2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы және Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 196 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 92 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "1" сәуірдегі
№ 196 қаулысына 1- қосымша

2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия соммасы, теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1.

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

1 150

11 500 000

1.2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

20 000

500

10 000 000

1.3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

сатып алынған бас

150 000

110

16 500 000

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

1.1.

Отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен әкелінген шетелдік

сатып алынған бас

150 000

100

15 000 000

1.2.

Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген

сатып алынған бас

225 000

187

42 075 000

1.3.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы

5 000

5 000

25 000 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

55 000

3 300 000

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

бас/ шағылысу маусымы

1 000

10 000

10 000 000

1.2.

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

2 500

2 000

5 000 000

1.3.

Қойлардың тауарлық аналық басы

1 500

7 000

10 500 000

1.4

Асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

8 000

500

4 000 000

1.5

Асыл тұқымды ешкілердің аналық басын сатып алу

40 000

600

24 000 000

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

сатып алынған бас

140 000

600

84 000 000

1.2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылысу маусымы

40 000

900

36 000 000

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

5 000

16 000

80 000 000

Барлығы




376 875 000

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

200

90 000

18 000 000

1.2

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

қосқан салмағы, килограмм

200

69 934

13 986 800

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы

1.

Сүт өндіру құнын арзандату:

1.1.

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

10

3 500 000

35 000 000

1.2.

Ауыл шаруашылығы кооперативі

10

2 300 000

23 000 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату:

1.1.

100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

2,5

6 284 352

15 710 880

1.2.

20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

2,0

1 548 924

3 097 848

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату

өткізілген немесе өңделген килограмм

50

2 000 000

100 000 000

Қой шаруашылығы

1.

Қозы өткізу құнын арзандату

өткізілген бас

3 000

500

1 500 000

Барлығы




210 295 528


  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "1" сәуірдегі
№ 196 қаулысына 2-қосымша

Шымкент қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 305 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 19 сәуірде жарияланған) қаулысы;

      2. Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 894 "Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 305 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 71 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде 2019 жылғы 27 қарашада жарияланған) қаулысы;

      3. Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 980 "Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 305 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 79 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады