Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 8 ақпандағы № 1 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 ақпанда № 4501 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 30.07.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2020 жылдың 8 ақпанның 21.00 сағатынан бастап Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолданылуын;

      3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім 2020 жылдың 8 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады