"Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 08 ақпандағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 шілдеде № 4691 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы 08 ақпандағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4501 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады