны қызмет алушымен келіседі.

      45. Қызметтерді көрсету кезінде әлеуметтік таксидің жүру бағыты бойынша бір мезгілде бірнеше қызмет алушының өтінімін орындауға жол беріледі.

      46. Өтінімді алып тастаған жағдайда қызмет алушы бұл туралы тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерлік қызметке хабарлайды.

      47. Әлеуметтік такси тапсырыс орнына келгеннен кейін қызмет алушыны жиырма минут күтеді. Қызмет алушы келмеген жағдайда тапсырыс алып тасталады, әлеуметтік такси келесі тапсырысқа кетеді, өтінім орындалды деп есептеледі.

      48. Маршрут бағытын өзгерту қажет болған жағдайда қызмет алушы бұл туралы диспетчерге алдын ала, сапардан екі сағат бұрын телефон арқылы хабарлайды. Егер сапар мекенжайының өзгеруі әлеуметтік такси маршрутымен сәйкес келмесе, диспетчер тапсырыс беру мекенжайын өзгертуден бас тартады.

      49. Сапар уақытын өзгерту қажет болған жағдайда қызмет алушы бұл туралы диспетчерге алдын ала, сапардан екі сағат бұрын телефон арқылы хабарлайды. Диспетчер тапсырыс уақытын ауыстырады немесе қызмет алушының кешігуі әлеуметтік такси қызметтерін көрсету кестесіне кедергі келтірсе, тапсырысты алып тастайды.

      50. Әлеуметтік такси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі:

      1) қызмет алушының жұмыс орны;

      2) қызмет алушының оқу орны;

      3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

      4) сот, прокуратура;

      5) әлеуметтік сала объектілері;

      6) құқықтық кеңес алу орындары;

      7) нотариус;

      8) медициналық ұйымдар (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);

      9) әуежайлар, теміржолвокзалдары, автовокзалдар;

      10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар.

      51. Осы Қағиданың 19-тармағына сәйкес қызметті алушы әлеуметтік такси қызметін көрсететін ұйымға қызметтерді алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/у нысан бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

      4) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген).

      2), 4), тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы қызметті алушыға қайтарылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      52. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шымкент қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      53. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      54. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды Әкімші "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 1-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      ______________________________________ ________________________
(Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) (үйінің мекенжайы, телефоны)

Р/с

Отбасымүшелерініңаты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туғанжылы













      Өтінішберушінің қолы __________________ Күні ______________

      Отбасының құрамы туралы мәліметтерді куәландыруға уәкілетті органның лауазымды
адамының аты, әкесініңаты (барболғанда), тегі
_________________________________________ (қолы)

  Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтажа заматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 2-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20__ ж. "___" _______
_____________________
(елді мекен)

      1. Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі
_________________________________________________
2.Тұратын мекенжайы _____________________________________________
_________________________________________________________________
3.Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4.Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:

Р/с №

аты, әкесініңаты (бар болғанда), тегі

Туғанкүні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай

















      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам. Жұмыспен қамту
органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері____ адам. Балалардың саны:
_____________________________________________ жоғары және орта оқу орындарында
ақылы негізде оқитындар ______адам, оқу құны жылына ______ теңге. Отбасында Ұлы Отан
соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына
қатысушыларына жәнеҰлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің,
зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары
(қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың,
мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санаттық осу керек)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік
тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
__________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (өтініш берушінің) аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жеручаскесі (жерүлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

Орта есеппен айына













      6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны
пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________
________________________________________
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны
пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқкиіммен қамтамасыз етілуі
____________________________________________________________________
10.Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
      Комиссия төрағасы: ________________________ __________________________
Комиссия мүшелері: ________________________ __________________________
________________________ ________________________ ____________________
________________________ ________________________ ____________________
(қолдары) (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) Жасалған актімен таныстым:
____________________________________ Өтініш берушінің (аты, әкесінің аты (бар
болғанда), тегі) және қолы Тексеру жүргізілуден бастартамын
______________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) (аты,
әкесінің аты (бар болғанда), тегі) және қолы, күні
_________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бастартқан жағдайда толтырылады)

  Шымкент қаласының көмек көрсету,
оның мөлшерлерін белгілеу және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына 3-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______ Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін
белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек
алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі) өтінішін және оған қоса берілген
құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық
жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
_________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына
байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы:__________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________ __________________
____________________________________ ______________________________
_________________________________ _________________________________
_________________________________(қолдары) (аты, әкесінің аты (бар болғанда), тегі)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________
қабылданды. Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар
болғанда), тегі, лауазымы, қолы __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады