"Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Жуалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 1 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 1 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 наурызда № 4520 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры Қ. Бедебаевтың 2020 жылдың 09 қаңтардағы № 18-17-25-28-02 шығыс хатына сәйкес Жуалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Жуалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 тіркелген, 2019 жылғы 14 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы Жабағыға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Ергебеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады