Андас батыр ауылдық округінің Шалдовар стансасындағы және Гранитогорск кентіндегі көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 26 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 мамырда № 4612 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Андас батыр ауылдық округінің Шалдовар стансасындағы және Гранитогорск кентінің көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Железнодорожная көшесі Алаш көшесіне;

      Больничная көшесі Ақкент көшесіне;

      Дорожная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;

      Кооперативная көшесі Шақпақты көшесіне;

      Арычная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Набережная көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесіне;

      Столбовая көшесі Ақтөр көшесіне;

      Высокая көшесі Алатау көшесіне;

      Школьная көшесі Болашақ көшесіне;

      Садовая көшесі Самал көшесіне;

      Ленин көшесі Достық көшесіне;

      Гранитная көшесі Қаныш Сатпаев көшесіне;

      Молодежная көшесі Арай көшесіне;

      Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Андас батыр ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Набиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Андас батыр ауылдық
      округінің әкімі Б. Мажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады