Жуалы ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 67-7 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 маусымда № 4651 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің № 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес Жуалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 53-5 "Жуалы ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2016 жылғы 16 наурызындағы № 2989 тiркелген және 2016 жылғы 30 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік – экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы К. Бегалиев
      Жуалы аудандық
      мәслихат хатшысы Е. Тлеубеков

  Жуалы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 67-7 шешіміне № 1 қосымша

Жуалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Жуалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы айқындалған орындар:

      1) жиналыс пен митинг өткізу орыны: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Жібек жолы көшесіндегі "Жасай бер, Қазақстан!" саябағы;

      2) Жуалы ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты:Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Ақ жол – Жібек жолы көшесінің қиылысынан Жібек жолы – Сафинов көшелерінің қиылысына дейінгі Жібек жолы көшесі белгіленсін.

      2. Жуалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) аудан әкімдігі бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу кезінде бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізуге жұмылдырылған ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін жедел штаб құрады. Жедел штабтың құрамына жергілікті полиция қызметі, азаматтық қорғау органдары өкілдері, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы (бұдан әрі - ұйымдастырушы) кіреді. Жедел штабты аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі басқарады;

      2) ұйымдастырушы бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейтін қатысушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын азаматтар үшін жалпыға қол жетімді жерге орналастырады, қоғамдық тәртіпті сақтауды, қатысушылардың қауіпсіздігін, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін шараларды және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау тәртібін көздейді;

      3) ұйымдастырушы жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, жедел штабты басқару пунктінің, жергілікті полиция қызметінің және жедел жәрдемнің қызметтік автокөлігі, сондай-ақ резерві тұрағының орналасатын жерін айқындайды;

      4) жергілікті полиция қызметі бейбіт жиналыс басталуынан екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарын бекітеді.

      5) Жуалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңындағы көзделген міндеттер мен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті.

      3. Жуалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      а / в = с;

      а – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың аумағы (шаршы метр);

      в – бейбіт жиналыстарға қатысатын әрбір азаматқа қарастырылған шекті норма (1,5 шаршы метр);

      с – бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормасы (бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың шекті саны).

      4. Жуалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды жергілікті полиция әрбір бейбіт жиналысты өткізу кезінде бекітетін қоғамдық тәртіп сақтауды, жол және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күш пен құралдарды орналастыру жоспарына сәйкес анықталады.

  Жуалы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 67-7 шешіміне № 2 қосымша

Бейбіт жиналыстарды және шерулерді өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету


п/п

Арнайы орынның атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі

Шекті толу нормалары

1.1.

"Жасай бер, Қазақстан!" саябағы

Жер учаскесінің ауданы – 400 шаршы метр;
- 9 бағанада 18 лампа орналастырылған;
- электр энергиясын қосу нүктесі;
- бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған;
- 1 тұрақ орыны бар (1 кіру, 1 шығу).

500
адам

2.2.

Ақ жол – Жібек жолы көшесінің қиылысынан, Жібек жолы – Сафинов көшелерінің қиылысына дейінгі Жібек жолы көшесі

- Маршруттың ұзындығы 970 метрді құрайды;
- маршрут бойында көшелер жарықтандырылған;
- бейнебақылау камералары және бейнежазбалар орнатылған.

500
адам

  Жуалы аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 маусымдағы
№ 67-7 шешіміне № 3 қосымша

Пикеттеуді өткізу тәртібі

      Пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы.

      Пикеттеуді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

      Пикеттеу барысында:

      1) оны тек бір азамат тұрақты түрде, яғни қозғалыссыз жүргізуіне;

      2) плакаттарды, транспаранттар мен өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде бір күнде екі сағаттан астырмай жүргізілуіне жол беріледі.

      Пикеттеу барысында:

      1) бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді өткізуге;

      2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;

      3) пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 150 метр қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді.

О дополнительном регулировании организации и проведения мирных собраний на территории Жуалынского района

Решение Жуалынского районного маслихата Жамбылской области от 25 июня 2020 года № 67-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 29 июня 2020 года № 4651

      В соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Жуалынский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места, порядок использования специальных мест, нормы их предельного наполнения, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Жуалынском районе, согласно приложениям №1, 2, 3 к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Жуалынского районного маслихата от 26 февраля 2016 года № 53-5 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Жуалынскому району" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 16 марта 2016 года за № 2989 и опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" от 30 марта 2016 года).

      3. Контроль за исполнением и публикацию на интернет-ресурсе данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам административно-территориальных структур, социально-экономическому развитию территорий, бюджета и местных налогов по защите прав граждан.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Жуалынского
      районного маслихата К. Бегалиев
      Секретарь Жуалынского
      районного маслихата Е. Тлеубеков

  Приложение к № 1
решению Жуалынского
районного маслихата № 67-7 от
25 июня 2020 года

Специализированные места, порядок использования специальных мест, нормы их предельного заполнения, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению для организации и проведения мирных собраний в Жуалынском районе

      1. Специально определенные места для организации и проведения мирных собраний в Жуалынском районе:

      1) Место проведения собрания и митинга: Жуалынский район, село Б.Момышулы, Парк "Жасай бер, Қазақстан!" расположенная по улице Жибек жолы;

      2) Маршрутом проведения шествий и демонстраций в Жуалынском районе установить: Жуалынский район, село Б.Момышулы от пересечения улицы Ак жол-Жибек жолы до пересечения улиц Жибек жолы – Сафинова;

      2. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Жуалынском районе:

      1) при организации и проведении мирного собрания акиматом района создается постоянно действующий оперативный штаб для координации деятельности организаций, задействованных в организации и проведении мирного собрания. В состав оперативного штаба входят представители местной полицейской службы, органов гражданской защиты, организатор мирного собрания (далее - организатор). Оперативный штаб возглавляет уполномоченный представитель акима района;

      2) организатор размещает правила поведения участников, регламентирующие порядок организации и проведения мирного собрания в общедоступном для граждан месте, предусматривает меры, обеспечивающие охрану общественного порядка, безопасность участников, пожарную и санитарно-эпидемиологическую безопасность, оказание первой медицинской помощи при несчастных случаях и порядок эвакуации при возникновении чрезвычайных ситуаций;

      3) организатор совместно с местной полицейской службой определяет месторасположение служебного автотранспорта, пункта управления оперативного штаба местной полицейской службы и скорой помощи, а также стоянок резерва;

      4) местные службы полиции за двое суток до начала мирного собрания утверждают план размещения сил и средств, задействованных в обеспечении охраны общественного порядка, дорожной и пожарной безопасности;

      5) организаторы и участники мирных собраний в Жуалынском районе обязаны строго соблюдать запреты и обязанности, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан".

      3. Предельные нормы заполнения специальных мест для организации и проведения мирных собраний в Жуалынском районе:

      а / в = с;

      а - площадь специальных мест для организации и проведения мирных собраний (в квадратных метрах);

      в – предельная норма на каждого гражданина, участвующего в мирных собраниях (1,5 квадратных метра);

      с - предельная норма заполнения специальных мест для организации и проведения мирных собраний (предельное количество лиц, участвующих в мирном собрании).

      4. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специальных мест для организации и проведения мирных собраний в Жуалынском районе определяются в соответствии с планом размещения сил и средств, задействованных в обеспечении охраны общественного порядка, дорожной и пожарной безопасности, утверждаемым местной полицией при проведения каждого мирного собрания.

  Приложение № 2 к решению
Жуалынского районного
маслихата № 67-7 от 25 июня
2020 года

Материально-техническое оснащение специализированных мест для проведения мирных собраний и шествий


п/п

Наименование специализированного места

Материально-техническое оснащение

Предельная наполняемость

1.1.

Парк "Жасай бер, Қазақстан!"

Площадь земельного участка 400 квадратных метра;
- в 9 колонках размещено 18 ламп;
- точка для подключения электроэнергии;
- камера видеонаблюдения и видеофиксации;
-парковочных мест (1 заезд, 1 выезд).

500
человек

2.2.

От пересечения улицы Ак жол-Жибек жолы до пересечения улиц Жибек жолы – Сафинова

Протяженность маршрута составляет 970 метра;
- вдоль маршрута имеется уличное освещение;
-камеры видеонаблюдения и видеофиксации.

500
человек

  Приложение № 3 к решению
Жуалынского районного
маслихата № 67-7 от 25 июня
2020 года

ПРАВИЛА проведения пикетирования

      Пикетирование – присутствие одного гражданина Республики Казахстан в определенном месте в определенное время с целью публичного выражения мнения по общественно значимым вопросам и/или действиям/бездействию лиц и/или органов, организаций.

      Проведение пикетирования запрещается:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

      Допускается:

      1) проведение только одним гражданином и в статичной форме (без передвижения);

      2) использование плакатов, транспарантов и иные средств наглядной агитации;

      3) пикетирование не более двух часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта (за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний).

      Не допускается:

      1) проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний;

      2) использование звукоусиливающих средств;

      3) проведение пикетирования на расстоянии 150 метров прилегающих территорий объектов, у которых запрещено проведение пикетирования.