Меркі ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 27 ақпандағы № 43-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 наурызда № 4517 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 14.12.2022 № 23-9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Меркі ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы маслихатының кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгзіледі.

      Жамбыл облыстық
      мәслихатының сессия төрағасы А. Едильбаев
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы Б. Карашолаков

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2020 жылғы 27 ақпаны
№ 43-3 шешіміне қосымша

Меркі ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

Елді мекендердің атауы

Қатынас

1.

Меркі ауданы

Меркі – Талдыбұлақ

2.

Меркі ауданы

Меркі - Гранитогорск

3.

Меркі ауданы

Меркі – Қарасу ауылы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады